«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



Дата11.01.2017
өлшемі51,28 Kb.
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

әдебиеттік оқу пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.

1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.

2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:





Бөлім



Тарау



Тақырып

01

Фольклор жанры

01

Менің батыр бабаларым

01

«Қобыланды батыр» жырынан үзінді

02

Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі

03

С. Сматаев

Тайбурылдың шабысы



02

19-20 ғасыр жазушылары мен ақындары

01

Жарық жұлдыздар

01

Ә. Жапаров

Қазына көтерген бала

(Қ. Сәтбаев туралы)


02

Ө. Тұрманжанов

«Фараби туралы баллада»



02

Табиғат тал бесігім

01

Ғ. Қайырбеков

Ана тілі


02

Отырар

Д. Досжан



03

С. Сейфуллин

Наурыз


03

Ауыз әдебиетінің түрлері

01

Халық ауыз әдебиеті

01

Ертегі, аңыз, айтыс, бата, мақал т.б.

04

Түсіндірме сөздік

01

Түсіндірме сөздік

01

Бағдарлама терминдері

05

Оқу сауаттылығы

01

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:

- халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;

- жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми-танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;

- көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;

- өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;

- мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;

- мәтінге жоспар құруды;

- шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды;

- шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;

- шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

- ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

- мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;

- портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;

- көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;

- мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;

- кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді меңгеруі тиіс.

4. Тапсырмалар формасы:

Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 40 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.



6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет