Безродных атындағы орта мектебі кмм физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс



Дата14.02.2020
өлшемі451.2 Kb.
Безродных атындағы орта мектебі КММ

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Физика әлемінде»

8 сыныптар

Пән мұғалімі: Мұратқызы Назерке

2017 – 2018 оқу жылы



Пәні: Физика

Сыныбы: 8

Күні: 5 желтоқсан 2017жыл

Оқушылар саны: 6

Тексерген ДОЖЖО

Тақырыбы

Физика –әлемінде




Мақсаты

Оқушыларды физика пәніне қызықтырып,олардың логикалық ой-өрісі мен білім-білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Түрі

Сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы,ойын, ақыл-ой шабуылы,көңіл көтеру элементтері


Әдіс-тәсілдері

Сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, диалог, ауызша жауап беру, есептер шығару,тәжірибе көрсету

Көрнекілік құралдар

Тақырып бойынша дайындалған слайд, тапсырмаға жасалған үлестірмелі материалдар, стикерлер, интербелсенді тақта,тәжірибеге керекті құрал-жабдықтар

Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші

Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, пән бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Білімді, дарынды, озық болуға талпынады.

Өткізілу барыс

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Оқушылардың әрекеті

Ұйымдастыру кезеңдері:Психологиялық ахуал орнату.

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,топтарға бөлу.

Сайысты ашу:

-Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру.



-Әділ-қазыларды сайлау.

1-жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйеніші болады деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі “Білімді ұрпақ-ел тірегі” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

       Есеп-қисап , сан цифр термек үшін

       Көрсетіп есептеудің жолын қалай

       Келді майтып оларды бермек үшін, -дей келе бүгінгі 8-сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Физика әлемінде» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Кешімізді бастамас бұрын сайыстың қатысушыларын қошеметпен сахна төріне шақырайық!

  1. «Механика» тобы

  2. «Электр» тобы

Қатысушыларға сайысымыздың шартымен таныстырып өтсек. Жалпы сайыс 10 кезеңнен тұрады.

  1. «Сәлем сөздің атасы» (ұран,эмблема)

  2. «Кім тапқыр?» (талас сұрақтар)

  3. «Механика мен энергия айтысы»( екі топ арасында айтыс)

  4. «Адасқан әріптер»( физикалық терминдерді табу)

  5. «Ғажайып алаңы» (сиқырлы текшелердегі сұрақтар)

  6. «Қызықты тәжірибелер»

  7. «Физикалық би» (1-2 мин билеп формулалардың жұбын табу)

  8. Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер

  9. «Жұмбақтар әлемінде» (жұмбақ шешу)

  10. «Есептеп көр ерінбей» (есептер шығару)

1-жүргізуші:Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әдәлқазылар алқасын сайлап алайық.

Енді сайысымызға қатысатын әр оқушыға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық!

2-жүргізуші:

Бас иіп топ алдында шығатын,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын!-дегендей сайыскерлерімізбен танысып алсақ.

І. Сәлемдесу. Мұнда әрбір топ өздерін таныстырады, ұранын айтады.

1 топ: «Механика»тобы

Ұраны:Болашақтың ұрпағымыз білімді

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді

2-топ: «Электр» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

ІІ. «Кім тапқыр?» (талас сұрақтар)

Ағатын мөлдір бұлақтар,

Білімнен кім бар жырақтар?!

Тақтаға қарап үңілсең,

Сырлы сауал сұрақ бар,-дей келе,сайысымыздың екінші бағыты бойынша «Кім тапқыр?» сайысына кезек берейік.

1-жүргізуші

«Электр тобы»:


  1. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгереме? (өзгермейді);

  2. Қандай денеде конвекция болмайды? (қатты дене мен вакуумде);

  3. «Электр тогы»түсінігін физикаға енгізген ғалым? (Ампер Андре Мари)

  4. Будың сұйыққа айналу құбылысы? (конденсация)

2-жүргізуші

«Механика тобы»:

  1. Бір жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)

  2. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)

  3. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім ашты? (Г. Ом)

  4. Күннің көзі неше рет шығады?

ІІІ. «Механика мен электр айтысы»( екі топ арасында айтыс)

1-жүргізуші

Ал енді «Электр» тобы мен «Механика» тобының физикалық айтысына кезек берейік:

IV. «Адасқан әріптер»( физикалық терминдерді табу)

2-жүргізуші

Ойсанамдаболса да балалығым,

Ғылымсырынбілемін, даналығын.

Физика заңдылығынмеңгертіп,



Зерделімін, білімдімін, саналымын!- деп келесі «Адасқан әріптер»кезеңіне жол берейік. Бұл сайыстың шарты - физикалық терминдерді табу.

V. «Ғажайып алаңы» (сиқырлы текшелердегі сұрақтар)

Ғалымдар

20-ұпай: Бұл қай ғалым? (Фарадей)

  • Ағылшынның ұлы физигі

  • Электр және магнит өрістері жөніндегі ұғымды бірінші енгізген ғалым.

  • Электролиз заңын ашқан ғалым

30-ұпай:_Бұл_қай_ғалым_(Ом)'>30-ұпай: Бұл қай ғалым? (Ом)

  • Тізбектегі ток, кернеу және кедергі арасындағы байланысты өрнектеген.

  • Теория жүзінде ашып, эксперимент арқылы дәлелдеген.

  • Екі заңы бар неміс физигі.

40-ұпай:_Бұл_қай_ғалым_(Джоуль)'>40-ұпай: Бұл қай ғалым? (Джоуль)

  • Энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген

  • Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеген

  • Электр тогының жылулық әсерін анықтаған (Ленцке байланысты емес)

Логикалық сұрақтар

  • 20-ұпай: Машина 3 сағатта жұмыс істегенде 39 литр бензин жұмсайды. 1 сағат ішінде неше литр бензин жұмсайды. (13 литр)

  • 30-ұпай: 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минут)

  • 40-ұпай: Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (мүмкін емес, түнде күн шықпайды)

Суреттер

20-ұпай: Амперметр (ток күшін өлшейтін құрал)

  • 30-ұпай: Электроскоп (дененің электрленуін өлшейтін құрал)

  • 40-ұпай: Катушка (индукцияланған токты жинайтын құрал)

VI. «Қызықты тәжірибелер»

VII. «Физикалық би» (1-2 мин билеп, формулалардың жұбын табу)

VIII. Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер

1-жүргізуші«Электр тобы»:

Тапсырма: шамалардың атын жазу

U-кернеу, ішкі энергия;

T-температура;

R-кедергі;

F-күш;

Q-жылу мөлшері;

A-жұмыс;

V-көлем;

N-қуат;

P-қысым;

S-орын ауыстыру, жол

2-жүргізуші«Механика тобы»:

Тапсырма: өлшем бірлігін жазу

кернеу- «В»

ішкі энергия-«Дж»

температура-«К,0С

кедергі-«Ом»

күш-«Ньютон»

жылу мөлшері-«Дж»

жұмыс-«Дж»

көлем-«м3»

қуат-«Вт»

қысым-«Па»

жол-«м»

IX. «Жұмбақтар әлемінде» (жұмбақ шешу)

1-жүргізуші:

Қарап тұрмай  бәйгеге сіз еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз -дей келе  біз  «Жұмбақтар әлемінде» атты -кезеңімізді бастаймыз. Яғни мұнда әр топқа 4 жұмбақтан қойылады.

Дұрыс жауап 1-ұпаймен бағаланады.1-топ мүшелеріне жұмбақтар жасыруды бастаймыз.

1. Күндіз қасыңнан қалмайды,
Бірақ
Ешкім ұстап алмайды.
Қорқақ па?
Қараңғыға бармайды. (көлеңке)

2. Пайдаланады мені жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етем әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)

3.Алтын теңге кетеді,


Күміс теңге келеді. (Күн мен Ай)

4.Тар шеңберді айналып,


Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)

1.Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

2. Жіпкеілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күнкөзін. (шам)

3.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің


Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
4. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

X. «Есептеп көр ерінбей» (есептер шығару)

1. 1-суретте тізбектей жалганған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Ом өткізгіштері кернеудің төмендеуі U1=9В. Кедергісі R2=64 Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы 120В болғандағы кедергісін анықтаңдар.

2.2-суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5 А ток өтеді. I2=0,8 А ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.

1-жүргізуші:Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен көңіл күйлеріңізді білдіріп, стикерлерге жазу арқылы «ПЛАНЕТАРИЙ» жүйесіне орналастырсаңыздар.

2 - жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика, физика пәндерінің сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін көп оқып, ізденуіміз керек. Бүгінгі таңдағы физиканың тың жаңалықтарын меңгеріп, алдағы уақытта еліміздің, жеріміздің көркеюіне білімі мен қабілеті бірге ұштасқан біз - жастар еліміздің болашағымыз, дей келе, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз



2 мин


2 мин

1 мин


2 мин

5 мин


4 мин

2 мин

5 мин

3 мин
5 мин


1 мин

5 мин

2 мин

2 мин


4 мин

Оқушылар өздері таңдаған төсбелгілерінің түстеріне байланысты 2 топқа бөлінеді.

Сайыс кезеңдерімен танысады

Екі топ оқушылары өз топтарын таныстырады

Тыңдайды . Қойылған сұрақтарға белсене жауап береді.

Екі топ оқушылары топ аттары бойынша айтысуға шығады


Үлестірмелі қағаздағы әріптерден физика пәніне қатысты терминдерді табады


Топбасшылары сұрақтарды интербелсенді тақтадан өздері таңдайды және топ болып жауап береді

Әр топ мүшелері үйден дайындап келген қызықты тәжірибелерін қарсы топқа көрсетіп, жауаптарын тыңдайды.


Әр топ оқушылары әуенге қосылып билеп, өз жұптарын дұрыс табуы керек

Екі топ жеке-жеке үлестірмелі қағаздарға берілген тапсырмаларды орындайды. Дұрыс жауабымен салыстырады.

Интербелсенді тақтадан ұяшықтарды таңдау арқылы жұмбақтарды шешеді.


Топпен, жұптасып жұмыс жасайды. Тақтаға есептелуін көрсетеді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикелерге жазып ПЛАНЕТАРИЙГЕ орналастырады.

Әділ-қазылар мүшелері сайыс нәтижесін хабарлайды.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет