Білім беру бағдарламасы Оқу сараманынан өту есебі



бет1/3
Дата01.10.2024
өлшемі196,15 Kb.
#205459
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
практика


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Бизнес, басқару және туризм білім беру бағдарламасы


Оқу сараманынан өту
ЕСЕБІ

Студент: Аидынгалиева Мөлдір Бауыржановна 1 курс 6В04105¢


Тексерген жетекшісі: аға оқытушы Баудиярова Элеонора Нұрлыбекқызы

Орал, 2024


Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Қазақстандағы банк жүйесі………..………..………..………..………..……4

    1. Банк деңгейлері………………………………………………………………4

    2. ҚР Ұлттық банкі …………………………………………………..…………7

    3. ҚР- дағы банктер және банк қызметі …………………………….…………8

2.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер…….…..……9
2.1 Салықтың экономикалық мәні………..………..………..………....………..9
2.2 Салық кодексі………..………..………..………..………..………..………..11
3. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру ………..……12
3.1ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру заңы………..………..………..……12
3.1Қор көрсеткіштері………..………..………..………..………..………..……13
Қорытынды ………..………..………..………..……...………..………..………14
Қолданылған әдебиеттер………..………..…………………..………..………..15

Кіріспе
Сарамандық жұмысымыздың міндеті: оны орындай отырып теориялық оқудан алған білімдеріміздң тәжірибелік жаттығулар арқылы бекіту; Қаржылық ұйымдарды және мекемелерді реттеу бойынша ҚР заңнамаларын тереңдетіп оқу;


Құжаттармен жұмыс жасауда дағдыларды қалыптастыру. Осы жұмысымызда біз тек әртүрлі ақпараттық ресурстармен және технологиялармен жұмыс істеп қана қоймай экономикалық есептерді шешу үшін математикалық құралдарды қолдану қабілетімізді дамытамыз.
Сарамандық жұмысымзда қамтитын тақырыптар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы: жалпы банк ұғымы; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы: ҚР-дағы банктің рөлі ; «Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы: Зейнетақы жүйесі. Мұндағы қаржылық-экономикалық ақпаратты өңдеуге біз диаграмма, график немесе кесте сияқты құралдарды ыңтайлы қолдануға да үйренеміз.


  1. Қазақстандағы банк жүйесі

    1. Банк деңгейлері

Несиенің, несиелік қатынастардың және несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе – банктер пайда болды. «Банк» ұғымы итальян сөзінен аударғанда «орындық» деген мағынаны білдіреді.
Банк – уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып, оларды үстеме пайыз арқылы орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктін ресурстары ішкі ресурстар, сыртқы ресурстар және эмитенттік ресурстар болып белінеді. Ішкі каржылар-ға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігін сырттан тартылған Салымдар немесе депозиттер кұрайды.
Банк жүйесі – бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде орын алатын бір-бірімен өзара байланысқан әптүрлі банк түрлерінін жиынтығы. Нарықтық экономикасы дамыған әлемнің барлық елдерінде, Сондай-ақ Қазақстанда Орталық банк және коммерциялык банктер түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан.
Орталық банк. Орталық банк екі жақты жағдаймен сипатталады. Бірінші жағынан, оның қызметі мемлекетпен реттеледі, ал екінші жағынан, ақша-несие саясатын жүргізуде дербестілікке және тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктін негізгі қызметтеріне :

  • банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген монополиялық құқығы, тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі;

  • коммерциялық банктердің минималды резервтерін шоғырландыруы, оларға несиелік қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;

  • экономиканы акша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу;

  • үкіметтің бос ақша ресурстарын депозиттер түрінде сақтау, үкіметті несиелеуде және төлемдер жүргізуде делдалдық қызмет атқару жатады.

XVII ғасырда құрылған Англияның банкісін ең алғашқы пайда болған орталық банк деп санайды. Осы банктің құрылу тәжірибесін дамыған елдердің барлық орталық банктері алып отыр, бірақ әрбір елде орталық банктің өзіндік ұлттық ерекшеліктері де бар.
Коммерциялық банктер. Бастапқыда коммерциялық банктердің қызметі тек саудада ғана орын алды. Ал қазір «коммерциялық» термині банктің іскерлік сипатын білдіреді және ол пайда табуға ұмтыла отырып, экономиканың барлық салаларына қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымдылығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға бағытталған несиелік институттар. Коммерциялық банктер несие беру, салымдарды қабылдау, төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сату-сатып алу, сенім бойынша мүлікті басқару, мемлекеттік қарыздарды орналастыру, қаржылық-несиелік мәселелер бойынша кеңес беру, жал операцияларын жургізу сияқты қаржылық-несиелік операциялардың үлкен көлемін нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке (мемлекеттік емес) банктер ретінде сипатталады. Батыстың қазіргі заманауи банктері операциялардың 250 жуық түрлерін орындайды. Коммерциялык банктердің мемлекеттік банктерден басты айырмашылығы оларда ақша басып шығаруға деген құқығының болмауы болып табылады.
Коммерциялык банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың үлкен көлемін іске асыратын әмбебап банктер, және бір немесе бірнеше банктік операцияларды орындайтын мамандандырылған банктер (мысалы, жинақ банкі).
Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып табылады. Банктердің функционалдық мамандануы бойынша банктер
Инновациялық, инвестициялық, есептік, жинактық, ипотекалық, депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы бойынша банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық, сыртқы саудалық, ауыл шаруашы-лыктық және т.б. болып бөлінеді.
«Клиенттік» мамандануы бойынша банктер биржалык, тұтынушылық, коммуналдық, сақтандырушылық болып ажыратылады. Сондай-ақ территориялық мамандануы бойынша банктер аймактық, аймақаралық, халықаралық болып бөлінеді. Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық банктер акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 12-сі шетел қатысатын банк, оның ішінде 8 еншілес банк.
Төмендегі тізім банк активтері мөлшерінің кему реті бойынша құрастырылған.


1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.


Қазақстанда Ұлттық банктің құқықтық статусы, оның құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы Заңында» көрсетілген. Осы заңға сәйкес, ҰБ-нің мақсаты – ұлтық валюта – теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және шетелдің басқа валюталарымен салыстырғанда теңге бағасынығ тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттык банк жүйесін дамыту және нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ал ҰБ-нің негізгі міндеттеріне экономиканың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша-несие саясатын жүргізу, инфляция деңгейін бақылау және валюта бағамын тұрақтандыру жатады.
Қазақстан Республикасының ҰБ жуйесінің дамуына, нығаюына және тұрақтылығына жауап беретін институт болып табылады. Ол банк жүйесінің қызметін жалпы реттейді және әрбір жекелеген банктің жағдайын қадағалап отырады, сондай-ақ банктік жүйенің қызмет етуінің ережелері мен нормаларын қалыптастырады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы қаржы нарығының қажетті инфрақұрылымын жасау есебінен қалыптасады. ҰБ жүйесінің тұрақтылығына жауап бере отырып, банктерді ақша ресурстарымен қамтамасыз етудің тиімді тетігін жасауы тиіс.


    1. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі

Ұлттық Банкінің міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы» Қазакстан Республикасының Заңымен белгіленеді.


Ұлттық Банк өзінің кұзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жузеге асырады және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктің реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша- кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған.
Осы заңнамалық актіге сәйкес құрылған әрі уәкілеттілік берілген Қазақстан Республикасындағы банктер, олардың ішінен негізінен алғанда коммерциялық банктер Қазақстанның қаржы және кредит жүйесі ауқымындағы ақшалай-кредиттік, валюталық және қаржылық қатынастарға, халықаралық банк жүйесіндегі қатынастарға тисті лицензия - рұқсат негізінде қатысатын, сондай-ақ осы ауқымда активті және пассивті банктік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық институттар, таза нарыктык сипатты коммерциялык
Ұйымдар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңынын құрылымы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 78 баптан тұрады.

2.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

2.1 Салықтың экономикалық мәні

Қазақстан Республикасы Салық Кодексі бойынша салықтарға мынадай анықтама беріледі. Салықтар – бұл мемлекеттің заңдық тәртіппен бекіткен, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін бір жақты міндетті ақшалай төлемдер. Салық жүйесі белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір мемлекеттің территориясында салынатын салықтардың, алынатын алымдардың, төленетін төлемдердің жиынтығын білдіреді. Салық жүйесін құру бірқатар жалпы принциптерге негізделеді. Салық жүйесінің принциптері:



  • Салық салудың әділеттілігі (тепе-тендігі).

  • Салықтардың анықтылығы және нақтылылығы (салықтың мөлшері, мерзімі, тәсілі мен төлеу тәртібі салық төлеушілерге нақты анықталған және түсінікті болуы қажет).

  • Салық төлеу мерзімдері мен тәсілдерінің ыңғайлылығы.

  • Салықтарды жинаудың үнемділігі немесе тимділігі (салықтарды

  • Жинау және салықтарға қызмет көрсету шығындары бюджетке түсетін салықтық түсімдерден әлдеқайда төмен болуы тиіс).

  • Салық заңдылығының тұрақтылығы.

  • Салық салудың бір реттілігі.

  • Салық төлеушілердің барлығына бірдей дерлік салық салу талаптарының ұсынылуы.

  • Салықтық жеңілдіктер жүйесінің дәлелді болуы.

  • Салық қызметтерінің оңтайлы үйлесімділігі.

Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:
1.Фискалдық қызметі – мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтамасыз ету, бұл мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады.
2. Реттеушілік қызметі – макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сураны пен жиынтык усынысты, экономикалык өсудін қаркыны мен жұмысбастылықты реттеу.
3. Бөлу кызметі – ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалардың табыстарын, капиталды жэне инвестициялык ресурстарды бөлу және қайта бөлу.
4. Әлеуметтік қызметі – салыктар, салыкты жеңілдіктер және салық мөлшерлемелері арқылы мемлекеттің халық алдында әртурлі әлеуметтік міндеттемелерді дәстурлі түрде орындауы.
5. Ынталандыру қызметі – жеке және заңды тұлғалардың экономикалық мүдделеріне сай жеңілдіктер мен сыйақылар, тыйым салушы және шектеуші мөлшерлемелер түрінде көрінетін салық механизмінің әртурлі құралдарын қолдану.
6. Бақылау қызметі – құқықтық механизмдерге жүгіне отырып мемлекеттік билік пен заң күшіне бағыну негізінде мемлекет пен Бизнес, мемлекет пен халық арасындағы салық қатынастарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және оны қорғау.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Осыған байланысты салық элементтерін анықтауға болады. Салық элементтері:

  • Салық субъектісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті жүктелген адам.

  • Салық объектісі – салық салынатын және есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік, т.б.)

  • Салық көзі – салық есебінен төленетін табыс.

  • Салық мөлшерлемесі – салық салу бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

Салық мөлшерлемесінің келесідей түрлері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет