Бекітемін: Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Б. Р. Бакинова



Дата07.12.2016
өлшемі31,84 Kb.
#3411
БЕКІТЕМІН:

Өскемен қаласы

әкімінің орынбасары

___________Б.Р. Бакинова

«____» ______________2015 ж.

Өскемен қаласы әкімінің

«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жылсайынғы сыйлықтары туралы ереже
1. Өскемен қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Өскемен қаласында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі.

3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:


  1. Жылдың студент көшбасшысы;

  2. Жас кәсіпқой;

  3. Жылдың жастар ұйымы;

  4. Жылдың студенттік жатақханасы;

  5. Жастар шығармашылық ұжымы;

  6. Жылдың жас ғалымы;

  7. Жылдың жас отбасы.

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме), сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар Өскемен қаласының «Жастар орталығына» ұсынылады.

5. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді.

6. Конкурстық құжаттарды қарау кезінде Комиссия номинантқа қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

7. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

8. Сыйлықты Өскемен қаласының әкімі табыс етеді.

9. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.



10. Қала әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:

  1. жылдың студент көшбасшысы (қаланың жоғарғы оқу орындары немесе орта арнаулы оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімінде оқитын студент болуы, ғылыми және қоғамдық қызметтегі жетістігі, студенттік ұйымның жетекшісі);

  2. жас кәсіпқой (алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жас маман болуы, кәсіби жетістігі, қызметінде инновациялық компоненттердің болуы (дайындамалары, жаңа технологияларды енгізуі немесе қолдануы, ғылыми жұмыстары және ашқан жаңалықтары), белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық пайдалы қызметі);

  3. жылдың жастар ұйымы (заңды тұлға мәртебесі, бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, маңызды іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік – маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің БАҚ жариялануы);

  4. жылдың студенттік жатақханасы (бос уақытты ұйымдастыру деңгейі, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, жатақхананың ортақ санитарлық күйі, ақпараттық-эстетикалық рәсімделуі, сыртқы бейнесі, қауіпсіздік шаралары);

  5. жастар шығармашылық ұжымы (халықаралық және республикалық шығармашылық сайыстарға, конкурстарға, турнирларға қатысушы, өнер мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесі, кәсіби қызметіндегі жетістігі);

  6. жылдың жас ғалымы (ғылым саласында мемлекет саясатын өткізуге белсенді қатысу, ғылымға жаңалық енгізу, ғылымда жеке жетістік, ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларға қатысу, зерттеме, сайыстар гранты, басылым жинақтары: монография, оқу және оқу-әдістемелік жинақ, мақала, тезистер, ғылыми мекемелерде жұмыс тәжірибесі).

  7. жылдың жас отбасы (жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ Заңына сәйкес, кемінде бір баласының болуы, отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, қаланың қоғамдық–саяси өміріне араласуы, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жолын ұстауы, табысты кәсіби қызметі).

Материалдар 2015 жылғы 23 қарашаға дейін, Әуезов көшесі,
5 мекенжайында орналасқан Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» тапсырылады.

Анықтама телефондары: 8/7232/250-170, 8/7232/250-190.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет