Білім беру министрлігі жауапты редакторы М. Б



бет1/4
Дата25.01.2017
өлшемі2,44 Mb.
#7711
  1   2   3   4
С. Мырзабеков

 

 



Қазақ тілінің фонетикасы

 

 



 

ББК 81.2Қаз-1

М91

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

 

Жауапты редакторы М. Б а й г і с и е в а

 

Мырзабеков С.

М 91 Қазақ тілінің фонетикасы: Оқу құралы.— Алма-ты; “Қазақ университеті”, 1993 — 136 бет.

ІSВN 5-7090-0090-6

Соңғы ондаған жылдар бойы казақ тілін оқытуға, оның ғылым ретінде жан-жақты зерттелуіне деген көзқарас қаншалықты төмен деңгейде болса, түрлі оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарьн әзірлеу ісі де бүгінгі заман талабына сай емес. Автордың қазіргі қазақ тілінің негізгі курсы — фонетикаға арналған бұл оқу құралында тіліміздің дыбыстық жүйесінің теориялық негізін, дауысты, дауыссыз дыбыстар, сөздердің буындық құрылымын, сондай-ақ транскрипцияны талдап-түсіндіруде тың зерттеулерге суйенген.

Оқу құралы мектеп оқушылары мен муғалімдеріне, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналады.

© Мырзабеков Сапархан, 1993



М А З М Ұ Н Ы

I Кіріспе

Фонетика туралы түсінік
Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер

Дыбыс, әріп, фонема

Транскрипция

Дыбысты қарастырудың үш аспектісі

II Дыбыстардың жіктелуі

Дауыстылар мен дауыссыздар
Дауыстылар

Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер

Кейбір әріптердің дыбыстық бейнесі

Дауыссыздар

Дауыссыздардын, айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер

Үнсіздер
Үнділер

III Буын

Буынның сипаты
Буынның түрлері

Сөздердін, буын құрамы

Буын құрамының өзгеруі

Сөздің буын санынын, артуы мен кемуі

IV Дыбыстардың үндесуі

Үндестік заңы
Дыбыстардың алмасуы

Ықпалдың түрлері

Бунақ және екпін

Сингармонизм

Тіл үндестігі

Ерін үндестігі

Аккомодация

Дауыстылар мен дауыссыздардын. үндесуі

Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі

Ассимиляция

Прогрессивті ассимиляция

Регрессивті ассимиляция

Тоғыспалы ассимиляция

Диссимиляция

Тілдегі әр. түрлі фонетикалық құбылыстар

Графика жэне орфография

Орфоэпия
Графика және орфография

Графиканың мәні және алфавит
Әріп пен дыбыс. Әріптердің дыбыстық мәні

Орфография

Пунктуация

Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері

 

 



 

1. Кіріспе



ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Тілдік қатынас әдетте екі түрлі формада болады: ауызша және жазбаша. Жазбаша беріде, жазумен байланысты пайда болды. Ал, ауызша форма ойды білдірудің құралы, қатынас құралы — тілмен ол алғаш пайда болған күннен бері бірге жасасып келеді. Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі — тілдің ауызша формасы. Бұдан жазбаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау керек. Текске (жазуға) фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді.

Адам баласының тілі — дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасында іске асады. Сондықтан да тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор. Дыбыстық өзгерістерді есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінін, өзгеріп дамуын айқындау мүмкін емес.

Фонетика (гр. рһопе — дыбыс, рһоnёtікоs — дыбыстық) — тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Атап айтқанда, фонетиканың қарастыратын мәселелеріне мыналар жатады: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.

Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяңдану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудын, сырын түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық. байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді.

3

Ана тіліндегі дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де өте қажет.



Зерттеу мақсатына карай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы болып келеді.

Сипаттамалы (синхрониялық немесе статикалық деп те аталады) фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалык жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі осы саланың объектісі болып табылады. Қазіргі мектептер мен педучилищелерде және жоғары оқу орындарында оқылатын фонетика осы сипаттамалы фонетикаға жатады. “Қазіргі қазақ тілі курсы” бойынша жоғары оқу орындарында оқылатын фонетика оқулығы елуінші жылдардың бас кезінде жазылып, 1954 жылы “Қазіргі қазақ тілі” деген атпен шыққан тұңғыш академиялық оқулықтың бір тарауы болып енді [19]'. Авторы — Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі С. Кеңесбаев. Содан бері екі рет қайта басылып шықты [15]. Бұл — осы күнге дейін жоғары оқу орындарына арңалған бірден-бір фонетика окулығы болумен бірге осы саладағы зерттеулердің бәріне бағыт-бағдар сілтеп келе жатқан еңбек. Алайда 40 жыл бұрын жазылған оқулықта бұл күндері сын көзбен қарауды қажет ететін мәселелер де кездеседі.

Қазіргі қазақ тілінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген мың-мыңдаған сөздер бар. Біз оларды орыс тіліндегідей етіп айтуға, сондай-ақ жазуға тиіспіз. Мұның өзі орыс тілі фонетикасымен де етене таныс болуды талап етеді. Орыс тілінің дыбыс жүйесін, фонетикалық заңдылықтарын жақсы білгенде ғана әлгіндей сөздердің айтылуы мен жазылуын дұрыс меңгеруге, екінші ана тілімізді жетік білуге мүмкіндік туады. Орыс тілі оқулықтар мен оку құралдарына бай [47; 49;51].



Тарихи (диахрониялық) фонетика тілдің дыбыстык жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады[35].

1 Бұл [цифр] әдебиет тізімінде берілген еңбектің аты-жөнін білдіреді. Үтірден соң беті, нүктелі утірден соң басқа еңбек көрсе-тіледі.

4

Тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардын, өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады [57]. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-бірімен тығыз байланысты болады да, зерттеулерде қатар қолданылады.



[53).

Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді [51; 55].

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР

Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін (метод) қажет етеді. Олай болатыны фонетика бір жағынан акустикалық (немесе физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан физиологиямен (сондай-ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер ,мұңда да қолда-нылуға тиіс. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сөйлеуді зерттеуде қолданылатын әр түрлі апараттарды сонымен байланысты қарайды. Бұдай аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген үғым тумауға тиіс. Фонетика саласынан мынадай бір қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптаскан орны, үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей, қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік: ат-дың, ат-ға, ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса, бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар айту мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.

Дегенмен, дыбыстардың акустикалық мінездемесін — күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.

5

Экспериментті фонетика (дұрысы, экспериментті-фонетикалық әдіс)—сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу.



Экспериментті-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн:

1) акустикалық әдіс, бұл арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады; 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысьш тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.

Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың (аппараттың) түріне карай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда:

Акустикалық әдіс: 1. Кимографтық ә д і с; 2. Осциллографтық әдіс;3. Спектографтық әдіс.

Соматикалық әдіс: 1. Палатографтық әдіс; 2. Рентгенографиялық әдіс; 3. Қинофотоға түсіру әдісі.

Экспериментті фонетика қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда [32; 41—45; 56].

ДЫБЫС, Ә Р І П, ФОНЕМА

Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте, мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл — жазылған (көзбен көріп отырған) тіл, яғни сөзді қатесіз етіп жазу және жазылуындай етіп оқу. Ал, айту (сөйлеу) оның шылауында кете береді. Тілдің фонетикалық құрылысын дұрыс меңгеру үшін алдымен осындай қате түсініктен арылу керек.

Дұрысының өзі жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Тіпті үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы — дыбыс. Әріп — сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, > т. б.) өрнектей беруге болады. Өзімізге мектептен таныс қағида:

6

дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріпті оқу, айналып келгенде, дыбысты айту болып шығады.



А. Байтұрсынов өзінің “Тіл — құрал” деп.аталатын еңбегінде осыны айрықша қадағалап айтқан: “Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетің, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе” [6, 10]. Содан бері 70 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым қағиданы әлі күнге пайымдай алмай келеміз.

Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен а, э, ұ, ү), кейде бір әріп (мәселен ю, я) бірнеше дыбыстын. қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мәні жоқ.

Әріп пен дыбыстын. бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, ескер; мен т. б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуда оқұ, ойламба, тоңға, башшы, көссүз түрінде болады. Әңгіме дыбыс туралы болған кезде әр кез сөздің айтылуы ескеріледі.

Тіл дыбыстары — адамның дыбыстау мүшелерінін, қызметінің жемісі. Дыбыс — тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар — тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалдар қызметін атқарады.

Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар типтерін (түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, көз, жер, су, адам, үй, қоян, сиыр, ауыл, қала сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар (дыбыстар типі) сөзді тануға қызмет етеді.

Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат, жау; бар, бер, бор, бұр, бүр, бір сияқты дыбыс тіркестерінің әр

7

түрлі сөздер екенін бірден ажыратады. Өйткені бұларда бір-біріне үқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір ғана сөзді (мал) тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ (малы, малды, малым т. б.) онда бір сөзден әр түрлі форма өрбиді де, дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады.



Қысқасы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға, (жасауға), тануға (түсінуге), ажыратуға қызмет етеді. Бүл, дұрысы, фонемалардың негізгі қызметі (функциясы).

Фонема деген не? -

Фонема (гр. рһопёта дыбыс)— сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы.

Тілде әдетте біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр турлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт, деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ т дыбысы бар.

Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол дыбысы) бірде жуан (ат, от), бірде жіңішке (ет, өт), бірде еріндік (от, өт), бірде езулік-(аг, ет) болып, біршама ауытқу ерекше-ліктерімен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, реңк тіл білімінде аллофон (гр. аllоs басқа) делінеді. Сондыктан сөз дыбыс емес, фонемадан құралады десе де болады.

Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған — орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ [47, 31]. Осы уақытқа дейін туркологияда, соның ішінде қазак тіл білімінде де фонема өз қолдауын тауып келеді. Тіліміздің дыбыстық жүйесін тыңғылықты зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков осы үғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін түркологтардың ішінде алғаш аңғарды [44, 60]. Ол индоевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатыныкн дәлелдеді [45, 6]. Мұның өзі біздің тіліміздегі ең күшті заң — сингармонизмнен туындайтынын аңғару киын емес.

Алда Ә. Жунісбековтің есімі әлденеше рет қайталанатын болады.

8

Ол фонетика саласындағы тұңғыш ғылым докторы [42—45]. Ғалым тіліміздегі дыбыстардын. саны мен сапасы, сингармонизмнің сипаты, әсіресе, сөз екпіні жайында түркологияда қалыптасқан қасаң қағидадан өзгешелеу, соны сүрлеуімен ерекшеленеді. Бұл сүрлеу даңғыл жолға айналуға тиіс. Түбінде солай болады да. Әзірше өзімізге мектептен үйреншікті дыбысты пайдаланамыз.



Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы. ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан да дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді. Орыс тілінде олай емес, дауыссыздардын, жуан, жіңішке айтылуының (угол уголь, стол столь, мел мель, тол толь, кол коль, кон конь т. б.) сөз мағынасына әсері болады. Сондықтан олар бас-басына жеке фонема болады.

ТРАНСКРИПЦИЯ

Графика тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбысты немесе дыбыстардың қосындысын бейнелейді. Мәселен, бір ғана и әрпінің дыбыстық көрінісі мынадай болып келеді:

1) ый: мый, (жазылуы ми), щый (қи), ыйық (иық), таный (тани), қыйа (қия), қыйын (қиын), жый (жи), тыйын (тиын); г

2) ій: кій (ки), тій (ти), ійне (ине), ійіс (иіс), бекій (беки), ерій (ери), бійлік (билік), ійір (иір), тійін (тиін);

3) үй: мұхұйт (мұхит), бұлтуй (бұлти), бүртұй (бұрти), жорұй (жори), мұқүйат (мұқият), құрұй (құри), құпұйа (қүпия);



4) үй: мүрүйт (мүрит), мүлгүй (мүлги), түксүй (түкси), үрпүй (үрпи), үсүй (үси), мөлүй (мөли), дүнүйе (дүние).

5) и: институт, университет, инициатива, физика, кино.

Қысқасы, дыбыс пен оның таңбасы сөздін. жазулуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстык тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу — транскрипция (лат. tгапсе-гірtіе — көшіру) қолданылады.

9

Әдетте транскрипцияның екі түрі жиі пайдаланылады: фонематикалық және фонетикалық. Фонематикалық



транскрипцияда бір фонеманың алуан түрлі аллофондары бір-ақ таңбамен беріледі де, фонетикалық транскрипцияда әр түрлі аллофондар да ескеріледі. Қысқасы, мұның алғашқысы дыбысты (сол арқылы сөзді) айтылуына жуықтатуды, екіншісінде дәл беруді мақсат етеді. Біздің жауымыз — негізінен фонематикалық (фонемаға негізделген) жазу.

Сонда ат, ет, от, өт сияқты сөздердің жазылуы фонематикалық транскрипцияға сәйкес келеді. Бұдан тіліміздегі сөздердің бәрі де фонематикалық транскрипцияға сай жазылады екен деген ұғым тумауға тиіс.

Қазіргі практикалық жазуымызда қолданылып жүрген ә, о, ө,ұ, ү, у, й, л, м, ң, ш, р, т әріптері ғана фонематикалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады деуге болады. Ал қалған әріптер сөз ішінде бірде дыбыс, бірде тек әріп қана болып тұрады. Мәселен, өлең, өнер, өзен, үлек, үлкен, түлек, жүрък деген сөздерге е дыбысты да, фонеманы да бейнелемейді, ол тек әріп. Сол сияқты құлын, мұрын, күлкі, түлкі дегендерде ы, і тек әріп. Бұлардың транскрипциясы — өлөң, өнөр, өзөн, үлөк, түлөк, мұрұн,құлұн, күлкү, түлкү. Транскрипциялау кезінде басшы,ашса, жанған, жанбады, көзсіз, завод, педагог, округ

сияқты сөздер башшы, ашша, жаңған, жамбады, көссүз,



завот, педагок, окрук болып өзгеріске ұшырайды.

Фонетикалық транскрипция дыбыстың (сөздің) айтылуын неғұрлым дәл беруді мақсат етеді. Ат, ет, от, өт сөздеріндегі т фонемасы дауысты дыбыстардың ықпалымен әр түрлі реңкке ие болады. Бірінші т (ат дегенде) езулік, жуан; екінші — езулік, жіңішке; үшінші — еріндік, жуан; төртіншісі — еріндік, жіңішке. Оның үстіне о, е, дыбыстарының алдынан әнтек у, ал е-нің алдынан әнтек й дыбысы айтылатыны да ескерілуге тиіс. Бұл ерекшеліктерді көрсету үшін фонетикалық транскрипцияда айрықша белгілер қолданылады. Мәселен, о — еріндік; '/— жіңішке; V — үяң; /\—қатаң, : созылыңқы; < ашық; < — қысаң т. б. Сонда жоғарыдағы сөздер былай өрнектеледі ат, йет', у от°, /өт° Ащы, басшы, ашса дегендерді аш:ы, баш:ы, аш:а түрін-

10

де (ш: созылыңқы ш) жазу керек болады [41—45, 53—57; 54].



Фонетикалык, транскрипция фонетикалық заңдылықты терең білуді қажет етеді. Мұның өзі қазақ тіл білімінде толық қолдауын таба қойған жоқ. Онын, үстіне сөздерді бұлай жазуда өзге де (әсіресе техникалық) қиындықтар бар. Сондықтан оқу процесінде көбіне фонематикалық транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас тексті біршама айтылуына жуықтатып жазу жеткілікті. Бұлай жазу да, әрине, фонетикалық заңдылықтарды жақсы білуді қажет етеді. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер, оның үстіне көрші дыбыстардың бір-біріне ететін әсері мұқият ескерілуге тиіс. Сонда кейбір жеке сөздер мен сез тіркестерінің, тұтас текстердің үлгісі мына түрде болады. Сөздер: кітәп, (жазылуы кітап), жәй (жай), шәй (шай), ділдә (ділда), тілмәш (тілмаш), өлөң (өлең), өнөр (өнер), өзөн (өзен), өлкө (өлке), төбө (төбе), өкпө (өкпе), көңүл (көңіл), көбүк (көбік), үкү (үкі), күлкү (күлкі), түлкү (түлкі), түйө (түйе), мұрұн (мұрын), мойұн (мойын), ұуұс (уыс), ұуұз (уыз), жауұз (жауыз); дауұл (дауыл), қауұн (қауын), ауұл (ауыл), мұқұйт (мұқит), айұу (аю), ойұу (ою), қойұу (қою), қыйа (қия), сыйа (сия), мый (ми), жый (жи,) ыйық (иық), кіиім (киім), ійне (ине), жамбады (жанбады), жаңған (жанған), сеңгеңге (сенгенге), білгеңге (білгенге), башшы (басшы), көссүз (көзсіз), жасса (жазса), ішше (ішсе), алат (алады), келет (келеді), айтат (айтады) т. б.

Сөз тіркестері:



айғабақ (ай қабақ), алтыңгірпік (алтын кірпік), айғарады (ай қарады), амаңгелді (аман келді), есеңгелді (есен келді), ағешкі (ақ ешкі), қарағой (қара қой), бешшылдық (бесжылдық), омбір (он бір), өмбойұ (өн бойы), жамберді (жан берді), божжорға (боз жорға), ешшерге (еш жерге), алтыңғасық (алтын қасық), айдыңгөл (айдын көл), жүжжасады (жүз жасады), жүжжыл (жүз жыл), көгала (көк ала), көгет (көк ет), қарагөк (қара көк), жамбаспаған (жан баспаған), дошшар (дос-жар), алат (ала ат) т. б.

Томағасын тартқанда бір қырымнан

Қыран құс көзі көріп самғағанда.

11

Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,



Қанды көз қайқаң қағып шыкса аспанға.

Көре тұра қалады қашқан түлкі

Кұтылмасын білген соң кұр қашқанға.

Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,

0 да талас қылады шыбын жанға.

(Абай).

Өзімізге таныс осы өлеңнің әр жолы үш бунақтан тұрады. Бунаққа енген сөздер тұтасып (екпін жағынан) айтылады, араларындағы дыбыстар үндеседі. Ал транскрипциясы былай:

Томағасын тартқанда бірғырымнан,

Қыраңғұс көзутөруп самғағанда.

Төмөнұшшам түлкөрлеп құтылар деп,

Қандыгөз қайқаңғағып шықсаспаңға.

Көрөтұра қалады қашқантүлкү,

Құтұлмасын білғенсоң қурғашқаңға.

Аузұнашып, қоқақтап, тісіңғайрап,

Олдаталас қылады шыбынжаңға.

 

ДЫБЫСТЫ ҚАРАСТЫРУДЫҢ ҮШ АСПЕКТІСІ



Біздің дыбыстық тіліміз — өте күрделі құбылыс, сондықтан оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек болады және мүның өзін сол бір нәрсені үш қырынан қарау деп түсіну керек. Олар: анатомия-физиологиялық (немесе биологиялық) аспект, акустикалық (немесе физикалық) аспект және лингвистикалық (немесе функционалдық) аспект.

1. Анатомия-физиологиялық аспект. Адамның тілі — ең алдымен биологиялық қүбылыс, яғни ол — дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.

Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т. б.) қосымша атқарады. Ұзақ эволюциялык даму барысында адам өзінің анатомиялык мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болды.

Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын)

12

түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың, әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз куысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т. б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.



Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген.

Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Қеңірдектін. кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үй пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде — көбірек, ұяңдарда — азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатандар салдырдан жасалады. Салдыр (немесе шу деп те айтуға болады) фонациялық (өкпеден шыққан) ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады.

Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жүмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т. б.

2. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары

да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық

(акустикалық) құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-

бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан

ерекшеленеді.

Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.

Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр — дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен көмекші тонның (обертон) бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымыл-дығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз куыстарында пайда болады.

Мәселен, тоны жағынан бір-біріне жуық дауыстылар

13

тіл, жак, еріннің қатысуы нәтижесІнде бІр-бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды. Дыбыс созылыңқылығының қазақ тілінде фонематикалық мәні жоқ.



3. Лингвистикалық (функционалды) аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвисти-калық (әлеуметтік) мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп те айтады. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінің табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.

Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.



2. Дыбыстардың жіктелуі

ДАУЫСТЫЛАР МЕН ДАУЫССЫЗДАР

Акустикалық, артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне карай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым-белгі, ерекшеліктер мынадай болып келеді.

1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.

2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл сәл артқа тартылады, жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай тартылып (езулік болып) айтылады. Ал, дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.

14

3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі — дыбыстарды жіктеудегі басты айырым белгі.



4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.

5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың; осы қасиетіне негізделеді.

6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от, өт сездерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды. Сондай-ақ дауыстылар қатаңдарды ұяңдатып тұрады. Мәселен: қабы (қап-ы), қарағой (қара қой) ағ ешкі (ақ ешкі), т. б.

Орыс тілінде керісінше, дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады.

ДАУЫСТЫЛАР (ВОКАЛИЗМДЕР)

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны, сапасы жөнінде әлі күнге бірізділік болмай келеді. Мұның өзі дауыстыларды оқытуда, оларды танып-білуде ала-қүлалық тудырып, көп қиындық келтіріп жүр. Тіліміздегі әр түрлі фонетикалық заңдылықтарды (сингармонизм, буын екпін т. б.) дүрыс меңгеру алдымен дауысты дыбыстарды нақты білумен байланысты.

А. Байтұрсынов: “Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді” [6, 11] — дейді де, олардың бесеуі дауыстылардың таңбасы деп көрсетеді. Мұның езі сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген..

Жалпы ертелі-кеш жарық көрген оқулықтар мен зерттеулерде қазақ тіліндегі дауіыстылардың саны жеті [13, 172], сегіз [46, 2], тоғыз [58, 11; 48, 15; 42—45; 35, 17], он бір [19, 103; 3, 225; 36, 82; 39, 37; 9, 18; 11, 13], он екі [29, 30; 37, 34; 4, 4], он үш [52, 3], он төрт [1], он бес [14, 97; 10, 10; 5, 11; 23, 6] болып келеді.

Қазақ тілінің байырғы төл сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс барлығы (мұның өзі жоғарыдағы пікірлердің бәріне ортақ) ешқандай дау тудырмайды. Бұл дауыстылар әсіресе тіліміздің кешегі В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский сипаттайтын тұсына толық сай келеді.

15

Алайда қазіргі қалпын таныта алмайды.



Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне” (1978) енген сөздердің 20 процентке жуығы орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз дауыстымыз кейде әжетке жарағанмен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян. Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда, осы тоғызбен шектелуге әсте болмайды.

Қазіргі.тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер щындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісшің қосқаны — тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық — қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу, су, ки, қи, т. б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, үу.ыу, іу, ый, ій, қосындысы екенін біле отырып, дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды ( и, у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады [19, 111— 112; 3,223].

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды эксперименттік жолмен зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков және басқа ғалымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (и, у) әріпті дауысты дыбыстар деп қарамайды [42-45; 24-25; 35].

Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы, буын, келуі, миы, тиын, тиін. Екіншіден, сөз ішінде буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і, қи-ы.) болады. Мұның екеуі де тіліміздің табиғатына қайшы екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтыны Ә. Жүнісбеков еңбектерінде әбден дәлелденген.

Ал қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудын нәтижесі ғана.

Қысқасы, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылардын саны, сапасы

16

дейтін мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алдымен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады.



Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екені рас.

Екіншіден, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің дыбыстық құрамын ескеру қажет, Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең танып, төл дыбыстарымызбен бірдей қарауымыз керек.

Қазіргі орыс тілінің дауыссыздары төл дыбыстарымызға айналды. Тіпті байырғы сөздеріміздің өзін в, ф, х дыбыстарымен (орфоэпиялық сөздіктерді қараңыз) айтып жүрміз.

Ал орыс тілінін. дауыстыларын танып игеруде онша бір ауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздың санындағы ала-қүлалықтың өзі алдымен осымен байланысты. Егер саусакпен санарлық сөздердің құрамында (қаһар, гауһар, жаһан) үшырайтын һ өз алдына дербес дыбыс деп танытатын болса, тіліміздегі мыңдаған сөздердің қүрамында кездесетін орыс тілі дауыстыларынын әрқайсысы фонетикамыздан өз паспорттарын алатын уақыт жетті. Сондықтан да қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі сөз болған кезде оларға да лайықты орын берілуге тиіс.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала: “Дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, ё, и, о, в, у, ү, ұ, ы, і, э, ю,я [5, 11] —деп үйренеді. “Бұлардың ішінде орыс тілінен енген дауысты дыбыстар мыналар; ё, э, ю, я” [23, 6] Сонда орыс тілінде қанша дауысты фонема болғаны?

Орыс тілінің академиялық грамматикасының айтуынша, негізгі дауысты фонемалар: и, у, е, о, а [51, 76]. Рас, бірсыпыра оқулық, зерттеулерде бұларға ы дыбысында қосады [47.] Әлгі аталған грамматикада мүның өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасынын бір (жуан) түрі ғана екені айтылған (51, 70).



Орыс тіліндегі дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, сапа жағынан аса күрделі. Қазақ тілінің байырғы дауыстыларынан ерекшелігі — олардың дауыссыз дыбыстарға тәуелді болып, солардың жетегінде кететіндігі, бір дауыстының бірнеше сапаға ие болатындығы. Мәселен, бір ғана а фонемасы екпіннің түсуіне, екпінді буыннан ара қашықтығына, дауыссыздардың жуан және жіңішке түрлерімен қатар тұруына қарай он шақты түрлі сапаға ие болады (38; 49;51; 47). Егер орыс тілі арқылы еңген сөздердің

айтылуын дұрыс меңгереміз десек, дауыстылардың осы қасиетін танып, білуіміз керек-ақ.

Орыс тіліндегі екпін түсіп тұрған а, о, э дыбыстарының қазақ тіліндегі а, о, е дыбыстарына азды-көпті ұқсастығы бар, сондықтан да оларды қосып қарауға болады десек, ал и, у дыбыстарының табиғаты бөлектеу, орыс тіліне ғана тән дауыстылар деп білген жөн.

И— қысаң, езулік монофтонг. Ол тек жіңішке айтылады. Қазіргі кезде жастардың (әсіресе мектеп оқушыларының) байырғы сөздерімізде кездесетін и әрпін орынсыз жіңішке айту тенденциясы байқалып жүр: мійіміз ашійді, жійна, қійна, қійын, қійсық, бійіл, сійа, сійақты т. б. Мұның өзі осы орыс тіліндегі и-дің әсері болса керек. Қазақ тілінде ол ій-ге жуық (мыс, ійністійтут) айтылатын сияқты болғанмен, дұрысы, оның өз қалпын сақтауға тырысқан жөн.

У дыбысы да қысаң монофтонг, бірақ еркіндік, жуан, Мұны меңгеру қиындық келтірмейді. Қазақ тілінде ол ұу-ға жуықтайды. Орыс тілінде қазақ тіліндегідей е дыбысы және осыған жуық дыбысталатын э бар. Ерекшелігі е-нің алдынан әнтек й (йе) айтылады, э-де ол жок. Оның үстіне э аздап ашықтау.

Бірақ оларда фонематикалық (сөз мағынасын ажырататын) қасиет жоқ, сондықтан бір-ақ фонема деп танылады [49, 93].

Қазіргі кезде ерін үндестігіне мән бермеудің салдарынан екінші буында ө айтылатын жерде э дыбысының қалыптасып келе жатқанын аңғару қиын емес. Бұл — әсіресе жастардың тілінде көбірек байқалатын құбылыс, Мысалы өлэң, өзэн, өнэр, үлкэн, бөлэк, түлэк, күрэк т. б. Бүлай болатыны, еріндік буыннан кейін езулік, қы-саң е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзінің жартылай ашықтығының арқасында айтуды жеңілдетеді.

Орыс тілінде ы фонема ретінде толық танылып болған жок дедік. Оны и-дің жуан түрі ғана деп қарау бар. Екіншіден, қазақ тілінде бұл кездесетін сөздер әзірге өте аз. Мәселен, орфографиялық сөздікте музыка, монастырь, цыган деген сияқты бірер сөз ғана кездеседі. Үшіншіден, қазақ тіліндегі ы және й дыбыстары бірігіп (ый) осы ы-ға жуық дыбысталады. (51,8). Салыстырыңыз: мы (біз) — мый (жазылуы ми), ты (сен)—тый.

Сонымен қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі.

18


1. Тілдің қатысына карай:

а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;

ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелерімен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады (ортасы көтеріліңкірейді), жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бүған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы///і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше, тіліміздегі ең, күшті фонетикалық заң — сингармонизмді (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

2. Еріннің қатысына қарай:

а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;

ә) Езуліқ дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингармонизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.

Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингармонизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген,

3. Жақтың қатысына қарай:

а) ашық дауыстылар: а, э;

ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;

б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстінгі жақ қозғалмайды) барынша тәмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі, Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен қашықтай (ауыз ашыла) түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.

Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік (вертикаль) бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. Өйткені тіл жақтың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу (по горизонтали) және тік (по вертикали) бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.

Қазақ тілінде, сондай-ак барлық түркі тілдерінде осы

19

уақытқа дейін дауыстыларды ашықтар (а, ө, о, ө, і) және қысаңдар деп екіге бөліп келді.



Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды арнайы зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков байырғы сөздеріміздің кұрамында алты (а, ә, ұ, ү, ы, і) монофтонг (жалаң дауысты), үи (о, ө, е) дифтонг бар дейді. Сонда біздің о, ө, е дыбыс тарымыздың әрқайсысы екі (дауыссыз және дауысты) дыбыстың қосындысы түрінде келеді. Атап айтқанда /о=у+ұ/уұ/, ө=у-ү/уү/, е-й-і/йі/ [43, 17—21]. Егер мүны объективті шындық деп танысақ, онда бұл (о, ө,ә) дауыстыларды ашықтан гөрі қысаң деп қараған жөн болар. Алайда бүлардың нағыз қысаңдардан (ұ, ү, ы, і) өзгешелеу өзіндік ерекшеліктерін де ескеру керек. Атап айтқанда:

1. Қейбір екі буынды сөздердің екінші буынындағы (дауыссыздар қоршауында тұрған) қысаңдар дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түсіп қалады. Мысалы: қорұқ, қорқ-а, қорқ-ақ, қорқ-ып, қорқ-ыңқыра, қорқ-ыт, қорқ-у; үрүк: үрк-е, үрк-ек, үрк-іп, үрк-іңкіре, үрк-іт, үрк-у; қырық: қырқ-а, қырқ-ыл, қырқ-ын, қырқ-ып, қырқ-у; ірік; ірк-е, ірк-іл, ірк-іңкіре, ірк-іс, ірк-іп, ірк-у.

Ал ө, е дыбыстары екінші буында ешқашанда түспейді. О дыбысы байырғы сөздерде тек бірінші буында ғана айтылады, қалған буындарда кездеспейді.

2. Қысаң дыбыстар кірме сөздерге жамалып (протеза жасап) айтылуға бейім. Мысалы ұ-рұқсат, ү-рүстем, ы-рақмет, і-рәсім, ы-рас, (рас), ү-стел (стол), танк-і-лер т. б. Сондай-ақ бұлар сөздердің екінші буынында кейде көмескіленіп (редукцияға ұшырап), әлсіз айтылады. Мектеп оқушылары жазуда оларды аңғармай қалатыны да содан. Мысалы жұд' рық, құм' ра, көк' рек, қүд' рет, аз' рақ, қат'- нас, ад' раңдау, тәж' рибе, қас' ірет, қаб' лет т. б. Мұндай қасиет ө, е дыбыстарында жоқ дерлік, Рас о дыбысы да бірер сөзде протеза түрде кездеседі: орыс (русс, орамал (румал), ораза (руза).

3. Дауыстыларды жақтың қатысына қарай жіктегенде елеулі белгі ретінде ұйқастың жасалуын ескеру керек болады. Өлең ұйқастарын жасауда буын құрамындағы дауыстылардың жақ катысы жағынан деңгейлес болып келуі өте маңызды. Сонда ұйқасатын сөздердің буындары бірыңғай не ашықтардан (а, ә), не қысаңдардан {ұ, ү, ы, і) тұрады екен. Ал е, о, ө, дыбыстары әлгілердің ешқайсысымен де ұйқаса алмайды, тек өзімен-өзі


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет