Білім беру саласы: Қатынас, таным Бөлімі: Тіл дамыту



Дата26.08.2017
өлшемі50,9 Kb.
#27944
түріСабақ
«Ормандағы аңдарға қонаққа барайық»

Сәбилер тобы

Г.С.Камзаева, «Қарабұйрат орта

мектеп – бақша»КММ-нің әдіскері



Білім беру саласы: Қатынас, таным

Бөлімі: Тіл дамыту

Сабақтың мақсаты:

Балаларды жабайы аңдардың атауын атап, оларды ажырата алуға үйрету; олардың немен қоректенетіні туралы түсінік беру; балаларды орманға барғанда өзіңді қалай ұстау керек екенін үйрету; гүл мен саңырауқұлақтың құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мұқият тыңдауға, берілген белгі бойынша іс – әрекет жасауға

Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін, еңбекқорлық, керек кезде біреуге көмек қолын созуға дайын болуға тәрбиелеу; біреудің іс – әрекеттеріне баға беруге машықтандыру.



Сөздік жұмыс: қасқыр, түлкі, қоян, аю, саңырауқұлақ, бұтақ.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: «Орманда кім тұрады?», «Кім немен қоректенеді?» дидактикалық ойындар, «Ормандағы аю», «Поезд» қимылды ойындарды өткізу.



Әдіс – тәсілдер: ғажайып сәт, ойын тәсілдері, көркем сөз, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мадақтау.

Керекті құралдар:

Шырша, ағаштың макеттері, ойыншықтар (қоян, аю, түлкі, қасқыр), аңдарға беретін сәлемдеме (сәбіз,сүйек, балық, бал), ойыншықтарға арналған ұзын орындық, қағаздан жасалған саңырауқұлақ пен гүлдердің макеттері.



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар орындықтарда жартылай шеңбер жасап отырады.



Тәрбиеші:Балалар , біз бүгін ормандағы жабайы жануарларға – аңдарға қонаққа барсақ деймін. Қалай қарайсыңдар? Барамыз ба?

– Орманда қандай жабайы жануарлар тұрады?

Балалар: - Қоян, аю, түлкі, қасқыр. (Балалар айта алмай жатса, тәрбиеші көмектеседі)

– Дұрыс , балалар, біз орманға барып, ол аңдарға сарқыт – сүйіп жейтін тамақтарын апарып берейік. (Дорбаға сәбіз, сүйек, балық, құтыдағы балды салып алады).



ІІ. Негізгі бөлім:

Тәрбиеші:

– Енді кетуге болады. Қанеки, балалар, поезға отырып, бәріміз орманға аттанайық. (Балалар бір – бірінің белдерінен ұстап, бәрі тәрбиешінің артынан музыка әуенімен жүреді). Музыка тоқтағанда тәрбиеші балаларды тоқтатады.

Бөлменің бір бұрышында орманның ашық алаңқайы жасалған. Шырша, ағаш «өсіп» тұр, жерде саңырауқұлақ пен гүлдер «өсіп» тұр, көбелек, қоңыз «жүр».

Тәрбиеші:

– Міне, балалар, біз орманға келдік. Жүріңдер, мына көгалға отырып, құстардың сайрағанын тыңдайық. (Құстардың дауысы жазылған фонограмма ойнатылады).

– Естідіңдер ме, балалар, құстар қалай ән салады. Ұнады ма? (иә!)

– Қараңдаршы, балалар, қандай әсем табиғат, қандай әдемі орман!

Анандай жерде бірнеше гүлдер мен ағаш бұтақтары жатыр:

– Мына гүлдерді кім жұлып тастаған екен?

( Ойыншық Түлкі келеді)

– Балалар, анау жүгіріп келе жатқан не? (түлкі)

Түлкі: – Мен гүлдерден басыма әдемі гүлдесте жасамақ болып едім, бірақ қолымнан келмеді, сондықтан мен оларды лақтырып тастадым.

Тәрбиеші:

– Сен ісің дұрыс емес, түлкішек. Балалар, гүлдерді жұлып тастауға болама? (жоқ)

– Мына жерде әдемі гүлдер өсіп тұрған, енді олар жоқ. Қане, балалар, біз гүлдерді қайта отырғызып қояйық. (Түлкі «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз).

Дидактикалық ойын «Гүлді құрастыр»2-3 баланы ортаға шақырып, гүлді құрастыруға үйретеді.

– Мынау гүлдің сабағы, оның жоғары жағына гүлді орнатамыз, ал жанына жапырағын жапсырамыз.

– Мінеки, балалар, бәрекелді, сендер қандай әдемі гүл жасадыңдар. Енді біздің орманымыз қайтадан құлпырып кетті.

(Ойыншық Қасқыр шығады)



  • Мынау не, балалар? (қасқыр). Қасқыр саңырауқұлақтарды жұлып жатыр екен.

  • Қасқыр, сен не істеп жатырсың? Сен неге саңырауқұлақтарды жұлып жатырсың?

  • Мен саңырауқұлақтарды жек көремін.

  • Сен жақсы көрмесең, басқа аңдар оны жақсы көреді. Балалар, қандай аңдар саңырауқұлақтарды жақсы көреді? (тиін, кірпі)

(Қасқыр «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз)

Мына қасқыр бүкіл саңырауқұлақтарды бүлдіріп кетті. Қане біз оларды қалпына келтірейік!



Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақты құрастыр»

  • Тәрбиеші: - Балалар, саңырауқұлақтың аяғын қоямыз да, оған бас киімін кигіземіз. Мінеки, жақсы балалар. Енді тиін мен кірпі мына саңырауқұлақтарды жинап алатын болады. (Ойыншық Қоян келеді)

  • Мынау не, балалар? (қоян). Қоян ағаш бұтақтарын сындырып жатады.

  • Қоян, сен неге ағаш бұтақтарын сындырып жатырсың?

  • Сындырсам не болады? Жаңа бұтақтар қайтадан өсіп шығады.

Балалар, бұтақтарды сындыруға болама? Қоян, ағаш та тірі жан, оның бұтақтарын сындырсаң, ол өліп қалады.

(Қоян «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз)



  • Масқара, балалар, мына жақта біреу қоқыстарды тастап кетіпті! Мынау не, балалар? ( аю).

Аю: - Мен мына қоқыстарды қайда тастаймын?

  • Балалар, қоқыстарды орманда шашып тастауға бола ма?(жоқ)

  • Қоқыстарды пакеттерге салып, алып кету керек немесе шұңқыр қазып, көміп тастау керек. ( Аю «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз)

  • Қане, балалар, мына қоқыстарды жинап тастайық!

Дидактикалық ойын: «Қоқысты жинау»: Балалар шелектерге сынған бұтақтар мен жаңғақ қабығын жинайды.

Ойыншық Аю келіп отырады.



  • Балалар, аңдар орман ішінде бәрін бүлдіріп қойыпты, бірақ біз орманға көмектестік. Біз бүгін жақсы еңбектендік, солай ма? Біз аңдарға сарқыт әкеліп едік, бірақ оны беруге бола ма? Олар бүгін жаман қылықтар көрсетті. (Орындықта жайғасқан ойыншық аңдарға қараймыз)

Аю: - Кешіріңіздерші бізді, енді жаман қылық жасамаймыз!

  • Кешіреміз бе оларды, балалар? (Иә)

  • Ондай болса, біз оларға әкелген сарқытымызды таратып берейік!

Дидактикалық ойын: «Кім немен қоректенеді?» Тәрбиеші бір балаға дорбадан бір зат алып аңға беруін ұсынады.

  • Бұл не? Дұрыс, бұл бал. Ал балды кім жақсы көреді? (аю)

  • Дұрыс айтасың! Аю. Ендеше сен осы балды аюға апарып бер.

  • Енді біз «Ормандағы аю» атты қимылды ойын ойнаймыз.

ІІІ. Сабақтың қорытындысы:

Тәрбиеші: – Балалар, жарайсыңдар! Сендер бүгін орманға барып, көп жақсы істер атқардыңдар. Менің сендерге де дайындаған сарқытым бар. Мен сендерге конфет әкелдім. Біз конфет жегенде, қағаздарын орманға тастап кетеміз бе? Әрине, жоқ. Біз конфеттің қағазын қоқыс салатын жәшікке апарып саламыз.

– Енді, балалар, біздің қайтатын уақытымыз келді. Бәріміз поезға мініп, үйге қайтайық. (Балалар бірінің артынан бірі тізіліп «поезд» болып, топтан шығып кетеді.)
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет