Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы



Дата11.01.2017
өлшемі451,01 Kb.
#7125
Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы.

Тақырыбы:



Музыка мен бейнелеу пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Әдістемелік көмекші құрал.

Көпсалалы көркемдік білім беру кабинетінің музыка пәнінің әдіскері Бертай Есмаханұлы Төкеев.




Шымкент-2010ж

Алғы сөз.


Қазақ халқының жері де кең, пейілі де кең, салт дәстүрі қандай керемет!

Қонақ келсе қуанар, бауырмашыл қазақ ата бабамыздың адамгершілігі, ой-өрісі қандай жоғары, мәртебесі қандай биік, дәстүрі қандай берік! Осыншама үлкен, кең жерді жер жәннаты қазақ жерін тұмсықтыға шоқытпай, табандыға таптатпай ұстап тұруы да ғажап емес пе?

Қазақ жерінің тамаша табиғаты, қоғамдық өмірдің сан алуан сыры көзі ашық, көкірегі ояу жандарды бейжай қалдырмай, сезімталдыққа баурап, өшпес өнерге, өзгеше тілмен түсінісетін күй және бейнелеу өнеріне алып келді.

Табиғат өзі суретші, табиғаттан үйренеріміз көп. Әрбір жазылған көркем құбылысты көріністер сан алуан бояуларымен көңіліңді көріктендіріп, жаныңды жадыратады. Ұлы шығармалар арқылы тарихтың қойнауына еніп,Желтоқсан ызғарын сезініп, ұлы Шәмші дидарымен кезігіп, әуенімен езіліп, әттеген-айлар әуендетіп, өмір өткелдері өкініштерімен өлеңдетіп тұрғандай...

Адамзат баласы ертеден сұлулыққа сұғынып, әдемілікті ұғынып, имандылыққа ұйып, өзін жамандықтан тыйып, бейнелеу өнерінің өзгеше өлмес өрімімен өріліп, күй өнерінің табиғи тылсым өзгеше тілімен тілдескен еді. Сол қасиеттерді өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында жазылған бұл дүние мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік үлкен көмегі болар деген сенімдеміз.

Оқушылардың ой өрісін, ішкі жан дүниесін, сезімталдығын дамытуда музыка мен бейнелеу өнері сабақтарын қосып өтудің маңызы зор.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ең дамыған елу елдің қатарына қосылу» стратегиясы әрбір жанға үлкен жауапкершілік пен орасан зор міндеттер жүктейді. Қоғамның дамуына үлкен ықпал жасайтын бүгінгі жас ұрпақ болса, оларға білім мен тәрбие беретін мұғалімдерге үлкен шығармашылық ізденіс пен ерінбей еңбек ету еншісінде тұр.

«Шын мәніндегі тәрбие адамның тәнін де, жанын да керемет жақсы, керемет ғажайып етіп шығаруға тиіс»-деген ұлы Платонның сөзі кешегі ата-бабамыздың шеті мен шегіне жету қиын, шапса ат тұяғы тозатын, ұшса құс қанаты талатын алып далада өмір сүріп, халықтық тәрбиені қалыптастырып, жаны сұлу жас өркендердің өмірін өзгеше өргенін сездіргендей.

Шынында да біздің өскелең ұрпақтың басында бейнебір тамырымен жұлынған талдай, басқа қатты тасты жерге отырғызылғандай күйді өткізгені және өткізіп жатқаны рас.

К.Д.Ушинский айтқандай: «Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деген қағидасы

(«Қалдырар ізің мәңгілік» Мектеп баспасы 273бет) өмір шындығына айналып, халықтық тәрбиеге аса көңіл бөле ден қоймаса болмайтындығы көрініп тұр.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,

Ойлансайшы бос қақпай елең-селең» деп ұлы Абай кемеңгер толғанса, Ана сүтімен «Бесік жыры» арқылы сәби жүрегіне енген мейірімділік, адамдық қасиет аналарымыздың ары мен бабаларымыздың қаны араласқан асқақ рухын ту еткен еді. Қаратаудай қайғыға ертеде асқан ақылдылықпен, көсем көрегенділікпен,семсердей сезімталдықпен қарап, күй арқылы, өлең арқылы, бейнелеу өнері арқылы көңіл айтып, адамдардың кірпияз көңіліне өте сақтықпен қарап, қадым жасаған. Осынау ғаламат құдіретті қасиетке ата бабаларымыз қалай жетті?Аспан әлемімен байланысып, ғарыштық биік санамен пікірлесіп, табиғатпен өзгеше

тілмен тілдескен көшпелі қазақ елінің маңдайындағы кешегі бағы бүгінгі саналы ұрпақпен қалай жалғаспақ?

«Өнер-бақыт, ақыл-абырой» дейді дана халқымыз. Ән музыка өнері оқушыларды сыршыл сезімге, сұлулыққа, рухани байлыққа жетелесе, бейнелеу өнері оқушылардың өн бойындағы қасиет-өшпес өрнекті жан жүрегі арқылы іс-әрекетке бейімдеп, сурет салуға, мүсін жасауға әкеледі. Жанына жылылық толған жан қоршаған ортасын ерекше сезіммен сүйіп, қабылдап, ақ параққа қылқалам арқылы бейнелейді. Ән және музыка сабағы мен бейнелеу өнері сабағын кіріктіріп, қосып өтудің маңызы ерекше. Біздің бүгінгі ұсынылып отырылған тақырып ел аузынан келе жатқан аңыз әңгімені біріккен сабақтар арқылы оқушыларға жеткізгелі отырмыз.

Сыныпта Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» атты күйі ойналып тұрады.

Сабақ тақырыбы: «Ұзатылған қос арудың елге жіберілген жұмбақ кестелі хаттары»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға ата бабаларымыздың рухани байлығын, тектілігін, қасиеттерін бойларына сіңдіру.

2.Музыка өнері мен бейнелеу өнері арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа баулып, олардың ішкі жан дүниесін дамыту.

3.Оқушыларды сезімталдыққа, ақылдылыққа, адамдыққа тәрбиелеп, музыка,бейнелеу өнерлеріне баулу.

4.Ел аңыздарын,ауыз әдебиетін пайдалану, зерттеу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі және пайдаланылған әдебиеттер: Музыкалық аспаптарда күйге арналған үнтаспалар. Суреттер. Музыкалық аспаптар. Магнитафон. «Қалдырар ізің мәңгілік» Мектеп баспасы 273бет.


Сабақтың түрі: Дуэт сабақ.

Сабақты өткізу әдіс-тәсілдері:

1.Баяндау.

2.Сұрақ-жауап.

3.Ойландыру, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру.

4.Ізденушілік,сезімталдық қабілетін ояту.

5.Музыка тыңдату, суреттер салдыру арқылы ішкі жан дүниесін дамыту.

6.Халық педагогикасын пайдалану.


Пәнаралық байланыс:

1.Тарих.


2.Әдебиет.

3.Музыка.

4.Бейнелеу өнері.

5.Психология.

6. Еңбек.

Жаңа сабақ:

«Бүгінгі ерке қызбала, ертеңгі күнгі ізгі ана»-деп қазақ елі болашағын болжап, қызбаласын қатты қадірлеген. Ешқашан қатты ренжітпей, көзінің қарашығындай сақтап, бойжеткен сәтінде жүрегінің бір бөлігін жұлып бергендей тағдыр қосқан қосағына жасау жабдығымен, сый сыяпатымен, қимастық сезіммен аттандырып отырған. Ұлттық киімдерін өте сәнді ерекше әсем етіп тігіп,өмірі де сондай көркем болсын десе, сәукелелі бөркінің ұзын етіп, төбесі биік етіп тігілгені мәртебесі сондай биік, беделді болсын дегені еді.

Төскейде малы, төсекте басы қосылған ел көктеммен көгеріп, жазбен жадырап, күзбен көңілсіз күйге еніп, қыспен қысылатын. Кең даланы бауырына басып, таудың биіктігіне қыран болып талпынған, жұлдыздарға құшақ жая, алыстағы ай арқылы мал мен жанның жағдайын жасап, болашақты болжаған. Елінің ертеңі, үйінің көркемі, арманының желкені болған ұл-қыздарының тағдырына бейжай қарай алмаған.

«Бала қамы-түпсіз теңіз, терең-ді,

Әке-шеше уайымын жер енді.

Болса кімде әйел,қызы,бала да

Қамкөңіл жан тыныш ұйқы таба ма?-деп жырлаған Ж.Баласұғұнидың жыры осыған дәлел. Кестелі орамал бойжеткен қыздан жігітіне берілетін жүрек сырындай, махаббат жырындай

киелі зат қаншама жанға күш-қуат берді,жылы шуақ өрді, қуаныш-құт сыйлады.Осының айғағы соғыс жылдарында сазгер Мұқан Төлебаевтың «Кестелі орамал» атты әнінде:

Кестелі ақ жібек орамал,

Алыстан жолдаған сүйген жар.

«Жауынгер жарым-сен есіңе ал!-

Деп жазған оюлы хаты бар...»-деп жырланған еді.

Ертеде қос ару бір мезгілде тұрмысқа шығады. Барлық салт дәстүрімен аттандырылған қыздардан көп уақыт өте келе ата-аналарына кестелі орамалмен сәлемдеме жетеді.

Кестеге тігілген жұмбақ құпия хаттарды шеше алмаған ата-аналар елдегі ғұлама қарияны арнайы шақырып, шешкізеді. Бірінші кестелі орамалда

суреттелген ашық күн астында жұптарымен ұшып бара жатқан аққулар, жайнап, жайқалған көл, балапандар мамыражай күйде, орамал ою өрнекпен моншақтар қосып, безендірілген. Ашық көз тартар жарқын бояулар да тігілген кестелі орамал көз тартады.



Ал екінші кестелі орамал тіптен керісінше суық түстерде бейнеленген. Көңілінің қошы жоқ ару қыз дел-сал күйде уайымда қалғандай бірі тұрып, екіншісі жерде қараңғылықта отыр. Осы сәтте оқушыларға ой туғызатын, іс-әрекетке көшіретін, дамытатын сұрақтар қойылады:

  1. Қуанышты сәттер, әсемдік, сұлулық, жүрекке жақын жарқын бейнелер қандай түстермен боялады?

  2. Қайғы, қасірет,мұң, уайым, суық, ызғар, күдік, құпия, тылсым куштер қандай түстерге тән?

Ғұлама қария ойлана, толғана мынадай шешімге келіп, ойын ортаға салып, жұмбақтың шешуін былай шешті:
Бірінші кестелі орамалда «Ашық күн»-көтеріңкі көңіл күйді, ертеңгі күні мен болашағы айқын екенін білдіреді.
«Жұптарымен ұшып бара жатқан қос аққу»-қосағымен өте бақытты екенін, қиындық пен қызықта бірге түсіністік пен керемет сүйіспеншілікте екенін көрсеткен.




«Жайнап жайқалған көл»-берекесі мен ынтымағы зор екенін мол байлық пен бақытқа кенелгенін айтқан.


«Балапандар мамыражай күйде»-өзінен тараған сәбилері аман есен шат шадыман күйде екенін көрсеткен.

«Ою өрнекпен, моншақтармен безендірілгені»-өмірінің өте қызықты, мәнді, мағыналы екенін түсіндірген.





Екінші кестелі орамалда тұмандағы суық бояулар ертеңгі күннің бұлыңғыр, көңілсіз жағдайда екенін кестемен бейнелеген.


«Бір қыздың тұрып, екінші қыздың жерде отырғаны»-«Тұрсам опақ, отырсам сопақ» дегені екен, яғни барлық сәтте қатал

қадағалауда, ешнәрсеге билігі жоқ екенін, сағыныш пен мұңда жүргенін кестемен бейнелеген.


Осы әңгімелер бойынша оқушылар ерекше сезіммен іске кірісіп, екі қыздың тағдырын бейнелейді. Бақытты қыз бен бағы ашылмаған қызды Н.Тілендиевтің «Аққу», «Аңсау»күйлерін тыңдау арқылы бейнелейді.

Сабақ соңында оқушылар аяқтаған жұмыстарын қорғап, отбасы, сыйластық, ынтымақ бірлік, ата-аналары туралы ой пікірлерін ортаға салып, сұрақ жауап арқылы қорытынды жасалынады.


Музыканың құдіреттілігінің маңызы, бәлкім ол жанды тебірентер күй болсын немесе елжіретер ән болсын өзінің әсем әуенімен жүректі жылытып, сананы сағыныш билеп, жан дүниемізге қозғау салынып, көз алдымызға елес бейнеленіп,өзгеше өрнек өрілуіне себепкер.

Музыканы жазатын таңбаларды нота десек, сол ноталарды бейнелеу өнері арқылы күнделікті кездесетін бейнелер арқылы кеспелерде маңызын ашып, оқушылардың ішкі жан дүниелерін мақал мәтелдердермен байланыстыра дамытып, тәрбиелік мақсатта үйретуге болады.


Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол заттың маңызы туралы не білесің?



Мақал мәтелдермен байланыстыр өзіндік сөз қорыңды толықтыр.



О
Жауаптары: Бүтін нота. Айланпашаққа ұқсайды. Ат оралып шалынып құламас үшін,еркін жайылуы үшін арқанның ортасына қойылатын құрал.

Мақал мәтелдер:

Екі аяғың пырағың,

Екі көзің шырағың.


Тұлпар-ер қанаты.
Көңіл жүйрік пе?

Көк дөнен жүйрік пе?


Тұсаулы мал ұзамас. (Ю. Баласағұни)
Сәйгүліктің арқасын жауыр қылма (М.Қашқари)
Ат шабады-ер шаттанады (Қорқыт)
Арпасыз ат қыр аспас. (М:Қашқари)

Ер-атымен, құс-қанатымен. (М:Қашқари)

Андыз болса ат өлмес. (М.Қашқари)

Қотыр ат көлік болмас (М.Қашқари)

Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол туралы не білесің? Мақалдар келтір. Жұмбақ жасыру.


О
Жауаптары: Бүтін нота. Күнге ұқсайды. Күн- тіршілік көзі, жарық,жылу өмір негізі.

Мақалдар:

Адамның күні адаммен.
Білімсіз күнің қараңғы,

Сондықтан оқыт балаңды.


Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.


Жаманға күнің түспесін.
Жаманның күні де қараңғы, түні де қараңғы.

Өлең:


Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.

Күніне тоқсан тоғыз көрсең пәле,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан!


Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман!

Жұмбақ: Өзі-көзі, көзі-өзі. (Күн)
Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол заттың маңызы туралы не білесің?
О

Жауаптары: Бүтін нота. Сазсырнайға ұқсайды. Сазсырнай саз балшықтан жасалынатын музыкалық үрмелі аспап. Аспап зерттеуші ғалым Болат Сарыбаевтың тындырымды еңбектерінің арқасында көне Отырар қаласында қазба жұмыстары барысында сазсырнайдың өте көне түрі табылды.

Ұлы ғұлама ғалым Әбунасыр Әл-Фараби (873-950) «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегінде сазсырнайға арнайы тоқталған, үрмелі осы аспаптың сол замандарда болғанын арнайы зерттеулері дәлелдейді.
Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол заттың маңызы туралы не білесің?
Жауаптары: Сегіздік нота. Ожауға ұқсайды. Ожау негізінен ас құюға соның ішінде қымыз құюға кеңінен пайдаланылады.Қымызды күнделікті үзбей алты ай ішкен адамның қаны тазарса, бір жыл үзбей ішкен жанның сүйегі қайта жаңаратынын ата бабалар айтып кеткен. Қымыздың пайдасының орасан зор екендігі бұл күнде ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Қымыз бие сүтінен өте ұқыптылықпен дайындалады.
Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол заттың маңызы туралы не білесің?

О

Жауаптары: Бүтін нота. Көзілдірікке ұқсайды. Көзілдірікті көздің көру қабілеті нашарлағанда немесе әртүрлі жағдайлардан қорғану мақсатында пайдаланады. Көзді кішкентай кезден сақтап, қорғау керек.Ол партада дұрыс отырып, оқу ережелерін сақтаудан, дұрыс тамақтанудан бастау алады. Өте ащы тағамдар, спиртті ішімдіктер, темекі, қараңғы жерде оқу көзге өте зиянды.

Мақалдар: Екі көзің шырағың,

Екі аяғың пырағың.


Көзден кетсе, көңілден кетер.
Ауыз жесе, көз ұялар.

Көзің ауырса қолыңды тый,

Ішің ауырса аузыңды тый.
Көз қорқақ, қол батыр.
Ғашықтың тілі-тілсіз тіл,

Көзбен ұғып, ішпен біл. (Абай)

Бұл қай нота? Неге ұқсайды?Осы әріптен басталатын мақал мәтелдерді айт.Осы әріптен басталатын қасиетті, киелі атауларды ата.
О 0
Жауаптары: Бүтін нота. О әрпіне ұқсайды.

Ойланбай сөйлеген опық жер.

Отан-елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі.

Ойнақтаған от басар.

Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

Отан оттан да ыстық.

Отан үшін отқа түс күймейсің.

Бауыржан Момышұлы.

Отан от басынан басталады.

Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмас.

Отан үшін күрес,

Елге тиген үлес.


Қасиетті, киелі атаулар:

Отан, Ордабасы, отбасы, ождан, ораза, Отырар.


Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Жалпы сипаттама бер. Жеміске байланысты мақал мәтелдерді айт.

Жауаптары:Сегіздік нота. Жапырақты алмаға ұқсайды.

Алманың пайдасы түсіндіріліп, паюандау әдісі үйретіледі.

Жеміс, ағаш туралы мақал мәтелдер:


Ағашы аласа болса,

Алмасы тамаша болар.


Мәуелі ағаш майысқақ.
Бір тал кессең, он тал ек.
Көркем сөз көрікті ойдың жемісі.
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,

Еменнің майысқаны сынғаны.


Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол туралы не білесің?Ел, жер туралы мақал мәтелдер келтір.

0

Жауаптары: Бүтін нота. Жер шарына ұқсайды. Адам ата Хауа анадан тараған ұрпақ осы жер шарын мекен етіп келеді. Жер шарын қорғау әрбір отбасының татулығынан, ынтымақ бірлігінен бастау алады.

Мақал мәтелдер:

Ел іші-өнер кеніші.

Туған жер-алтын бесік.

Туған елді, өскен жерді құрметтеу-басты парыз,

Алтын ұя мектепке, асыл ұстазға әр адам қарыз. (Б.Төкеев)
Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Мәні мен мағынасын түсіндіріп бер.

Мақал мәтелдермен байланыстыр.




О

Жауаптары: Бүтін нота. Спорттық допқа ұқсайды. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты боп, өзін ылғи да сергек сезінеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту мақсатында мектепте волейбол, футбол ойындары ұйымдастырылады. Денсаулығымыз мықты болып, ұзақ,бақытты өмір сүруіміз үшін спортпен ерте бастан шұғылдануымыз керек.

Мақал мәтелдер:

Спорт-денсаулық кепілі.

Спорт-өмірлік серік.

Шынықсаң шымыр боласың.

Денсаулық-зор байлық.

Дені саудың жаны сау.

Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет.(Құтып)
Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Оның мәні мен мағынасын түсіндіріп бер. Мақал мәтелдер келтір.


о
Жауаптары: Бүтін нота. Айға ұқсайды. Ертеден қазақ елі туылған жаңа ай арқылы сол айдың қалай болатынын дәл болжап, мал жанның жағдайын жасап отырған. Ай туылғанын көрген ата қолын жайып: «Ай көрдім аман көрдім, баяғыдай заман көрдім, жаңа айда жарылқа, ескі айда есіркедің»-деп ұрпағының амандығын,жақсылығын тілеп бет сыйпаса, келіндер айға сәлем жасап ізеттілік танытатын.

Айдың шаруаға жайлы,жайсыздығын анықтау жолдары оқушыларға түсіндіріледі.

Мақал мәтелдер:

Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне.


Айына көрмесе ағайын жат,

Жылына көрмесе жекжат жат.


Айы туса оңынан, күні туар соңынан.
Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Заттың маңызы мен зиянын ашып бер. Денсаулық, спорт туралы мақал мәтелдер келтір.

Жауаптары: Ширектік нота. Шылым шегу үшін қолданатын құрал түтікше. Шылым денсаулыққа өте зиян. Оның өкпенің. есте сақтау қабілетінің нашарлауына, асқа деген тәбеттің төмендеуіне, өмірдің қысқаруына қатты ықпал ететіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мақал мәтелдер:

Спорт-денсаулық кепілі.

Спорт-өмірлік серік.

Шынықсаң шымыр боласың.

Денсаулық-зор байлық.

Дені саудың жаны сау.

Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет.(Құтып)

Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Мәні мен мағынасын ашып бер. Авторы кім?



О

Жауаптары: Бүтін нота. Елтаңбаға ұқсайды. Елтаңбада көрсетілген шаңырақ Қазақстандағы жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақтың астындағы ынтымаы, бірлігі, татулығы суреттелген. Жұлдыз елдің абыройының асқақтығы болса, қанатты пырақтар қайсарлығымен алға ұмтылыу, ілгерілеу арқылы болашақтың зор екенін көрсеткен. Елтаңба авторы Шотаман Уәлиханов.

Бұл қай нота? Неге ұқсайды? Ол туралы не білесің?

Мақал мәтелдер келтір.



О 0
Жауаптары:Бүтін нота. Нолъ санына ұқсайды. Нолъге нолъді қоссақ нолъ болады. «Бары жақсы, жоқтан Құдай сақтасын»-дейді дана халқымыз.

Мақал мәтелдер:

Бірлік бар жерде тірлік бар.

Көп түкірсе көл .

Саусақ бірікпей ине ілікпейді.

Көп қорқытады, терең батырады.

Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан.
Ағайының көп болса ,

Басыңда тұрар әруағың.

Ағайының жоқ болса,

Шайнауда өтер бармағың (Майлықожа)


Бұл қай нота? Ұқсастығы нені білдіреді? Маңыздылығын түсіндіріп бер. Мақал мәтелдер келтір.


О

Жауаптары:Бүтін нота. Сегізінші наурызды білдіреді. Клара Цеткинаның бастамасымен Европада әйелдер теңдігі қолға алынып Халықаралық әйелдер мерекесі өткен ғасырдан бері тойлана бастады.Ана- өмір бастауы, тіршіліктің тірегі.

Мақал мәтелдер:

Ананың хақы-Құдайдың хақы. (Қорқыт)

Ата-ананың сөзін жерге тастама,

Байып алсаң-менмендікке бастама. (М.Қашқари)

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы,жаман болса бала-солардан. (Ю.Баласағұни)

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Бұл қай нота? Ұқсастығы нені білдіреді? Маңыздылығын түсіндіріп бер.


О
Жауаптары: Бүтін нота. Ұқсастығы велосипед дөңгелектерін елестетеді. Қазақ елінде алғаш ол «Шайтан арба» деп аталды.Оқушылар алғашқы велосипедтен бастап қазіргі соңғы үлгідегі машиналарға дейін әңгімелеп береді.

Бұл қай нота? Ұқсастығы нені білдіреді? Маңыздылығын түсіндіріп бер.




О

Жауаптары: Бүтін нота. Ұқсастығы тұқымды білдіреді. Тұқым немесе тағы бір атауы жұмыртқа адам ағзасына өте пайдалы. Жұмыртқа адамға күш қуат беріп, қажет дәрумендердің орнын толтырады. Қазақстан бойынша арнайы құс шаруашылығымен айналысатын фабрикалар бар. Олар жұмыртқамен қоса ет өнімдерін және басқа да өнімдерді дайындап шығарады. Мысалы тауық жүнінен мамық жастықтар әзірлейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Сөз атасы» Алматы «Жазушы»1987

  2. «Қалдырар ізің мәңгілік» Алматы Мектеп баспасы 2002

  3. «Беташар» Алматы Өнер баспасы 1991

  4. «Сырлы саздар тағылымы» Алматы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999

5.Б.Сарыбаев. «Қазақтың музыкалық аспаптары»

Пайдаланылатын көрнекіліктер:

1. Төкеев.Б.Е. Үнтаспа «Бақытты бір сәт» атты музыкалық,психологиялық тренинг.

2. Қазақ музыкалық энциклопедиялық фоно хрестоматиясы. Білім және ғылым министрлігі бекіткен үн таспа.

3. «Жалын»Республикалық әдеби көркем және әлеуметтік журнал.№9. 2009жыл.1бет, 97 бет М.Нұрпейіс, «Көңіл көктемі», «Қыз ұзату» суреттер.

Қорытынды.

Музыка пәнінің мақсаты-оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.

Әдістемелік көмекші құрал қоғамдық өмірдегі рухани дүниелерге бағыт беріп, музыкалық сауаттылыққа ықпал етіп, халық музыкасына құрметпен қарауға, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелейді.

Оқушылардың жан-жақты дамуына, ойлану арқылы іс-әрекетке көшіп, сабаққа деген белсенділігі арттырылуына, ізденімпаздыққа әсер етеді.

Әдістемелік көмекші құралда эстетикалық және этикалық ұстанымдар басшылыққа алына отырып, оқушыларға музыка мен бейнелеу өнерінің көркемдік сырларын танып білуге, оның мазмұны арқылы адамзатқа жақсылық жасау, сүйіспеншілік пен сыйластық сияқты ұғымдарды сезінуге мүмкіншілік береді.

Мазмұны.



  1. Алғы сөз-----------------------------------------------2бет

  2. Теориялық мағлұмат беру-------------------------3бет

  3. Сабақ үлгісі-------------------------------------------4бет

  4. Музыка мен бейнелеу пәндерінің

сабақтастығы-----------------------------------------7бет

  1. Нотаға ұқсас заттардың маңыздылығын ашу,

өмірмен байланыстыру----------------------------8бет

  1. Нота үйретудегі халықтық педагогиканы

пайдалану жолдары, тиімділігі-------------------11бет

7. Қорытынды-------------------------------------------18бет

Пікір.

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының «Көпсалалы көркемдік білім беру» кабинетінің музыка пәнінің әдіскері Бертай Есмаханұлы Төкеевтің дайындаған «Музыка мен бейнелеу пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» атты әдістемелік көмекші құралы мұғалімдер мен оқушылар үшін маңызы зор.



Мұғалімдердің ізденуіне, оқушылардың жан-жақты дамуына әдістемелік көмекші құралдың ықпалы мол. Халықтық педагогикадан бастау алып, оқушылардың ойлау қабілетінің дамытылуына, мұғалімдердің шығармашылық жұмыспен айналысуына, ізденімпаздығына жол ашады деп сенім білдіремін.

ОББББЖЖТ;ПКБАжәнеҚД

орталығының әдіскері, педагогика

ғылымының кандидаты Айдарбек.Б.Ә.

Пікір.

«Көпсалалы көркемдік білім беру» кабинетінің әдіскері Бертай Есмаханұлы Төкеевтің «Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» атты әдістемелік көмекші құралымен таныса келе адамдық қасиеттерді өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында жазылған бұл әдістемелік құралдың маңызы зор екені байқалады. Бұл еңбекте халықтық педагогикаға аса мән беріліп, оқушылардың жан-жақты дамытылуы көзделген. Әдістемелік көмекші құрал мына бөлімдерден тұрады:

1.Алғы сөз.

2.Теориялық мағлұмат беру.

3.Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы.

4. Нотаға ұқсас заттардың маңыздылығын ашу, өмірмен байланыстыру.

5.Нота үйретудегі халықтық педагогиканы пайдалану жолдары, тиімділігі.

6. Сабақ үлгісі.

7.Пайдаланылған әдебиеттер және көрнекіліктер.

8.Қорытынды.

Осы әдістемелік көмекші құрал бейнелеу өнері мен музыка пәндері мұғалімдерінің шығармашылықпен айналысуына ықпал етеріне, оқушыларға көркемдік білім мен әсемдік тәрбие беруде көмекші құрал болып, олардың педегогикалық шеберлігін этнопедагогика идеялары арқылы дамуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.
ОББ ББЖЖТ, ПКБАжәне ҚД орталығының

«Педагогика және психология»

кафедрасының басқарушысы,

педагогика ғылымының кандидаты Матаева.С.Р.

Көпсалалы көркемдік білім беру кабинеті.

Хаттама №3 20.05.2010жыл.

Қатысқандар саны-4

Күн тәртібіндегі мәселелер:


Музыка пәнінің әдіскері Бертай Есмаханұлы Төкеев дайындаған «Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» атты әдістемелік көмекші құралын талқылау.

Тыңдалды:

Музыка пәнінің әдіскері Бертай Есмаханұлы Төкеев сөз алып, «Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» атты әдістемелік көмекші құралының маңыздылығына тоқталды. Бұл еңбекте халықтық педагогикаға аса мән беріліп, оқушылардың жан-жақты дамытылуы көзделгенін, әдістемелік көмекші құрал мына бөлімдерден тұратынын айтты:

1.Алғы сөз.

2.Теориялық мағлұмат беру.

3.Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы.

4. Нотаға ұқсас заттардың маңыздылығын ашу, өмірмен байланыстыру.

5.Нота үйретудегі халықтық педагогиканы пайдалану жолдары, тиімділігі.

6. Сабақ үлгісі.

7.Пайдаланылған әдебиеттер және көрнекіліктер.

8.Қорытынды.

Пікір сайысқа кабинет басқарушысы Қарсыбаева Сәрсенкүл Амангелдіқызы шығып, әдістемелік көмекші құралдың бүгінгі таңда өте қажет екендігіне тоқталды.

Жарыс сөзге шыққан Жұманов Ержан Қалдыбекұлы әдістемелік көмекші құралдың мұғалімдердің шығармашылығына, оқушылардың жан-жақты дамуына игі әсер ететіне сенім білдірді.

Қаулы:
«Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» атты әдістемелік көмекші құралдың маңыздылығы атап өтіліп, арнайы ғылыми кеңеске ұсынылсын.


2010жылдың мамыр айының 11-мен 22-ші жұлдыздары аралығында «Оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастырудағы музыка сабағының маңызы» тақырыбында курстан өткен тыңдаушылардың музыка пәнінің әдіскері Төкеев Бертай Есмаханұлының«Музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің сабақтастығы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту» атты әдістемелік көсмекші құралымен танысып,маңызы зор, қажет-деп пікір білдіріп, қол қойған тізімі:
1.Дүйсебай Әбілхан
2.Қожагелдиева Құттықыз
3.Жорабек Бақтыкүл
4.Керимбекова Бақыткүл
5.Мұсабай Алмас
6.Оразов Ақәділ
7.Қадиркулов Мадикарим
8.Телъгозина Динара
9.Тазабеков Пернебек
10.Имамалиев Закиржан
11.Юнусова Сурая
12 Нуритдинова Гулнар
13.Тулешов Нағашбек
14.Тұрмаханов Марат
15.Мауленов Бақдәулет




Каталог: jobalar -> orleu -> bertai
bertai -> Бақытты бал дәурен Шымкент-2013жыл
bertai -> Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны
bertai -> Фарабиге арнау. (Әні бар) 1 Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, Бұлбұл үні естіледі бақтағы
bertai -> Бір сен деп Таңменен тұрдым «Бір сен»-деп
orleu -> АҚ «Өрлеу» ОҚо пқбаи дбо тренері Шолпан Аблакимовна Оспанкулова \2015 жыл қаңтар\ Диалогтық оқытудың оқушының белсенділігін арттырудағы маңыздылығы
bertai -> Төкеев Бертай Есмаханұлы ГҮл сезім шымкент 2009 Гүл сезім
orleu -> Оқушылардың метатанымын қалыптастыру аясында жүргізілетін жұмыстар Исмайлова Уркия Курбантаевна
jobalar -> Білім көздері: Тіл дамыту Тақырыбы:«Ойыншықтар әлемі» Мақсаты
orleu -> Дінтану негіздері курсын оқытуда діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды меңгерту «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет