Берлібаев бақДӘулет тұрбекұлы қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу



бет1/5
Дата21.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#7540
  1   2   3   4   5
ӘОЖ 94:378:001.12(574) «1920/2001» Қолжазба құқығында

БЕРЛІБАЕВ БАҚДӘУЛЕТ ТҰРБЕКҰЛЫ


Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)

07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.





Ғылыми кеңесші:




тарих ғылымдарының докторы,

профессор Мажитов С.Ф.












Ресми оппоненттер:




тарих ғылымдарының докторы,

профессор Атабаев Қ.М.


















тарих ғылымдарының докторы,

профессор Ахметов Қ.Ә.


















тарих ғылымдарының докторы,

профессор Кәкенова Г.М.











Жетекші ұйым:




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

Диссертация 2010 жылы «____» ___________ сағат _____ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29) танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы «____» __________ таратылды.




Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңда мемлекеттің тарихи сана қалыптастыру мақсатына жетудегі міндеттердң бірі – «тарихи ілім-білімнің негізгі-негізгі нысаналарын айқындау» болып отыр [1]. Сонымен бірге «Қазақстан – 2030 Даму стратегиясының алғашқы онжылдық міндеттерін шешіп үлгірген Қазақстан үшін келесі он жылдықтағы елді жаңарту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осыған байланысты диссертацияда ежелгі дүниеден бастап 1920-жылға дейінгі Қазақстан тарихының білім ретінде қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздері ой-елегінен өткізіліп, 1920-2001 жж. ғылыми жүйелі жолға түскен Қазақстан тарихының пән ретінде қалыптасуы мен дамуының тарихи-теориялық мәселесі қарастырылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жаңарған Қазақстанның қоғамдық өміріндегі білім саласында болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген қызығушылықты арттырып отыр. Расында, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы өткен тарихты объективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталады.

Осыған орай, 1920-2001 жж. Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын зерттеу – тарих ғылымындағы басым бағыттардың қатарынан орын алады.

Өз дамуында жүйесі, мазмұны, оқыту түрлері үнемі өзгеріп келген Қазақстандағы тарихи білімнің ұзақ жолдан өткені ескерілуі керек.

Кеңес дәуіріндегі тарихи білім адамға, мемлекетке және қоғамға қатынасты бейнелейтін әлеуметтік идея түрінде дамыды. Тарихи білімнің дамуына идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Кеңес жылдарындағы тарихи білім, мемлекеттің түрлі саяси мүдделерін іске асырудың құралы ретінде көрінсе, тарихты оқытудың мақсаты анық таптық сипат әлпетінде болып, қоғамдық қатынас өзгерістеріне бейімделді.

Елдің саяси дамуындағы әрбір жаңа бетбұрыс тарихи білім жүйесіне реформа жасаумен қатар жүргізілгендіктен әлеуметтік-саяси дағдарыстар тарихи білімнің де дағдарысына әкелді.

Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі түбірлі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды өткір қойып отырғанда, тарих қойнауында жинақталған бағалы тәжірибелерге назар аударудың маңызы зор.

Тарихи білімді дамыту барысындағы өткен тарихтағы оң тәжірибелерді меңгеруде, оны сын тұрғысындағы терең ғылыми ой-елегінен өткізу арқылы талдап-бағалай отырып, жіберілген кемшіліктерді анықтау – қазіргі білім жүйесіндегі Қазақстан тарихын оқып-үйренуді жетілдірудің қуатты факторының бірі болып табылады.

Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ қауымының ортасында білімдік мәнге ие болып келген ауызша тарих айту дәстүрі ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ғылыми даму жолына көшіп, жеке пән ретіндегі білімге жалғасса, оны жалпы білімнің тарихи болмысынан бөліп қарауға болмайды. Осыған орай, ең алдымен, қазақтың ауызша тарихының (ҚАТ) ғылыми теориялық негіздерін игеруге тура келеді. Осыдан кейін ғана Кеңес дәуірінде ғылыми даму жолына түсіп, жүйеленген ұлттық тарихи білімінің теориялық және методологиялық мәселелерін білуге жол ашылады.

Бүгінде профессор С.Ф. Мажитовтың зерттеулері бойынша, қазақтың ауызша тарих айту дәстүрінен мәлімет берудің бірден-бір деректік негіздері, өзінің белгіленуі мен бөлшектенуі жағынан 4 түрлі жанрға жіктелгені белгілі болды. Олар: топонимикалық, этноәлеуметтік, қазақ даласындағы көрнекті тұлғалар мен маңызды оқиғалар туралы әңгімелер [2]. Егер бұрын дәстүрлі тарихи білімнен өрбитін әңгіме-бастаулар халық санасында «қара сөз» атауымен ғана зерделеніп келсе, бүгін 4 жанрға бөлінген «Қазақтың ауызша тарихы» ұғымының бүкіл Қазақстан халқының санасында кең мағынаға ие болып, қайта жаңғырғанымен санассақ, тарихи білімнің дамуын тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеудің маңыздылығына шек келтіре алмаймыз.

1920-2010 жж. Қазақстанда, тарихи білімнің мазмұны ғылыми жағынан анықталып-жетіле келе, оның даму бағыты белгіленді. Ұлттық тарихи білімді пән ретінде қалыптастыру мен оқытудың жолдары қарастырылумен бірге, оны оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер орнықтырылды. Типтік бағдарламалар мен оқу құралдарын шығару жүзеге асырылды; Сондай-ақ, қазіргі тарихи білімді иновациялық жетілдіру көзқарасымен қарағанда, Кеңес дәуірінде қалыпты практикалық тәжірибе жинақтаған тарихи білім өзінің тұғырлық маңызын әлі де болса жоғалтып отырған жоқ.

Сонымен, тарихи білім дегеніміз, кең мағынасында алып қарағанда, адамдардың өткен өмір сырларының шындығынан ақпарат алуы болып табылады. Тар мағынасында, тарихи білім түсінігі, белгілі бір мемлекеттегі тарихи сананы қалыптастырудың негізгі тетігі деген ұғымды білдіреді. Ал тарихи білімді пәнге айналдыру дегеніміз – адамға қажетті кез-келген кемел тұжырымды әлемдік тәжірибе ретінде өзінің ұрпағына жеткізу. Олай болса, «Жалын мен оттан жаралып» өлеіңінде Абайдың кемел тұжырымның сырын кәміл ұғынған бала білімділікке жетпек деген пайымдауы бүгінгі халықаралық ұйымдардың XXI ғасырдағы білім мазмұнының макромоделі «Мәдениет. Білім. Тарих» болсын деген ұсынысмен үндеседі. Бұның өзі біздің жұмысымыздың ғасырлар бойы жинаған тарихи білімдік тәжірибелері арқылы әлемдік мәдениетке өзіндік үлес қосқан қазақтардың орныін көрсетудің өзектілігін айқындайды. Міне, осы жағын ескергенде, 1920-2001 жж. Қазақстанда ғылыми жүйелі жолға түскен тарихи білімнің даму келбетін арнайы тарихи-теориялық тұрғыдағы зерттеудің де өзектілігін арттыра түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдағы Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын теориялық жағынан жүйелі зерттеу үшін, тарихи зерде мен дәстүрлі тарихи білім деген ұғымдарға әдебиетте берілген анықтамалардың байыбына бару керек. Оның мәнінің тереңде жатқанын шығыстанушы В.П. Юдиннен табамыз [3, 66-б.].

«Даланың ауызша тарихнама» ұғымы В.П. Юдиннен бұрын, бірінші рет Өтеміс қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбетін түрік және қазақ ғұламалары – Рашид-ад дин, М. Хайдар, Әбілғазы баһадүр-хан, Ө. Тілеуқабылұлы, Қ. Жалайыр, Қ. Халид, Ш. Уәлиханов, Ы Алтынсарин, А Құнанбаев, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Марғұлан т.б. өз еңбектерінде жан-жақты көрсеткен.

ХХ ғасырдың басындағы кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А. Рязанов, Б. Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонановтар мен осы ғасыр ортасындағы Е. Бекмаханов та ауызша тарих айту деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланып, Қазақстан тарихының очерктері мен оқулықтарын жазды. Осы кәсіби тарихшылардың ішінде тұңғыш рет ресми түрдегі үкімет шешімі бойынша мектепке арналған «Қазақстан тарихының программасы» мен «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрсе, бұл – профессор С. Асфендияровтың шығармашылық еңбегінің нәтижесі еді. Өкінішке орай, оның очеркі мен бағдарламасы тұрмыста пайдаланылмаса, 1960-жж. КСРО тарихына бейімделіп шығарылған Е. Бекмахановтың оқулықтары мен бағдарламалары Қазақстанның барлық оқу орындарында КСРО тарағанша оқытылып келді.

Одақтас республикалардың тарихын КСРО тарихына бейімдеп оқыту мәселесі 1935-жылы май айында Москвада болған Бүкіодақтық тарихшылар кеңесінің шешімдерінен бастау алған еді. Бұл кеңес КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП (б) Орталық Комитетінің 1934-жылғы 16-мамырдағы «КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы» қаулысының шешімдерін орындау құрметіне шақырылған болатын. Кеңесте ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына, аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т.б тарихи білімге қатысты мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа алынды. 1959 жылғы 3-қазанда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қабылданған қаулысында одақтас республикалардың тарихын оқыту қажеттігі мен оның маңызы атап көрсетілді. Бірақ бәрібір, бұл қаулының шешімінің орындалу нәтижесінде де одақтас республикалар тарихына, оның ішінде Қазақстан тарихына да, КСРО тарихының жанынан берілген қосалқы «мәртебеден» басқа өзгеріс бола қойған жоқ болатын.

XX ғасырдың 20-30-жылдары ұлттық тарихи білімнің қажеттігі туралы А. Байтұрсынов, С. Сейфулин, С. Садуақасов, Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, Н. Манаев, Т. Жүргенов т. б. мемлекет және қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздері мен жазған мақалалары газет-журнал беттерінде үнемі жарияланып отырған болатын. Осы жылдары шығарылған «Историк марксист», «Исторический журнал», «Борьба классов», «Большевик», «Большевик Казахстана», «Жаңа мектеп», «Сана», «Қызыл Қазақстан – Красный Казахстан», «Советская Киргизия» сияқты газет-журналдарда ұлттық тарихты оқып-үйренуге арналған арнайы тараулар белгіленіп, онда тарихи білімнің ғылыми жағынан қалыптасуы туралы мәселелер көтерілді.

1930-1940 жылдары Қазақстан білім жүйесіндегі тарихи білімді дамытуда «Жаңа мектеп» (1925-1933 жж.), «Политехникалық мектеп» (1933-1934 жж.), «Ауыл мұғалімі» (1934-1939 жж.), «Халық мұғалімі» (1939-1960 жж.) сияқты журналдар белсенді рөл атқарды. Бұл аралықта осы жылдары Москвадан тарихшы мамандардың араласуымен тарихи білім мәселесіне арналған алғашқы мақалалар топтамасы жариялана бастаған еді. Айталық, Н.Н. Ванаг, М.В. Нечкина, А.М. Панкратова Г.С. Фридлянд т.б. тарихты большевиктік рухта оқытудың жолдарын нұсқаса, РКФСР ағарту халық комиссары А.С. Бубнов пен оның орынбасары М.С. Эпштейн өздерінің тарихшы мұғалімдер алдында сөйлеген сөздерінде тарих пәнін жастарға коммунистік тәрбие берудің негізгі құралына айналдырудың жобаларын ұсынды.

Кеңес-Герман соғысы жылдары және 40-жылдардың соңында ежелгі дәуірден бастап кеңес дәуірін түгелдей қамтыған түріндегі қазақ халқы тарихының ғылыми жолмен жазылу мәселесіне тарихшылар М. П. Вяткин, А. М. Панкратова, қоғам қайраткерлері І.О. Омаров пен М. Әбдіхалықовтар Қазақстан тарихының томдарын шығару арқылы өлшеусіз үлес қосты. Бұл ретте 1945 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының жанынан құрылған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институт ұжымы еңбегінің жинақталған нәтижесі, 1977-1981 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бес томдық «Қазақ КСР тарихын» шығарумен белгілі.

Қазан төңкерісінен тәуелсіздік алғанға дейінгі үлкен де күрделі кезеңді қамтитын Қазақстандағы тарихнама және тарих ғылымының даму жолдары мен негізгі бағыттары І. Қозыбаевтың еңбектерінде жаңаша көзқараспен кеңінен талданды [4].

Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздегі дәстүрлі тарихи білімдік ой-сананы дамуыту тежелген жоқ. Ол С. Мұқановтың, С. Аманжоловтың, М. Ақынжановтың, Х. Әділгереевтің, Н. Мыңжанидың, Х. Арғынбаевтың, М. Мұқановтың т.б. еңбектері арқылы ашық, ал М. Әуезов пен І. Есемберлин, О.Сүлейменов сияқты бірқатар ақын, жазушылардың шығармалары арқылы астарлы түрде өз жалғасын тапты.

1961-жылғы Г.Н. Голиковтың мақаласы (Вопросы истории, 1961, № 11, стр. 19-42.) 1950-жылдардың соңы мен 60-жылы жарияланған тарихи еңбектердегі ой-санаға тарихнамалық талдау жасау жағынан құнды. Оның ой-тұжырымдары Қазақстанда Г.Ф. Дахшлейгер, Д.И. Дулатова, П.Г. Галузо, З.А. Алдамжаров, М.Қ. Қозыбаев еңбектерінде жалғасын тапты [5].

1980 жж. соңына қарай, кеңес қоғамындағы демократиялық өзгерістер халықтың рухани мұраларын ғылыми объективті зерттеу ісіне мүмкіндік ашты. Қазақстанның Б.А. Төлепбаев, М.Қ. Қозыбаев, Р.Б. Сүлейменов, В.К. Янулов т.б. [6] тарихшы ғалымдарының күшімен шығарылған ұжымдық еңбекте тарихтың ақтаңдақтары қатарында ҚАТ та аталып, проблеманың маңызды тұстары қарастырылды. Бұл аралықта Одақ баспасынан шығарылатын «Преподавание истории в школе» (ПИШ) журналының беттерінде Р. Вендровская А.Н. Сахаров, А.П. Прохоров сияқты прогресшіл ғалымдар КСРО тарихы оқулығында тарих ғылымының соңғы жетістіктері мен халықтар тарихының жетімсіздігі туралы мәселе көтеріп, тәуелсіз халықтар тарихының дүниеге келуін тездетті.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бізде және посткеңестік басқа да елдерде ұлттық тарихи білімге қатысты педагогика, филология және тарих ғылымдары бойынша бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, оның даму жолдарын саралаған мақалалар мен кітаптар жарық көрді. Бұл ретте Т. Тұрлығұлов, Б. Әбдіғұлова, Л. Алексашкина, М. Әбусейітова, С. Сыздықов, С. Жолдасбаев, К. Мамырұлы, М. Елеуов, А. Оразбаева, М. Алпысбес, Қ. Атабаевтың, Ж. Артықбаевтың, З. Алдамжардың, Р. Қадысова, Г. Кәкенова, Г. Жүгенбаеваның, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов, Б. Сәрсекеев, Р. Айтбаеваның, З. Елешованың, Ә. Балапанованың, А. Нұрманова мен А. Сәрсенбаевтың, С. Кентбековтың, Ш. Омарбековтың, Ш. Нартбаевтың, Л. Жүсіпова мен Е. Жүсіповтың, А. Тереховтың, К. Ушмаеваның, Д. Махаттың, З. Ноғаеваның т.б. ғалымдардың еңбектерін атауымызға болады.

2004 жылы қабылданған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында көп томдық сериялы шетелдік деректер негізінде шығарылған еңбектердің жарық көруіне М. Әбусейітова, К. Байпақов, С. Мажитов, А. Гарковец, Г. Меңдіқұлова, Ә. Муминов, И. Ерофеева, Б. Сужиков, С. Сұңғатай, Б. Еженханұлы, Н. Базылхан, А. Нұрманова, т.б. белгілі тарихшы ғалымдар зор үлес қосып, тарихи білімнің даму қорын мол деректермен толықтырды.

Алайда жоғарыда аталған еңбектерде тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы ішінара көрсетілгендіктен, оның жүйелі түрде тарихи-теориялық тұрғыдан қарастырылмауы қайшылық туындатады Міне, осының өзі біздің тақырыбымыздың зерттелу деңгейін барынша толықтыруға негіз болып табылады.



Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Зерттеудің негізгі деректері республика мұрағаттарының әр түрлі қорларынан алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатындағы мына қорлардағы: 139-қор «РҚ(б)П Қырғыз (Қазақ) Комитеті РҚ (б) П Қыропкомы», 140-қор «РҚ (б) П Қырғыз (Қазақ) Өлкесінің облыстық Бюросы (Қырпартбюро)» және 141-қор «БҚ (б) П Қазақ өлкелік Комитеті» құжаттар пайдаланылды. Бұл материалдардан басқа зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағат қорларының деректері пайдаланылып, ғылыми айналымға енгізілді: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті (5-қор), Халық Комиссарлар Кеңесі (30-қор), Торғай облыстық басқармасы (25-қор), Жетісу облыстық әскери министрлігінің басқармасы (44-қор), Дала генерал-губернаторының концеляриясы (64-қор), Халық Ағарту Комиссариатының (81-қор), Қазақ КСР халық ағарту министрлігінің (1692-қор), Қазақ КСР жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің (1982-қор), «Білім» қоғамының (1810-қор), Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының (1142-қор) т.б.

Жұмыстағы деректердің келесі тобын тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан тарихшы, философ, экономист, педагог, психолог, политолог, филолог ғалымдардың тарихнамалық мұралары мен тарих ғылымы мен білімінің теориялық-методологиялық түжырымдамаларының негізін қалаған тұлғалардың еңбектері құрайды.

Диссертациялық жұмысты жазуда Қазақтың ауызша тарихнамасы мен қазақ ауыз әдебиеті дерек көздері ретінде пайдаланылды; Ғылыми, саяси және әдеби көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды; Сонымен қатар тарихи білімді дамытуға қатысты қоғам және мемлекет қайраткерлерінің жарық көрген материалдары мен мемуарлық еңбектері ғылыми айналымға түсті; Марксизм классиктерінің шығармалары мен большевиктер партиясының идеологтары В.И. Ленин, И.В. Сталин, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко т. б. еңбектерінен алынған деректер кеңестік тарихи білімнің сипатын ашу үшін қолданылды. Деректер ретінде тарихи білімге байланысты әр түрлі зерттеу еңбектері мен фактологиялық материалдарды топтастырған құжаттар жинақтары, партия және кеңес органдарының съездері, пленумдарының және конференцияларының материалдары пайдаланылды; Сондай-ақ мерзімді басылымдарда әр жылдары жарық көрген мақалалар мен статистикалық, библиографиялық құжаттар зерттеу жұмысының деректік негізінің бірі болды; Кеңес және Тәуелсіздік жылдары ауық-ауық өткізіліп, тарихи білімді игеруді жетілдіру мен оны таратудағы жоғары оқу орындарының қызметі мен тарихи білімді дамыту жобаларын ұсынған ғалымдардың шығармашылық мұраларын талқылаған халықаралық, Одақтық, Республикалық және аймақтық деңгейдегі конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар мен сессиялардың, сондай-ақ түрлі кеңес шешімдерінің материалдары дерек ретінде алынды; КСРО-ның, Каз.КСР-нің және тәуелсіз Қазақстан Республикасының білімге қатысты шығарған заңдық құжаттарын, тұжырымдамалар мен білім стандарттарын, бағдарламаларды деректік қажетке жараттық. ҚР Президент еңбектері мен оның әр жылғы халыққа арнаған Жолдауларының тарихи-білімдік қағидалары дерек ретінде талдау нысанына айналды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстанда отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу жұмысының пәні. 1920-2001 жж. аралығындағы Қазақстанда отандық тарихи білімнің тарихи-теориялық жағынан қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын жүйелеу және оның перспективалары мен тенденцияларын анықтау мақсаты қойылып, оны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:

- Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын теориялық-әдіснамалық негіздеу;

- Қазақстандағы тарихи білімнің даму факторларын айқындау;

- Қазақстандағы ұлттық тарихи білімнің кезеңдеріне жан-жақты сипаттама беріп, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары мен XX ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи білімді дамытуға қосқан үлестерін бағамдау;

- Қазақстан тарихының ғылыми пән ретінде қалыптасуының ерекшеліктері мен оның республика тарихи білімін дамытудағы рөлін көрсету;

- кеңестік партиялық-таптық идеологияның Қазақстандағы тарихи білімнің дамуына тигізген ықпалын зерттеп білу;

- қарастырылып отырған мәселені бүгінгі күннің талаптарына сәйкес одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін тарихи білімнің дамуындағы оң тәжірибелерді сараптау;

- қазіргі Қазақстандағы тарихи білімнің даму болашағы мен оның ілгері басу тенденцияларын анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Республика тарихнамасында бірінші рет, жаңаша ұлттық тұтастық және азаматтық ізгілік пен адамзаттық игілік тұрғысынан бағамдалған ХХ ғасырға дейінгі ұлттық тарихи білімнің негіздері мен ХХ ғасырдың 1920-2001 жылдарындағы Отан тарихы ғылымының білімдік пән ретіндегі қалыптасу социодинамикасының ғылыми жаңалығы мынадан көрінеді:

- Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы теориялық-методологиялық жағынан негізделінді;

- Қазақстандағы тарихи білімді дамыту қайнар көздерінің мәнділік сипаты пайымдалды;

- Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен даму үрдісінің қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға тәуелділігі ашылды;

- Қазақстандағы тарихи білімнің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі даму кезеңдері жүйеленді;

- Қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи білімді дамытуға қосқан үлестері сарапталды;

- Оқу пәні ретіндегі Қазақстан тарихының қалыптасу ерекшелігі ашылып, оның республикадағы тарихи білімді дамытудағы рөлі көрсетілді;

- Қазақстандағы тарихи білімді дамытуда кеңестік партиялық – таптық идеологияның ықпалы ашылды;

- Зерттеу жылдарында жинақталған Қазақстандағы тарихи білімді дамыту тәжірибесінің оңды және келеңсіз жақтары диалектикалық арақатыста бағамдалды;

- Білімді модернизациялауға бет алған бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы тарихи білімнің даму тенденциялары модельденді.



Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың 1920-2001 жылдары. Оның дамуы өзіндік сипаттармен ерекшеленеді. Біріншісі, жалпы қарастырғанда, тарихи білімнің теориялық-методологиялық мәселеріне байланысты үрдістер 1920 жылғы Қазақ АКСР-ның құрылуына қатысты болса, екіншісі – тарихи білімнің теориялық ғылым ретіндегі негізі осы жылдары қалыптасты. Келесі сипат, егер 1920-жылдары Қазақстанның әлеуметтік өміріне ұлт зиялылары ат салысып, тарихи білімдік ой-санадағы демократиялық бағыттың қалыптасуы байқалса, 30-жылдары керісінше, тоталитарлық идеологияның белең алған, 1940-1970 жылдары өрістеген, 80-жылдары оның орныққан кезеңдері ішінде, Қазақстан тарихы ғылыми пән ретінде қалыптасып, дамығанымен, ол объективті және жүйелі оқытылмады.

Дегенмен ХX ғасырдың 1920-2001 – жылдары біздің еліміздегі тарихи білімнің сапалық жағынан дамуында түбегейлі өзгерістер басталды: 1920-жылдан бастап, жаңа пайда болған КСРО тарихы пәнінің аясындағы Одақтас Республикалардың тарихын оқытудың жолдары қарастырылса, КСРО тарихы 1934-жылдан бастап өз алдына жеке пән ретінде оқытылуға еркіндік алған тұста, Қазақстан тарихын осы пәнмен бірге оқытудың жолдары қарастырылып, С.Ж. Асфендияровтың басшылығымен Қазақстан тарихының очеркі мен Қазақстан тарихын оқытуға арналған тұңғыш бағдарлама дүниеге келді; 1941-1949 жж. аралығында Қазақстан тарихын тұтастай қамтыған жүйелі тарихтың томдар жинағын жазу басталды; ал 1958 жылдан бастап, Одақтас Республикалар тарихын жан-жақты оқытуға еркіндік берілген тұста, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашыла бастады да, орта мектептерде оны оқытуға арналған сағат жүктемелері бөлінді; 1960-жылдардың басынан бастап, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнінің оқулықтары мен бағдарламалары жазылса, 1977-1981 жж. Қазақстан тарихының кеп томдығы жарыққа шығып, олар Қазақстанның оқу орындарының бәрінде 1991-жылға дейін пайдаланылды.

1991-жылдан бері Қазақстандағы тарихи білімдік ой-сана мүлде жаңа бағытта дамуға бет алды да, 2001 жылы Қазақстан тарихы пәнін Тәуелсіздік жағдайында оқытудың алғашқы 10 жылдығы аяқталған тұста, республика мектертерінің 5-11 сыныптарға арналған Қазақастан тарихының жаңа оқулықтары түгелдей шығып үлгерді. Жалпы алғанда, 1920-2001 жылдар Қазақстаның тек әлеуметтік-саяси жағдайында ғана емес, рухани-тарихи саласында да болған түбегейлі өзгерістермен ерекшеленеді.


Каталог: userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Есжан ержан әуелханұлы м. Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет