Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012


Қылмыстың келесі заты – эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі



бет6/12
Дата15.12.2016
өлшемі2,48 Mb.
#3963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қылмыстың келесі заты – эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат.

Арнайы экономикалық әдебиеттерде, ведомстволық нормативтік актілерде эмиссияның проспектісі заңды тұлғаның бағалы қағаздар бастапқы эмиссиялайтындығы туралы тіркелінуге жататын жазбаша арыз болып табылады. Ол бағалы қағаздарды эмиссиялауды мемлекеттік тіркеу оның проспектісін тіркеуді қажет еткен жағдайда құрастырылады. Бұл эмиссиялық бағалы қағаздар шектелмеген адамдар тобына таратылатын кезде ғана жасалады. Эмиссия проспектісінің өзі бағалы қағаздар, инвесторлардың құқықтары және эмитент жайлы қажетті мәліметтерден тұрады. Кредиттік ұйым проспектіде тиісті ақпаратты көрсете алмаса, объективті себебін нақты көрсете отырып (мысалы, «операция өткізілмеді», не «жаза қолданылмады» дегендей), «мәлімет жоқ» деп жазады.

Эмиссия проспектісі бірнеше тараудан тұрады. Проспектінің мұқабалық бетінде эмитенттің толық фирмалық атауы, бағалы қағаздардың саны мен нысаны, түрі, акцияның нысаны мен категориясы, әрбір категория бойынша номиналдық құны, облигацияның нысаны мен категориясы, оның саны, әрбір серияның номиналдық құны, эмитенттің эмиссия проспектісінің уәкілетті органмен бекітілгені туралы жазба, эмитент-заңды тұлғаның өкілетті тұлғасының қолы көрсетіледі. Сонымен бірге, ұйымдар қосымша акциялар шығарған ретте аудиторлық фирманың толық атауын көрсетіп, аудитор немесе оның басшысымен қолы қойылады.

Жарғылық капиталдың көбеюіне байланысты акциялар мен облигацияларды шығаруда, эмиссия проспектісі тәуелсіз аудиторлық ұйыммен расталуы тиіс.

Егер аудиторлық тексерудің нәтижелері эмитенттің несиелік ұйымдағы бухгалтерлік есептерін жүргізуде алынған бұзушылықтар түріндегі жазбалар жасауға жол бермесе, көрсетілген фактіні байқатқан жазба жасалуы тиіс. Бұл жағдайда бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісіндегі енгізілген және қорытындысы аудиторлық қорытындыда ашылады.

Қазіргі кезеңдегі әрекеттегі ережелер мен процедураларға сәйкес бағалы қағаздар проспектісі бірыңғай атқарушы органның эмитентпен – оның бас бухгалтермен функцияларды іске асыратын тұлғамен жазылуы, қол қойылуы тиіс, осылайша ақпараттың толық және нақты екенін растайтын. Ақпараттың нақтылығын растайтын тәуелсіз бағалаушы мен аудитордың қолы қойылады.

Бағалы қағаздардың жариялық түрде айналуы мен таралу фактісі орын алған жағдайда эмиссия проспектісі бағалы қағаз нарығындағы қаржылық кеңесшінің қолы қойылуы тиіс. Ол осылайша бағалы қағаздар проспектісіндегі ақпараттың нақтылығы мен толықтығын растайды. Қаржылық кеңесші ұйымның қызметкері бола алмайтындығын назардан тыс қалдырмаймыз.

Эмиссия проспектісінің кіріспе бөлімінде эмитент жайлы, оның қаржылық шаруашылық қызмет ерекшеліктері туралы жалпы ақпарат сақталады. Бұл – фирманың толық атауы, эмитенттің мемлекеттік тіркеуден өткендігі, эмитенттің арнайы рұқсатты қажет ететін қандай да қызмет түрлерін іске асыруы үшін лицензиясының бар екендігі жайлы мәліметтер. Эмитенттің орны жайлы мәлімет міндетті түрде беріледі. Акционерлік эмитент туралы, акционерлік қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі жайлы ақпаратты да ашуы керек. Облигациялар мен акцияларды қосымша шығарған жағдайда проспектіде қатысушылардың жалпы саны мен жарғылық капиталдың бес пайызынан аз емес құрайтын акционерлер туралы толық мәлімет беріледі. Мұнда эмитенттің басқару органдарының құрылымы, лауазымды тұлғалары, соңғы үш айдағы жалақылары, директорлар кеңесі мүшелері туралы мәліметтер беріледі.

Эмиссия проспектісінде эмитенттің еншілес тұлғаларының тізбегі келтіріледі, эмитенттің басқа өндірістік қаржылық топтарға қатысуы белгіленеді, эмитенттің филиалдары, өкілдері, жұмысшылардың құрамы, негізгі қызмет түрлері, соңғы үш жылдағы олардың қаржылық нәтижелері, несие тарихының ерекшеліктері жазылады. Тіркеу органына эмитент заңды тұлғаның автив құны 10%-дан асатын ірі келісім-шарттар, міндеттемелер, санкциялар, сот процесіне қатысқаны туралы мәліметтерді ұсынады.

Эмиссия проспектісі эмитенттің бағалы қағаздарды шығару туралы шешімді бекіткеннен бастап алғандағы соңғы тоқсанның бухгалтерлік есебі жайлы негізгі деректемелік мәліметтерден тұрады.

Эмиссия проспектісінде алдыңғы шығарылған бағалы қағаздар жайлы мәліметтер көрсетіледі (қосымша акциялар шығарылған ретте). Нақты айтқанда акцияның категориясы, шығару нысаны, саны, бір бағалы қағаздың номиналдық құны, ол беретін құқықтар, көлемі, акцияны тарату нысаны, шығарылғаны күйі (енді таратылатындығы, тартылғаны, жарамсыз немесе шығарылмаған деп, акцияның бір бөлігі жойылған деп тану). Сонымен бірге оған мына мәліметтер енеді: таратылуға жататын бағалы қағаздар туралы (бағалы қағаздардың категориясы, нысаны, номиналды құны, саны); бағалы қағаздар иелеріне берілетін құқықтар; таратылатын бағалы қағаздардың мерзімі мен тәртібі, тәсілі; оларды төлеудің шарттары мен тәртібі, құны; тіркеуші туралы мәліметтер, сақтау ережелері, бағалы қағаздарды таратудағы ірі мәмілелерді түзудің шарттары, андерайтерлер туралы; бағалы қағаздарды таратқаннан түскен қаражатты пайдалану туралы.

Бағалы қағаздар айналымына қатысты шектеулер эмиссия проспектісінде анықталады, олардың шығуының ерекшеліктері мен шарттары аталады, бағалы қағаздарды сату орындары көрсетіледі.

ҚР ҚК 202-бабында қарастылған қылмыс затының келесі түрі – бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың қорытындысы жайлы есеп болып табылады. Ол эмитенттің – міндетті түрде дайындап, қадағалау мен бақылау инстанцияларына ұсынатын құжаты.

Заңның 24-бабынының 1-тармағына сәйкес, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi,

2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;

3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сәйкес жасалған және ресiмделген есептi табыс етедi. Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi.

Несие ұйымдары құрастыратын есептің мұқабалық бетінде оның тіркелу мерзімі көрсетіледі. Мерзім ұжым басшысының қолымен, мөрімен расталады. Әрі қарай шығарылатын бағалы қағаздың түрі мен эмитенттің жеке мемлекеттік тіркеу нөмері (коды) көрсетіледі. Сонымен бірге бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу мерзімі және енгізілген өзгерістер белгіленеді. Эмитенттің директорлар Кеңесінің (бақылау кеңесі) есепті бекіту мерзімі мен оның тұрған орны, байланыс телефоны көрсетіледі. Осы мәліметтердің бәрін эмитент-несие ұйымның басшысының қолы мен мөрімен растайды.

Есеп негізінен келесі жағдайлардан тұрады: мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетілген бағалы қағаздардың категориясы, түрі; бағалы қағаздарды орналастыратын күн; бір бағалы қағаздың номиналды құны; бағалы қағаздарды тарату құны; бағалы қағаздардың саны; бағалы қағаздарды орналастырудан келіп түскен қаражаттың жалпы көлемі, жинақтаушы есепте қалған қаражаттардың туралы қосымша мәлімет; орналастырылған бағалы қағаздардың нақтылы үлесі; нақты қорытындыға негізделген есеп пен шығарудың мақсатына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражаттар жабылып, несие ұйымның-эмитенттің жарғылық қорына аударылады деген ұсыныс жасалған күндегі несие ұйымдары үшін қабылдаған міндетті нормативтердің есебі; құрылтайшы (акционерлер)-резидент еместер туралы ақпараттар; эмитент-несие ұйымының директорлар кеңесінің мүшелері; эмитент-несие ұйымының алқа органы мүшелерінің тізімі; эмитент-несие ұйымында жеке атқару органы функциясын іске асыратын тұлға; ірі мәмілелер және т.б.

Акцияларға байланысты эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепте мөлшері уәкілетті органмен анықталатын бағалы қағаздар жөніндегі эмиссиялық бағалы қағаздар пакетті иемденушілердің тізімі беріледі.

Банктер мен банктік емес мекемелер ҚҚ Ұлттық банкінің қорытындысымен бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың қорытындысы туралы есепті ұсынады. Уәкілетті орган есепті бекіту үшін қажет құжаттардың тізімін, оларды рәсімдеу тәртібін анықтайды. Эмитент белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкілетті орган есепті қараудан бас тарта алады. Эмитент құжаттарды қайта тапсырған жағдайда оларды қарау мерзімі жаңғыртылады. Заңға сәйкес, уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті бекіту мерзімі – 14 күн («Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 24-бабы).

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу жөніндегі қылмыстың объективтік жағын көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекеттер құрайды.

Эмитент бағалы қағаздарды эмиссиялау барысында:

- бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдайды, эмиссия проспектісін құрастырып, оны уәкілетті басқару органдарымен бекітеді,

- эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мен эмиссия проспектісін уәкілетті органмен мемлекеттік тізілімге енгізу үшін (тек мемлекеттік емес бағалы қағаздарды мемлекеттiк тiркеуден өткізеді) тиісті құжаттар тапсырады;

- шығарылған бағалы қағаздарды орналастырады, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті уәкілетті органға тапсырады (Заңның 24-бабының «Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп» деп аталуына орай). Аталған Заңның 22-бабына сәйкес, эмитенттің тиісті органы мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу осы жоғарыда топтастырып көрсетілген (адымды қадамдар) әрекеттерге қатысты айтылады. Бірақ, эмитенттің эмиссиялау шараларын ұйымдастыру үшін кәсіпқой андеррайтерлермен келісімге келуі, немесе андеррайтердің эмитенттің мүддесіне басқа субъектілермен шарт жасауы, эмитенттің мемлекеттік органдарға, инвесторға, бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабарлауы, тиісті ақпараттарды беру, эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы т.б. әрекеттер атқарылады. Эмиссиялау процесі ауқымды әрекетерді құрайды. Осы шараларды атқару барысында да заңбұзушылықтар жиі кездеседі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1 бабындағы мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамының ақпарат бермегені не көрінеу жалған мәліметтер беру қылмыстық әрекеті бағалы қағаздарды эмиссиялау кезінде де кездеседі. Демек, бұл іс-әрекет те эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзғандық болып табылады. Сондықтан да эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзуды көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекеттермен шектеу орынсыз, себебі заңнамада эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың ережесі тек аталған іс-әрекеттерді құрайды, деп белгіленбеген. Бұл қылмыстық норма үшін «эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу» деген атаудағы ұғым тым кең, оны нақтылау қажет.

Г.Г.Дашкова диссертациялық зерттеу жұмысында 2003 жылдың 8 желтоқсанындағы №162-Ф3 Федералдық заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды негізге ала отырып, РФ ҚК 185-бабының объективтің жағы келесі төрт нысанда көрініс табады, деп есептейді:

- көрінеу сенімсіз ақпаратты бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектісіне енгізу;

- көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту;

- көрінеу сенімсіз ақпараты бар бағалы қағаздарды шығару қорытындысы туралы есепті бекіту;

- мемлекеттік тіркеуден өтпеген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру.

Автор мұнда бағалы қағаздардың эмиссиясы проспекті енгізу мен бекіту әрекеттерін жеке қарастырады. Алайда бұл шаралар эмитент басшыларына тиесілі және де қылмыстық әрекеттің аяқталу сәті құжатардың бекітілуімен байланысты, оларды баламалы іс-әрекеттер ретінде қарауға болмайды, деп есептейміз.



Көрінеу сенімсіз ақпаратты бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектісіне енгізу деп құжаттағы міндетті пунктердің кез келгеніне сенімсіз немесе толық емес мәліметтерді қосуды айтамыз.

Жалған ақпарат дегеніміз – потенциалдық инвесторлардың мүддесіне қатысты эмитент істерінің нақты жай-күйіне байланысты бұрмаланған, дәл емес немесе толық емес мәліметтер. Оларға: эмитент органдарына кіретін адамдардың тізімін өзгерту; эмитент және олардың еншілес ұйымдары мен бағынышты акционерлік қоғамдарының органдарына кіретін (өкілдері) эмитент акционерлерінің (қатысушылардың) жарғалық капиталындағы (шығарылған (төлеген) жарғылық капиталдағы) үлесінің көлемін өзгерту, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) басқа ұйымдардың жарғылық капиталдағы (шығарылған (төлеген) жарғылық капиталдағы) үлесінің көлемін өзгерту, егер олар әрбір осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (үлестерінің, пайдаларының) он және одан да көп пайызын иемденген болса; эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) он одан да көп пайыздарына ие болған эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) тізімін өзгерту; әр ұйымда эмитент дауыс беретін акциялардың (үлестердің) он және одан да көп пайызын иемденген заңды тұлғалардың тізімін өзгерту; акционерлердің жалпы жиналысының (шаруашылық серіктестігінің жоғарғы органдарының) шешімдері; эмитентті, оның еншілес ұйымдары мен бағынышты акционерлік қоғамдарын қайта құру; эмитенттің есептері мен мүліктеріне тыйым салу; эмитент лицензиясының әрекетін тоқтату немесе қысқарту не оны қайтарып алу; эмитенттің қызметін тоқтату немесе қысқарту; потенциалдық инвесторлар мен сондай деп танылған уәкілетті органдардың мүліктік мүдделеріне қатысты басқа да өзгертулер.



Көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту – ҚР ҚК 202-бабында қарастырылған қылмыстық әрекеттің бірінші түрі. Бұл ресми құжатқа жалғандық жасаудың бір көрінісі болып табылады. Бұл әрекетті эмитент ақпараттың көрінеу сенімсіз екендігін және оны белгілі бір зардапқа әкеліп соғатынын біле тұра эмиссия проспектісіне енгізіп, бекітеді.

Аталған қылмыстарды іс-тәжірбиеде қарау, бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстық норманы қолдану барысында бағалы қағаздарды шығаруға байланысты экономикалық-құқықтық категориядағы түсініктерге қылмыстық құқықтық баға беру кезінде қиыншылықтар жиі кездесіп отырады. «Бекіту» терминінің мазмұнына байланысты проблеманың туындайтындығын қылмыстық құқықтық әдебиетте ғалымдар назарға алған. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңда эмиссия проспектісін бекіту ұғымы айтылмаған.

Бекіту процедурасы – эмитент ұжымының басқару органының қызметі. Эмиссия проспектісін бекіту туралы шешім қабылдау – бұл мәселені алқалы түрде талқылау, дауысқа салу. Бұл процесс хаттамамен рәсімделіп, эмитенттің лауазымды адамына қол қоюға беріледі. Мұндай сипаттағы шешімдерді қабылдауға қатысатын адамдардың тізімі нақты ұжымның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Ресей заңнамасына сай, мәліметтерді бұрмалау эмиссия проспектісіндегі кез келген ақпаратқа қатысты болуы мүмкін, алайда проспектіге енгізілген сенімсіз мәліметтердің барлығына бірдей жауаптылық көзделмеген. Эмиссия проспектісіне сенімсіз ақпараттар енгізіп, бекітудің нәтижесінде ірі зардаптардың келгендігі анықталған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық болады.

Б.В.Волженкиннің ойынша, эмиссия проспектісі тиісті зардаптар алып келетін құжат ретінде эмитенттің уәкілетті басқару органы қол қойған, бекіткеннен кейін ғана танылады. Осы кезде ғана қылмыс жасалынады – көрінеу сенімсіз ақпарат бар бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектісі енгізгіледі. Сондай-ақ автор тіркеуші органның бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу туралы шешімін эмиссия проспектісін (бекіту) тіркеу деп ұғыну қажет, себебі заңға сәйкес, эмиссия проспектісіне немесе бағалы қағаздарды шығару туралы шешімге жалған, не шындыққа жанаспайтын мәліметтердің енгізілуі, басқа да негіздермен қатар уәкілетті органның бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеуден бас тартуына негіз бола алады, деген ой тастайды. Дәлелдірек болу үшін осы фразаның орыс тілінде көрсетсек: «Наряду с другими основаниями возможного отказа в регистрации выпуска ценных бумаг Федеральный закон «О рынке ценных бумаг» указывает: внесение в проспект эмиссии или решение о выпуске ценных бумаг ложных сведений или сведений, не соответствующих действительности. Поэтому решение регистрирующего органа о регистрации выпуска ценных бумаг можно одновременно считать и регистрацией (утверждением) проспекта эмиссии» [54, 3 б.]. Бұл пікірден эмиссия проспектісі уәкілетті органмен мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда түпкілікті бекітілген, ал эмитент ұжымы бұл сұрақты алдын ала, өз деңгейінде қарастырған болып есептелінеді деген түйін жасалынады. «Бекіту» және «тіркеу» ұғымдарын бір деп қарау – даулы. Мұнынмен Г.Г.Дашкова да келіспейді.

Эмитенттің басқару органы эмиссия проспектісіндегі, басқа да құжаттағы мәліметтердің толықтығына және сенімділігіне құрылтай құжаттарына сәйкес жауапты бола отырып, оның эмиссия проспектісін растауы аталған құжатты бекітуі болып табылады. Бұл әрекеттер расталған эмиссия проспектісін тіркеуге ұсыну немесе бағалы қағаздар эмиссия проспектісін тіркеу үшін беріледі, деген пікір айтады М.В.Митрошина [55, 170 б.].

Ал, Н.А.Лопашенконың пайымдауынша, эмиссия проспектісін бекіту – эмитенттің басқару органының проспектіні қолдау процедурасы, ал эмиссия нәтижесін бекіту – эмитенттің басқару органының бағалы қағаздарды шығару қорытындысының есебіндегі өткізілген эмиссияны растау процедурасы [56, 198-199 б.]. Осы пікірге Л.Д.Гаухман, А.В.Щербаков та қосылады [57, 61-62 б.].

Эмиссиялау процесінде эмиссия проспектісін өз деңгейінде бекіткеннен, яғни эмитенттің уәкілетті басқару органы тұлғасының қолымен расталған соң, оны эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттардың тізімі қатарында міндетті түрде мемлекеттік тіркеу органына бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу үшін тапсырады, ал бұл өз кезегінде рынокта күмәнді серіктестердің болуын мүмкіндігінше тежейді. Ұжым-эмитент бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін мына құжаттарды тапсырады: мемлекеттік тіркеуге өтініш; эмитент анкетасы; эмитенттің мемлекеттік тіркеуін растайтын құжат көшірмесі; бағалы қағаздарды шығару (қосымша шығару) туралы шешім; қаржы қорын төлегендігі туралы эмитенттің анықтамасы; бағалы қағаздарды шығару туралы шешім мен эмиссия проспектісінің көшірмесі; эмитенттің құрылтай құжаттарының көшірмесі; басқа да құжаттар. Мемлекеттік тіркеу үшін берілетін құжаттар қағаздай, не электронды нысанда болуы мүмкін. Қағаз күйінде тапсырған жағдайда реттік нөмері қойылады, тігіледі, тігісіне эмитенттің мөрі басылады, эмитенттің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады. Аталған құжаттар бағалы қағаздарды шығару туралы шешім бекіткеннен бастап 3 ай, ал эмиссия проспектісі бекітілген күннен кейін 1 айда тіркеу органына тапсырылуы тиіс.

Заңның 106-бабына сәйкес, уәкiлеттi орган:

- эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiнде;

- шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының сауалы бойынша бағалы қағазды себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс.

- эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сай уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiнде бар;

- бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар (рұқсаттар) беру немесе одан айыру, осындай лицензиялардың (рұқсаттардың) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңғырту және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс;

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көзделетін халықаралық шарттары негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді береді.

Жалпы алғанда тіркеуші-уәкілетті орган бағалы қағаздарды шығару туралы шешім мен эмиссия проспектісіндегі мәліметтердің сенімділігіне емес, олардың толықтығы үшін ғана жауапты. Осы орайда бірқатар авторлардың пікірінше, бұл қиянат келтіру жөніндегі норма басқа нормалармен салыстырғанда (мемлекеттік қызмет және басқару тәртібіне қарсы қылмыстар) арнайы, сондықтан да тіркеу органы лауазымды тұлғалары қылмысқа қатысушы ретінде қатысады, нақты айтқанда көмектесуші рөлінде, себебі эмиссия проспектісін, бағалы қағаздарды тіркеумен байланысты құжаттарды толтыру әрекеттері олардың өкілеттіліктеріне жатпайды [52, 164-169 б.], ал олардың мәліметтерді тексеру құқықтарының болуы да жағдайды өзгертпейді. Осы тұлғалардың материалдық сыйақы және мүліктік пайда алу әрекеті парақорлық және қызмет бабын теріс пайдалану болып сараланады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заң бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеуге алу туралы былай деп көрсеткен:

«7-бап. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару

1 Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2 Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу

1 Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.

2 Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу:

1) табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзудi;

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берудi қамтиды».

Сонымен, Заңның 8-бабының 2-тармағы, 3-тармақшасында көрсетілгендей, бұл эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу процесі куәлік берумен аяқталады.

Ал, бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісін бекіту, ол бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын өкілетті органға ұсыну үшін эмитенттің өзі қабылдаған шешімі.

Қылмыстық норманың мазмұнына жүгінсек, көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту жөніндегі қылмыстық факт анықталған жағдайда, эмитент эмиссия проспектісіне сенімсіз мәлімет енгізе отырып, оны бекіткені үшін, ал өкілетті орган мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырғаны үшін жауап бермек. Заң шығарушы мұнда ірі залалдың келуіне қарамай, әрекеттің қауіптілігін көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін, есепті бекіту жөніндегі қылмыс фактісімен өлшейді.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға және эмиссия проспектісін бекітетін ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес, проспектіге эмитент-заңды тұлғаның өкілетті тұлғасының, ұйымдар қосымша акциялар шығарған ретте аудиторлық фирманың толық атауын көрсетіп, аудитор немесе оның басшысымен қолы қойылады. Сонымен бірге аталған міндетті тұлғалармен бірге бас бухгалтер, тәуелсіз бағалаушы, қаржы кеңесшісі қол қоюуы тиіс.



Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту –эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу қылмыстық әрекетінің екінші түрі. Көрінеу сенімсіз есеп жалған құжаттың бір түрі, онда бағалы қағаз шығарудың көлемі, эмиссияланған бағалы қағаздарды шығарудың саны; оларды орналастыру мерзімінің басталуы және аяқталуы; бағалы қағаздардың бағасы және оны төлеу тәртібі; эмиссияланған бағалы қағаздардан алынатын табыс; эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге асыратын органның атауы туралы көрінеу сенімсіз мәліметтер әдейі бекітіледі.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңында «бағалы қағаздарды шығару қорытындысы туралы есеп» ұғымын «бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп» түсінікпен қатар, бір қарастырады.

Көрінеу сенімсіз эмиссия нәтижелерін бекітуді эмитенттің басқару органының эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару қорытындысын туралы есепті тіркеуге ұсыну жөніндегі шешім қабылдау ғана емес, ол бұл есепті тіркеуге беру, деп қарайды А.Э.Жалинский [58, 281-282 б.].

Бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітудің жағдайы эмиссия проспектісін бекіту процедурасына ұқсастау. Әрине, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептегі мәліметтер, оны бекітуші тұлғалар арасында ерекшеліктер кездеседі.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 24-бабының 1-тармағында («Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп»:

1 Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi;

2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;

3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сәйкес жасалған және ресiмделген есептi табыс етедi. Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi.

Яғни уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітетін болып отыр.

Эмитент уәкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн әрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн бір ай ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактiлерi анықталса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.



Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет