Білім беру саласы: Әлеуметтік Бөлімі



Дата13.12.2016
өлшемі42,39 Kb.
#3736

Білім беру саласы:

Әлеуметтік

Бөлімі:

Қоршаған орта

Тақырыбы:

«Ғарыш»

Мақсаты:

Ғарыш туралы мәлімет беру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Әдіс - тәсілі:

әңгімелеу, сұрақ - жауап, көңіл - күйді көтеру, ойын, тапсырма.



Билингвистикалық компонент:

зымыран - ракета

Пәнаралық байланыс:

Математика, құрастыру, тіл дамыту.



Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Суреттер ғарыш туралы, слайд, геоконт тақтайшасы.




Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы


Шаттық шеңбер

Балалар бір-бірлеріне жылы сөздер айтып, көңіл-күйлерін көтереді.



Балалар назарларын

Балалар орталықтарға бөлініп жұмысқа кіріседі.



Ұйымдастыру іс-әрекеті

Сергіту сәті


Ғарышкерлер туралы альбом.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. 
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. 
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек,батыр, халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып, аспан кеңістігін зерттейді екен. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Енді қиялымызға ерік беріп,
бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Қонуға 
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.

Д/о: «Не артық».

Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Тапсырма: ЗЫМЫРАН

Шарты: Геоконт тақтайшалары арқылы геометриялық пішіндерден зымыран жасап шығару.

Мақсаты: Балалардың ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру.

Д\о: «Көлеңкесін тап»

Мақсаты: көзбен көру арқылы салыстыруға дағдыландыру.



- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.

- Күн,ай,бұлттар болады.



Рефлексивті-түзетуші

Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?

Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Ғарыш туралы білу керек.

Нені игереді:

Ғарыш туралы мағұлыматты игереді.

Нені біледі:

Ғарышты біледі.







Каталог: uploads -> doc -> 0c18
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c18 -> Сабақтың тақырыбы : Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша-бассүйексіздер өкілі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет