Бекітемін: Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы



бет1/12
Дата30.01.2017
өлшемі2,68 Mb.
#8301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

Бекітемін:

Өскемен қаласының

білім беру бөлімінің басшысы

_____________ М. Ахметова


Білім беру бөлімінің 2016 жылға жұмыс

ЖОСПАРЫ

Өскемен қаласы

2016 ж.


р/б

Мазмұны




1

I. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ








– Білім беру бөлімінің 2015 жылғы жұмысын талдау;

– Өскемен қаласының білім беру жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері;

– Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жұмыс циклограммасы;

– Білім беру бөлімінің алқалық, қоғамдық органдарының жұмыс кестесі;

– Білім беру бөлімі Кеңесінің құрамы;

– Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін бақылау бойынша Қоғамдық Кеңес;

– Өскемен қаласының білім беру бөлімі жанындағы Ата-аналар Кеңесінің құрамы;

– Әдістемелік Кеңестің құрамы;

– Қаланың білім беру ұйымдарына бөлім қызметкерлері қатарынан тәлімгерлер бекіту;

– 2012-2016 жылдарға арналған көшпелі әдістемелік күндер кестесі;

– Білім беру бөлімі Кеңесінің және мәжілісінің жоспары;

Білім саласындағы концепциялар, бағдарламалар, заңнамалық актілер және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу және жүзеге асыру;

– Жаппай оқыту мәселелерін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

– Ақпараттық-сараптамалық жұмыс;






2

II. НҰСҚАУЛЫҚ–ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

– Әдістемелік кеңестердің жоспары;

– Директордың орынбасарларымен кеңестер, семинарлар;

– Оқыту және үйретудің жаңа тәсілдерін енгізу, НЗМ тәжірибесін тарату;

– Келешектегі педагогикалық тәжірибені, ғылым және білім технологияларының жетістіктерін зерделеу, қорытындылау және енгізу;



– Байқаулар, конкурстар, фестивальдар;

Оқушылар мен мұғалімдерге арналған көпшілік іс-шаралар;





3


III. БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ





4


IV. ЖОСПАРҒА ҚОСЫМШАЛАР






I. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ
Өскемен қаласы білім беру

бөлімінің 2016 жылғы жұмысын талдау
Өскемен қаласы білім беру бөлімінің және білім беру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Білім беру бөлімі өз жұмысында Өскемен қаласының білім беру жүйесін дамыту үшін келесі негізгі тапсырмаларды шешті:

– қала мектептерін жаңа модификациялы кабинеттермен, жиhаздармен, технологиялық және мектеп құрал-жабдықтарымен жинақтау;

– «e-learning» бағдарламасы бойынша құрал-жабдықтардың толық қызмет етулері үшін жұмыс жүргізу;

– Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану және білім беруді дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламаның, ГОСО-2012 мемлекеттік стандарттарының, облыстық және қалалық деңгейдегі мақсатты бағдарламалардың мақсатты индикаторларының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ұйымдастыру, материалдық және әдістемелік жағдайлар құру бойынша жұмысты жалғастыру;

– мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының желісін арттыру;

– мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды тиісті кадрлық қамтамасыз ету бойынша проблемаларды шешу;

– жалпы білім беретін мектеп оқушыларын сапалы, толыққанды және теңгерімді тамақтанумен қамтамасыз ету;

– кәдімгі жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте оқыту үшін жағдай жасау мақсатында аталған санаттағы балаларға түзете-дамытып оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру;

– балалар және жасөспірімдердің пайдалы бос уақыт қызметімен толық қамтылуын қамтамасыз ету;

– балалар және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және төмендету бойынша нәтижелі жұмыс жүргізу;

– балалар және жастарда отан сүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.

Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі: 2013 жылы-82,1%, 2014 жылы-81,2%. 2015 жылы жалпы қаржыландыру көлемі - 10 млрд. 582 млн. 132 мың теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 млрд. теңгеге артық.

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына және күз-қыс маусымына дайындау үшін 2014 жылы 517 956,0 мың теңге, 2015 жылы - 320 054, 0 мың теңге бөлінді.

2014-2015 оқу жылында Өскемен қаласының білім беру жүйесінде модернизациялау үрдістерін одан әрі кешенді қолдау жұмыстары жалғастырылды.

Қаланың білім беру жүйесін жетілдіруге 9 385 049 мың теңге бөлінді. Бұл қаражат жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға жұмсалды (63 475,0 мың теңге, соның ішінде: физика кабинетіне - 4 340,0 мың теңге (1 бөлме), химия кабинетіне – 4 340,0 мың теңге (1 бөлме), лингафондық-мультимедиялық кабинеттерге – 28 755,0 мың теңге (5 кабинет), биология кабинетіне – 26 040,0 мың теңге (6 кабинет); қаланың 1 білім беру ұйымына автокөлік құралын сатып алуға (Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ) жергілікті бюджеттен 5 840 мың теңге; оқу құралдарын сатып алу және жеткізуге жергілікті бюджеттен 144 400 мың теңге қарастырылған.

Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жалпы білім беретін мекемелердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселесі ерекше маңызды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша – 41 994,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде: жергілікті бюджеттен - 4 002 мың теңге, республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 37 992,0 мың теңге (барлығы 6 жоба).

Білім беру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен – 159 395,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде жалпы білім беретін және түзету мектептеріне 151 695,0; қосымша білім беру мекемелеріне 7 700,0 мың теңге бөлінді.

2015-2016 оқу жылының басында Өскемен қаласының білім беру ұйымдар желісіне 116 ұйым кіреді, олар:

54 жалпы білім беретін мектептер - 44 күндізгі мектептер (соның ішінде 35 шағын-орталықтар), түзету коллонияларының жанындағы 2 кешкі, кешкі сыныптары бар 1 мектеп, 2 жеке мектеп, 5 «мектеп-балабақша» кешені;

15 қосымша білім беру ұйымдары.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында жеке меншік түрлері мен формалары әр түрлі 47 мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді, олар:

35 мемлекеттік, онда мектепке дейінгі жастағы 8350 адам қамтылған, оның ішінде облыстық маңызы бар – 3 балабақша – 750 бала қамтылған;

12 мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар, онда 3641 бала қамтылған, оның 10-да 3280 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.

35 мектепке дейінгі шағын-орталықтарда 3-6 жастағы 2501 бала бар. Қалада 5-6 жастағы 2580 бала балабақшалар, мектепке дейінгі шағын орталықтар және жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды сыныптар жағдайында мектепалды даярлықпен толығымен қамтылған.

Қалада барлығы 17072 бала мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берумен қамтылған.

Нәтижесінде мектепке дейінгі бағдарламалармен қамту 3-6 жастағы жалпы балалар санының 98,5% және 1-ден 6 жасқа дейінгілердің 82,5% құрады.

Қалада 1–6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны–5500, соның ішінде 3-6 жас аралығында – 2434.

2010 жылдан бастап жекеменшік үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.

2014 жылдың желтоқсан айында «Азамат» жекеменшік балабақшасында 120 орынға, Сәтпаев даңғылының 14 жер телімінде орналасқан үйдегі жекеменшік балабақшада 90 орынға және К. Маркс көшесі, 20 мекенжайында орналасқан үйдегі жекеменшік балабақшада 20 орынға 4 қосымша топ ашылды.

2015 жылдың маусым айында Тәуелсіздік даңғылы, 99/1 мекенжайында 350 орындық жекеменшік балабақша іске қосылды.

2015 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Стаханов көшесі, 5 мекенжайында «Ер-Тан» балабақша-бөбекжайы» МДМ ашылды.

Жергілікті және республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын балабақшалар және шағын орталықтар желісі 37 балабақша және 34 шағын орталықтарды құрайды, оның ішінде 18 балабақша, 4 шағын орталық жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады және 19 балабақша, оның ішінде 6 жеке меншік балабақша 4 филиалымен, 30 шағын орталық республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

2015 жылы аталған ұйымдарды қаржыландыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы 2 670 960,0 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 885 675,0 мың теңге және РБ 1 785 285,0 мың теңге.

Отырғызатын орындардың тапшылығы қаламызда көкейтесті мәселе болып табылады, соның салдарынан балабақшаларда топтар шамадан артық топтастырылған. Мектепке дейінгі білім алуға кезекте тұрған балалар саны 5500 адамды құрайды.

Толық қамту мәселесін шешу үшін «Балапан» мектепке дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы аясында Өскемен қаласында 2020 жылға дейінгі мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту жоспары құрылған:

Мемлекеттік-жеке серіктестікті енгізу бойынша жұмыстарды белсендіру мақсатында Өскемен қаласында мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту үшін 2015 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Стаханов көшесі, 5 мекенжайында 100 орындық «Ер-Тан» балабақша-бөбекжайы» МДМ ашылатын болады.

2015-2017 жылдар кезеңінде 11 балабақша салу жоспарланған, олардың құрылысын «ШҚО МЖС аймақтық орталық» АҚ жүзеге асыратын болады:

- 320 орындық балабақша – ЖМК ықшам ауданы (19 тұрғын аудандағы И. Есенберлин даңғылының бойында);

- 250 орындық балабақша – ЖМК ықшам ауданы (Өтепов және Комсомольский көшелерінің қиылысында);

- 320 орындық балабақша – Прохладный ықшам ауданы (Бажов к, 345/2 көшесінің бойындағы үйлердің арасында);

- 250 орындық балабақша – Защита ықшам ауданы (Вострецов к, 4/2);

- 250 орындық балабақша – Меновное ықшам ауданы (Өскемен қаласы әкімдігінің «Меновное орта мектебі» КММ аумағында, Новая көшесі, 15);

- 250 орындық балабақша - Октябрьский ықшам ауданы (Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқытатын мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені» ММ аумағында орналасқан, Революционная көшесінің бойында;

- 23-ші тұрғын ауданында 240 орындық балабақша;

- 19 тұрғын аудан, Көкжал Барақ көшесінде орналасқан 240 орындық балабақша;

- 19 тұрғын аудан, К. Маркс көшесінде орналасқан 240 орындық балабақша;

- 19 тұрғын аудан, Қ. Сәтпаев даңғылында орналасқан 240 орындық балабақша;

- 19 тұрғын аудан, Т. Өтепов көшесінде орналасқан 240 орындық балабақша;

Осылайша, 2015–2017 жылдар аралығында Өскемен қаласында 3040 орынға балабақшалар ашылатын болады.

Жобаларды жүзеге асыру 2015-2020 жылдарға арналған Аймақтарды дамытудың кешенді жоспарының басымдылықтарына сәйкес келеді. 3040 орынға балабақшалар салу бірінші кезекте балалардың мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қамтылулары артады және және оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы және тиісті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Аталған жобаны жүзеге асыру жоғары әлеуметтік маңызға ие, себебі Мемлекет басшысының балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелерімен 100% қамту бойынша тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Оңтайлы өзгерістер динамикасымен қатар мектепке дейінгі білім беру жүйесінде шешілмеген мәселелер де бар.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің қарқынды дамуымен бірге жас педагогтардың ағыны байқалады, балабақшалар мен шағын орталықтарға білікті кадрлардың жетіспеушілік мәселесі өзекті болып табылады.

Өскемен қаласының 44 мектебіндегі 1-11 сыныптардағы балалар құрамы 30833 оқушыны құрайды, оған психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сыныптар қосылады. Өткен жылмен салыстырғанда балалар құрамы 2193 оқушыға артқан (2014 жылы – 28640 оқушы). Күндізгі мемлекеттік мектептер желісі 1 бірлікке артты - «№ 46 орта мектебі» КММ (жобалық қуаты–1000 оқушы орны) және ЖМК ауданындағы қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар санын азайтуға мүмкіндік берді. Өткен жылмен салыстырғанда бірінші сыныптарда балалар құрамы 1041 оқушыға артқан және 4801 баланы құрады (2014 жылы – 3760 оқушы).

Қазақ тілінде білім алуға мұқтаж балалар құрамының артуына байланысты 2015-2016 оқу жылынан бастап № 19 орта мектебі өз мәртебесін аралас мектеп мәртебесіне ауыстырды, қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылды. «Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі–ресурстық орталығы» КМК атауы «Оқу-өндірістік комбинаты» болып қайта аталды, қазақ және орыс тілінде оқытатын 10-11 бейінді сыныптар ашылды. «Ново-Троицкое орта мектебі» КММ өз мәртебесін негізгі орта білім беретін мектепке ауыстырды, оқушылар санының аз болуына байланысты 10 және 11 сыныптар жабылды. «Ново-Троицкое орта мектебі» КММ және «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ шағын жинақталған мектептерге жатады, себебі ондағы балалар саны 52 және 71 құрайды.

Мектептер желісіне қазақ тілінде оқытатын 9 мектеп кіреді (2014 жылы – 8 мектеп), 18 аралас мектеп (2014 жылы – 17 мектеп), орыс тілінде оқытатын 17 мектеп (2014 жылы – 18 мектеп). 12784 оқушы қазақ тілінде оқиды (2014 жылы - 11761), орыс тілінде – 18049 (2014 жылы - 16879).

9 мектепте № 5, 8, 19, 20, 22, 26, 37, 42, Крупская атындағы мектеп-интернатта мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасайтын сыныптар ашылды - 45 сынып, 408 бала (2014 жылы 8 мектеп, 41 сынып- 364 бала).

Мектепалды сыныптарда және шағын орталықтардағы мектепалды даярлық топтарында 4248 тәрбиеленуші (2014 жылы - 4189).

5 «мектеп-балабақша» кешенінде - 147 мүмкіндігі шектеулі оқушылар (2014 жылы – 121), оның ішінде 36 оқушы қазақ тілінде, 11 оқушы орыс тілінде оқиды.

Осылайша, 44 мектеп пен 5 «мектеп-балабақша» кешенінде, соның ішінде мектепалды даярлық сыныптары мен шағын орталықтардағы мектепалды топтарда, сонымен қатар түзету сыныптарындағы оқушылар құрамы 35299 оқушы (2014 жылы-32950), бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2279 оқушыға артық.

Түзету колонияларындағы 2 кешкі мектепте 202 оқушы (2014 жылы -184 оқушы), № 15 мектептегі кешкі сыныптарда -111 оқушы (2014 жылы-110 оқушы).

2 жеке мектептерде оқушылар саны 5 оқушыға артқан және 337 оқушыны құрайды.

Зияткерлік дарындылығы бар балаларға арналған 8 мектеп-гимназия және 1 мектеп-лицей қызмет етеді, оның ішінде 3-уі қазақ тілінде тәрбиелеп білім беретін мектептер. 12 жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар бар.

Орыс тілінде оқытатын сыныптарда оқушылар құрамының төмендеуіне және мектепке дейінгі мекемелерге деген қажеттіліктердің артуына байланысты жалпы білім беретін мектептер желісі оңтайландырылды. 2014-2015 оқу жылының қыркүйек айынан бастап № 40 орта мектеп және № 12 мектеп-гимназияның педагогикалық және оқушылар ұжымдары қосылды. № 12 мектеп-гимназияның босаған ғимараты балабақша ретінде мақсатты пайдалануға берілді. № 40 орта мектебінің оқушылары тілдерді тереңдетіп оқытатын № 12 мектеп-гимназияның оқушылары болды.

Жаппай оқыту айлығының деректері бойынша 2015 жылдың қыркүйек айында мектептердің шағын аудандарында 0-18 жас аралығында 43329 бала (2015 жылдың қаңтарында - 42695 бала), бұл 2015 жылдың қаңтарына қарағанда 634-ке артық. № 7, 18, 23, 24, 27, 44, Ахмер орта мектептерінің шағын аудандарындағы мектеп жасындағы балалар саны әлдеқайда артқан. № 18, 23, 27, Ахмер мектептерінде 2015 жылдың қаңтар айында саяжай учаскелерін мұқият тексеру тапсырылды, сол себепті шағын аудандағы балалар құрамы артқан. Сондай-ақ қала мектептеріндегі шағын аудандар бойынша ОШ-1, ҰБДҚ есептерінде балалар санына талдау жүргізілді. ОШ-1, ҰБДҚ бойынша біздің мектептердегі 1-11 сыныптарда 30833 бала, ал ықшам аудандар бойынша 24342. Көрсеткіштер бойынша айырмашылық 6000 баладан артады. Сонымен қатар статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 2015 жылдың басында Өскемен қаласында 0-18 жас аралығында 64624 бала болды, оның ішінде 0 мен 7 жас аралығында -35740, 8–18 жас аралығында-28884. Сол себепті – ықшам аудандарды мұқият аралап, есептелмеген үйлер туралы хабарлау қажет, себебі бұған дейін көптеген үйлер облыстық ведомствосына қарасты мектептерге қарайтын, ал қазіргі уақытта олар біздің мектептерге бекітілмеген. Сонымен қатар кәсіпорындар мен ЖОО қарасты көптеген жатақханалар жекешелендірілген және қазіргі уақытта жеке пәтерлер болып есептеледі. 2016 жылдың қаңтар айында көрсеткіштер сол қалпында қалатын болса, шаралар қабылданатын болады.

Арнайы түзету мекемелерінде 147 оқушы оқиды, бұл өткен оқу жылының басымен салыстырғанда 26 оқушыға артық. 45 бала науқастары бойынша оқытуға жатпайды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 10 балаға артық.

Өскемен қаласында жаппай оқыту қорына қаражат аудару 2015 жылы 2,9%, 2014 жылы 2,8%, 2013 жылы 2,6% құрады.

2015 жылы жаппай оқыту қорына қалалық бюджеттен 143411,0, 2014 жылы 134029 (2013 ж. – 124605,0 мың теңге, 2012 ж.-114262,0 мың теңге) бөлінді:

- қамқорлықтағы және күнкөрісі төмен отбасыларының балаларын тамақтандыруға 111415,0 мың теңге (4142 бала тегін тамақтанады), 2014-жылы - 107671,0 мың теңге (2013 жылы -103401,0 мың теңге, 2012 жылы – 86953 мың теңге),

- киім-кешекке 12 620,0 мың теңге (446 бала), 2014 ж. - 10452, 0 мың теңге. (2013 ж.- 9474,0 мың теңге, 2012 ж.- 9533 мың теңге),

-қала сыртында демалыс ұйымдастыруға - 9066 мың теңге (жазда 1483 бала барады) 2014 жылы - 8702, 0 (2013 ж. - 7534,0 мың теңге, 2012 ж.-12527 мың теңге ),

- мектеп жанныдағы лагерлерге - 10310, 0 (347 бала тегін жолдама алады), 2014 жылы - 9331, 0 (2013 ж.- 4196,0 мың теңге, 2012 ж.- 5249 мың теңге ),

- сүт, бал 1-4 – 107517,0 мың теңге (11706 күнкөрісі төмен отбасыларын қоспағанда).

ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде және Өскемен қаласында мектепке дейінгі жастағы барлық балаларды оқумен қамтамассыз ету үшін ауылды мекендерде және қаланың шалғай аудандарында тұратын 699 оқушыны мектепке тасымалдау ұйымдастырылған. № 18 мектептің автобусымен № 33 мектепке (28 тұрғын аудан)-78 оқушы, № 42 мектепке Самсоновка ауылынан - 83 оқушы, Ахмер ауылынан Ахмер орта мектебіне - 332 оқушы, барлығы 206 оқушы жеткізіледі. Көлік қызметіне қалалық бюджеттен төмендегідей қаражат бөлінді:

№ 18 мектепке -3010,0 мың теңге.

№ 33 мектепке - 2224,6 мың теңге.

№ 42 мектепке -1956,4 мың теңге

Ахмер орта мектебіне - 2000,0 мың теңге

Барлығы 9191,0 мың теңге.

Тасымалдау 8 автобуспен жүзеге асырылады.

Білім беру бөлімінің ведомствосына қарасты ұйымдарындағы күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан балалар саны 4243, бұл 2014 жылдың қазан айымен салыстырғанда 238-ге артық. Осы санаттағы балалар 100% тегін тамақтанумен қамтылған.

Жаппай оқыту айлығы барысында өткізілген «Қайырымдылық» акциясы аясында 2015 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың қыркүйек айы аралығында қамқорлықтағы, күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан, мүгедек балаларға 84624,5 мың теңге сомасына киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе заттары, тегін ыстық тамақ түрінде мемлекеттік және демеушілік көмек көрсетілді, соның ішінде 3048,0 мың теңге (қазан айында 1985,3 мың теңге) бюджеттен тыс қаражат есебінен.

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысының бір тармағы балалардың мектепке баруларын толығымен қамтамасыз ету болып табылады.

2015 жылдың қаңтар айына Жаппай оқыту қорының деректері бойынша КІБ есебінде мектептер бойынша 34 жасөспірім тұрады, қаңтарда 72 болған (қыркүйек айында 98 бала (2013 жылы-113), МІБ–82 бала, қаңтар айында 99, қыркүйек айында 98 оқушы (2013 ж. 116).

Балаларды жалпы орта білім берумен қамтуды есепке алу және және бақылау бойынша жұмыс жүргізіледі: сабаққа қатысу туралы күнделікті рапорт тапсыру, онда кешіккендер мен келмегендер, сабаққа келмеген себептері, сынып жетекшілерінің оқушылардың сабаққа келмегендері туралы апта сайынғы есептері туралы айтылады, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары айына 2 рет қорытынды тексеру жүргізеді, кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен апта сайын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Үй-үйді аралау кезінде 117514 пәтер тексерілді (қаңтар айында 106339), тексеруге 2107 мұғалім қатысты (қаңтар айында 2031). Шағын аудандар бойынша оқымайтын балалар анықталды, №12 мектеп-гимназияда 2008 жылы туылған Косихина Дарья, ПМПК қорытындысы бойынша әлеуметтік үйден оқыту қызметі ұсынылды, Меновное орта мектебі - Токарев Родион Эдуардович немесе анасының айтуы бойынша Бердаков Родион Сергеевич, 2007 жылы туылған - отбасында қиын жағдай болғандықтан бала 1 сыныпқа жіберілді, себебі осы уақытқа дейін еш жерде оқымаған, қазіргі уақытта мектеп баланың құжаттарын қалпына келтірумен шұғылдануда, материалдық көмек көрсетілді.

2015 жылдың қыркүйегіне мектепке бармайтын 8 оқушы анықталған (1 кестені қараңыз)



1 кесте. Мектепке 10 және одан да көп күн бармаған оқушылар тізімі

ТАӘ

Мектеп, сыныбы

Отбасылық жағдайы

Бармау себебі

Қолданылған шаралар

Артамонов Кирилл Андреевич

№13 ом, 2В

сәтті отбасы

жалдамалы пәтерден көшу. Көршілерінің айтуы бойынша Зырян қ. кетіп қалған

1) Островский к. 5-6 мекенжайын тексеру;

2) Анасының тіркелген мекенжайы Островский к, 48-7 рейд;

3) Бұрын тұрған мекенжайы бойынша испектор Зырян қаласына хат жіберді.


Мұқанов Рұслан Рұсланұлы

№ 14 ом, 5а

толық емес отбасы, анасы 2004 жылы ата-аналық құқығынан айырылған

Н. Крупская атындағы мектепке ауысқан

Сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог Б.Ж Ахметов, мектеп инспекторы Н.Р. Насыров тұратын пәтеріне барған, әкесімен әңгімелесу өткізілген, Крупская атындағы толық емес мектебінің директорымен әңгімелесу, әкімшілік кеңес, ҚББ әдіскері Р.П. Елеукеновамен кеңес берілді. Р. Мұқановтың ісі бойынша КҚҚК отырысы 7.10.2015 жылы болады.

Симонова

Дарья Денисовна



№ 22 ом


толық отбасы

Отбасы із-түссіз жоғалып кеткен

1. Симоновтардың тұратын жеріне барған.

2. Оларға пәтерін жалға тапсырған пәтердің иесімен әңгімелесу өткізілді.


3. Көршілерден сұрастыру
4. 12.05.2015 қайтадан іздеу салынды.
5. Тұратын жері үнемі тексеріліп тұрады, көршілердің айтуы бойынша отбасы ол мекенжайда тұрмайды.

Маслова Юлия Евгеньевна

№ 23 ом, 9В

толық емес отбасы

Ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы

КҚҚК, 07.10.2015, 127-б. бойынша айыппұл

Айкин Тимофей Викторович

№ 23 ом, 1Г

сәтсіз отбасы

Ата-аналары өз міндеттерін орындамайды, б/қ мектептен шалғай орналасқан

КТҚҚК, 07.10.2015, 127 б. бойынша айыппұл, баланы Крупская атын. интернатқа ресімдеу бойынша жұмыстар.

Гусев Александр Александрович

№ 32 ом, 9 сын.

қамқорлықта

оқуға ынтасы жоқ

М.А. Троеглазовадан қамқорлықты алу туралы қолдаухат әзірленіп ҚББ – не тапсырылған.

Иванова Марина Игнатьевна

№ 5 ом, 9 а сын.

толық емес отбасы

тұрмысқа шықпақшы. Сыған қызы мектепке бара алмайды.

КТҚҚК – келмеген. Үйі тексерілген. 07.10.2015жылы КТҚҚК қарауына жіберілген.

Мозговой Евгений Андреевич

№ 5 ом, 10 а сынып

сәтті отбасы

дәлелсіз себептермен

КТҚҚК – келмеген. Үйі тексерілген. 07.10.2015 жылы КТҚҚК қарауына жіберілген.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет