Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» Білім көздері: «Айналамен таныстыру», «Тіл дамыту», «Бейнелеу өнері»



Дата08.06.2018
өлшемі3,95 Mb.
#41664

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» Білім көздері: «Айналамен таныстыру», «Тіл дамыту», «Бейнелеу өнері».

Тақырыбы: «Адасқан балапан»

  • Мақсаты:
  • - Балалардың бойына мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
  • - Ертегіні құруға деген қызығушылығын туғызу.
  • - Екі тілді меңгеру арқылы лексикалық түсінік қорын молайту.
  • - Қоршаған ортаға қамқорлық сезімдерін ұлғайту.

Тақырыбы: «Адасқан балапан»

  • Міндеті:
  • - кез-келген уақытта көмектесе білу қажеттілігін түсіндіру;
  • - ертегі құру барысында қиялын дамыту;
  • - «тауық», «балапан», сөзін қазақша, орысша айту;
  • - балапанның басынан өткен оқиғасын түсіндіруге талпындыру;

Көрнекіліктер: жұмыртқа, балапан, жануарлар, құстардың суреттері, бейнелеуге қажетті құралдар, дыбыстар үшін үнтаспа.

  • Көрнекіліктер: жұмыртқа, балапан, жануарлар, құстардың суреттері, бейнелеуге қажетті құралдар, дыбыстар үшін үнтаспа.
  • Алдын ала жұмыстар: жануарлар туралы түсінік беру, сулау тәсілімен сурет салу, «Күзгі саябақ» жұлмалау тәсілімен сурет салу, «Бидай», «Әтештің туған күні» ертегілерімен таныстыру.
  • Билингвалдық компоненттер: балапан-цыпленок, тауық-курица.
  • Инклюзивтік әлеует:
  • - тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру;
  • - ұялшақ балаға көмек
  • Тәрбиеші қызметі
  • Балалар қызметі
  • Ұйымдастырушы –қозғаушы қызмет
  • «Тілек шеңбері» (психологиялық тренинг), жұмыртқаның домалап келуімен ғажайып сәт ұйымдастырылады (топтық жұмыс)
  • Тілек шеңбері арқылы балалар бір-біріне жағымды тілектер білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезім сыйлайды. Топқа енген жұмыртқаға таңырқап қарап, қызығушылық білдіреді.
  • Қызмет кезеңдері
  • Тәрбиеші қызметі
  • Балалар қызметі
  • Ұйымдастыру-ізденушіліке
  • Бұл жұмыртқаның қандай ғажайыбы бар екендігіне құштарлығын арттыру, олардың жұмыртқаны толық қарауына жағдай жасау (топтық жұмыс)
  • Кенеттен шыққан дыбысты (тық-тық-тық) балалардың естуіне мүмкіндік беру.
  • Жұмыртқадағы балапанның сөйлеген сөзін естуге жағдай туғызу. (Көмектесіңдерші ... менің сыртқа шыққым келеді).
  • Жұмыртқаға таңырқай айналдыра қарайды. Не сый күтіп тұрғанын білгісі келеді.
  •  
  • Естілген дыбысты таңырқай тыңдайды, (мына жерден бір дыбыс естіліп жатыр) оның қайдан шығып жатқанын айтады.
  • Жұмыртқа ішіндегі балапанның сөйлегенін тыңдайды, оған көмек беріп, қамқорлық жасайды.
  •  
  • Қызмет кезеңдері
  • Тәрбиеші қызметі
  • Балалар қызметі
  •  
  • Балапан жұмыртқадан шығып балалармен тілдеседі
  • - Уа, тамаша, жап-жарық, қандай керемет..., сіздер кімсіздер?
  • - Балалар, менің енемнің кім екенін де білмеймін, бұл жерге қалай келгенімді де білмеймін.
  • Балапан өзінің енесін табу үшін
  • «Өз енеңді тап» атты сөздік ойынды ойнауды ұсынады (Бота-түйе, қозы-қой, құлын-бие, лақ-ешкі, балапан-тауық)
  •  
  • Балалар балапанмен сөйлесіп (біз балалармыз, сен бұл жерге қалай келдің, сен анаңнан адасып қалдың ба?) оған көмек беруге тырысады.
  •  Балалар ойын ережесіне мұқият тыңдайды және орындайды.
  • Балапаның анасын есіне түсіргеніне балалар қуанады.
  •  
  • Ойынды іс-әрекет арқылы көрсетіп орындай отырып ойнау орталықтарға бөліну
  • Қызмет кезеңдері
  • Тәрбиеші қызметі
  • Балалар қызметі
  • Ұйымдастыру-ізденушіліке
  • Балапанның өз анасынан адасып қалмай жақсы танып алу үшін ойынды іс-әрекет арқылы ойнауға шақыру, ойынды санамақ арқылы өбіту (жылқы мылқы ойын күлкі қозы мозы дей келе балалардың белсенді ортаға жұмыс жасауға шақыру, аналарын табу арқылы орталыққа бөлу)
  •  Сергіту сәті
  • Ал, балапандарым тұрайық,
  • Қанатымызды жазайық.
  • Оң қанатты бір қағып,
  • Сол қанатты бір қағып
  • Қанатымызды қатайтып,
  • Біз анамыздай болайық.
  • Жұмысқа дайындықтары туындайды. Өз ененерін сурет арқылы тауып, белсенділік орталығына жұмыс жасауға отырады.
  • Қиялы мен қабылдауын сәйкестенгдіре жұмыс атқару
  •  
  •  
  • Қызмет кезеңдері
  • Тәрбиеші қызметі
  • Балалар қызметі
  •  
  • Белсенділік орталығында өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу,
  • «Дамытушы орталық» бөлшек суреттерден бүтін затта құрастыру. Үлгіге қарай отырып іс-әрекет жасау.
  • «Біз өнерлі боламыз» орталығы сулау тәсілімен балапан суретін салу.
  • ермексазбен бөлшек бөліктерден, домалату, шымшылау әдісімен балапанды мүсіндеу.
  • Сурет салу әдістерін еске түсіре өз бетінше жұмыс жасау.
  • Жұлмалап жапсыру әдістерін еске түсіре өз бетінше жұмыс жасау.
  • Мүсіндеу әдістерін еске түсіре өз бетінше жұмыс жасау.
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Қызмет кезеңдері
  • Тәрбиеші қызметі
  • Балалар қызметі
  • Жетекші-жөндеуші
  • Балалардың жұмысын қарауын ұйымдастыру, балапанның өз анасына жетуі туралы өз ойларынан ертегі айтуына мүмкіндік туғызу. Балапанның анасын тауып алғанына қуаныш білдіру. Өзге үшін қуана білу сезімдері дамиды. Бірлесе «Шөжелерім» әуеніне билеп, бірге қызмет атқарып шаттанады. Достық сезімдері оянады.
  • Өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетеді. Балалар әуен ырғағымен қимыл әрекет жасап, билеп шаттанады.

Күтілетін нәтиже:

  • Білу қажет: Жануарлардың төлдері туралы, балапан оқиғасын, балапан туралы шығармашылықпен ертегі құрастыру, сулау тәсілі арқылы сурет салу, жұлмалау тәсілімен жапсыра білулері керек.
  • Қалыптасқан түсініктер: кез келген уақытта көмектесуге дайын, жануарлардың балалары туралы түсініктері қалыптасты, өз беттерінше жұмысты өрбітіп, өз еңбегін бағалай білді
  • Орындаушылық қабілеті: Қағазбен жұмыс істеу, қылқаламды қолдану әдісттері, бөлшек ермексазбен заттарды жасай алу әдістері артты, ертегіні қиялы бойынша құрастыра білу қабілеттері тұрақталды.

Каталог: uploads -> doc -> 0b74
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b74 -> Сабақ жоспары: XVIII ғасырдағы қазақ батырлары Өткізген : Байгамысова Бахытгуль Ауесхановна Жітіқара 2017 жыл
0b74 -> Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеті Сабақтың мақсаты
0b74 -> Информатика 6 сынып Алгоритм және орындаушылар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет