Бикен ахметова



бет3/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Ер есімі ел есінде

Намысов Өмірғожа Ұлы Отан соғысына 1942 жылы Нұра аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. Соғыста көрсеткен ерлігі мен үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІІ дәрежелі Даңқ Орденімен, «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медальдармен марапатталған.

Соғыс – адам баласының басына түсетін ең ауыр қасірет. Бүгінгі ұрпақ сол қасіретті көрмей-ақ өссе екен, оны болдырмау үшін егемен елінің іргесін нығайтатындай қажырлы еңбек етсе екен дейміз… Иә, кешегі Ұлы Отан соғысында біз Ұлы Жеңіске жеттік, сол жеңістің бүгін

жемісін көріп жатырмыз. Сол жеңістің бізге қалай келгенін, қандай қиындықпен келгенін келер ұрпаққа тәрбие болсын деп әңгіме етіп өз аузымен айтып беретін, сол қырғынды басынан өткерген ардагер- қариялар бүгін жоқтың қасы.

Намысов Өмірғожа атамыз қыршын жасында Қызыл Армия қатарына 1942 жылы Нұра аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылды. Алдымен ол әскери жаттығу бөлімшесінде дайындықтан өтіп 217 атқыштар дивизиясының 790 атқыштар батальоны құрамында Брянск майданында Жиздра мен Болхов арасындағы қантөгіс шайқасқа қатысты. Бұл күндері Ұлы Отан соғысының ең ауыр сәттері болатын. Брянск майданында дұшпан ұрыс – қимылдарын күшейткен кез еді. Десна өзені бойымен жау әскерін өткізбеу мақсатында жау пулеметтерін жоюға қарсы зеңбіректен оқты қарша боратып, жаудың шабуылына тойтарыс берді, сөйтіп кеңес әскеріне жол ашты. Брянск қаласын жаудан азат етуде жас атқыш Өмірғода Намысов өзінің ержүректігімен, мергендігімен жаудың шоғырланған отты нүктесін жойды. Ол Прут өзенінен өтуде де, Бобруйск қаласын жаудан азат етуде де жауға қарсы жан аямай соғысты. Бобруйск қаласын жаудан азат етуде де жан аямай шайқасып, дұшпан армиясын елеулі шығынға ұшыратты. 1943 жылы майдан даласына партия қатарына өтіп өзінің отансүйгіштігін патриоттық сезімін осылай білдірген екен. Ол өзіне тәлімгер болған командирі осетин жігіті Гаджиевті жиі есіне алып отыратын. Майдангер соғысты Кенисбергте аяқтады, сол қаланы жаудан азат ету барысында ауыр жарақат алып , госпитальға жеткізілді. Тарихи Жеңістен кейін Өмірғожа Намысов, ұрыс даласында алған жарақатына қарамастан, ел экономикасын көтеруде қажымай, талмай еңбек етті. Аудандық партия комитетінде, ауданның әртүрлі шаруашылықтарында еңбек етті. Қай салада еңбек етсе де ол кісі Отанына адал болды, өзіне тапсырылған міндетті асқан жауапкершілікпен атқарды. 1993 жылы дүниеден өтті.

-Әкеміз бізді еңбекқорлыққа, адамгершілікке, бірлікке тәрбиеледі.

Ол өзінің майдан жолдарын еске алғанда, былай деуші еді,дейді майдангердің үлкен баласы Думан:



- 790 атқыштар полкіне қарасты 217 дивизиясында бірнеше ұлт өкілдері болды, бірақ біз бір атаның баласындай едік, егер де сол уақытта Кеңес Одағының барлық халқы бір мақсатқа жұмылмасак не болар еді? Жеңіс жай келген жоқ, Жеңіс туында миллиондаған жауынгердердің қаны бар. Біз өзімізді ойлаған жоқпыз, артымызда қалған елімізді жұртымызды, әке – шешемізді ойладық -,деп өзінің майдандас достарын еске алып отыратын. Оның ішінде командирі болған, гвардия майоры Кеңес Одағының Батыры Гаджиев Уруслиді ерекше айтатын. Ол бізге - 8 ұлт өкілдерінен тұратын жас жауынгерлерге қамқорлық танытып, қайраттандырып отырды дейтін. Әкем өле - өлгенше майдандастарымен хат алысып, ал жаңағы командирімен 1974 жылы Пятигорск қаласына емделуге барғанда кездескенін ерекше тебіреніспен айтатын. Және бір күнгі бейбіт өмірге ештеме жетпейді дейтін еді.Толарсақтанқан кешкен, қарша бораған оқтың ортасында жан беріп жан алысқан Өмірғожа атамыздың жасынан бойларына отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерді сіңірген ұрпағы өзіне лайық. Баласының үлкені Думан бірнеше жыл ел басқарған өзі де елағасы, немеренің қызығына кенеліп отырған асыл ата болса, немерелері Ерлан полковник шенінде, Нұрланы полиция капитаны бүгінгі тәуелсіз Қазақстанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өлшеусіз үлес қосып, оның азаматтарының бейбіт өмір сүруі жолында тер төгуде.

Қатардағы жауынгер

Бұл соғыстың тарихы – халық ерлігінің тарихы. Оның шежіресі өшпейтін, өлмейтін, тозбайтын құбылыс. Сондықтан мұның үлкен алау, өшпес отының маздай беретіні даусыз. Осыны ұмытайық, тың дерек көздерін табуға ұмтылайық! Бұл бейбіт күндегі парызымыз.

Биыл Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңісімізге 70 жыл толғалы отыр. 1945 жылы 9 мамыр Рейстахқа Кеңес әскерінің ту тігіліп, Отанымызға бейбітшілік алып келгеніне де 65 көктем болыпты. Сол кездері дүние есігін ашқан біз де бүгін сол жасқа келіп қалыппыз.

Мен де осы Жеңіс мерекесіне орай, қаншама отбасының шаңырағын ортасына түсірген сұрапыл соғыс куәгерінің ұрпағы ретінде марқұм, майдангер әкем қатардағы жауынгер Сағымбек Құртбаев жайлы аз-кем ой толғауды өзіме перзенттік парыз санадым.

Сұм ажал әкемді 1963 жылы 61 жасында алып кетті. Соғыс салған жарақаттың қабынуы оның ары қарай өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. 11 жасымда қалған мен және менен кейінгі шиеттей 5 бала және үш үлкен ағамыз қала бердік. Бірақ тағдырға не шара? Барлығы да сол сұрапыл соғыстың зардабы.

Ғұмыр бойы әкемнің асыл бейнесі мәңгілік көз алдымда жүрегімде мен бүгінде оны өзім немерелі болсам да оны қатты сағынамын. Бұл сағыныш әсіресе, 9 мамыр – жеңіс күні жақындаған сайын күшейе түседі.

Келер ұрпақ соғыс деген суық сөзді естімей, әке мейірімін көріп өссе екен деймін. Әке орнын ешнәрсе де толтырмайтыны анық.

Соғыстың алғашқы күндері -ақ Нұра аудандық әскери комиссариатынан майданға шақырылған менің әкем сол кезде 39 жаста болатын Ауылда өскен, бір ауыз орысша білмейтін, қой аузынан шөп алмайтын әкемді көз алдыма елестетсем, оның мылтық ұстап жауға қарсы оқ атуын елестетуім өте қиын. Бірақ амал бар ма, басқа күн туып жан жағыңнан от жаудырған кезде оны да атқаруға тура келді. Үш айлық дайындықтан өткен әкеміз Сталинград майданына №1194 арнайы полк құрамында шайқасқа енеді.

1942 жылдың 2ші қыркүйегінен Сталинград майданында жағдай шиеленісе түсті. Дұшпанның қалаға оңтүстіктен бұзып жарып өту қаупі төнді. Кеңес адамдарының ерлігі мен жеңіске деген жігерінің арқасында қала алынбас қамалға айналды. Еділ бекінісі алдында гитлершілердің тас талқаны шықты. Сталинградтың даңқты қорғаушыларының арасында Қазақстанның да перзенттері болды, оның ішінде 8 мыңнан астам қазақтар болды. Соның бірі қатардағы жауынгер Құртбаев Сағымбек еді. Танкілерінің гүрілі жерді жарып, ауыр зеңбіректерді сүйреген

«полуторкалары» айналаны шаңға бектіріп, аттылы-жаяулы аралас үздік- создық шұбатылған әскердің

алды биік дөңнің басына шыққанда, арғы беттегі жартылай қираған, үстін түтін аралас қалың тұман басып жатқан қасіретті Сталинград шаһары алақандағыдай көрінді. Қаланы қақ жарып өтетін қасиетті Волга өзенінің әншейінде көкпең-көк боп ирелендей ағып жататын суы да қарақошқыл тартып, адамның зәре-құтын алғандай... Бекінген жау оңай берілсін бе, кеңес әскерлері артиллерияның астына алып, дамылсыз төпелесе де, айылын жиятын түрі көрінбеді. Алғы шептің тура алдына жаудың минометтен атқан снарядтары құлақ жара ысқырып келіп түсе бастады. Жерді солқ еткізіп жарылғанда, жүгіріп келе жатқан адамды мұрттай ұшырады. ПТР-ді қалайша жандәрмен оқтап, көздей бере атып қалғанын өзі де сезбей қалды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген рас-ау, төніп кеп қалған темір тажалды көргенде иманын айтқаны шын еді. Құдай сақтап, атқан оғы танкінің шынжыр табанын талқан қылған екен, әзірейілдей көрінген әлгі неме бір орнында шыр айналды да қалды.

Осындай сұрапыл ұрыстың бірінде әкеміз жау оғынан сол иығынан жараланып, №1321 эвакуациялық госпитальға түскен. 1942 жылдың 4 қыркүйегінен 12 желтоқсаны аралығында осы госпитальда емделген соң оны әскерге жарамсыз деп тауып, елге қайтарады. Бұл жайында сонау 1942 жылғы майдан даласынан келген сарғайған құжаттар сыр шертеді, онда былай деп жазылған:


Справка дана красноармейцу 1194 с.п. Куртпаеву Сагамбеку в том, что означенный тов. Куртпаев С. Находился на излечении в ЭК 1321 с 4 сентября по 12 декабря 1942 года по поводу сквозное осколочное ранение левого плеча с повреждением кости.

Ранение получены при боевых действиях Великой отечественной войны.

Негоден к воинской службе. Десе, енді бір қағазда заключение ВТЭК инвалид великой Отечественной войны деген қорытынды тұр.

Сол иығынан жараланған әкеміз 1943 жылы елге оралған соң әкеміз соғыс мүгедегі болса да еңбекке араласып, «Малым – жанымның садағасы» деген қазақтың баласы емес пе, аман-сау елге оралғаны бір Алланың арқасы, соның өзі ешбір наградамен өлшенбес олжа ғой! Әйтпесе, қаңғып тиген жау оғын былай қойғанның өзінде, ағысы жойқын Дон өзенін Ақсай, Новочеркасск деген елді мекендердің тұсынан жүзіп өткендерінде, қаншама адам суға кетті десеңізші? Қырымның көк сеңгір тауларынан асқанда да талай адам құздан құлап, мерт болды емес пе?!

Бала кезімізде әкеміз арқасын күнге қыздырып есік алдында отырғанда біз қызық көріп оның арқасындағы оқтың орындарынан қалған тыртықтарды көріп таң қалушы едік.

Елге оралған соң әкеміз және соғысқа дейін туған ағаларымыз Нәскен, Өскен әуелі Кеңжарықта, одан соң тың игеру кеңшары құрылғанда Щербаков қазіргі Қайнар шаруашылығында аянбай еңбек етті, осы шаруашылықтың іргесін қалауға өздерінің маңдай тер еңбектерін қосты. Еңбегі еленіп Өскен 1962 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің Пленум мүшесі болды.

Құртбаевтар әулетінің бұл шаруашылыққа сіңірген еңбегін Щербаков ауылының бүгінгі таңда көзі тірі байырғы тұрғындары өте жақсы біледі.

Тіршілігінде бойына біткен момындық пен еңбекқорлық, қарапайымдылықтың арқасында ол ешқашан да ешкімнен ештеңе сұрап көрген емес. Барға қанағат қылып, өмірінің соңғы сәтіне дейін үйелмелі сүйелмелі балаларын жеткізу үшін еңбек етті.

Қарша бораған оқтың астында, қан төгіс майдан ортасына түскен, өзінің Отан үшін отқа түсіп, Отан алдындағы борышын қатардағы жауынгер ретінде адал атқарған әке аруағына бас иеміз. Бейбіт заманда, кешегі соғыста фашизммен беріспес айқасқа түскен әкеміз қарапайым еңбек адамы, қатардағы жауынгер Құртбайұлы Сағымбекті Жеңіс күні еске алып, оның өлмес рухына мың мәрте тағзым етеміз!




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет