Бикен ахметова


Жаны нәзік, мінезі қайсар Гүлнар



бет12/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
АБАЙ.


Жаны нәзік, мінезі қайсар Гүлнар

Ол үлкен отбасының шаңырағынан түлеп ұшқан түлек болатын. Зерек ақылы қайсар мінезімен ұштасып жататын. Бала болса да пікірі үшін тік тұрып, күресе білетін. Жансарайы рухани тұрғыдан өте бай бұл шаңырақ перзентіне жастайынан ең жақсы қасиет – білімге деген құштарлықты, тапсырылған жұмысқа жауапкершілік сезімін сіңірді.

Әкесі Нұра өңіріне ғана емес Қарағандыға танымал, жоқ жітімге көрсеткен қайырымдылығымен, жасаған жақсылығымен, мінезінің көркемдігі мен адамгершілік қасиеттерімен жұртына қадірлі ел азаматы,

білікті басшы, кәсіби ұйымдастырушы Смағұл Мұқанов болса, анасы Күлшат Мұхамедияқызы іргесі мықты, босағасы берік көпбалалы отбасының тұтқасына айналып, құт береке дарытқан, ырыс – бақыт әкелген ақ маңдай ана.

Онжылдықты бітірісімен Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, күн-түн демей білімін ұштады. Сөйтіп, қаржы саласының мамандығын игеріп, туған елге оралды. Алғашқы еңбек жолын Нұра аудандық қаржы бөлімінде маман болып бастады. Арман-мақсаты зор адам өмір бойы бір орнында тұрақтап қалмайды. Көп ұзамай оны аудандық салық комитетіне қызметке шақырды.

Жас маманның ерекше қасиеттерін байқаған басшылық оны 1998 жылы бастықтың орынбасары етіп тағайындады, содан бері Гүлнар бұл қызметті бар ынтасымен адал атқарып келеді. Оның басқарушылық қабілеті білім ордасында жүргенде - ақ анық байқала бастаған еді. Басқару жұмысы – мәліметтерді есте сақтауды, оны ойда ұшқыр қорытып, жүйеге келтіруді, сөйтіп тез арада шұғыл шешімдерді қабылдауды қажет ететіні белгілі. Әсіресе, ол жас мамандарға көмек көрсетіп, олардың кәсіби шыңдалуына ерекше назар аударады. Оның қол астынан қаншама жас маман қанаттанып саналы өмірге жолдама алды!

Бюджетке салық және басқа да түсімдердің толық және мезгілімен түсуін қамтамасыз ететін орган – салық органдары. Олардың сапалы жұмысының нәтижесінде жалақы мен зейнетақының дер кезінде төленулері қамтамасыз етіледі. Салық заңнамасы көпсаланы қамтитын, әрі заман талабына сай жиі өзгерістерге ұшырайтын сала. Ал ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары басшыларына бұл өзгерістер дер кезінде жете бермейді.



Әрине, салық органдары тарапынан әр түрлі семинарлар өткізілгенмен, жекелеген сұрақтары бойынша, нақты жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік құралы салығы, патент есеп-қисабын, оңайлатылған декларацияны, мемлекеттік қызметкерлер үшін декларацияны толтыру сияқты ірілі ұсақты мәселелер бойынша сұрақтар туындап отырады. Сол кезде әкесінің айтқаны есіне түседі Гүлнардың «Балам, алдыңа келген адамға қол ұшыңды беруге әзір бол. Ол сенің алдыңа еріккенінен келмейді, көмегіңе мұқтаж болып келеді» дейтін үнемі. Міне, әкенің осы сөзі Гүлнарды қандай шырғалаң шақтарда да, кейде көңілі құлазып ойға батқанда да тапжылмайтын темірқазықтай өмір деген тылсымның бұралаң жолдарында адастырмай алға бастап келеді. Гүлнардың бүкіл өмірін, қала берді күнделікті тыныс-тіршілігін, жүріс-тұрысын мәнді де сәнді деп нық сеніммен айтуға болады. Өйткені, осы бір езуінен әмсе күлкі кетпейтін тынымсыз жан қашан да ізденіс пен ілгерілеу үстінде. Бәріне үлгеріп, бәріне де үлгі көрсетуде. Не істесе де, құштарлықпен істейді. Бүкіл саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған, елі үшін адал қызмет етіп жүрген, киелі Нұра жерінде туып-өскен Гүлнар туған жерінің ең қымбат қасиеттерін өз тұлғасына жинаған.Оның «мемлекетке қызмет – елге қызмет» деген көп жылдық еңбегі бағаланып, облыс әкімінің, республикалық, облыстық салық органдарының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал 2010 жылы «Қазақстан Республикасы Салық ісінің үздігі» атағына беріліп, омырауына арнайы төсбелгі тағылды. Шаршап- шалдығуды білмейтін, жаны нәзік, мінезі қайсар Гүлнар, міне, осындай !

Мемлекеттік қызметтің үздігі

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азаматтарды әлеуметтендіру тетігін дамыту қажет.Бұл, бірінші кезекте, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар, көп балалы отбасылар мүшелері, зейнет жасындағы адамдар және т.с.с. Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

Нұра ауданының орталығында «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне қарасты зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік

орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Нұра ауданындағы бөлімшесі бұл күнде бұл мекеме зейнетақымен қоса міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемнің бес түрін жүзеге асыруда. Нұра ауданының өз ерекшелігі бар: оның Теңіз өңіріндегі шалғай ауылдары көп. Әсіресе, сол ауылдардан келген азаматтарды мезгілімен қабылдап өтініштерін оң шешуге ерекше ден қойылады.

-Бүгінгі таңда аудан бойынша бір айда 145 млн теңгенің зейнетақысы мен жәрдемақысы төленеді, оның ішінде 70 млн теңгесі – зейнетақы, 20 млн теңгесі мүгедектерге төленетін жәрдемақы болса, бір жасқа дейінгі нәрестелерге төленетін жәрдемақы 6 млн теңгені құрап отыр. Кейінгісі жылдан жылға көбеюде. Төлем түрлері көбейген сайын, жұмыс көлемі жылдан жылға көбеюде. Зейнетақы тағайындауда да біршама қиындықтар туындап жатады. Ол - өтпелі заман кезінде кеңшарлар тарап, шаруашылық түрлері өзгергенде көпшілік адамдар жұмыссыз қалып, олардың құжаттары толығымен ресімделуінен. Мұндай жағдайда біз мұрағат және басқа да мүдделі ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Әр адам маңдай термен жасаған бейнетінің лайықты зейнетін алуға тиіс. «Біздің басты міндетіміз тұрғындарға мемлекеттік қызметті мезгілімен, сапалы түрде «бір терезе» принципі арқылы көрсету болып табылады,- дейді бөлімше басшысы, тәжірибелі заңгер, білгір ұйымдастырушы, осының алдында 15 жылдан артық аудан әкімі аппаратын басқарған Мереке Ниязова.

Оларды әуре – сарсаңға салмай мәселелерін шешу ең бірінші міндет. Ол үшін бөлімше қызметкерлері тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, қай әлеуметтік төлемге қандай құжат қажет екендіктерін ауыл әкімдері арқылы көпшілікке дер кезінде жеткізіп отырады. Азаматтарды қабылдау күн сайын жүргізіледі. Зейнетақы тағайындау құжаттары қабылданып, бағдарламаға енгізіледі, сонан соң облысқа электронды поштамен бекітуге жіберіледі. Содан соң барып төлем базасына енгізіледі. Жаңа ғимаратқа көкеннен бері әр келушімен ашық жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр. Енді халықтың ең әлжуаз бөлігіне қызмет көрсететін

бұл мекеме жарық әрі кең бөлмелерге орналасып, тұрғындарға сапалы көмек көрсетуге қол жеткізіп отыр. Тұрғындарды қабылдайтын кең залда қажетті мәліметтер орналасқан ақпараттық тақталар ілінген. Келушілерге бар жағдай жасалған. Бөлімшеде 6 маман жұмыс істейді. Барлығы да жоғары білімді. Салтанат Ақмағамбетова мен Лилия Гришунова бөлімше ашылған күннен бері жұмыс істеп келеді. Мамандар жұмысқа қажетті заман талабына сай құрал жабдықтармен, оргтехникамен толықтай қамтылған. Мекемеде «Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау»,

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау», «Жеке әлеуметтік қод» беруде автоматтандырылған ақпараттар жүйесі енгізілген.

Осындай қарапайым еңбектерімен елге қызмет көрсетіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлеріне еңбектеріне табыс пен отбасыларына береке бірлік тілейміз.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет