Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз



Дата16.10.2019
өлшемі13,96 Kb.
#50033
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!

Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.

Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржанбидайын,
Күзіміз неткен көңілді.

Жетті желмен алтынкүз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң
Той жасайды халқымыз.

Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.

Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндерде киіпті

Сары жібек көйлегін



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет