«Бекітемін» «Тексерілді» Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Қаржауов Р. С демесинова А. А



Дата04.08.2017
өлшемі233,95 Kb.
#22793
«Бекітемін» «Тексерілді»

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

_________________ ____________________

Қаржауов Р.С Демесинова А.А

«____» ______ 2016 ж «____» ________ 2016 ж

Математиа пәні мұғалімі

Елубай Мейіржан Қайыржанұлының

дарынды оқушымен жеке жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы. Қопа орта мектебі.

Жаратылыстану пәндерінің ӘБ талқыланып бекітілді.
Түсінік хат

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз



Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме)
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

          Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: «Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі»

           Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

           Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

           Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

           “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

           Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

           Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

           Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

           Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.  

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

        Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

        Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

        Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар-міндеттер:

        өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

        оқушы дарындылығының моделін білу;

        қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

        дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

        дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

        дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

        дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

        оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

        дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

        дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

        дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

          Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.   Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.   Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.   Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттерді, схемаларды пайдалану;

4.   Техникалық құралдарды тиімді қолдану.

5.   Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

6. Сабақта оқушылардың өзіндік мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы жаңа сабақты игеруге дайындау.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.



          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар: білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Дарынды оқушымен жұмыс

  • Мақсаты: Математика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың

интеллектуалдық, шығармашылық, жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге дегенқызығушылығын арттыру, жеке жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.

  • Міндеттері:

  • Оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.

  • Оқушылардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерінанықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

  • Негізгі принцип:

Оқушымен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.

  • Болжамдап отырған нәтиже:

Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:

  • Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

  • Жан-жақты ақпараттандыру;

  • Коммуникативті бейімдеу;

  • Білімнің бағасын арттыру,

  • Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,

  • Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру

  • Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;


Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.

  • Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы

  • Психологиялық жоғары дамуы

  • Дені сау ,жан-жақты толық дамуы

  • Ойлау қабілетінің озық болуы

  • Айналадағы құбылыстарды  не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі

  • Туа бітті шығармашылық қабілеттің



  • Дарындылықтың түрлері

  • Интеллектуалды

  • Академиялы

  • Шығармашылық

  • Көсемдік /лидер/

  • Көркем орындаушылық

  • Дарындылықты анықтау критерийлері

  • Теориялық материалды толық игеруі

  • Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/

  • Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту

  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану

  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

  • Өзіне-өзі талап қоя білуі

  • Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы

  • Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

  • Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі

  • Тақырып бойынша модель құруға үйрету

  • Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.

  • Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану

  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы

  • Өзіне – өзі талап қоя білуі

  • Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.


МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ,

ҚАБІЛЕТТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ





АТЫ-ЖӨНІ

СЫНЫП

ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1

Садықов Айберген

11«А»

Оқуға ынтасы жоғары, шапшаң және ынталы. Оқу озаты.

Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады;

2

Ерқұлова Балжан

9

Оқуға ынтасы жоғары  және ынталы. Математика пәні бойынша үлгерімі өте жақсы.

Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады,  есеп шығару қабілеті өте жоғары



Дарынды оқушы туралы мәлімет

Аты-жөні:_________________________________________________________

Туған күні, айы, жылы:___________________________

Туған жері:________________________________________________________

Мектебі:___________________________________________________________

Сыныбы:_____

Оқу үлгерімі:_____________________________________

Сүйікті пәні:_______________________________________________________

Сүйікті ісі:_________________________________________________________

Жетістіктері:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұялы телефоны:____________________________

Электронды поштасы:____________________________

Ата-анасы туралы мәлімет

Анасы:____________________________________________________________

Әкесі: _____________________________________________________________

Дарынды оқушы туралы мәлімет

Аты-жөні:_________________________________________________________

Туған күні, айы, жылы:___________________________

Туған жері:________________________________________________________

Мектебі:___________________________________________________________

Сыныбы:_____

Оқу үлгерімі:_____________________________________

Сүйікті пәні:_______________________________________________________

Сүйікті ісі:_________________________________________________________

Жетістіктері:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұялы телефоны:____________________________

Электронды поштасы:____________________________

Ата-анасы туралы мәлімет

Анасы:____________________________________________________________



Әкесі: _____________________________________________________________

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2016 – 2017 ОҚУ ЖЫЛЫ



ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ

МЕРЗІМІ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

1

Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру

01.09.2017

Жоспар

2

Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

05.09.2017

Тізімін құру

3

Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау

 07.09.2017

Оқушылардың ерекшеліктері

4

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жеке жоспар бойынша

Жоспар

5

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер,  шығармашы-лық жұмыстар)

Жоспарға байланысты

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

6

Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жоспарға байланысты

Сабақ жоспарлары

7

АКТ технологиялар элементтерін пайдалану

Қажеттілігіне қарай

Презентациялары

8

Деңгейлік тапсырмалар дайындау

Қажеттілігіне қарай

Деңгейлік тапсырмалар

9

Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту

Қажеттілігіне қарай

Тест тапсырмалары

10

Сабақ сайын озық тапсырмалар беру

Жыл бойы

Тапсырмалар

 

11


Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру

 

Сабақ сайын



 

Өздік бағалау



9 сынып

Дарынды оқушымен жұмыс жоспары



Мазмұны


Сағат

саны

Мерзімі

1

Бұрыш ұғымын жалпылау

1

07.09.2016

2

Бұрыш ұғымын жалпылау

1

14.09.2016

3

Градус және радиан-бұрыштардың өлшемдері

1

21.09.2016

4

Градус және радиан-бұрыштардың өлшемдері

1

28.09.2016

5

Тригонометриялық функцияның анықтамасы

1

05.10.2016

6

Тригонометриялық функцияның анықтамасы

1

12.10.2016

7

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері


1

19.10.2016

8

Тригонометриялық функциялардың қасиеттері


1

26.10.2016

9

Бір бұрыштың әр түрлі   тригонометриялық функцияларының арасындағы байланыстар


1

09.11.2016

10

Бір бұрыштың әр түрлі   тригонометриялық функцияларының арасындағы байланыстар


1

16.11.2016

11

Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау

1

23.11.2016

12

Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау

1

30.11.2016

13

Горизонталь бұрыштар бойынша келтіру формулалары


1

07.12.2016

14

Вертикаль бұрыштар бойынша келтіру
формулалары


1

14.12.2016

15

Тiзбектер ұғымы


1

21.12.2016

16

Тiзбектердiң беру тәсiлдерi

1

28.12.2016

17

Тiзбектердiң беру тәсiлдерi

1

04.01.2017

18

Арифметикалық прогрессиялар

1

11.01.2017

19

Арифметикалық прогрессиялар

1

18.01.2017

20

Арифметикалық прогрессияның қосындысы

1

25.01.2017

21

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы

1

01.02.2017

22

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы

1

08.02.2017

23

Жұп және тақ функциялар

1

15.02.2017

24

Жұп және тақ функциялар

1

22.02.2017

25

Дәрежелiк функциялардың қасиеттерi


1

01.03.2017

26

Радикалдармен  арифметикалықтүбірлер

1

15.03.2017

27

Радикалдармен  арифметикалықтүбірлер

1

29.03.2017

28

Оқиғаның ұғымы

1

05.04.2017

29

Оқиғаның ұғымы

1

12.04.2017

30

Оқиғаның ұғымы

1

19.04.2017

31

Оқиғаның ықтималдығы

1

26.04.2017

32

Оқиғаның ықтималдығы

1

03.05.2017

33

Оқиғаның ықтималдығы

1

10.05.2017

34

Оқиғаның ықтималдығы

1

17.05.2017

Каталог: uploads -> doc -> 0dd8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dd8 -> Презентация компоненттері
0dd8 -> Сабақ Бастауыш сынып мұғалімі: Шорманова Индира Жолдыбаевна Тақырыбы: Етістік 3 сынып
0dd8 -> Сынып жетекшісінің тәрбие


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет