Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата02.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#49048
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
mugalim nusqaulyq (1)
8, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 08 «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы 7-9, mugalim nusqaulyq (1), Григорьев Ю.М., Муравьёв В.М., Потапов В.Ф. - Олимпиадные задачи по физике. Международная олимпиада «Туймаада» - 2007, FIZIKA 150-N 1200 S 1178 A, 9-ОШ ФО География 8кл рус, дарын, Doc1, Doc1

«Физика» пәні бойынша педагог 

кадрлардың біліктілігін арттыру курсының  

білім беру бағдарламасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  

Педагогикалық шеберлік орталығының  

Әдістемелік кеңесі ұсынған 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 

 

 



Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 

құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық 

құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға 

тыйым салынады. 

 




МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе 



Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары 

Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары 



«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасының құрылымы 

10 

«Физика» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер 



16 

Оқу үдерісін жоспарлау 

38 

Критериалды бағалау  



42 

Оқулықпен және оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс 

46 

Жүйелі-әдістемелік кешенмен жұмыс  



50 

Оқу жоспары 

51 

Пайдаланылған әдебиет 



54 

Глоссарий 

59 

 

 





КІРІСПЕ 

 

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта 



және  жалпы  орта  білім  деңгейлерінде  «Физика»  пәні  бойынша  педагог  кадрлардың 

біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) аясында 

әзірленген «Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралы (бұдан әрі – Нұсқаулық) 

мұғалімдер біліктілікті арттыру курсы барысында және одан кейін қолданатын негізгі оқу 

құралдарының бірі болып табылады. 

Нұсқаулықта  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  негізгі  қырлары  туралы  мәлімет 

ұсынылып,  мұғалімдер  өз  сабақтарын  жоспарлап,  өткізуге,  пәннің  оқулықтары  мен  оқу-

әдістемелік  кешенін  пайдалануға,  критериалды  бағалау  жүйесін  қолдануға,  жүйелік-

әдістемелік кешенмен жұмыс істеуге көмектесетін ресурстар қамтылған. 

 

Бағдарламаның  мақсаты:  пән  бойынша  оқу  бағдарламасын  жаңарту  және 

критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін 

жетілдіру. 

 

Бағдарламаның міндеттері: 

-  мұғалімдердің  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  білуін 

қамтамасыз ету; 

-  пән  бойынша  оқу  бағдарламасына  сәйкес  педагогикалық  тәсілдер  мен  оқу 

материалдарын қолдануды үйрету; 

-  пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін 

критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету. 

 

Оқу нәтижелері: 

-  мұғалімдер  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  мақсаттарын,  міндеттерін, 

құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді; 

-  мұғалімдер  пән  бойынша  оқу  бағдарламасына  сәйкес  педагогикалық 

тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі. 

-  мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол 

жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі. 



 

Мұғалімдердің  жұмыстарын  бағамдау  үшін  «Физика»  пәнін  оқыту  үшін  талап 

етілетін  белгілі  бір  дағдылармен  байланысты  салалар  бойынша  құралған  рубрикалар 

пайдаланылады. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу 

деңгейі,  қалыптасқан  деңгей,  жетілген  деңгей.  Дескрипторларға  қарап  мұғалімнің  кәсіби 

дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді. Дескрипторларда мұғалімнің 

нақты  кезеңдегі  біліктілік  деңгейін  сипаттауға  арналған  толық  ақпарат  ұсынылған  және 

олар мұғалімнің кәсіби дамуының келесі қадамын анықтайды. Курс барысында бағамдау 

қалай  жүргізілетіні  түсіндіріліп,  мұғалімдерге  ол  аспектілерді  меңгеруде  қолдау 

көрсетілетін  болады.  Сонымен  қатар,  мұғалімдерге  ықшамсабақ  арқылы  Бағдарлама 

материалдарын  өз  тәжірибесінде  сынап  көруге  және  оны  ой  елегінен  өткізіп,  рефлексия 

жасауға,  сондай-ақ  оқушыларға  барынша  қолдау  көрсетуге  бағытталған  жаттығу  мен 

тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі. 

 

 

 





ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 

 

 



 

Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы 

Технология,  коммуникация  мен  ғылым  салалардағы  елеулі  өзгерістер  әлемдік 

экономикаға  айтарлықтай  ықпал  ете  отырып,  әрбір  азаматқа  ХХІ  ғасырда  табысты  болу 

үшін  қажетті  білім  мен  дағдыларды  алға  тартады.  Сонымен  қатар,  қарқынды  жаһандану 

ұлттық  экономикаға  да  ықпал  етуде,  оның  үстіне  қазіргі  уақытта  экономикалық  дамуды 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  халықаралық  бәсекелестік  артып  отыр.  Женевадағы 

Халықаралық  еңбек  ұйымының  (2006)  баяндамасы  мұның  жеке  азаматтар  үшін 

маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен 

қатар,  сауда  мен  капитал  ағымын  ырықтандыру:  өз  еңбегінің  жемісін  сату  үшін  әлемдік 

нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге 

артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп 

қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс 

табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.  

Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы 

бойынша:  «...экономикасы  дамыған  елдерде  өнеркәсіптік  өндірістен  ақпараттық  қызмет 

көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-

б.).  Білім  беру  жүйесін  жаңартуға  арналған  бұл  экономикалық  дәлелдерге  қоса,  қазіргі 

жиырма  бірінші  ғасырда  басқа  да  негіздер  бар:  өзара  қарым-қатынастың  арттыру; 

әлеуметтік өзгерістер; ауа  райының  өзгеруімен  байланысты  проблемалар;  бүкіл  әлемдегі 

халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың 

«Адамзатқа  және  қоғамға  орасан  зор  проблема  әкелетін  жаһандану  мен 

жаңғыртудың  әсерінен  айналадағы  әлем  түбегейлі  өзгеріске  ұшырауда.  Мектептер 

оқушыларды  түрлі  мәдениет  өкілдерімен  әріптестік  қарым-қатынас  жасауды,  алуан 

түрлі  идеяларды,  көзқарастар  мен  құндылықтарды  ескеруді,  адамдар  өздерінің  алуан 

түрлілігіне  қарамастан,  технологиялардың  көмегімен  кеңістік  пен  уақыт  кедергілерін 

жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін 

әлемде,  адамдардың  өмірі  ұлттық  шекаралар  аумағынан  тыс  мәселелерге  байланысты 

болатын  әлемде  өмір  сүруге  және  жұмыс  істеуге  дайындауы  керек.  ХХІ  ғасырдың 

мектептері  оқушыларды  өмірде,  жұмыста  және  азаматтық  ұстанымында  өзгелермен 

ынтымақтастықта  өмір  сүруге  дайындай  отырып,  ұлттық  және  жаһандық  пікір 

алуандығының  шынайылығын  ұғына  отырып,  өзіндік  дербестігі  мен  ерекшелігін 

дамытуға көмектесуі керек». 



Андреас Шлейхер, 

Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының 

және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 

Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша 

арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014) 

 

«Қазақстанның  орта  мектептеріндегі  оқыту  өз  дәрежесіне  сай  тиімді  деп  айтуға 

келмейді. TIMSS және PISA деректері қазақстандық орта мектеп жүйесінің теориялық 

білім  беруде  және  оқушылардың  ақпаратты  есте  сақтау,  тану  және  оны  айтып  беруін 

қамтамасыз  етуде  айтарлықтай  тиімді  екенін  көрсетті.  Бұл  оқушылардың  жоғары 

деңгейлі  ойлау  дағдыларын  меңгеру  және  қолдану  мүмкіндіктерін,  мәселен, 

математикадағы  проблема  шешу  және  пайымдау  немесе  оқылым  барысында  мәтін 

туралы  ойлану  және  оны  бағамдау  сияқты  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ету  үшін 

салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады». 

Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім, 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Милованович, 2014) 


барлығы  мектеп  оқушылары  қазіргі  заманда  және  келешекте  табысқа  қол  жеткізу  үшін 

бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.  

Білім –  елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 

мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 

2005)  жаһанданудың  қазіргі  кезеңінде  жоғары  сапалы  білімнің  қажеттігі  туралы  өз 

пікірлерін  айтты.  Қазіргі  таңда  экономикалық  өсу  және  азаматтардың  әл-ауқаты  үшін 

білімнің  айтарлықтай  маңызды  екенін  бүкіл  әлем  мойындауда.  Муршед  және  басқа 

авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс 

енгізу  үдерісіне  қатысатын  жүйелердің  саны  артып  отырғанын,  білім  беруді 

реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. 

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы 

мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені 

үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар 

туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда 

пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  жоғарыда  сипатталған  жаһандық 

проблемаларға  жауап  бере  алатындай  деңгейдегі  жұмыстар  республикалық  деңгейде 

жүргізілуде.  Оқу  бағдарламасындағы  ұлттық  стандарттарға,  бағалауға,  оқулықтар  мен 

оқыту  әдістеріне  қатысты  білім  беру  саласындағы  өзекті  құндылықтар  мен  мақсаттар 

мектеп  оқушыларының  жалпы  үлгерімін  арттыруды,  сондай-ақ  инновация  мен 

көшбасшылықты  енгізу  үшін  талап  етілетін  дағдыларды  дамытуды,  мектеп  мәнмәтіні 

арқылы  ұлттық  сананы  қалыптастырып,  іске  асыруды  және  ауқымды  халықаралық 

тәжірибемен  өзара  әрекеттесуді  көздейді.  Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  мен  бағалау 

жүйесін  енгізу  аталған  міндеттерді  шешу  үшін  қабылданған  шаралардың  бірі  болып 

табылады. 

Орта  білім  берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандартын бекіту, «Физика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын 

әзірлеу  осы  үдерістің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Физика  саласы  бойынша 

оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім 

беретін  мектеп  бағдарламасында  жетекші  орын  алады,  бұл  әлемнің  біртұтас  ғылыми 

бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады.  

Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар 

мен  процестердің  физикалық  қасиеттерін  танып-білу,  табиғат  құбылыстарының 

заңдылықтарын зерттеу болып табылады. 

«Физика» пәнін табысты меңгерту мұғалімнің кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне 

тікелей  байланысты  екенін  атап  өту  қажет.  Қазақстан  Республикасында  орта  білім  беру 

мазмұнын жаңарту аясында өткізіліп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары 

мұғалімнің кәсби шеберлігін шыңдауға бағытталған. 

 

 



 



ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ 

 

«Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық 



буынына  айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен 

іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.» 



«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті 

Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

Қазіргі  кезде  табысты  болу  үшін  оқушыларға  білім  қандай  қажет  болса,  дағды  да 



сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте 

сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. 

Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең 

ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. 

ХХІ  ғасыр  дағдылары  деген  ұғымның  бірнеше  анықтамасы  бар.  Бұл  Бағдарламада 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау 

және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет 

«жай  ғана  білім  мен  дағдыдан  анағұрлым  күрделі.  Ол  белгілі  бір  жағдайларда 

психологиялық  ресурстарды  (оның  ішінде  дағдылар  мен  өмірлік  ұстанымдарын) 

жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. 

Мысалы,  тиімді  қарым-қатынас  құру  қабілеті  жеке  адамның  тіл  білуіне,  ақпараттық 

технологиялар  саласындағы  тәжірибелік  дағдыларына  және  оның  өзгелермен  қарым-

қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады». 

Жаңартылған  оқу  бағдарламаларында  оқушылардың  бойында  қалыптастыру 

көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте): 

1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар 

Құндылықтар 

Дағдылар 

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; 

- қарым-қатынас жасау қабілеті; 

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына 

құрметпен қарау; 

- жауапкершілік; 

- денсаулық, достық және айналадағыларға 

қамқорлық көрсету; 

- өмір бойы оқуға дайын болу. 

- сын тұрғысынан ойлау; 

- білімді шығармашылық тұрғыда 

қолдана білу қабілеті; 

- проблемаларды шешу қабілеті; 

- ғылыми-зерттеу дағдылары; 

- қарым-қатынас дағдылары (тілдік 

дағдыларды қоса алғанда); 

- жеке және топпен жұмыс істей білу 

қабілеті; 

- АКТ саласындағы дағдылар. 

Пән  бойынша  білім,  дағдылар  мен  құзыреттіліктерді  анықтайтын  оқу 

бағдарламаларын  әзірлеу  барысында  жоғарыда  келтірілген  құндылықтар  мен  дағдылар 

ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған «Физика» 

пәнінің оқу бағдарламасынан көруге болады.  

 

 



 

 

Гриффин  және  басқа  авторлар  (Griffin,  P.,  McGaw,  B.  and  Care,  E.,  2012)  оқу 



бағдарламаларын  реформалау  барысында  білім  беру  саласындағы  стандарттарға 

негізделген өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия, 

Норвегия, Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен 

Халықаралық зерттеу барысында оқу бағдарламасы мен бағалау оқыту үдерісінен 

күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды.  

Гриффин және басқалар (2012)

 


оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен 

күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды. Оқушылардың нені 

білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша 

барлық  оқушылардан  жоғары  нәтиже  күтілуін  қамтамасыз  етуге  көмектеседі  және 

мұғалімдердің оқу бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.  



 

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: 

- пән  мазмұнын  жобалаудың  спиральділік  ұстанымы,  яғни  білім  мен  біліктерді 

арттыруда  оқу  материалын  тігінен,  сондай-ақ  көлденеңінен  біртіндеп  кеңейту  (білімді 

тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 

- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша 

ойлау  дағдысының  деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген  Блум  таксономиясы  бойынша 

оқыту мақсаттарының иерерахиясы; 

- білім  беру  деңгейлері  және  тұтас  оқыту  курсы  бойынша  педагогикалық 

мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 

- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру 

барысында «ортақ тақырыптардың» болу;  

- бөлімдер мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының уақыт  талабына  сәйкес  болуы, 

әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;  

- оқу  үдерісін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспар  түрінде 

технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016). 

Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 

Жоғары  көрсеткіштерге  жеткен  білім  беру  жүйелеріне  жасалған  талдау  оқу 

бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса 

маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын 

жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде 

орындалатынына  қатысы  бар  барлық  компоненттер  бірлесіп  әрекет  етіп,  бір-бірін 

толықтырып,  нығайтады  дегенді  білдіреді  (Oates,  2010).  Демек,  оқу  бағдарламасының 

мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс 

(Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады (1-сурет): 

 

 



 

1-сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 

 


Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде 

ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі оқу 

бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті 

ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді 

болуы  керек.  Бұл  мұғалімдердің  тиімді  оқытудың  түйінді  үш  компоненті  –  оқу 

бағдарламасы,  педагогикалық  тәсілдер  мен  бағалау  жүйесінің  оқушылар  үшін  бірлесіп 

қалай  тиімді  қолданылатынын  толық  түйсінуінің  маңызды  болып  табылатынына  назар 

аудартады. 

Пән аясында оқушылар қол жеткізуі көзделетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасында 

ұсынылған.  Оқушылардың  осы  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету  үшін 

мұғалімдерге  оқу  жоспарында  ұсынылған  жаттығуларды  және  өзінің  кәсіби  шеберлігін 

пайдалану  арқылы  қажетті  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  қолдана  білуіне  әдістемелік 

қолдау көрсетіледі. 

 

 


10 

«ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

Жан-жақты  және  үйлестірілген  оқу  бағдарламасын  жоспарлау,  ұйымдастыру  және 

басқару  –  оқушылар  үлгерімінің  жоғары  болуының  негізгі  тетігі  (Alexander,  2002).  Оқу 

бағдарламасы  оқушыларға  бірқатар  теориялық,  тәжірибелік,  шығармашылық  және 

әлеуметтік  дағдыларды  меңгеруге,  сондай-ақ  негізгі  дағдыларды  жетілдіруге  мүмкіндік 

береді  (Primary  education  in  England,  1978).  Алға  ілгерілеуіне  қарай  оқушылар  оқудың 

әртүрлі  бағыттарын  байланыстыра  отырып,  оларды  зерттеп,  осылайша  анағұрлым  терең 

түсінік  қалыптастыратын  болады.  Оқушылар  нені  үйреніп  жатқандарының  мәнін  нақты 

ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын 

түсінуі керек. 

Физика оқу пәні ретінде ғылыми, техникалық және гуманитарлық мүмкіндіктерге ие, 

сонымен  қатар  адамзат  жинақтаған  әлеуметтік  тәжірибенің  басты  компоненті  болып 

табылады.  Әлемнің  физикалық  көрінісі,  оқу  пәнінде  негізгі  физикалық  теорияның  тұтас 

жүйесі  ретінде  беріліп,  оқушылардың  ғылыми  көзқарастарын  және  дүниенің 

жаратылыстану-ғылыми    көрінісінің  тұтастығын  қалыптастыратын  негізгі  моделі  болып 

табылады. 

«Физика» пәнін оқып-үйренудің мақсаты – оқушыларда ғылыми көзқарастың негізін 

қалыптастыру,  Әлемнің  жаратылыстанымдық-ғылыми  бейнесін  тұтастай  қабылдауды, 

бақылау  қабілеттерін  дамыту  және    табиғат  құбылыстарын  талдау  және  таңдау  арқылы 

өмірге  қажетті  практикалық  есептердің  шешімдерін  таба  білуге  дағдыландыру.  Осы 

мақсатқа сәйкес пәнді оқытудың негізгі міндеттері белгіленген:  

-  оқушылардың  Әлемнің  қазіргі  физикалық  бейнесінің  негізінде  жатқан 

заңдылықтар  мен  принциптер  туралы  білімді  алуына,  табиғатты  танудың  

ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету; 

-  оқушылардың  зияткерлік,  ақпараттық,  коммуникативтік  және  рефлексиялық 

мәдениетін  дамытуға;  физикалық  экспериментті  орындау  және  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;  

-  оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 

-  алынған дағдыларды табиғат ресурстарын  пайдалануда және қоршаған ортаны 

қорғауда,  адамды  және  қоғамды  қауіпсіз  өмір  сүрумен  қамтамасыз  етуге 

қолдану. 

Пәннің  оқу  бағдарламасы  тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастық  қағидатын  жүзеге 

асыруға  бағытталған.  Оқу  бағдарламасының  тек  пәндік  білім  мен  білікке  ғана  емес, 

сонымен  қатар  оқушылардың  кең  ауқымды  дағдыларының  қалыптасуына  бағыттылғаны 

оның ерекшелігі болып табылады. Оқу бағдарламасында пәнді оқып үйренуден күтілетін 

нәтижелерді қамтитын оқу мақсаттарының жүйесі пәннің негізгі мазмұнын анықтайды. Пән 

бойынша  анықталған  оқу  мақсаттарының  жүйесі  оқушылардың  білімді  мақсатты  және 

шығармашылық  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу, 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану,  қарым-қатынас  жасаудың 

түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және 

шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады.  

Оқу  бағдарламасында  «Физика»  пәнінің  оқу  мақсаттары  бөлімдерге  бөлінген.  Бұл 

бөлімдер  дағды  немесе  тақырып,  білім  немесе  түсінік  деңгейіне  қарай  бөлімшелерге 

бөлінеді.  Әрбір  бөлімшенің  ішінде  бірізділікті  сақтай  отырып  құрастырылған  оқу 

мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл 

мұғалімдерге  жұмысын  жоспарлап,  оқушыларды  бағалап  және  алдағы  уақытта  олардың 

қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. 

Сонымен қатар, «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған маңызды қағида 

оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.  

«Физика»  пәні  бағдарламасының  мақсаты  оқушылардың  зерттеу  дағдыларын 

қалыптастыру болып табылады. Зерттеу дағдысы болашақ мамандықта белгілі бір нәтижеге 


11 

жету  үшін  қажетті  бірден-бір  критерий  болып  табылады,  өйткені  проблеманы  зерттеу, 

идеяларды  сынақтан  өткізу,  жақсартудың  жолдарын  ұсыну  қандай  да  болмасын 

проблеманы шешу үшін әмбебап операциялар болып табылады.  

Бағдарламаның  шиыршықты  құрылымының  арқасында  көптеген  тақырыптар  екі 

немесе  одан  да  көп  рет,  материалды  біртіндеп  күрделендіре  отырып  және  үйренген 

дағдыларды  жетілдіре  отырып  оқытылады.  Физика  пәнінің  сабақтарында  оқушылар  жәй 

ғана  тәжірибелер  өткізіп  қоймайды,  мәліметтерді  жинақтайды,  жазып  алады  және 

талдайды; градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастырады, соның ішінде 

Корнфильд әдісін пайдалана отырып ақаулықтарды табады, тәжірибені өткізуге әсер ететін 

факторларды анықтайды және оны жақсарту жолдарын ұсынады. Осының арқасында, әр 

бір оқушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына 

қатысты  қорытындыны  жасай  алады.  Мысалы,  сұйықтықтың  кинематика  саласындағы 

зертханалық жұмыстар кешенін орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие «Мұнай 

–  газ  ісі»,  «Жылуэнергетика»,  «Сумен  қамтамасыз  ету»  мамандықтарын  сәтті  игеруіне 

дайындай алады.   

 «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1)  7 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  

2)  8 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  

3)  9 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.  

Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: 

1)  физикалық шамалар мен өлшеулер,  

2)  механика;  

3)  жылу физикасы; 

4)  электр және магнетизм;  

5)  геометриялық оптика;  

6)  кванттық физика элементтері;  

7)  астрономия негіздері;  

8)  әлемнің қазіргі физикалық бейнесі. 

«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 

1)  физика – табиғат туралы ғылым; 

2)  физикалық шамалар;  

3)  Физикалық өлшеулер. 

«Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 

1)  Кинематика негіздері; 

2)  Динамика негіздері; 

3)  Сақталу заңдары; 

4)  Статика; 

5)  Тербелістер мен толқындар 

«Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 

1)  Молекулалы-кинетикалық теория негіздері; 

2)  Термодинамика негіздері. 

«Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 

1)  Электростатика негіздері 

2)  Электр тогы 

3)  Магнит өрісі 

4)  Электромагниттік толқындар және тербеліс 

«Геометриялық  оптика»  бөлімі  «Геометриялық  оптика  заңдары»  бөлімшесінен 

тұрады. 

«Кванттық физика элементтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 

1)  Атом мен атом ядросының құрылысы; 

2)  Радиоактивтілік; 

3)  Элементар бөлшектер. 


12 

«Астрономия негіздері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 

1)  Жер және Ғарыш, 

2)  Астрофизика элементтері. 

«Әлемнің  қазіргі  физикалық  бейнесі»  бөлімі  «Физиканың  дүниетанымдық  мәні» 

бөлімшесінен тұрады

.

 

Жаңартылған  бағдарламаның  басты  мақсаттарының  бірі  –  физика  шамаларын 



тәжірибе жүзінде анықтау,  қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу 

және нәтижені талдау.  Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, 

оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 тәжірибелік жұмыстардан тұрады:  

ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7-сынып); 



түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7-сынып);   

жұмыстың мәнін график бойынша анықтау («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7-



сынып);   

ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру («Динамика негіздері» 



бөлімшесі 7-сынып); 

транспорт түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7 сынып); 



үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу заңдары» 

бөлімшесі 7-сынып); 

түсірілген  күштің  айналу  осіне  дейінгі  қашықтыққа  тәуелділігін  зерттеу 



(«Статика» бөлімшесі 7-сынып); 

жылу  мөлшерінің  дене  массасына  тәуелділігін  зерттеу  («Молекулалы-



кинетикалық теория негіздері» бөлімшесі 8 сынып); 

жылу мөлшерінің қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу («Молекулалы-



кинетикалық теория негіздері» бөлімшесі 8 сынып); 

әртүрлі  отынның  жану  тиімділігін  бағалау  («Молекулалы-кинетикалық  теория 



негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

заттың  фазалық  ауысу  графигін  зерттеу  («Молекулалы-кинетикалық  теория 



негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

мұздың  балқу  температурасын  зерттеу  («Молекулалы-кинетикалық  теория 



негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

булану 



жылдамдығының 

әртүрлі 


факторларға 

тәуелділігін 

зерттеу 

(«Молекулалы-кинетикалық теория негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

ішкі  энергияның  механикалық  энергияға  айналуын  зерттеу  («Термодинамика 



негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

жылулық  тепе-теңдік  орныққандағы  энергияның  сақталу  заңын  зерттеу 



(«Термодинамика негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 

бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген 



екі  бірдей  ауа  шарының  әрекеттесуін  зерттеу  («Электростатика  негіздері» 

бөлімшесі 8-сынып); 

электроскопты жасау («Электростатика негіздері» бөлімшесі 8-сынып); 



өткізгіш  кедергісінің  материал  тегіне  тәуелділігі  («Электр  тогы»  бөлімшесі  8-

сынып); 

қыздыру  шамының  қуаты  мен  жұмысын  өлшеу  («Электр  тогы»  бөлімшесі  8-



сынып); 

тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу («Электр тогы» бөлімшесі 8-



сынып); 

параллель қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу («Электр тогы» бөлімшесі 8-



сынып); 

су компасын (құбылнамасын) жасау («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-сынып); 



магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу («Магнит өрісі» бөлімшесі 

8-сынып); 


13 

түрлі  тиындардың  магниттік  қасиеттерін  зерттеу  («Магнит  өрісі»  бөлімшесі  8-



сынып); 

үйкеліс арқылы магниттеу («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-сынып); 



магниттің қасиетіне температураның әсері («Магнит өрісі» бөлімшесі 8-сынып); 

қарапайым  перископты  жасау  («Геометриялық  оптика  заңдары»  бөлімшесі  8-



сынып); 

калейдоскопты жасау («Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 



жазық айнадағы кескінді зерттеу («Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-

сынып); 

ойыс  айнаға  түскен  және  шағылған  стандартты  сәулелердің  жүрісі 



(«Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

жинағыш  және  шашыратқыш  линзадағы  негізгі  сәулелердің  жүрісі 



(«Геометриялық оптика заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру («Геометриялық оптика 



заңдары» бөлімшесі 8-сынып); 

қозғалыстың салыстырмалылығы («Кинематика негіздері» бөлімшесі 9-сынып); 



денелердің  қозғалысын  сипаттау  тәсілдері  («Динамика  негіздері»  бөлімшесі  9-

сынып); 

дененің еркін түсу үдеуін өлшеу («Динамика негіздері» бөлімшесі 9-сынып); 



денелердің  соқтығысуы  кезіндегі  импульстің  сақталу  заңын  зерттеу  («Сақталу 

заңдары» бөлімшесі 9-сынып); 

еркін және еріксіз тербелістерді зерттеу («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 



9-сынып); 

толқындардың сипаттамасын зерттеу («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 9-



сынып); 

ұялы  телефонның  жұмыс  істеу  принципі  («Тербелістер  мен  толқындар» 



бөлімшесі 9-сынып); 

аналогті сигналдың берілуі («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 9-сынып); 



Морзе әліппесі («Тербелістер мен толқындар» бөлімшесі 9-сынып). 

Осылайша,  жаңартылған  бағдарлама  70  тәжірибелік  жұмыстардан  тұрады,  ал  өз 

кезегінде қолданыстағы бағдарламада 30 тәжірибелік жұмыстар қарастырылған.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет