Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық. Оқу іс әрекеті: Көркем әдебиет. Сурет. Тақырыбы



Дата25.12.2016
өлшемі46,84 Kb.
#4529
Білім беру саласы: Қатынас . Шығармашылық .

Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет . Сурет .

Тақырыбы : "Торғай мен мысық" .(өлең)

Мақсаты :  Өлеңді есте сақтауға , тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету . Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру .

Торғай туралы түсінік беру және қимыл - қозғалысын бейнелеп , оның дене бөліктерін ажырата білуге үйрету . Торғайдың бейнесін сала білуге үйрету , сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру . Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу .



Әдіс - тәсілдер :  Әңгімелеу , көрсету , үйрету , түсіндіру , сұрақ - жауап , ойын .

Көрнекілігі : Хрестоматия , торғай мен мысық суреті , үнтаспа .

Қажетті құрал - жабдықтар : Сурет дәптер , түрлі - түсті қарындаштар .

Сөздік жұмыс : Торғай , мысық , қамқорлық .

Биллингвальды компонент :   Торғай - воробей ,                                              мысық - кошка ,

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық ,

Күннің нұрын салайық .

Таза ауамен дем алып ,

Жақсы ойлар табайық .

Осы жақсы лебізді ,

Бір - бірімізге сыйлайық .

Енді , балалар , келіңдер , орындарыңа жайғасыңдар .



Ой қозғау .

Балаларға үнтаспадан торғай мен мысықтың дауысын тыңдату .



Балалар шеңбер құрып тұрады .

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтып , қимылдар жасайды .

 

Балалар


орындарына отырады .

 

Балалар торғай мен мысықтың дауысын салып , атын атайды .



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

 


Кіріспе әңгіме .

Балалар мен сендерге ақын Ертай Ашықбаевтың "Торғай мен мысық" өлеңін оқып беремін .

Жем шоқыған торғайға ,

Көзі бірден түсіп .

"Бұл әдемі ас болмай ма ? " - 

Қадам басты мысық .

Бір , екі , үш ,

Торғай , торғай , ұш !

Балалар мынау не ? Мынау ше ?

Балаларға өлеңді үстел үстінде мысық пен торғайдың қимылы мен іс - әрекеті  арқылы көрсетіп түсіндіремін.



Сұрақ - жауап :

Торғай нені шоқыды ?

Мысық не істемек болды ?

Торғай не істейді ?

Құстардың қалай ұшатынын , дыбысын , қимыл - қозғалысын көрсету , және оларға қамқор болу керектігін түсіндіру .

Биллингвальды компонент :

Торғай - воробей ,       

мысық - кошка ,

Сөздік жұмыс :

"торғай" , "мысық" , "қамқорлық".

 

Балаларға  торғайдың денесі сопақша, дөңгелекке , тұмсығы ,  қанаттары  ,  құйрығы үшбұрышқа ұқсайтынынайтып түсіндіру .



Торғайдың суреті салынған сурет дәптерді таратып беремін . Дәптердегі торғайдың суретін қарындашпен тегіс , біркелкі бояу тәсілін көрсетемін .

Сергіту сәті .

" Торғайлар мен мысық " ойыны .

Ойын шартын түсіндіру .

Балалармен бірлесе ойнау .

 


 

 

Балалар өлеңді тыңдап отырады және бірнеше рет қайталайды .



 

 

 



 

 

Торғай .Мысық .



Балалар үстел үстінде көреді .

 

 



Жемді .

Торғайды жегісі келді .

Ұшып кетеді .

Құстардың қанат жайып ұшуын , жем шоқып жеуін , торғай сияқты секеңдеп жүруін көрсетеді .

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды .

 

Балалар торғай , мысық , қамқорлық деп қайталайды .



 

Балалар суретке қарап дене бітімін сипаттап айтады .

Сурет дәптеріндегі торғайдың суретін түрлі түсті қарындашпен бояйды .

 

Балалар шеңбер бойына тұрып ойынды қызыға ойнайды .



 

Рефлексиялық - түзетушілік

 

 



 

 

 



Қорытындылау .

Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз ұнады ма ?

Мысық қандай әрекет жасады ?

 

Торғайлар не істеді ?



Қандай құстың суретін боядыңдар?

Балалардың қалай сурет бояғандарын ерекше атап өту , мадақтау .

 


 

Ұнады .


Торғай ды ұстап алмақ болды.

Жем шоқыды .



Торғайдың суретін .

Күтілетін нәтиже

Біледі : Өлең мазмұнын түсініп ,тәрбиешіден кейін қайталауды .

Игереді : Құстарға қамқорлық жасау керектігін және қимыл қозғалысын .

Меңгереді : Торғайдың суретін біркелкі бояуды .
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет