Бекітемін: Күні: 05. 12. 2016ж. Мектеп



Дата21.07.2020
өлшемі17,15 Kb.
#63573
түріСабақ

Бекітемін:

Күні: 05.12 .2016ж.

Мектеп: Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі.

Тақырып:Іздегенде табылатын қасыңнан...13сабақ.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Жомарттық,өзгенің қайғысын сезіне білу,адамгершілік болу т.б.

Мұғалім: Бисенова Дидар Салауат қызы. Сынып-8а. Оқушылар саны-20.

Сабақ мақсаты: дос,достық ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

- достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.

-жауапкершілікке,сезімталдыққа тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар,мәліметтер)кітап,

дәптер,қалам,түрлі-түсті бояулар.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.



5Т ережесі.

Ыңғайланып отырыңыз. Көзіңізді жұмып, денеңізді бос ұстаңыз. Көз алдыңызға жұпар исі аңқыған хош иісті гүлдерді елестетіңіз. Ағып жатқан мөлдір бұлаққа үңілсеңіз өз бейнеңізді көресіз. Өзіңізге қарап жымиып, менің айтқандарымды ішіңізден қайталаңыз.

Мен өзімді ұнатам!
Өз сырт келбетіме көңілім толады!
Достарымның арасында өзімді сенімді ұстаймын!
Сынып алдында сөйлегеннен қорықпаймын!
Өз жұмысыма көңілім толады !
Мен өз мақсатыма сенем!
Менің қалжың сезімім жақсы дамыған !
Мен тез әңгімелесіп кете алам!
Мен шешім қабылдай алам!
Өз сәтсіздіктерімді жеңіл уайымдаймын.

Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған ғана тиесілі. Менің барлық жеңілісім мен қателігім өзімдікі. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді.

Мөлдір тұнық сумен бетіңізді жуыңыз да, 3 рет терең тыныс алыңыз... Ал енді, орныңыздан тұрып мектепке қарай жол тартыңыз. Сынып алдында сіз ешкімге ұқсамайтын тамаша жанды кездестірдіңіз, ақырын көзіңізді ашсаңыз ол керемет жан сіздің жаныңызда отыр

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дос жүрегі.





3.Дәйексөз.

«Жақсымен дос болсаң,жетерсің мұратқа,жаманмен дос болсаң,қаларсың ұятқа»






4.Әңгімелеу (сұхбат) Мұғалімнен сый.

Аңыз әңгіме:

Дана әйел

Бір қарапайым шаруаның отбасы болды.Онда оның өзі және әйелі болды.Олар өз бақшаларында алма ағаштарын өсіруімен айналысты,ал күзде оларды сатып,азық қылады.

Бір жылдары шаруа өзінің егістігін жинай алмады,өйткені ауырып қалған болатын.

Көптеген алмалар шіріп кетеді.

Не істеуге болады?Егер егістік сатылмаса,отбасының өмірі қиындықтарға толы болады.

Шаруа барлық шіріген алмаларды арбаға тиіп алады да,оларды базарға сатуға алып кетеді.Әйелі оған сәттілік тілеп,жолға шығарып салады.Солай ол жолға шығып кетеді.

Міне жолда оған бір көпес кездеседі.Ол шаруаның арбасындағы шіріген алмаларды көріп,таңқалады:

-Ақымақсың ба,не істеп жүрсің?Шіріген алманы кім сатып алады?

-Көпес,мен білемін,-деп жауап береді.-Бірақ басқа амал жоқ,сату керек,әйтпесе әйеліміз екеуміз аштықтан өліп кетеміз.

-Иә-ә-ә,базардан кейін сен әйеліңнен көп сөз еститін боласың.Ол сені түтіп жейді ғой енді!

-О,Көпес,ол үшін уайымдамай-ақ қой!Менің әйелім алтын.Ол мені қандай жағдай болмасын жақсы көреді.

-Ондай жағдай өмірде болмайды,е-е шаруа!-деп көпес жауап береді.

-Болады!Менің әйелім алтын!

Сол кезде көпес шаруамен бәстеседі:

-Шаруа,кел,бәстесеміз.Қазір біз сенің үйіңе ораламыз да,алманың өтпегенін сенің әйеліңе айтамыз! Егер сенің әйелің өзің айтқандай болса,онда сен ұтасың!Мен саған бір әмиян алтын беремін.Ол біразға жетеді.Ал егер менің айтқанымдай болса,онда мен ұтамын,ол кезде сен маған ат пен арбаны беретін боласың.Келістік пе?

-Келістік!

Сөйтіп олар шаруаның үйіне жетіп қалады.Ол табалдырақтан аттамас бұрын,әйеліне былай дейді:

-Әйелім,бір бәле болды!Мен алманы сата алмадым.Қыста енді қиналатын болдық.

-Сүйіктім,олай деме!Сен аман есен қайтып келдің,осының өзі керемет емес пе!

Сенімен бірге тағы қонақ еріп келді.Қандай қуаныш!Жолдан шаршаған шығарсыздар,қарындарыңыз да ашқан шығар,төрлетіңіздер!Жуынып-шайынып алыңыздар.Қазір дастарқан әзірлеймін!Демалып,тамақтанып аласыздар!

Міне ол құмырамен су алып келді,қол сүлгісін берді.Көпес таң қалып,өз көзімен көргенге сенбейді.Бұл уақытша ойластырылған көрініс деп ойлайды.Көбірек болсам,әйтеуір бір жарылып,айғайды бастайды ғой деп үміттенеді.

Дастарқанның басында отырып,шаруаның әйелі оларға күтім жасам,әбден баптайды.

Ол өзі қуаныштан жанып жүреді.Ал көпес болса,базарда өтпеген егістік туралы сөзді қайта-қайта қозғап,қыста не істейтіндерін сұрайды.

Ал шаруаның әйелі оған былай деп,жауап береді:

-Бірдеңесі болар,көрерміз!Қазір қонағым мен күйеуімнің жағдайын жасасам болар еді.

Көпес одан бетер таңқалды.Олар осылай ұзақ отырды.Соңында ұтылғанын ұқты.

Қалтасынан әмиянды алып,былай деді:

-Мен осы дүниеде көп нәрсеге жолықтым,бірақ осындай алтын әйелді бірінші рет көріп отырмын.Сен рас айттың!Мынау сенің ақшаң,бақытты болыңдар!-деп кетеді.





5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Дос жүрегі-шар айна. эссе жазу.






6.Топпен ән айту.

Досымның туған күнінде

Құтты болсын нұрлы таңда,

Туған күнің,бауырым.

Сен туғанда той-думанға,

Бөленіпті ауылың.
Жаңа өмірде өстік бірге,

Сенің тойың менікі.

Құшақ жая келдім,міне,

Ақ ниетім сенікі.







7.Үй тапсырмасы.

Жеделхат.оқу.






8.Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабағымызда айтылған барлық жақсы ойларды есте сақтайық.Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!






Каталог: uploads -> doc -> 0573
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0573 -> Сабақ жоспары Биология пәні Сыныбы: 6 сынып 03. 2016 жыл Сабақтың тақырыбы
0573 -> Сабақтың тақырыбы: §28. Әбілқайыр хандығы Сабақ негізделген оқу мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет