Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
Тестке «Дене шынықтыру және спортты оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
|
1
|
ДШжСОӘ пән ретінде жалпы негіздері
|
1
|
2
|
Дене шынықтырудың түрлері мен әлеуметтік қызметтері
|
1
|
3
|
Дене шынықтырудың жүйелері. Дене шынықтырудың принциптері
|
1
|
4
|
Дене шынықтыруды оқытып, үйрету құралдары . Дене шынықтыруды оқытып үйрету әдістері
|
1
|
5
|
Қозғалыс – қимылдық әрекеттерге үйрету
|
1
|
6
|
Дене сапаларын тәрбиелеудің негіздері
|
1
|
7
|
Дене тәрбиесі үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы
|
1
|
8
|
Дене жаттығуы сабақтарын құру, құжаттау және бақылау негіздері
|
1
|
9
|
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негіздері
|
1
|
10
|
Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің негіздері
|
1
|
11
|
Сабақ – мектептегі негізгі оқу түрі
|
1
|
12
|
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
|
1
|
13
|
Мектеп жасындағы балалардың дене сапаларын тәрбиелеу
|
1
|
14
|
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстары
|
1
|
15
|
Мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жоспарлау және бақылаудың түрлері.
|
1
|
16
|
Ересек тұрғындар дене тәрбиесінің негізгі бағыттары
|
1
|
17
|
Спорт әлеуметтік құбылыстар жүйесінде
|
1
|
18
|
Спорттық дайындық жүйесінің сипаттамасы
|
1
|
19
|
Спорттық дайындық (машықтану) жүйесі. Спортшының дене дайындығы
|
1
|
20
|
Спортшының техникалық дайындығы. Спортшының тактикалық дайындығы
|
1
|
21
|
Спортшының психикалық дайындығы
|
1
|
22
|
Спортшының дайындық(машықтану) үрдісін құру
|
1
|
23
|
Спортшының көпжылдық спорттық дайындығы. Спорттағы кешендік бақылау
|
1
|
24
|
Спортшыны қайта қалпына келтіру және жұмыс қабілеттілігі өнімділігінің құралдары
|
1
|
25
|
Спорттағы болжау мен жобалау. Спорттағы жоспарлау мен есептеу
|
1
|
Барлығы:
|
25
|
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге дене шынықтыру мен спорт жөнінде терең теориялық білім берумен бірге, дене шынықтыру және спортты оқыту әдісінің жалпы негіздері мен жас ерекшелік негіздерін сипаттайды. Оқу пәні ретінде курс мазмұны: дене шынықтыру мен спортты мәдениет ретінде оның қағидалары, құралы мен әдістерінің рөлін ашу; мектеп жасы мен адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде дене шынықтыру және спортты бағытты қолдану ерекшеліктерін сипаттау.
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.