Беркинбаева Гулмира Баянбаевна, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Шымкент қаласы Сақтар. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі



Дата26.08.2017
өлшемі57,14 Kb.
#27973
түріОқулық
Беркинбаева Гулмира Баянбаевна,

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі.

Шымкент қаласы

Сақтар. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Сақ қоғамындағы басқару ісі,қоғамдық құрылысының ерекшелігімен,сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген соғыстары кезіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардың ерліктері туралы білім беру

Дамытушылық:Оқушылардың сақтар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп,тарихи оқиғалардың тарихи шеңбері мен кеңістігі туралы білімдерін жетілдіру

Тәрбиелік:Оқушыларды отаншылдыққа,өз елін сүюге,тарихи тұлғалардың ерлік істерін таныстыра отырып патриоттыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Тарихи тұлғалардың ерлік істері жөнінде мәлімет алады,жаңа термин сөздермен танысады,шығармашылық қабілеттері дамиды,оқушылар өз пікірін толық жеткізе алады,өз ойларын еркін айтуды үйренеді,өзіндік ойы қалыптасады

Тапсырмалар

Семантикалық карта,вендиограмма,жұмбақ кілт,кім жылдам,сәйкестендіру,тарихи есеп

Сілтеме

Оқулық 5 сынып, 6 параграф, 28-34 беттер

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта,тапсырма жазылған А4 парақтары,оқулық, слайдтар,бағалау парақтары

Қолданылатын модульдері

АКТ, СТО, ДЖИГСО,топтық жұмыс,рефлексия

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Топты фигура арқылы топқа болу(шеңбер,үш бұрыш,торт бұрыш)

1топ.Алғырлар

2топ.Дарындылар

3топ.Зеректер



Оқушылар таңдаған фигураларын таңдау арқылы топқа бірігеді

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Семантикалық карта

2.Вендиограмма(тас дәуірі мен қола дәуірі)



1.+,- арқылы белгілеу

2.Ұқсастығы мен ерекшелігін табу



ІІІ.Жаңа сабақ

Өз беттерімен жаңа тақырыпты оқып шығуға ұсынады «ДЖИГСО»әдісі

Жұппен,топпен талқылау

1 тапсырма

Жұмбақ кілт



1.Алғырлар

Парсы жазбаларында ............... сақтардың мекендеген жері – Жетісу мен Сырдарияның орта ағысы



2.Дарындылар

Парсы жазбаларында ............... теңіздің арғы жағындағы сақтар- парадария сақтары



3.Зеректер

Сақтар ......................... скиф деген атауымен белгілі болды



Керекті сөз тіркесін қойып шығу

2 тапсырма.Ой толғаныс

Сақтар туралы деректер жөнінде



1.Сақтардың антропологиялық бейнесіне сипаттама бер

2.Сақтар тарихи деректерде қалай аталған?

(грек,парсы еуропа,иран)

3.Сақтар туралы жазылған қандай мәліметтерден біле аламыз?



Топтық жұмыс


3 тапсырма.Миға шабуыл

Сақ қоғамы ,тұрмыс салты,шаруашылығы



1.Сақтар шаруашылығының негізгі түрлерін көрсет

2.Сақ қоғамына түсінік беру

3.Сақтардың дінге табынушылығына түсінік беру


Әр топқа тірек сызба жіне арнайы суреттер беріліп,сол бойынша қажет орынға койып түйінді ой шығару

4 тапсырма .Әңгіме не және қандай оқиға жайында?

1 топ .Сақ патшалары ........................................................... жұмбақ сыйлық жіберген.Сыйлық құрамында құс,тышқан,көлбақа және бес жебе болған.

Жұмбақ шешімі .......................................



Кімге қарсы жіберілген. Жауабы қандай? Жауап шешімін кім тапты?

2 топ .Бірінші рет Кир Сырдарияның жағалауына дейін жетті.Екінші жорығында Каспий теңізінен шығысқа қарай мекендеген массагеттермен соғысып, Кир патша қаза болды.



Қай ғасыр,қай әулет патшаларымен болған оқиға?

3 топ. .................................. сақтармен кездескен уақытта әскерін шегіндіріп,қосын тұрған жерде тамақ пен шарапты мол қылып тастап кетеді. ................................ ұлы өз әскерімен осы байлықтың үстінен түсіп, ішіп жеп жатқан уақытта .......................... әскері тұтқиылдан сап ете түседі.Бейғам отырған сақтар қырылып ............................ ұлы Спаргапис өледі.



Оқиға қай ел патшаларымен болған оқиға?

Топтық жұмыс.

Негізгі ойды табу



5 тапсырма .Кім жылдам?

1.Томирис

2.Спаргапис

3.Кир

4.Дарий


5.Шырақ

6.Грекия


7.Парсы әскері

8.Самарқан



1.Парсы патшасы

2.Сақ патшасы

3.Парсы патшасы

4.Сырдарияның жағалауына дейін жаулаған

5.Ержүрек сақ жауынгері

6.А.Македонскийдің Орта Азияда басып алған қаласы

7.Жаяу әскері сақтар айласы жетпеген

8.Сақтар мен парсылар қай мемлекетке қарсы соғысты



Әр топ берілген тапсырманы сәйкестендіре отырып орындайды

6 тапсырма. Кім есепке жүйрік?

1.20+48+7+12+233+63+72+32+30+13

(б.з.б 530ж.Кир патшаның сақтарға жасаған жорығы.Екі әскер Әмударияның ескі саласы Үзбой деген жерде кездескен)

2.39+60-23+56-12+73+117+68+122+40



(б.з.б 540ж.Кир жаулап алушылығы Сырдария жағалауына жетті)

3.72+56+38+12-87+63+73+128+260-97



(б.з.б 518ж.Дарий бастаған парсының қалың қолы сақ жеріне жойқын шабуыл жасады)


Есепті шығарып,сол датада қандай оқиға болғанын айту

Қорытынды

Рефлексия



Кері байланыс 2жұлдыз 1тілек

1-----------------------------------------------------------------------------

2----------------------------------------------------------------------------

3-----------------------------------------------------------------------------




Оқушылар бүгінгі сабақтан алған 2жағымды әсерін және

1тілектерін жазып шығады



Бағалау

Бағдаршам арқылы




Үйге тапсырма

Сақтар.Сақтардың ерлік істері

Сақтардың ерлік істері менің көзіммен .......

Эссе жазу



Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет