«Бекітемін» СӨСҚПҰО директоры Ж. Баттақова 2015 ж



Дата18.02.2018
өлшемі127,71 Kb.
#37993
«Бекітемін»

СӨСҚПҰО директоры

Ж. Баттақова

« »__________ 2015 ж.
«Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен өткізілетін кеңауқымды

«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ - 2015» акциясының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы орындау шеңберінде, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі-СӨСҚПҰО) ұйымдастыру – әдістемелік қолдауымен 2015 жылдың 5-ші қыркүйегінде республикамыздың барлық өңірлерінде «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен кеңауқымды «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ - 2015» акциясы өткізіледі.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің болашағының негізі ретінде салауатты қоғамды қалыптастыруға қатысты басты басымдылықтар айтылған. «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», - деп атап өткен.

Салауатты өмір салты дегеніміз – бұл адамның тіршілік ету әрекетінің тұжырымдамасы, дұрыс тамақтануға, дене даярлығы, денсаулықты сақтауға және жақсартуға, зиянды әдеттерден бас тартуға моральдық тұрғыда дайын болу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауынан: «Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар».

Әлемде бірінші кезекте спортпен жаппай шұғылдану халықты сауықтыру, өзін – өзі тану, өз ойын ашық білдіру, бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы тұру механизмі болып табылады. Сондықтан мемлекетіміз спортпен айналысу мәселесінің ерекше маңыздылығына көңіл бөліп, халықты спортпен шұғылдануға шақырады. Жаппай спорттың даму процестері: мемлекеттің спортты дамытуға қолдау жасау рөлін арттыру. Сонымен қатар спортты профилактика және емдеу шараларында пайдалану, әлеуметтік келеңсіз оқиғалардың алдын алу, адамгершілікке баулу, жастардың эстетикалық және интеллектуалдық дамуында пайдалану т.б. формадағы қызметтерді ұйымдастыру болып табылады.

Республикамызда Ұлттық ойын түрлерін қосқанда, спартакиада, спорттың барлық түрлері бойынша турнирлер, жарыстар өткізіледі. Ұлт көшбасшысы-Президент сынамаларын тапсыру енгізілуі маңызды жетістік болып табылады. Олар жаттығудың әртүрін меңгереді, күшін сынайды, төзімділікті, шапшаңдықты, ептілікті және жылдамдықты үйренеді.

ҚР Ғылым және білім министрлігінің мәліметтері бойынша, елімізде 7 332 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер бар. Олардың жалпы контингенті 2,5 млн. оқушы (2012-2013 оқу жылдары 7 402 мектеп, 2,5 млн. оқушылар контингенті). Жалпы білім беретін 6 700 мектепте дене шынықтыру сабағына 3 сағат сабақ енгізілді, жалпы саны 91,4 пайызды құрайды. Республикамыздың 48 жоғарғы оқу орындарында спорт клубтары ашылды. Елімізде 24 мыңнан астам спорттық секция бар. Онда 583 мың бала шұғылданады немесе жалпы білім беру мектептерінің 22,2 пайызы (2,5 млн оқушылар). Республикамызда 1 725 спорт клубы жұмыс жасайды, соның ішінде дене шынықтыруға дайындалу 106 балалар-жаөспірімдер клубы, спорт түрлері бойынша 113 кәсіптік клубтар және 1 020 шынықтыру-сауықтыру клубтары бар және онда 289 мың адам оқиды. Өткен үш жыл ішінде дене шынықтыру және спортқа тартылған мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың динамикалық өсу саны артқан. Елімізде 486 мыңнан астам мүгедек жандар, халықтың 3 пайызын құрайды, оның ішінде 45 пайыз спортпен шұғылдануға қарсы емес адамдар. Осы аталған санатқа жататын 13 мың адам яғни 6,5 % (2009ж.- 6 %) дене тәрбиесі және спортпен шұғылданады.

Жалпы дене шынықтыру-спорттық қозғалыстардың дамуы отандық спортсмендердің Олимпиада және Азия ойындарында, Азия және әлем чемпионаттарында нәтижесін көрсетті.

Спорт және денешынықтыру агенттігінің есептік мәліметтері бойынша Сочи-2014 Олимпиада ойындарында Қазақстан құрама командасы спорттың 10 түрінен өнер көрсетті (бұрын-8 түрі). Сочи олимпиадасының финалына: спорттың 6 түрі бойынша әлемнің 10 үздіктер қатарына қосылды (Ванквуерде спорттың 2 түрінен тек 6 спортшы ғана үзік ондыққа іліккен). Ванкувер олимпиадасына қатысқан 10 қазақстандық спорттың 7 түрінен өздерінің жақсы нәтижелерін көрсетті. Алғаш рет әлемдік элиталық 5 спорт түрінен де жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Қозғалыс белсенділігі физикалық – психологиялық тұрғыда денсаулықты сақтауға жағдай жасайды. Спорт түрін дұрыс таңдасаңыз айналысу жиілігі және салмақ деңгейі сақталады. Сондықтан, қозғалыс белсенділігі денсаулықты сақтаудың ең тиімді құралы болып табылады.

Қазақстандықтар арасында жалпы спорт және дене шынықтыруды әйгілеу мақсатында, 1999 жылдан бастап республикамыздың барлық өңірлерінде жыл сайын қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі» өткізіледі. Бұл жас талғамайтын нағыз денсаулық мерекесіне айналды.

2013 жылы СӨСҚПҰО барлық өңірлерде кеңауқымды «Денсаулық фестивалі» «Денсаулығым керемет – жаттығуға көп рахмет!» ұранымен өткізілді. Мекемелер бойынша 52 782 іс-шара өткізіліп, 1 493 503 адам қамтылды. Ал 2014 жылы «Денсаулық фестивалі» «Белсенді өмір – жүз жастық ұзақ ғұмыр!» ұранымен өткізілді. Оған 1 756 811 адам қатысты.



2015 жылғы акцияның мақсаты – денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануды жастық шағынан меңгеру әр азаматтың жауапкершілігі екендігіне бұқара халықтың назарын аудару.
1. Республикалық деңгейде

  1. Акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша үйлестіру қызметтерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өткізеді (Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы).

  2. Астана және Алматы ққ. ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР спорт және дене шынықтыру министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі бірге ұйымдастырады.

  3. Серіктестер: «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Қазақстан спорт Федерациясы, ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ федерациясы, Үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, бизнес құрылымдары.


2. Аймақтық деңгейде

«Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен кеңауқымды «Денсаулық фестивалін» акциясын өткізу және ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушы комитеттер облыстық, қалалық, аудандық және келесі деңгейлердегі жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдерімен (денсаулық сақтау жүйесі, білім беру және ғылым, дене шынықтыру, туризм және спорт министрліктері, ішкі істер саясаты департаменті және басқа қызығушылық танытушы тұлғалар) құрылады.


Ұйымдастырушы комитеттеріне төмендегілерді қамтамасыз ету ұсынылады:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық – білім беру материалдарын, сыртқы жарнамаларды пайдаланып, барша тұрғындарды акцияға қатысуға шақыру арқылы «Денсаулық фестивалі» туралы халықты алдын ала хабарландыру.

  2. «Салауатты өмір салтын ұстан!» кең ауқымды «Денсаулық фестивалі - 2015» акциясын халықтың ересек топтарының қатысуымен өткізу.

  3. «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясының салтанатты ашылуын ұйымдастыру. Жергілікті билік ұйымдарының өкілдері, Фестивалдың құрметті қонақтары (Қалалық және аудандық Мәслихат парламентінің депутаттары, ардагерлер, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық медицина мекемелерінің басшылары, ҰОС ардагерлері, спортшылар, Олимпиада чемпиондары, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, т.б.).

  4. Медициналық мекемелерде халық үшін (қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы глюкоза деңгейін анықтау, холестерин, дененің артық салмағын анықтау) «Денсаулық қалашығын» ұйымдастыру.

  5. Медициналық мекмелерде тұрғындар үшін, жоғарғы оқу орындарына, жалпы білім беретін мектептерде, Спорт медицинасы орталықтарында әр түрлі бейінді мамандарды тарту арқылы ашық есік күндерін өткізу.

  6. Дұрыс тамақтану өнімдерін көрсету арқылы тағамды теңестіру мәселелері бойынша нутрициологтардың кеңесімен «Салауатты тағамдар бұрышын» ұйымдастыру.

  7. Дене белсенділігі, қауіп қатер факторлары және салауатты өмір салтын ұстану бойынша бейнероликтер көрсетуді ұйымдастыру.

  8. Спорт ұжымдарының (күрескерлер, таэквандо, каратэ, ұлттық күрес

және т.б.), эстрада әртістерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының, ұлттық мәдени орталықтарының өкілдерінің және т.б. сөз сөйлеуін ұйымдастыру.

9. Салауатты өмір салты тақырыбында балалар шығармашылығы көрмесін, сауалнамалар, байқаулар ұйымдастыру және марапаттау.

10.Спорттық мекемелерде балалар мен жасөспірімдерге тегін және жеңілдікпен қатысатын (10-15 жас) Ашық есіктер күнін ұйымдастыру.

11.Фестивалға қатысушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, репродуктивтік денсаулық, отбасын жоспарлау, әлеуметтік маңызы бар аурулар профилактикасы және жарақаттану бойынша ақпараттық білім беру материалдарымен қамтамасыз ету.

12. Бұқаралық ақпарат құралдарында (Баспасөз конференциясы, анонстық аудио және бейнероликтер, теле-радиоларда сөз сөйлеу, Телеарналарда жүгірмелі жолдар арқылы, басылым беттерінде) акцияны кеңінен хабарлауды ұйымдастыру.

13.Спорттық іс – шаралар соңында белсенді қатысушыларды марапаттау.

14. Қатысушыларды «Біз салауатты өмір салты үшін!» ұраны жазылған

футболкалармен, бейсболкалармен, СӨС аймақтық орталықтарының белгілері бар тулармен, таңбашалармен мүмкіндігінше қамтамасыз ету қатысушылар спорттық киім киюлері тиіс.

15. Акцияға қатысушылардың қауіпсіздігін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету (жедел медициналық көмек бригадасының кезекшілері, қайғылы оқиғаларды алдын ала сақтандыру және көмек көрсету бойынша басқа қызметтер мен полиция жасақтарын жұмылдыру).

16. Спорт түрлеріне қарай мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы орын белгілеу (армреслинг, бадминтон, спорттық жүгіру және т.б.)


Іс – шараладың негізі алгоритмі

1.Тұрғындар арасында (оқушылар, студенттер, қызметкерлер, зейнеткерлер) сағат 10.00-де стадион, алаңдарда велосипед жарысын ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттау.

2. Музыкалық сүйемелдеумен тұрғындардың барлық топтары арасында флеш – моб өткізу.

3.Жаппай қашықтыққа жүгіру, мини-футбол, бокс, армреслинг, қазақша күрес, баскетбол, валейбол, спорттық билер, скейтбордта сырғанау, бассейнде жүзу, «Мықты денсаулық – мықты ел!», «Жасыңнан шынықсаң – ғасырға жарайсың!», «Шынықсаң –шымыр боласың!», «Спорт – күш, спорт – өмір!» және т.б. ұрандары бойынша спорттық жарыстар ұйымдастыру.

4. «Биле, қозғалыста өмір сүр!», «Жан дүниеңмен биле!», «Би – спорт, спорт – өмір!» ұрандары бойынша би байқауларын ұйымдастыру.

Барлық ұйымдардан қатысушылар саны жөнінде ақпарат жинау 2015 жылдың 21-ші тамызына дейін жүзеге асады.

Барлық көшелерді, стадиондар мен алаңдарды, спорттық алаңдар мен саябақтарды, спорт сарайларын, балабақшаларды, мектептерді, ЖОО мен АООО-ын, аула және фитнес клубтарын, қала және ауылдардың орталық көшелерін, медицина ұйымдарының жұмыс орындарын, (меншік түрлеріне тәуелсіз кеңселер, кәсіпорындар) толықтай іске қосу ұсынылады.

Қорытындылау

1. Облыстық СӨСҚПҰО 14.09.2015 ж. БАҚ –дағы басылымдар мен міндетті түрде акция өткізілген жер көрсетіліп, СД-дискіне видео, фотоматериалдар жазылған жиынтық есебін беруі керек.

2. 2016 жылға «Денсаулық Фестивалі» іс – шарасы және ұраны бойынша ұсыныс енгізу.
Әзірлеген : К. Медеубаева

«Дені сау отбасы және

репродуктивті денсаулықты

сақтау» бөлімінің жетекшісі
Келісілді: С.Мұқашева

Профилактикалық бағдарламалар

бойынша директордың орынбасары

Орынд: E-mail:bibinur



Жұмыс тел. 8(727) 291-22-79.
ЕСЕПТІК ҮЛГІ




Шара

2015 жыл

Саны

Қамту

1

Адамдар жаппай жиналатын орындарда (стадиондар, саябақтар, алаңдар және т.б.) акциялар







2

Спорттық шаралар







3

Дөңгелек үстелдер







4

Ашық есік күндері







5

Кездесулер







6

Байқаулар, жарыстар







7

Консультация, әңгімелесу







8

Мәдени шаралар (флеш-моб және т.б.)







9

Көрмелер, стендтер, санитарлық бұрыштар, санбюллетендер










БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру:

Саны

10

Баспасөз мәжілісі




11

Телебағдарламаларға қатысу және сөз сөйлеу




12

Радиобағдарламаға қатысу және сөз сөйлеу




13

Жергілікті телеарналардан телебағдарламалар көрсету




14

Жергілікті радиоарналардан беру




15

Телеараналардан салауатты өмір салтын насихаттау мен аурулардың алдын алу жөнінде бейнероликтер көрсету




16

Радиостанциялардан салауатты өмір салтын насихаттау мен аурулардың алдын алу жөнінде аудиороликтерді беру




17

Қоғамдық көлікте, адамдар жаппай жиналатын жерлерде, LED-мониторларда бейнероликтерді көрсету




18

Бейнероликтерді көрсету:
МСАК ұйымдарында

Білім беру жүйесінде






19

Сыртқы жарнама (түстідиодты дисплей, баннерлер, билбордтар және т.б.)




20

Басылымдарда мақала жариялау




21

Жергілікті және республикалық телеарналардағы жүгірмелі жолдар




22

Ғаламтор ресурстары (веб-сайттар, порталдар, ақпараттық агенттіктер және т.б.)




Ақпараттық-білім беру материалдарының таратылған түрлері

Таралымы

27

- буклеттер




28

- плакаттар




29

- үнпарақтар




30

- кітапшалар




Барлығы : іс-шара - қамтылған адам саны -






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет