Бекітемін Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры



Дата01.04.2017
өлшемі157,82 Kb.
#13045
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Өнер, мәдениет және спорт

институтының директоры

________Б.А. Әлмұхамбетов

«_____» _____________2015 ж.


6M010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015 ж.


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген 6M010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Акбаева Ш.А., п.ғ.к., доцент Ибрагимов А.И.

«Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № хаттама, « » 2015 ж.



Кафедра меңгерушісі:

___________

А.С.Сманова


Ө,МжСИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________

З.Ж.Рабилова



Қабылдау емтиханының бағдарламасы Өнер, мәдениет және спорт институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № хаттама, « » 2015 ж.

Кіріспе

Көркем-эстетикалық білімінің мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттарды. Ресейлік және шетелдік сызу және бейнелеу өнері пәнінің негізінде, орындалған авторлық бағдарламалардың мазмұнын және технологиялық ерекшелігін. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушыларды оқыту және көркемдік тәрбие беру жолы. Негізгі әдебиет және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері.


Бейнелеу өнері және сызу әдістемесінің мазмұны мен тарихының мазмұндық аспектілері.
Бейнелеу өнері және сызуға қатысты алғашқы қауымдық кезеңдерде және Ежелгі Египет мектептеріндегі сурет салуға оқытудың әдіс-тәсілдері. Ежелгі Греция мектептерінде сурет салуға оқыту және Орта ғасыр мен қайта өркендеу дәуірлері кезеңдеріндегі суретке оқыту әдіс-тәсілдерінің мазмұны. Европа мемлекеттерінде суреттен бейнелеудің Академиялық жүйесінің құрылуы. Франсуз әдіскерлерінің сурет салуға оқытудың академиялық жүйесі. Атақты педагог-ағартушылар: Я.А. Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, Г.Пестолоций шығармашылықтарында бейнелеу өнері пәнін оқытып дамытудағы педагогикалық ойдың маңызы. 18-19 ғ.ғ. Ресей сурет Академиясының құрылуы және оның оқыту жүйесінің әдіс-тәсілдері. Сурет Академиясында П.П. Чистяковтың және А.П. Сапожниковтың сурет салуға оқытудың әдістемелік жүйелері.

Еркін білім мен тәрбие берудің теориясы мен және оның бейнелеу өнері пәніне әсері. Соғыс кезінен кейінгі жылдардағы сурет салуға оқытудың әдіс-тәсілдері және Е.С. Кондахчан мен И.И. Евдокимовалардың ойлары. Н.Н. Ростовцевтың бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. 70-жылдардағы құрастырылған жаңа бағдарламалардың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері. Шетел және Ресей мемілекетінің оқулықтары мен әдістемелік құралдарына анықтама беру.


Білім жөніндегі Қ.Р. мемлекеттік стандартына және типтік бағдарламаларына сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік құралдарына анықтама беру
Қ.Р. мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының қолдану саласы, нормативтік сілтемелер, терминдермен анықтамалар, даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы, мамандыққа қабылданған тұлғаларға қойылатын талаптар, Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша бағдарламаның басты міндеттері, Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны, білім беру бағдарламасының дайындалуы мен мазмұнына қойылатын талаптар, білім беру бағдарламасын орындағандардың дайындық денгейіне қойылатын талаптар және типтік оқу бағдарламаларының «Бейнлеу өнері және сызу» мамандығы бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес, Егеменді елімізде баспадан шыққан оқулық, оқу-әдістемелік құралдар мен таныстыру.

Қазақстан Республикасында бейнелеу өнері бойынша типтік бағдарламалардың мазмұндық ерекшеліктері. ҚР Бейнелеу өнері пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының авторлары мен 12 жылдық орта мектептерге арналған типтік бағдарламалар мен оқулықтардың авторларының оқулықтарын талдау.


Графикалық және графиктік білімдері мен біліктіліктерін қалыптастыру
Сабақты терең талдау арқылы «Бейнелеу өнері және сызу» пәндерінен білімдері мен біліктіліктерін қалыптастыру. Болашақ маман иесіне «Бейнелеу өнері және сызу» пәндерінің әдістемесінен жеке жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру. Бейнелеу өнері және сызу түрлерінен жұмыстың орындалуы әдістерінің тиімді жолдарын көрсету. Практикалық және шығармашылық тапсырмаларды графикалық тұрғыда шешімі. Аудиториялық, өзіндік және үй жұмыстарының бір-бірімен тығыз байланысы және бірін-бірі толықтыру принцпін атқаратындығы. Аудиториялық және өзіндік жұмыстар оқытушының қадағалауы мен жүргізілуі арқылы іскерліктері мен машықтықтарын қалыптастыру. Өзіндік жұмыстың мақсаты алған практикалық теориялық білімдерін графикалық және график ұғымын кеңістікте орындау қабілеттерін нығйту және дамыта отырып қалыптастыру.
Педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерін бейнелеу өнерін әдістемесін оқытуда қолдану
Педагогика мен психология ғылымдарының жаңа педагогикалық технологиялары мен іс-тәжірибелік жетістіктері мен үлгілерін қолдану. Пәнді оқыту арқылы ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда дидактикалық материалдарды қолдану. Педагогика және психология ғалымдарының, суретші-педагог ғалымдардың жетістіктерін бейнелеу өнері және сызу пәндерінің әдістемесін оқыту барысында эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызды ролі. Педагогика және психология, саретші-педагог ғалымдардың жетістіктерін кіріктіре оқыту.

Жаңа педагогикалық технологияны қарастыра отырып білімдерін практика жүзінде қолдануға дағдыландыру. Студенттің немесе оқушының түсінігі мен қабілетін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы дамыту, олардың өзіндік жұмыс істеу мүмкіншілігіне жол ашу.

Ғалымдар Ш.А. Амонашвили, А.А. Бейсенбаева, т.б. оқу үрдісін ізгілендіруде педагогикалық үрдістің сипатын өзгертетін, жаңа педагогикалық ойлаудың негізгі сәті деп түсінуді ұсынуы.
Сабақ кезіндегі практикалық жұмыстар мен шығармашылық жұмыстарына анализдік талдау жасау
Бейнелеу өнері және сызу пәндерінің практикалық сабақ кезінде аудиториядағы оқу процесімен қоса, үй жұмыстрындағы дайындық, эскиз материалдарын қадағалау арқылы білім сапасын көтеруді көздеу. Оқу тапсырмаларын жәй денеден бастап күрделі денелерге көшу процессін қарастыру. Болашақ маманды реалистік бағытта тәрбиелей отырып, жалпы бейнелеу өнерінен кең ауқымды білім беру, яғыни оларға теориялық және практикалық білім бере отырып, шеберлік, қабілеттілік, икемділік дәрежелерін арттыруды жетілдіру. Оқу процесі барысында қойлымдарды көркем тұрғысынан қабылдау және қол икемділігін арттыру барысында көрген нұсқа түсін, көрнісін дәл тауып, оның нақты өлшем бірлігін, бояу түсін көркемдеп жазу және сызбасын түсіру үрдісімен таныстыру. Бейнелеу өнерінің техникалық әдістерін, акварель, гуашь материалымен жұмыс жүргізу, түс, рең, қатынастарын түсіну т.с.с. Сызу пәні бойынша сызбаны безендендіру және сызу құрал жабдықтары арқылы жұмыс жасау әдістері. Проекция түрлері 1-2-3 жазықтықта проекциялау түрлері және оны орындау жолдары.
2014 жылы 6М010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша абитуриенттерді магистратураға қабылдауға арналған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Ботвинников А.Д. Об актуальных вопросах методики обучения черчению. М.П. 1977.

2. Ботвинников А.Д., Виноградов В.Н., Вышнепольский И.С.,Черчение учебник.М.П.1980.

3. Буравцева Н.В. Черчения. Пособие для студентов пед. Инс-тов. Уч.пед. 1965.

4. Гравер В.А. «Творческие задачи по черчению» М,1988.

5. Василенко Е.А. Методика обучению. М,Просв.1990.

6. Волков И.П. «Педагогический поиск...» «Учим творческую» М. Педагогика 1988.

7. Виноградов В.Н. Методика факультативных занятий по черчению. М. Просв 1978.

8. Владимиров Я.В. Моделирование изображений по черчению. М. Просв. 1966.

9. Алехин А.Ю. Когда начинается художник – М; Просвещение 1993.

10.Бабанский Ю.К. Оптимазация учебно – воспитательного процесса, А.Просвещ 1982.

11.Волшебный карандаш. «Как нарисовать пейзаж» «Изд, АСТ Сталкет» М,2001.

12.Байжигитов Б.К.Бейнелеу өнеріндегі философиялық проблемалар.Алматы; ғылым,1988ж.

13.Беда Г.В. Основы изобразительной граматы: рис,жив; М.; проси 1981.

14.Ибрагимов Ұ.Ш. Болатбаев Қ.К. «Бейнелеу өнері» 1-5 сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары Алматы. «Атамұра» 2000-2002ж.

15.Жеделов Қ.О. «Бейнелеу өнері» 1-6 сыныпқа арналған 12 жылдық, 11 жылдық жаңа буын оқулықтарына қосымша Алматы. «Атамұра» 2000-2011жж.

16.Ивахнова Л.А. профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им. Абая 1982г.

17. Жеделов Қ.О. Қазақстан бастауыш мектептеріндегі бейнелеу өнері пәні: кешегісі мен бүгінгісі. Алматы. «Үш Қиян» 2008 ж. 265 бет.

18.Байжігітов Б. Қазақтың қолөнері тарихы: сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік. Алматы. «Экономика» 2012 ж. 265 бет.

19. Болатбаев Қ., Әлмұхамбетов Б., Ибрагимов Ұ., Айдарова З. 1-6 сынып. Бейнелеу өнері. оқу-әдістемелік құрал. Алматы; 1997-2003ж.



Қосымша әдебиеттер:

1. Кузин В.С, и Кубышкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4 кл, М; Драфа 1997

2. Кузин В.С. Психология 2 изд. М ; Высшая школа 1982

3. Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах М; Просв 1984

4. Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя;М; Проси 1981

5. Программа по ИЗО 5-6 кл. РГП и «Рауан»,1999

6. Ростовцев Н.Н. Академический рисунок ; М; 1984

7. Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования в зарубежных и советских школах М; 1980

8. Ростовцев Н.Н. Методика преподавателя ИЗО в школе. М; Просв 1980

9. Сокольникова Н.М. Основы композиции 5-8кл. Изд «Титул»,1996

10.Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика в начальных классах. М; 1999г.

11.Как научиться рисовать автор Диккинс Р., Маккафферти Я. «Издательство» РОСМЭН- пресс,2004-64стр.

12. Воротников И.А. Занимательное черчение. М. Просв 1990

13. Дембинский С.И. Методика преподавания черчения. М. Просв. 1977г.

14. Есмуханов Ж. Учебник черчения для школ. Алматы «Рауан». 2000

16. Кузин А.А. Краткий очерк истории развития черчения в России. М. Учпед.. 1965

17.Ивахнова Л.А. «Научные основы подготовки учителя к конструированию содержанию учебных предметов» Алматы «Галым» 1995.

18. Хасенов М.М. «Развитие способности школьников к мысленным преобразования предметов по их изображением» Алматы «Рауан» 1992.

19. Программа черчения РК издат «Рауан» Алматы 1999.

20. Севостопольский Н.О. Уроки черчения в школе. М.Просв. 1981



21. Федоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению. Л. Марш Строй 1977

2014 - 2015 оқу жылына магистратураға түсуші талапкерлерді

6М010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға оқуға қабылдауға арналған сұрақтар

Сызу пәнінен мемлекеттік емтиханда карточкаға қарап, сызбаны эскизде орындау арқылы берілген тапсырмаға байланысты есеп шығару:

  1. Геометриялық құрылым тақырыбының әдіс – тәсілдері.

  2. Түйіндесу тақырыбының әдіс – тәсілдері.

  3. Сызба өлшем қою тақырыбының әдіс – тәсілдері.

  4. Проекция түрлері тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдіс – тәсілдері.

  5. Проекцияның 2 және 3 проекция жазықтықтарына проекциялау тақырыбын түсіну.

  6. Жетіспеген көріністерді тұрғызуға арналған жаттыгуларды шешу.

  7. «Аксонометриялық прекция» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдіс – тәсілдері.

  8. Сызба эскиздерін орындау тақырыбының әдіс – тәсілдері.

  9. Техникалық суретті орындау тақырыбы.

  10. Графикалық жұмыстарды тексерудің әдіс – тәсілдері.

  11. Нұсқада бөлшектің сызбасын және эскизін орындау.

  12. «Қима» сабағының әдіс – тәсілдері.

  13. «Қарапайым тілік» сабағының әдіс – тәсілдері.

  14. «Күрделі тілік» сабағының әдіс – тәсілдері.

  15. «Сызбаны оқу» тақырыбының әдіс – тәсілдері.

  16. Сызба резьбалық қосылыстарды белгідеу сабақтары.

  17. Жұмыс сызбасын оқу.

  18. Ажыратылатын және де ажыратылмайтын қосындылар тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдіс – тәсілдері.

  19. Құрастыру сызбасын оқу тақырыптарын оқып меңгеру әдіс – тәсілдері.

  20. Құрастыру сызбасын детальдау.

  21. Құрылыс сызбасын оқу және онымен танысу.

  • Карточкаға қарап, сызбаны эскизде орындау арқылы берілген тапсырмаға байланысты есеп шығару (вариант №1)

Педагогика пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

  1. Педагогика пәнінің міндеттері. Негізгі ұғымдары: тәрбие, оқыту, білім беру, дамыту, олардың өзара байланысы.

  2. Деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны мен міндеттері.

  3. Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің әдістері.

  4. Педагогикалық технологиялардың түрлері мен құралдары.

  5. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты және міндеттері.

  6. Дифференциалды оқыту технологиясының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы.

  7. Ғылыми педагогикалық әдебиетпен жұмыс.

  8. Жеткіншек жас ұрпақтардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, оның құрылымдық компенеттері.

  9. Тәрбиенің әдістері мен формалары: олардың сипаты.

  10. Жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу, дамыту.

  11. Оқыту процесінің мәні, оның әдіснамалық негізі.

  12. Заманауи оқу – тәрбие мекемелеріндегі білім беру мазмұны.

  13. Сабақ – оқытудың негізгі формасы. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жүйесі.

  14. Оқушыларды тәрбиелеудің әдістері мен формалары, міндеттері.

  15. Білім берудің нормативті негізі «ҚР. білім беру туралы заңы». «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы». «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».

  16. Білім берудің құралдары және әдістері, формалары.

  17. Я.А.Коменскийдің дидактикасы.

  18. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.

  19. М.Жұмабаевтың, Ж.Аймаутовтың, А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой – пікірлері.

  20. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен педагогикалық идеялары.

  21. А.С.Макаренко балалар ұжымы тәрбиесі туралы, оның идеяларының қазіргі заман жағдайындағы мәні.

  22. Бейнелеу өнері жанрлары мен түрлерінен практикалық сабақты мектепте өткізудің әдістері.

  23. Абайдың педагогикалық мұрасы.

  24. Тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастырудың әдісі.

  25. Білім беру – мақсат, процесс, нәтиже ретінде.

  26. Мектеп пен отбасының өзара байланысының формалары мен функциялары.

  27. Мұғалімнің ғылыми зерттеушілік мәдениеті.

  28. Қазіргі әлемдегі білім беру дамудың әлемдік тенденциялары.

  29. Мектеп құрылымындағы тәрбиенің мазмұны.

  30. Мектептегі оқу – тәрбие процесінің принциптері.

  31. ҚР. үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы.

Бейнелеу өнері пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

  1. ҚР білім туралы Заңы және мемлекеттік стандарт бойынша жалпы орта білім беретін мектептерде бейнелеу өнері пәнін оқытудағы басты мақсттар мен міндеттер.

  2. Алғашқы қауымдық кезеңдердегі суретті орындау жолдары, Қазақстан аймағындағы мәдени мұра.

  3. Ежелгі Египет мектептеріндегі сурет салуға оқытудың әдіс – тәсілдері.

  4. Орта ғасыр мен қайта өркендеу дәуірі кезеңдерінде суретті оқыту әдіс – тәсілдері.

  5. Европа мемлекеттерінде бейнелеу өнерінен Академиялық жүйесінің құрылуы.

  6. Францияда бейнелеу өнері мектептерінде оқытудың академиялық жүйесінің құрылуы.

  7. Атақаты педагог – ағартушылар: Я.А. Коменский, Дж. Локк, Ж.Ж. Руссо, Г.Пестолоций шығармаларында бейнелеу өнері пәнін оқытып дамытудағы педагогикалық ойдың маңызы.

  8. XVIII–XIX ғ.ғ. Ресей Сурет Академиясының құрылуы және оның оқыту жүйесінің әдіс – тәсілдері.

  9. Сурет Академиясында П.П.Чистяковтың сурет салуға оқытудағы жүйесі.

  10. А.П.Сапожниковтың сурет салуға оқытудың әдістемелік жүйесі.

  11. Еркін білім мен тәрбие берудің теориясы мен және оның бейнелеу өнері пәнін әсері.

  12. Соғыс кезінен кейінгі жылдардыға сурет салуға оқытудың әдіс – тәсілдері және Е.С.Кондахчан мен И.И.Евдокимовалардың ойлары.

  13. Н.Н.Ростовцевтың бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі.

  14. 70 – жылдардағы құрастырылған жаңа бағдарламалардың теориялық және әдістемелік ерекшелктері.

  15. Қазақстан Республикасында бейнелеу өнері пәні бойынша типтік бағдарламалардың мазмұндық ерекшеліктері.

  16. Бейнелеу өнері пәнінен білім беруде дамыта оқыту технологиясын қолдану әдістері.

  17. Бейнелеу өнері пәнін модульдік оқыту технологиясының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы.

  18. Педагогикалық үрдіс тұрғысынан мұғалімнің сабаққа даярлануы.

  19. Оқушылардың бейнелеу өнері пәнінде шығармашылық қабілетін дамытудың псиохологиялық және пдегогикалық негізі.

  20. Көркемдікті қабылдатуда жобалап оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттері.

  21. Бейнелеу өнері сабағында жаңа инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.

  22. Бейнелеу өнері пәні бойынша көрнекі құралдардың классификациясы және оны жаңа технологиялық үлгіде жабдықталуы.

  23. Сабақта этнопедагогиканы оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттерін қолдану.

  24. Бейнелеу өнері пәні бойынша оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану.

  25. Факультативтік сабақты жүргізуде проблемалық оқытудың негізгі қызметтері мен белгілері.

  26. Бейнелеу өнері пәні бойынша деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны мен міндеттері.

  27. Қазақтың дәстүрлі өнерінің негізінде оқушылардың көркемдік талғамын қалыптарстыру.

  28. Бейнелеу өнері сабағында тақырыпқа байланысты компьютерлік технологияны қолданудың маңыздылығы.

  29. Бейнелеу өнері пәні бойынша жеке тұлғаны бағдарлап оқыту (білім беру).

  30. Нұсқаға қарап бейнелеудің әдіс–тәсілдерін қашықтықтан оқыту ерекшелігі.

Каталог: docs -> postupaushim
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы
postupaushim -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
postupaushim -> Бекітемін Филология институтының директоры Әбдіғазиұлы Б
postupaushim -> Бекітемін Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы
postupaushim -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
postupaushim -> 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының сұрақтары Бағдарлама сұрақтары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Тіл біліміне кіріспе»
postupaushim -> Оқу жылында 6D010200 «Бастауын оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша докторантураға түсу үшін сұрақтар тізім І
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы
postupaushim -> Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319-iii «Білім туралы» Заңы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет