Бiлiм бepy салаcы: Шығармашылық. Оқу іс-әрекеті: Сурет салу



Дата25.12.2016
өлшемі23,71 Kb.
#5200
Даулетбаева Гаухар Аширалиевна

ҚР Жамбыл облысы. Тараз қаласы

Білім беру бөлімі №32 орта мектебі коммунальдық мемлекеттік мекемесі

Мектепалды сыныбының жетекшісі

Бiлiм бepy салаcы: Шығармашылық.

Оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Taқыpыбы:Себеттегі алма.

Мақсаты:

Білімділік: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атау және ажырата алуға баулу.
Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Сурет салу арқылы шеберлігін дамыту.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, алманың және алма ағашының суреттерінің қиылған түрі, себет, алма ағашының суреті, әліппе- альбом

Сабақтың әдісі: Сурет салу, бояу

Қостілділік компонент: алма- яблоко, ағаш- дерево, яблоня
Сабақтың барысы.
Ұйымдастырукезеңі:

Шаттық шеңбер:

Армысын асыл күн.

Армысың жан досым

Жылуыңа жылу қос

Міне менің қолым

Өткен тақырыпты еске түсіру

Жаңа сабақ

Тақырыпты көрнекілік арқылы түсіндіремін
Себеттің суретін салу.Шеңбер суреттеу арқылы алмаларды бейнелейміз.Алмаларды сары түске, себетті қоңыр түске боямыз.Кейбір алмаларға қызғылт өң береміз.солай етіп себеттегі алмаларымыз мына суреттегідей түрге енді.

Сурет бойынша алма және алма ағашын атаймыз, оқушылар мұқият тыңдап, түсініп суретін салады.
Оқушылар салған суреттері бойынша әңгіме айтып береді.

Тапсырмалармен жұмыс.
1 – тапсырма:
1. Балаларға таратпа суреттерді беріп, не екенін көрсете отырып атап шығады. Мысалы мынау – алма, мынау – алма ағашы.Балаларға суретті көрсете отырып оқушылар суреттен өз қателерін табады.

2-тапсырма:

Әже қонаққа кіріп балаларға кіріп үш түрлі алма үлестіреді:

Қызыл түстегі алма, сары түстегі алма, жасыл түстегі.

Үшінші тапсырма

Топтық жұмыс. Әрбір оқушы өзіне берілген алманың суретін салады.
Балалар алмалардың суреттерін бояуы қажет

Сергіту сәті:

Ормандағы ағаштың

Алмалары көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Себеттерге салайық.


Әліппе- альбоммен жұмыс, алма, алма ағашы түстерін атау.
Оқушылар сурет бойынша сөйлеп үйренеді.

Сабақты бекіту:
1. Көрнекілік бойынша алма, алма ағашын атау.
2. Кеспе қағаздары арқылы аталған түстерді дұрыс көрсете білу.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма беру. Алма, алма ағашын үйде де Қайталап суретін салу. Түстерді ажырата - білу. Сергітуді жаттап алу.

Даулетбаева Гаухар Аширалиевна

ҚР Жамбыл облысы. Тараз қаласы

Білім беру бөлімі №32 орта мектебі коммунальдық мемлекеттік мекемесі

Мектепалды сыныбының жетекшісі
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет