Бикен ахметова


Жаңарқаны жаңғыртып, Нұраны нұрландырған



бет9/20
Дата08.09.2017
өлшемі3,38 Mb.
#30690
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Жаңарқаны жаңғыртып, Нұраны нұрландырған




«Әкім бол, халқыңа жақын бол» - деген қағиданы ұстанған Нұра ауданының әкімі, Жаңарқа тумасы Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жайында туған ауданын нарық қыспағы қусырып тұрған кезеңінде 10 жыл қатарынан басқарып, оны жаңғыртқан, енді міне, 2007 жылдан бері Нұра еліне келіп, аянбай еңбек етіп оны нұрландыруға бар күшін сарқа жұмсап отырған азамат жайында осы мерейтой қарсаңында ауыз ашпай қалуды жөнсіз деп санадық.

Қазақ ұлт дәстүрдің қаймағы бұзылмаған Жаңарқада туып, жастайынан қазақ халқының қадір қасиетін, ана тілінің сұлулығын, ұлттық салт дәстүр мен әдет ғұрыптың озық үлгілерін жан дүниесіне, жаратылыс болмысына сіңірген Серік Жаманқұлұлының бүгінгідей дәрежеге жетуі негізсіз емес еді.

Әрине, кез келген адамның мінезі, ең алдымен ата бабасынан дарыған қасиетке, бойына ана сүтімен сіңген тәрбиеге байланысты. Ең алдымен оның осындай азамат болып қалыптасып, өмір бойы еліне қызмет істеуіне отбасынан алған тәрбиенің үлкен ықпалы болғаны даусыз. Әкесі Жаманқұл бар өмірін ел басқару ісіне арнаған елағасы болса, шешесі Жөкіш өмірдегі басты мұрат бала өсіріп, ерінің алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасау, ел ағасының лайықты жары болу деп санаған қазақтың қарапайым аналарының бірі.

Иә, қамшының сабындай біртұтам өмірде сені жұрттың жан әлемі кең, қолы таза, өрісі биік азамат ретінде танығанына не жетсін. Әйтсе де азаматтың бағасын оның туып-өскен ауылынан артық кім біледі. Өйткені, туған ауылың – туған анаң секілді. Ал ананың қасы – қабағына қарайтын, жанын ұғатын перзентін алабөтен көретіні белгілі. Ал жұрттың азаматты сыртынан сүйсіне айтуы азаматтың адами ажарына берілген ең әділ баға. Серік Шайдаров жайлы жұрттың жүрекжарды лебізін естіген кезде адамның қадір қасиеті тек отырған орынтағымен ғана емес, айналасына шашқан шуағымен, еліне сіңірген еңбегімен, ізгілігімен көрікті екен-ау деген ой келетіні анық. Өзінің білім білігін жетілдірумен ұдайы айналысып жүрген азаматтың тәубә, елге сіңірген еңбегі еленбей қалған жоқ. Бүгінде оның кеудесінде Құрмет ордені жарқырайды. Тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындаған Серік Жаманқұлұлы білгір де білімділігімен, жастайынан ел басқару ісіне араласып, бойына мол тәжірибе жинақтаған басшы. Әкей айтушы еді «Сен қызмет іздеме, балам, қызмет сені іздесін» деген қағидасын өмірлік ұстаным еткен баласы әке жолын лайықты жалғастыруда. Облыстық баспасөз беттерінен Жаңарқадағы игі істер жайында хабардар болатынбыз. Енді міне сол

ауданның әкімі бізге келеді дегенде ел құлағы елең еткені де рас еді. Себебі өзіне де өзгеге де талап қоя отырып, жұмысты жаңаша ұйымдастыру, біреуге ұнаса біреуге ұнамайтыны да өмірлік аксиома емес пе!

Бірақ Серік Жаманқұлұлы осы сыннан да мүдірмей өтті, соңынан халықты ертіп, олардың сеніміне аз уақытта – ақ ие болды. Ең алдымен әр ісінде атадан ұлағат арқалаған азамат екенін көрсетіп, аға ұрпаққа бет бұрды, барлық күрделі мәселелерді ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып шешуді ұстанымға айналдырды. Ауыл ақсақалдары да жаңа басшыға қолдау көрсетті, себебі жаңа басшы өз жұмысын ауданда жылдар бойы шешуін таппай жүрген күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуден бастады. Соның ең біріншісі, кезек күттірмейтіні аудан орталығындағы құлап, қабырғаларының қаңқасы ғана қалған монша ғимараты еді. Міне, енді осы мәселе ауданның жаңа әкімінің аудандық Мәслихат депуттаттарының қолдауымен өз шешуін тапты. «Тоқпағы мықты болса, ағаш қазық та жерге кіреді, демекші, монша құрылысы басталып, бас аяғы үш айдың ішінде бүгінгі күн талабына сай жаңа монша салынып пайдалануға берілді.

Оның жаңашылдығы ауданның экономикасының негізін құраған ауыл шаруашылығын әр тараптандыруда, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру, бос жатқан егістік жерлерді игеру, жер өңдеу мәдениетін жақсарту, жерің құнарлылығын арттуру мақсатында оған тыңайтқыштар мен гербицидтер сіңіру, Үкімет тарпынан бөлінген субсидияларды мерзімімен пайдалану, жаппай ылғал сақтау технологиясы мен жоғары қуатты техниканы қолданысқа енгізуде де байқалды. Осы бағыттарда жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оның дәлелі - ауданда облыс басшылары, бүкіл облыстың шаруашылық басшылары, ғалымдардың қатысуымен облыстық агрокеңестің өткізілуі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрі А.Күрішбаевтың ауданның егіс алқаптарын аралағанда осы істерге берген оң бағасы болды.

Өз жұмысында Серік Жаманқұлұлы ауданның елді мекендерін көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалауға да қатты мән берді, соның нәтижесінде соңғы жылдары ауылдардың ажары кіріп,тазарып қалды. Бірнеше ауылда су құбырлары күрделі жөндеуден өткізіліп, аудан орталығында су құбырлары тартылды. Республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың күрделі жөндеу жұмыстары да басталды.

Жаңа басшының қызметке келуімен ауданда тұрғын үй бағдарламасына ерекше мән берілді, өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында бюджеттік сала қызметкерлері мен көп балалы отбасыларына арналып үш үй салынып, тапсырылды. Бұл жұмыс биылғы жылда да өз жалғасын табуда: екі пәтерлі бір үй жаңадан салынса, 18 пәтерлі екі қабат үй күрделі жөндеуден өткізіліп жас мамандарды тұрғын жаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік бергелі отыр.

Өткен жыл ауданымыздың 80 жылдық мерейтойы тойланды. Ол тойланып қана қоған жоқ, ол мерейтойға аудан бойынша 8 игі іс жоспарланып, орындалды.

Аудан орталығындағы Орталық саябақ жаңартылды, онда

«Тәуелсіздік» монументі бой көтеріп, үш бірдей сұлу субұрқақтар орнатылып, жасанды шөппен қапталған кіші футбол алаңы салынып, енді ол саябақ тұрғындардың демалатын бірден бір сүйікті орнына айналып отыр, тоз- тозы шығып тұрған аудандық Мәдениет үйі, стадион, мектеп, бала бақша күрделі жөндеуден өтіп, келбеті ажарланды.Тізе берсек осы кейінгі екі - үш жылда атқарылған жұмыстар легі ұшан қиыр. Ал елдің, әсіресе қариялардың батасы бір төбе. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей ел басқарып отырған азаматтың еңбегінің бағасын ел беріп жатыр.

Соның бәрінде тайға таңба басқандай Серік Жаманқұлұлы Шайдаровтың ізі сайрап жатыр. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығы, менің өз алдыма қойып отырған мақсатым, жаңарқалықтар түлеп ұшырған азаматтарының бүгінгі жетіп отырған шыңына қуансын, мақтансын, шаттансын деген ниет.

«Мақтан,елім, мақтанарлық ұлың болса» демей ме?

Жақсы сөз жүрекке қуат берсе, қайнаған өмір - өңірдің көркі. Өзінің



80 жылдық торқалы тойын лайықты қарсы алып, осындай азаматтар ұшырған, еңбегімен түлеу үстіндегі Жаңарқаға үлкен табыстар тілейміз.

Мақтан елім, мақтанарлық ұлың болса


Еңбектің еленгені – бақыт
Еңбек қылған ел үшін... Еңбегі сіңген ер үшін. Бұқар Жырау.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өзінің Жарлығымен үздік еңбек еткен отандастарымызды мемлекеттік наг- радалармен марапаттады. Оның ішінде нұралық азамат Сейтжаппар Нығметов

«Парасат» орденімен марапатталды. Сейтжаппар Алшынбекұлы Нығметов Нұра ауданындағы «Қайнар» ЖШСнің директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің,

«Құрмет» орденінің иегері, аудандық мәслихат депутаты.
Сейітжаппар Нығметов Қорғалжын жерінде дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітіріп, бірден Целиноград ауыл шаруашылық институтына оқуға түседі. Жоғары білімді жас маман жолдамамен мамандығы бойынша қызметке Нұра ауданының «Трудовик» кеңшарына келіп еңбек жолын ветеринарлық дәрігер болып бастайды. Өзінің таңдап алған мамандығына берілген жас маманның еңбекке қабілеті бірден байқалды. Жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерінің арқасында еңбек ұжымына тез сіңіп, абыройға ие болды. 1994 жылы жас маманның кәсіби қабілетін ескере отырып аудан басшылары оны Нұра мал бордақылау бірлестігіне директор етіп тағайындады. Бұл кез өмірге нарық түсінігі еніп, жаппай жекешелендірудің басталған кезеңі болатын. Заман талабын ескере отырып, бәрін ой елегінен өткізген Сейтжаппар Алшынбекұлы шаруашылықты қайта құруға кірісті. Еңбек ұжымымен бұл мәселені жан – жақты талқылап, бірігуге бел буды. Әріптестері оған сенім артты. Сөйтіп, дүниеге «Қайнар» ЖШСгі келді.
Бүгінде шаруашылық 30 мың гектар жерге дән сіңіріп қана қоймай, мал шаруашылығын дамытумен, мал тұқымын асылдандырумен де жүйелі түрде айналысуда. Шаруашылықтың экономикалық жағдайы мығым, машина тракторлық парк жыл сайын отандық және шетелдік техникамен жаңартылуда, мал басын асылдандыруда, қазақтың Әулиекөл тұқымды ірі қарасы өсірілуде. Сонымен қатар Сейітжаппар Алшынбекұлы ауылдың әлеуметтік жағдайына ерекше мән берді.
59

Соның арқасында ауылдың бүгінгі келбеті кімге болса да үлгі боларлық. Ауылдық дәрігерлік амбулатория, кірсе шыққысыз Мәдениет үйі, үлкен қалалардікінен кем түспейтін «Қайнар» мейрамханасы, 50 орындық монша, наубайхана. Осының бәрі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында шаруашылық қаржысына жасалған игі істер. Ауылдастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуда Секеңнің орны тіптен ерекше. Оның отбасы мүшелері бәрі спортшы. Баласы Айнар күрестен озып шықса, өзі ауыр атлетикамен, ал жұбайы Галина қыздардың баскетболшылар командасының капитаны. Ауылда үлкен спортзал мен спорт алаңы, фитнес зал бар. Ауылдың спортшылары биыл он сегізінші рет аудандық спартакиада жеңімпаздары атанып, 1 млн теңге жүлдені қанжығаларына байлады.2009 жылы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Сейтжаппар Нығметовқа «Рухы биік тұлға» атағы берілді.


Марапат иесі өзінің алғысы мен қуанышын былай білдірді: «Бұл – мен үшін ғана емес, шаруашылықтың бүкіл ұжымы үшін үлкен құрмет.Ауыл шаруашылығына, ауылға деген Елбасы тарапынан қолдау үнемі көрсетілуде. Соның арқасында біз бүгін табысты еңбек етіп, дамып келеміз. Біз өз Отанымыз – Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қоса отырып, Елбасы бастамаларын әрдайым қолдап келдік және қолдай береміз. Егер сол азын-аулақ еңбегіңді халық, мемлекет және ел Президенті бағалайтын болса, бұл – нағыз бақыт қой. Біздің соңымыздан ерген ұрпақтарымыздың арасынан елім деп еңбек ететін азаматтар көбейе берсін. Әрбір саналы азамат үшін өз халқына қызмет етуден үлкен бақыт жоқ. Еліміздің абырой-беделі әрі қарай өрлей берсін», дейді Сейтжаппар Нығметов.

Сейітжаппар Алшынбекұлының Атымтай жомарттығы жайлы да ауылдастары аузының суы құрып айтады. Ол мектепке, ауруханаға қайырымдылық жасап тұрады. Оның сыртында көмек сұрап келгендердің де меселін қайтармайтын көрінеді. Ауылымыз көркейсе, біз де қанаттанып, шабытпен еңбектене береміз, дейді аудандық мәслихаттың депутаты, елге сыйлы азамат. «Кез келген адам үшін мемлекет тарапынан еңбегінің бағалануы маңызды. Ол бәріміз үшін үлкен қуаныш. Жұмысты одан әрі ынталандыру тұрғысынан алып қарағанда, бұл үлкен мәнге ие. Марапатталғандар бұдан қуат алып, мемлекет алдында тұрған міндеттерді орындауда, өз қызметін атқаруда үлгі көрсетері анық»-, деп атап өтті Елбасы.


60

-Баршамыз Елбасы қойып отырған жаңаша міндеттер, нақтыланған тапсырмалар төңірегінде ұмтылыс пен құлшыныс танытуға тиіспіз. Сонда ғана қол жеткізген жеңістеріміз жалғасын табады. Әрбір адамды істің көзін табуға, еселі, ерен еңбекке жұмылдырайық, ағайын! Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ауыл – біздің қастерлі атақонысымыз, тіршілік-тынысымыз, киелі алтын тамырымыз. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай бола береді де», деген еді. Расында, ауыл – қазақтың негізгі күретамыры, алтын бесігі. Сондықтан, ауыл шаруашылығын дамыту – елді мекендердің еңсесін тіктеу, ауылдардың ажарын кіргізу- біздің басты міндетіміз-, деп қорытты өз ойын еңбек озаты Сейітжаппар Нығметов.


Облыста өткен салтанатты жиыннан кеудесіне ордаен тағып қайтқан азаматтың қуанышы қуанышқа ұласып, Секең немерелі болды, өмірге Ескендір атты торсық шеке ақ маңдай ұл келді. «Еңбек еткеннің еңсесі биік» демекші, еңбегінің арқасында құрметке бөленген азаматты Нұра жұртшылығы атынан марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеңістен жеңіске жете беріңіз демекпіз.

Суретте: Қарағанды облысының сол кездегі әкімі Әбілғазы Құсайынов Сейітжаппар Нығметовтың кеудесіне орден тағып тұрған сәт.


Жапон елінің жомарттығы

Нұра ауданындағы «Жалғызіліктілер мен панасыз қалған жандарға көмек көрсету» Қоғамдық Ұйымы шығыстың ең бай елі - Жапонияның 78 мың доллар көлеміндегі грантын жеңіп алды. Бұл жобаға республиканың әр тарапынан 50 ұйым қатысқан болса, жеңімпаз екеу – бірі Қостанай қаласынан, ал екіншісі жоғарыда аталған ұйым. Ұйымның жетекшісі «Шапағат» медалінің иегері Гүлнар Түсіпбекова.

Алғашқыда «Нұра» жеке меншік мейірімділік үйі болып құрылған бұл ұйым аудан, қала берді облыс көлеміндегі жалғызілікті

қарттар мен қамқорсыз қалған жандарға көмек көрсетіп келеді. Осы аралықта Гүлнар мен оның өмірдегі сенімді тірегі Қоянбайдың қайырымдылығы арқасында қаншама жандар бастарына пана, жандарына жылу тапты десеңізші! Жапония елшілігінің ұйымдастырған «Корни травы» қайырымдылық жобасы жайында облыстық Қызыл ай ұйымынан естіп білген Гүлнар жобаға қатысуға бел буған еді. Жоба қарапайым адамдарға, шағын әлеуметті жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған. Жобаға қатысу көптеген құжаттарды әзірлеуді қажет етті. Гүлнардың жобасы өз қол астында күн кешіп жатқан панасыз жандардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталды. Яғни ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, төсек тартып жатқан мүгедек жандарға арнайы медициналық кереуеттер мен құрал – жабдықтарды сатып алу көзделді. Сөйтіп, жобаның электрондық нұсқасы Жапон елшілігіне жіберілді. Жобаны алысымен оған қызығушылық танытқан Қазақстандағы Жапон елшілігінің жауапты қызметкерлері келіп, ұйымның жұмысымен, онда тұрып жатқан жандардың тұрмыс тіршілігімен жан жақты танысып қайтқан еді. Көп ұзамай Астанадан қуанышты хабар да келіп жетті. Сөйтіп, Жапонияның Қазақстандағы елшілігінде грант тапсыру рәсімі 2013 жылдың 16 қаңтарында өтті. Жапонияның Қазақстандағы елшісі Харада Юдзо Нұра ауданындағы «Жалғызіліктілер мен панасыз қалған жандарға көмек көрсету» Қоғамдық Ұйымының директоры Гүлнар Түсіпбековаға салтанатты түрде 78 мың доллар тұратын грантын табыс етті.

Қайырымдылық бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналды. Елімізде адамдарға қол ұшын беруге дайын көптеген компаниялар, қоғамдық ұйымдар баршылық. Түсіпбековтар отбасы да сондай жандардың бірі.


Мына аласапыран заманда көптеген ауқаттылар туған әке – шешелерін үкіметке тапсырып жатқанда, осындай қайырымдылық таныту әркімнің қолынан келе бермейтіні айдан анық.

Бүгінде мұнда 42 панасыз жалғызілікті жандар тұрып жатыр, олардың ішінде төсек тартқан өзін өзі күте алмайтындар да бар. Қоянбай мен Гүлнар оларға қолдарынан келген мейірім мен қамқорлығын аямауда. Соның арқасында олардың қарны тоқ, киімдері мен төсектері бүтін де таза, бөлмелері жылы. Ал мына Жапон елінің бөлген қайырымдылық қаражатынан кейін олардың тұрмыстық жағдайы біршама жақсаратыны анық.

Бүгінгі таңда қыстың көзі қырау екендігіне қармастан Гүлнар облыс орталығындағы бірнеше құрылыс компаниялармен келісім шартқа отырып жөндеу жұмыстары қауырт басталып та кетті. Терезелер ауыстырылып, ғимараттың ішіндегі жөндеу жұмыстары да кестеге сай жүргізілуде. Белгіленген мерзімде жобада көрсетілген жұмыстар сапалы аяқталып, Жапон елшілігіне тиісті есебі де берілетін болады.

Суретте: Жапонияның Қазақстандағы елшісі Харада Юдзо мен Гүлнар Түсіпбекова.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет