Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері



бет5/5
Дата04.11.2016
өлшемі1,61 Mb.
#290
1   2   3   4   5

Қорытынды

ХХ ғасырдың 50-жылдары – қазақ поэзиясына хакім Абай дәстүріндегі жаңа толқынның мол шоғыры келген кезең. Қазақ поэзиясындағы хакім Абай және оның ақындық мектебінен (Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, т.б.), одан кейінгі Шәңгерей, Мағжан, Бернияз, Сұлтанмахмұт, т.б. тұлғалар жолы жаңа таланттармен жалғасты. Ғафу Қайырбеков, Аманжол Шамкенов, Әбдікәрім Ахметов, Ізтай Мәмбетов, Тоқаш Бердияров, Қуандық Шаңғытбаев, Зейнолла Шүкіров, т.б. [84, 31-б.] таланттар жаңа серпінмен қосылды.

Осы жаңа толқын өкілдерінің қатарындағы Зейнолла Шүкіровтің шығармашылығы да ұлттық сөз өнері рухани қазынасын байытқан сипатымен даралана танылды.

Зейнолла Шүкіровтің (1927–1979) шығармашылық өмір жолы – табиғи дарынды адамның тағдыр тауқыметімен арпалыса жүріп еңбек ерлігін танытудың сирек кездесетін үлгісі. Бастауыш білім алып жүрген балалық шақта кенет душар болған науқастықң салдарынан өмірінің ақырына дейін мүгедек болған ақынның мол әдеби мұра жасағаны – нағыз қаһармандықтың-қайсарлықтың үлгісі. Өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспей, көркем әдебиеттің поэзия, проза салаларында мол шоғырлы шығармалар жазған талантты қаламгердің ұлағаты – сөз өнері әлеміндегі өзіндік даралық сипатымен ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясындағы іздену, жетілу, дәстүрді жаңғырта жырлап тулету құбылысының қалың ортасында Зейнолла Шүкіров шығармашылығын да айтамыз. Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі қоғамдық-әлеуметтік оқиғаларға және ғылыми техникалық прогресс дәуіріндегі шығармашылық ойлау еркіндігімен талай ғаламат ерліктер жасап келе жатқан адамзат ақыл-ойының жетістіктерін жырлау ақындардың романтизм мен реализм сарындары тұтастығымен жырлауының ғажайып өнегесін танытты. Зейнолла ақынның поэзиясындағы романтизм мен реализм көркемдік әдістері аясында жырланған шығармалар қазақ сөз өнері дамуындағы дәстүр мен жалғастық заңдылығының тарихи поэтикалық боялысын көрсетеді. Бұл – ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы дамуындағы негізгі поэтикалық сипат болмысын құрайтын ерекшелік.

1927 жылдың ақпан айында қазіргі Арал теңізі маңындағы «Қаратөбе» елді мекенінде дүниеге келген ол жастайынан туған халқының фольклоры мен әдебиеті мұраларына іңкәр көңілімен өсіп қалыптасқан. Арал теңізі атырабындағы ежелгі оғыз-түркі, одан бергі Алтын Орда, Ноғайлы дәуірлерінде негізі қаланған ұлттық рухани құндылықтар дәстүрі жалғыз Зейнолла ғана емес, сол аймақта туған перзенттердің барлығын да көркемдік-эстетикалық дүниетаным қуатымен баурап қанаттандырумен келеді.

Әсіресе, Аралға жақын жердегі Мырзас елді мекенінде өмір сүрген Нұртуған Кенжеғұлұлының философиялық-дидактикалық сарынды лирикалық өлеңдері, тарихи дастандары сол төңіректегі ақындық, жыршылық, термешілік өнердің берік қалыптасуына, кейінгі толқын ақын-жазушылардың қалыптасуына зор әсер етті. Бұл ойымызды Зейнолла Шүкіров дүниеге келген, шығармашылық әдеби мұрасының ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар қазынасына қосылуына көркемдік негіз болған Арал теңізі төңірегі ақындары мұралары туралы жазылған зерттеулер шоғыры да дәйектейді [104, 105, 106, 107].

Жүре алмай қалған Зейнолланы әуелде әжесі екі жыл мектебіне арқалап апарып оқытады, кейін қарттың олай апаруына күш-қуаты жетпейді, ал анасының бала-шағанын асыру жолындағы қара жұмыстан қолы тимейді. Осылайша бастауышты да толық аяқтай алмай, 2 сыныптық ғана білім бастауларынан хабардар болған Зейнолла өмір бойы іздену, оқу, үйрену, шығармашылық даму, қалыптасу, ақырында классикалық білім иесі деңгейіндегі тұлға дәрежесіне жетті. Өмір бойы төсекте жатып, жанашырларының арқалауымен ғана сапар шеккен ақынның классикалық білім иесі болу сырын оның шығармашылық әдеби мұрасы айғақтайды. Өмір бойы өз бетімен ізденген табиғи дарынына сай шығармашылық еңбек ерлігін жасаған ақынның тағдырын әдеби мұрасы арқылы танимыз. «Кітап жайлы жыр» өлеңіндегі Ақынның-Лирикалық қаһарманның толғаныстары өзі және өзімен тағдырлас күрескер, қайсар рухты адамдар қуатын әйгілейді:

Қай-кезде бұл өмірдің ұғып мәнін,

Қай кезде кітап оқып, сыр ұққаным.

Мың алғыс саған, кітап, қағбам болып,

Алдымда жарқыратқан үміт таңын.


Ол кезде сәби едім, сегізде едім,

Білмеймін нені армандап, нені іздедім.

Сартөсек жаттым әлсіз науқас батып,

Өмірден күдерімді тек үзбедім.


Неше іздеп достарымды алаңдағам,

Бала едім ... біреуін де таба алмағам ...

Сол күні қалың тысты ақ кітапты

Әкеліп беріп еді анам маған.


– Оқы, – деп, қойды алдыма асыл анам

Бұл кісі құрыш жүрек, батыр адам.

Тағдыры аямай-ақ азаптапты,

Бірақ ол ешнәрсеге жасымаған.

Қазақ поэзиясының тарихи даму кезеңдеріндегі мазмұн мен пішін жүйесін құрайтын поэтикалық сипаты жеке дарынды тұлғалар шығармашылығы арқылы үздіксіз жаңғыру, жаңару жолын жалғастырады. ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы да осындай ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығы заңдылығын танытты. Қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындардың романтизм және реализм көркемдік әдістері тұтастығындағы шығармалар жазғаны ұлттық сөз өнерін жалпы әлемдік әдеби үдеріс құрамындағы көркемдік маңызын дәлелдеді.

Қазақ әдебиетінде лирикалық өлеңдер және эпикалық поэмалар, прозалық повестер, романдар жазған көрнекті ақын Зейнолла Шүкіров шығармашылығы ұлттық сөз өнерінің әлемдік классикалық әдебиет деңгейіндегі поэтикалық жанрлық табиғатын, өзіндік көркемлік шеберлік деңгейін айқындайды.

Романтизм мен реализм көркемдік әдістері өзара тығыз ұштаса отырып, адамзаттың, өмір шындығы негізіндегі көркемдік таным кеңістігін айқындайды. Қазақ поэзиясының ХІХ–ХХ ғасырлар белестеріндегі ақындар шығармаларында осы поэтикалық тұтастық сипаты орын алды. Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Махамбет Өтемісұлының, Мұрат Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлының, Шернияз Жарылғасұлының, Сүйінбай Аронұлының және т.б. дәстүрлі ақындар поэзиясы романтизм мен реализм көркемдік әдістері тұтастығымен жырланды.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби үдеріс қазақ поэзиясының көрнекті ақындары ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс сабақтастығының қуатын танытты. Көрнекті ақындар Қасым Аманжоловтың, Әбу Сәрсенбаевтың, Сырбай Мәуленовтің, Хамит Ерғалиевтің, Ғафу Қайырбековтің, Аманжол Шамкеновтің, Әбдікәрім Ахметовтің, Ізтай Мәмбетовтің, Әбдікәрім Ахметовтің, Ізтай Мәмбетовтің, Тоқаш Бердияровтың, Қуандық Шаңғытбаевтың, Қайнекей Жармағанбетовтің, Жүмекен Нәжімеденовтің, Қадыр Мырзалиевтің, Мұқағали Мақатаевтың, Зейнолла Шүкіровтің, Төлеген Айбергеновтің, Сағи Жиенбаевтың, Әділбек Абайділдановтың және т.б. ондаған талантты ақындардың шығармалары озық көркемдік әдістерге сәйкес жырлануымен халықтың қабылдау ықыласын иеленді.

Бұл орайда, ХХ ғасырдың 50–70-жылдары ақындарының шығармаларын бағалаған Мұхтар Әуезовтің пікірлері бағдарламалық маңызды орын алды. Аталған әдеби үдеріс арнасындағы Зейнолла Шүкіровтің лирикалық өлеңдері мен эпикалық поэмалары қазақ поэзиясының көркемдік өсу деңгейін танытты. 8 жасынан бастап мүгедек болса да, өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түспей, көркем әдебиеттің поэзия, проза салаларында мол шоғырлы шығармалар жазған талантты ақынның әдеби мұрасы ұлттық және жалпы адамзаттық сөз өнері әлеміндегі шығармашылық даралық құбылысы болып саналады.

Зейнолла Шүкіровтің поэзиясы – сөз арқауындағы қазақтың ұлттық фольклорынан, дәстүрлі классикалық ақын-жыраулар және хакім Абай үлгісіндегі жаңа жазба реалистік әдебиет дәстүрінен көркемдік нәр алған мұра. Сонымен бірге әлем әдебиетіндегі Рабиндранат Тагор, Дж. Байрон, П. Б. Шелли, В. И. Гете, Г. Гейне, А. Мицкевич, Ш. Петефи, А. С. Пушкин, Ф. И. Тютчев, П. Неруда және т.б. романтизм мен реализм әдістерімен жырлаған классиктер шығармашылығымен үндестегімен ерекшеленді. Әсіресе, Ф. И. Тютчев шығармашылығының поэтикалық ықпалын даралап айтамыз.

Зейнолла Шүкіров лирикасы жанрларының поэтикалық ерекшеліктері қазақ және әлем әдебиеттері поэзиясындағы жанрлар үрдісін көркемдік жалғастықпен, өзіндік жаңалықпен дамыта жырлаған туындылар болып саналады.

Ақынның поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық, саяси-әлеуметтік сарындар ХХ ғасырдағы қазақ классикалық поэзиясы алыптарын ықпалының тарихи-мәдени сипатын айқындайды. Әсіресе, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық сарынды шығармалар Зейнолла Шүкіров және онымен кезеңдес ақындар лирикасындағы осындай тақырыптардың кеңінен өрістей жырлануына әсер етті.

Зейнолланың азаматтық-отаншылдық сарынды өлеңдері («Отаным менің», «Алатаудан аттанғанда», «Аягөз тоғайы», «Арал», «Өлкем менің», «Көкше», «Жұмбақтас», «Ару көл», «Айнакөл», «Далам-ай ...», т.б.) дәстүрлі көркемдік әдістер сарындары тұтастығымен жырлаған. Өлеңдердегі лирикалық қаһарманның адамдар, атамекен, туған өлке, күндер мен түндер, төрт түлік, аңдар, құстар, жәндіктер, т.б. – барлық мәселелерді қамтыған шығармашылық дүниетанымы оның гуманистік, азаматтық-отаншылдық көзқарастарын танытады. «Өлкем менің» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның елжіреген көңілінен төгілген жыр тармақтары байтақ Отанының барлық болмысын жанарына, жүрегіне сыйғыза жырлаған ақын дүниетанымын аңғартады:
Аяулым, анам менің – өлкем менің,

Құндақтап қызғалдаққа «еркем» дедің.

Менің де өзіңе ұқсап жаным жайлау,

Өзіңдей мен де жомарт, өр кеудемін.


Қандырған сусынымды егіз көлдің,

Жүрсем де қай қияда соны, іздедім.

Аңсадым бір қарауға Алатауға,

Құмарттым бір жұтуға теңіз демін.


Бұлт шалмай қарт Алатау аппақ басын,

Алдымда мейлі солай асқақтасын!

Кең өлкем, мен де сонда бақыттымын,

Бір түйір баурайыңда шақпақ тасың!.. [98, 158-б.].


Қазақ поэзиясындағы атамекендерді, туған өлкенің ғажайып сырлы күндері мен түндері, адамға да төрт түлікке де, аңдарға да, құстарға да, жәндіктерге де – бәріне жайлы көркем сипатының жырлануы ежелгі замандардан бері фольклор мен әдебиет мұраларынан тұрақты орын алумен келеді.

Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясындағы эпикалық поэзия дәстүрі талантты ақындардың талай көркем поэмаларынан құралады. Поэмалардағы көркем шындықпен жинақтала өрілген адамдар тұрмысының реалистік көріністері эстетикалық ықпалды маңызымен оқырмандардың ықыласын иеленген. Осы дәстүрлі арнадағы ақын Зейнолла Шүкіровтің поэмалары да қазақ поэзиясындағы эпикалық дәстүр жолының көркемдік қазынасына лайықты үлес қосты. Ұлттық сөз өнеріндегі талантты ақындар қосқан рухани құндылықтар жолы үздіксіз дамуды жалғастырады.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.

  2. Әл-Фараби Әбунәсір. Трактат және өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. – 39 б.

  3. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы. – 2-бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.

  4. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.

  5. Сейфуллин С. Алты томдық толық шығармалар жинағы.– Алматы: ҚМКӘБ, 1964. – т. 6. – 456 б.

  6. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

  7. Әуезов М.О. Уақыт және әдебиет. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 427 б.

  8. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. – Алматы: Жазушы, 1971. – 164 б.

  9. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.

  10. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Қазақстан, 1974. – 236 б.

  11. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 2-т. – 364 б.

  12. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973. – 170 б.

  13. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986. – 400 б.

  14. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 368 б.

  15. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 288 б.

  16. Қаратаев М. Ізденіс іздері. – Алматы: Жазушы, 1984. – 376 б.

  17. Исмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1956. – 340 б.

  18. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 487 б.

  19. Бекхожин Қ. Өлең өткелдері: Әдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естеліктер. – Алматы: Жазушы, 1986. – 328 б.

  20. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 998 б.

  21. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.

  22. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 447 б.

  23. Қабдолов З. Сөз өнері: Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1982. – 368 б.

  24. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 448 б.

  25. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2005. – 512 б.

  26. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б.

  27. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 279 б.

  28. Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы: Санат, 1996. – 464 б.

  29. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. – Алматы: Жазушы, 1970. – 240 б.

  30. Бердібаев Р. Ел боламыз десек... – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2000. – 400 б.

  31. Мырзахметұлы М. Түркістан Тараз арасы. – Астана: Білге, 2002. – 432 б.

  32. Мырзахметұлы М. Тараз ой толғаныстары. – Түркістан: Тұран, 2005. – 230 б.

  33. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан: Әдеби портреттер, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

  34. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы: Жазушы, 1990. – 352 б.

  35. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. – 272 б.

  36. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Алатау, 2000. – 168 б.

  37. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар. – Алматы: Рауан, 1997. – 140 б.

  38. Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. – Алматы: Үш қиян, 2009. – 304 б.

  39. Дербісәлиев Ә. Араб әдебиеті: Классикалық дәуір. – Алматы: Мектеп, 1982. – 208 б.

  40. Дербісәлиев Ә. Шыңырау бұлақтар. – Алматы: Жазушы, 1982. – 256 б.

  41. Дербісәлі Ә. Ислам және заман. – Алматы, 2003. – 560 б.

  42. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. – Алматы: Ғылым, 1994. – 320 б.

  43. Күмісбаев Ө. Абай және Шығыс. – Алматы: ҚазМУ, 1995. – 344 б.

  44. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең-сөздің патшасы: Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1991. – 206 б.

  45. Мәшһүр-Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2007. – 442 б.

  46. Еспембетов А.С. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы Ғылым, 1992. – 200 б.

  47. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136 б.

  48. Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. – 224 б.

  49. Ысқақұлы Д. Әдебиет айдынында. – Алматы: Арыс, 2009. – 320 б.

  50. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208 б.

  51. Әбдезұлы Қ. Таным көкжиегі. – Алматы: Арыс, 2009. – 272 б.

  52. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 325 б.

  53. Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: Таным және көркемдік. – Алматы: Ғылым, 1999. – 270 б.

  54. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 160 б.

  55. Есембеков Т. Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 122 б.

  56. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Кенже-пресс, 2000. – 216 б.

  57. Майтанов Б. Портрет поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 127 б.

  58. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 196 б.

  59. Сейітжанұлы З. Шыңжаң қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 155 б.

  60. Мамыраев Б. Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой четверти ХХ века. – Алматы: Ғылым, 1998. – 262 с.

  61. Асылбекұлы С. Қазақ повесі

  62. Жақсылыков А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы: типология, эстетика, генезис. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 250 с.

  63. Тебегенов Т.С. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясы Республикалық баспа кабинеті, 1999. – 205 б.

  64. Тебегенов Т.С. Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы: Білім, 2006. – 332 б.

  65. Тебегенов Т.С. Өлең сөздері дәстүр жалғастығы. – Алматы: СДУ, 2010. – 256 б.

  66. Тарақов Ә.С. Алаштың айбын-ардағы – Абылайхан. – Алматы: Қазақстан, 2003. – 240 б.

  67. Құлбарақов С.О. Тахауи Ахтановтың шығармашылығы. – Түркістан: Тұран, 2005. – 171 б.

  68. Азибаева Б.У. Казахский дастанный эпос. – Алматы: Ғылым, 1998. – 250 с.

  69. Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009. – 560 б.

  70. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474 б.

  71. Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. – Алматы: Информ-Арна, 2008. – 350 б.

  72. Шындалиева М. Уақыт және суреткерлік шеберлік: жанрлар поэтикасы. – Астана: Нұра-Астан, 2009. – 292 б.

  73. Пірәлиева Г.Ж. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем). – Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.

  74. Поспелов Г.Н. Лирика: Среди литературных родов. – М.: Изд-во Московского университета, 1976. – 208 б.

  75. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М.: Высшая школа, 1980. – 340 с.

  76. Абрамович Г.Л. Введение в литературоведение. – М.: Высшая школа, 1975. – 260 с.

  77. Бадиков В.В. Новые ветры: Очерки современного литературного процесса Казахстана. – Алматы: Жібек жолы, 2005. – 220 с.

  78. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир: Проблемы организации. – Алматы: ТОО «Дайк-Пресс», 1996. – 192 с.

  79. Абишева С.Д. Поэтическая система «мир природы»: Структура и семантика. – Алматы: АГУ им. Абая, 2002. – 268 с.

  80. История зарубежной литературы ХІХ века. – В 2-х ч. – Ч. 1. / Под ред. Н. П. Михальской. – М.: Просвещение, 1991. – 256 с.

  81. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.

  82. Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 18: Зерттеулер, мақалалар. – 1985. – 448 б.

  83. Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 20: Монография мен мақалар. – 1985. – 496 б.

  84. Сыдықов Т., Рахымжанов Т. Қазіргі дәуір әдебиеті: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған типтік оқу бағдарламасы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, – 23-25 бб.

  85. Шүкіров З. Менің достарым: Өлеңдер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1955. –

  86. Шүкіров З. Теңіз жыры: Өлеңдер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. –

  87. Шүкіров З. Арал дәптері: Өлеңдер. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. –

  88. Шүкіров З. Жүрекке әмір жүрмейді: Өлеңдер, поэма. – Алматы: ҚМКӘБ, 1963. –

  89. Шүкіров З. Алау: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1966. –

  90. Шүкіров З. Ізгілік іздері: Әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1967. –

  91. Шүкіров З. Арал толқындары: Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1988. – 336 б.

  92. Шүкіров З. Жас жесір: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1969. –

  93. Шүкіров З. Сағыныш: Өлеңдер. – Алматы, 1970. –

  94. Шүкіров З. Жас жесір: Таңдамалы повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1973. –

  95. Шүкіров З. Адам – Жер – Ана: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1974. –

  96. Шүкіров З. Саршатамыз: Повесть. – Алматы: Жазушы, 1975. –

  97. Шүкіров З. Солнечно: Стихи. – Алматы: Жазушы, 1976. –

  98. Шүкіров З. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1976. – 304 б.

  99. Шүкіров З. Өткелдер: Роман. – Алматы: Жазушы, 1983. –

  100. Шүкіров З. Сыр бойы: Тарихи ұлы әңгіме. – Қызылорда: Тұмар, 1998. – 480 б.

  101. Қазақстан Жазушылары ХХ ғасыр: Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 392 б.

  102. Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна» ЖШС, 2005. – 276 б.

  103. Әдеби өмір шежіресі / Құраст. Ә. Нарымбетов. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2005. – 488 б.

  104. Сақыпұлы А. Нұртуған шайыр. – Қызылорда: Тұмар, 1997. – 150 б.

  105. Сатемирова Д.А. Қарасақал Ерімбеттің әдеби мұрасы және ақындық орта дәстүрі. – Алматы: Арыс, 2006. – 176 б.

  106. Оралова Г. Ақындық поэзия дәстүрінің көркемдік жалғастығы (Арал, Қазалы өңірлері ақындарының әдеби мұралары негізінде). – Канд. дис. авторефераты. – Астана, 2009. – 24 б.

  107. Нұрмаханов Н. Тарихи өлең-жырлар мен дастандардағы Жанқожа батыр тұлғасы. – Канд. дис. авторефераты. – Алматы, 2010. – 24 б.

  108. «Бір жұлдыз болып жанам мен ...»: Зейнолла Шүкіров туралы естеліктер, мақалалар, хаттар, өлеңдер, поэмалар. – Қызылорда: Тұмар, 2007. – 408 б.

  109. Тебегенов Т.С. Әлем әдебиеті (ХІХ–ХХ ғасырлар). – Бірінші кітап. – Алматы: Арыс, 2004. – 168 б.

  110. Тебегенов Т.С. Әлем әдебиеті (ХІХ–ХХ ғасылар). – Екінші кітап. – Алматы: Арыс, 2004. – 168 б.

  111. История зарубежной литературы ХІХ века / Под ред. Н. А. Соловьевой. – М.: Высшая школа, 1991. – 637 с.

  112. История зарубежной литературы (1945–1980) / Под ред. Л. Г. Андреева. – 2-е изд., перерад. – М.: Изд-во МГУ, 1989. – 416 с.

  113. Русские писатели: Библиогр. словарь (В 2-х ч.). – Ч. 2. М-Я / Редкол.: Б. Ф. Егоров и др. / Под ред. П. А. Николаева. – М.: Просвещение, 1990. – 448 с.

  114. Русские писатели: Библиогр.-словарь (В 2-х ч.). – Ч. 1. А-Л / Редкол.: Б. Ф. Егоров, и др. / Под ред. П. А. Николаева. – М.: Просвещение, 1990. – 432 с.

  115. Омаров І. Әдеби толғамдар: Сын мақалалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 400 б.

  116. Античная поэтика: Риторическая теория и литературная практика. – М.: Наука, 1991. – 256 с.

  117. Взаимосвязь и взаимовлияние жанров в развитии античной литературы. – М.: Наука, 1989. – 280 с.

  118. Современность классики: Сборник научных трудов. – Ленинград: Наука: Ленинградское отделение, 1989. – 241 с.

  119. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. – 16-томдық. – 1-том: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1972. – 408 б.

  120. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті және Қайнекей Жармағанбетов шығармашылығы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 14 қараша 2008 жыл. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2008. – 334 б.

  121. Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Астана: Фолиант, 2004. – 480 б.

  122. Есім Ғ. Фалсафа тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Алматы: Раритет, 2004. – 304 б.

  123. Советский энциклопедический словарь / Гл. ред. А. М. Прохоров. – 2-ое изд. – М.: Сов. энциклопедия, 1986. – 1600 с.

  124. Байзақов И. Естеліктер, поэмалар, дастандар, сөз қақтығыстары мен бірқақпайлары, өлеңдері мен ән текстері. – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ, 2003. – 184 б.

  125. Веселовский А.Н. Историческая поэтика / Вступ. ст. И. К. Горского; Сост., коммент. В. В. Мочалова. – М.: Высшая школа, 1989. – 406 с. (классика литературной науки).

  126. Ғашық-наме: Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қазақ дастандары. – Алматы: Жазушы, 1979. – 472 б.

  127. Энциклопедия мудрости: Литературно-художественное издание. – М.: РОССА, 2007. – 814 с.

  128. Сәукетаев Т. Көне дүние кемеңгерлері. – Астана: Аударма, 2007. – 240 б.

  129. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – 7-том: Н-С. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2005. – 728 б.

  130. Ерғалиев Х. Таңдамалар: Өлеңдер мен поэмалары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959. – 356 б.

  131. Қазақ әндерінің антологиясы: Екі томдық / Құраст. Ә. Нұрбаев. – Алматы: Өнер, 1990. – ІІ том. – 336 б.

  132. Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1987. – Т. 2: Поэмалар. – 344 б.

  133. Қазақтың мифтік әңгімелері. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002. – 320 б.

  134. Құран хикаялары. – Алматы: Жалын, 1991. – 224 б.

  135. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – 6-том: Қ-Н / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2004. – 696 б.

  136. Эсхил. Бұғауланған Прометей / Ауд. Ә. Нілібаев. – Алматы: Жазушы, 1970. – 95 б.

  137. Хемингуэй Эрнест. Қош бол, майдан! Шал мен теңіз. Килиманд жара – қарлы тау. Қызығы мол жылдар. – Астана: Аударма, 2004. – 568 б.

  138. Әуелбек Қоңыратбаев және тіл тарихы мәселелері // Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары / Жалпы ред. басқ. Омаров Б. – Алматы: Арда, 2005. – 296 б.

  139. Академик Зәки Ахметов және руханият мәселелері // Академик З. Ахметовтің ғылыми мұрасы және қазақ әдебиеттануы мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары, зерттеулер, мақалалар, өлеңдер. – Алматы: Үш қиян, 2003. – 640 б.

  140. Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы // Алматыдағы «Академик Серік Қирабаев және ХХ ғасырдағы әдебиеттану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық және Астанада өткен «Академик С. С. Қирабаев және отандық әдебиеттану мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары, зерттеулері. – Алматы: Unique Service, 2007. – 480 б.

  141. Сыдықов Т. Ізгілік сабағы: Зерттеулер, портреттер, мақалалар мен толғаныстар. – Алматы: Арыс, 2006. – 320 б.

  142. «Әбіш Кекілбаев және замана шындығы» атты // Халықаралық ғылыми-тәжірибелікеориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 343 б. – желтоқсан-21.

  143. Аса көрнекті жазушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов шығармашылығы және қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеудің мәселелері // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2010. – 380 б.

  144. Қазіргі қазақ поэзиясындағы ежелгі әдебиет дәстүрі: Ұжымдық монографиялық еңбек. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009. – 376 б.

  145. Қасқабасов С.А. Ой-сана: Сұхбаттар. – Алматы: Тіл оқу-әдістемелік орталығының баспаханасы, 2010. – 404 б.

  146. Заман және руханият: ҚР ҰҒА академигі С. А. Қасқабасовтың 70 жылдығына арналған жинақ. – Алматы: Арда, 2010. – 552 б.

  147. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Арда, 2009. – 392 б.

  148. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Екі томдық. – 2-том. – Алматы: ҚазАқпарат, 2009. – 658 б.

  149. Қазақ әдебиеті: зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ әдебиеті кафедрасы профессор-оқытушыларының ғылыми-зерттеу және әдістемелік мақалалар жинағы. – І-кітап. – Алматы: ҚазҰПУ, 2009. – 248 б.

  150. Қазақ әдебиетін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері. – ІІ кітап. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2010. – 152 б.

  151. Абишева С.Д. Эстетика природопознающих систем. – Алматы: КанНПУ им. Абая, 2004. – 102 с.

  152. Ананьева С.В. Время – протстанство – автор. – Алматы: ИЛИ имени М. О. Ауэзова, 2003. – 86 с.

  153. Сафронова Л.В. Автор и герой в постмодернисткой прозе. – Санкт-Петербург, 2007. – 250 с.

  154. Темирболат А.Б. Категории хронопа и темпорального ритма в литературе. – Алматы: Ценные бумаги, 2009. – 504 с.

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
Docs -> БАҒдарлама-минимум


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет