Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында 21-31 қаңтар аралығында ұйымдастырылған тарих пәні онкүндігі жоспары



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,71 Mb.
#28378
  1   2   3
Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында 21-31 қаңтар аралығында ұйымдастырылған тарих пәні онкүндігі жоспары.

р\с

Іс-шара атауы

Өтілу формасы

Мерзімі

жауапты

1

Онкүндіктің ашылуы.

Жиын өткізу

21.01

Ж.А.Абуова

Қ.Қ.Баисов



2

«Бала құқықтары туралы Конвенция» атты

Ашық тәрбие сағаты.

9 «А» сынып



22.01

Ж.А.Абуова


3

ҰБТ тапсырудағы дайындалу жолдары

Пікірталас.

11 сынып


23.01

Қ.Қ.Баисов

4

«Семей ішкі округінің құрылуы» атты

Ашық сабақ

8 сынып


25.01

Ж.А.Абуова


5

«Тарихи тұлғалар» атты

Викториналық ойындар.

5-6 сыныптар аралығы



26.01

Ж.А.Абуова


6

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Бинго» атты

Интелектуалдық сайыс.

8-10 сынып.



27.01

Ж.А.Абуова


7

«Қазақ хандары, ру тайпалары» атты

Ашық сабақ.

11 сынып


28.01

Қ.Қ.Баисов

8

«Имандылық, исламның негізі»

Ой бөліс.

9 «А», «Ә» сыныптар



29.01

Қ.Қ.Баисов

9

Онкүндіктің жабылуы.

Марапаттау кезеңі. Онкүндік есебін тапсыру.

30.01

Ж.А.Абуова

Қ.Қ.Баисов




Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында ұйымдастырылған тарих пәні онкүндігі есебі.

Жоғарыдағы жоспарланған іс- шаралар жоспар бойынша онкүндік өтілді. Онкүндіктің ашылу салтанатында жоспармен оқушылар таныстырылып, барлығының белсене қатысуын сұрадық. Онкүндік барысында 9 «А» сыныбымен ашық тәрбие сағатын өткізілді. .Бала құқықтары туралы деректерден көп мағлұмат алды.

11 сыныптар мен өткізілген пікірталас жақсы көрсеткіш көрсетті. Оқушылар ҰБТ-мен қалай жұмыс жасағанда тиімді екенін өздері айтып, пікірлерін білдіріп жатты.

26-27 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір іс-шараларды кейінге қалдырылды.

Оқушылырдың имандылықты сіңіру мақсатында 9 сыныптармен

«Имандылық исламның негізі» атты ой бөліс өтілді. Іс-шара барысында хадистер, сүрелер айтылды. Презентация қорғалып, бейнебаяндар көріп, талқылады.

8 сынып оқушылармен ашық сабақ өтілді. Сабақ жаңа технологиялар қолданылып өтілді.

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 27. Семей ішкі округының құрылуы

Сабақтың мақсаты:


  • Ішкі округтың құрылу себептерін ашу, Ертістің оң жағалауына өткен қазақтардың тұрмыс ерекшеліктеріне, ішкі округтердің басқару құрылымына тоқталу;

  • Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, салысмтыруды, талдауды, үйрету, логикалық ойлау, есте сақтау қабылетін жетілдіру;

  • Жауапкершілікке, алдыға мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сто элементтері

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Семей ішкі округын ашу тарихы, округтық приказдың басқару жүйесі, оның рөлі мен маңызы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Жаңа сабақты оқытудың   жоспары:

  1. Семей ішкі округын құрудың себептері.

  2. Округтық приказдың құрамы және сайлау тәртібі.

  3. Сот билігі. Міндеткерлігі.

  4. Семей ішкі округын құрудың тарихи маңызы.

   Ертістің оң жағына өткен қазақтардың жағдайын айтқанда, алдымен олардың Томск губерниясы шаруаларымен және Сібір казактарымен жиі қақтығысып қалып отырғандары, оларды ішкі жаққа өткізбеуі туралы әңгімелеу. Бұл кезде патша  әкімшілігі қазақтар арасында өз жағдайын нығайту үшін осындай шаралар жүргізді. Картаны пайдалана отырып,  Семей ішкі округінің құрылу тарихына және оның ерекшелігіне жан-жақты тоқталу.

Семей ішкі округы

·         1854 жылғы 9 мамырда «семей облысын басқару туралы Ереже» шықты.

·         Аумағы-Омбы бекінісінен Өскеменге дейін созылған, ұзындығы 800 шақырым, ені 300-400 шақырым. Жаңа округ Томск губерниясы аумағында құрылып, Семей облысының құрамына енді.

·         Қазақтардың ішкі округке өту тәртібі: үкіметке ешқандай салық төлеген жоқ, өздерінің жеке басқару  құрылымы болмады,далада тұратын басқа қазақтармен араласуға тыйым салынды, шекара шебінен өткен жағдайда ремонт салығын төледі.

Округтік приказдың құррылуы. Бұл тақырыпты түсіндіргенде округтік приказды басқару құрылымының ерешеліктерін бейнелейтін сызба пайдаланылады:

 

Округтік приказды басқару құрылымы:



Округтік приказдың құрамы

Әкімшілік бө0лініс және басқарушыларды сайлау тәртібі

Сот билігі және міндеткерліктер

  1. Әскери бастық

  2. Аға сұлтан

  3. Үш орыс және бір қазақ заседатель

1.       Округ-болыс-ауыл.

2.       Басқару таза әскери сипатта болды.



1.       Дәстүрлі билер соты.Ресей заңдары негізінде ( билер қызметі округтік приказда бекітілді).

2.       Жасақ төлеу,15 сом күміс ақшамен үстеме және жол салу, келген шенеуніктерді киіз үй, отынмен қамтамасыз ету міндеттері.

 


 

     1868жылы Семей ішкі округіы жойылып, оның аумағы Семей облысы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылды. Тематикалық кестелер оқушылардың тарихи үрдістердің логикасын түсінуге көмектеседі. Осы кезеңде болған оқиғалар жөнінде айтқанда  оқушылардың білімін бақылау үшін  картаны пайлану керек.



Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланғанда олардың сипатына мән беру керек( проблемалық, дамытушылық, логикалық). Сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларға жүйелі дайындықтың қажеттілігін арттыруға көмектеседі.



  1. Семей ішкі округын құру үшін қажет болды?

  2. Бұл басқару құрылымының сыртқы округтерден қандай айырмашылығы бар?

  3. Жаңа округте сот билігі қалай жүргізілді?

Үйге тапсырма:

  1. 192-беттегі 1,3,5,7,8 сұрақтарға жауап беріңдер.

  2.  Оқулықтағы материалдарды пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.

Округтер

Округтің құрылған уақыты

Басқару жүйесі

Болыстар мен ауыл старшиндары неше жылға сайланды?

Заседательдердің ара салмағы қандай болды? (Орыстар мен қазақтар) алынған алым мөлшері

 

Сыртқылыра

 

 

 

 

 

Семей ішкі округі

 

 

 

 

 






Каталог: 52D16B608EEF678D
52D16B608EEF678D -> Оқу жылы «Мектеп кітапханасы – кітап оқу аймағы»
52D16B608EEF678D -> Сабақ барысы : Жаттығу: Пікірталасқа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады. Ой шабуылы: Алкоголь дегеніміз не?
52D16B608EEF678D -> Мақсаты: : ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын іске асыру мақсатында сынып жетекшісінің құзыреттілік шеберлігін арттыру арқылы мектеп тәрбие жұмыс жүйесінің даму әдістерін жетілдіру. Міндеттері
52D16B608EEF678D -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндік барысында өткізген іс-шаралары. 2014-2015 оқу жылы. Тақырыбы : «Білім негізі бастауышта»
52D16B608EEF678D -> Сабақ тақырыбы мерзімі сыныбы Жауапты мұғалім 1 Онкүндіктің ашылуы 19. 11
52D16B608EEF678D -> Мектеп директорының м а Қ. К. Абенов
52D16B608EEF678D -> Работы школьной библиотеки
52D16B608EEF678D -> Бестөбе кенті №1,№2 орта мектептерінің 25-мамыр күні «Рауан» мәдениет үйі алаңында өткізілетін соңғы қоңырау сценарийі
52D16B608EEF678D -> Мектепішілік шара «Озаттар слеті – 2017 жыл»
52D16B608EEF678D -> Бекітемін №1 Бестөбе мектебінің директоры: К. Т. Магзумова мектеп кiтапханасының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет