Білім беру саласы: Таным Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері Тақырыбы



Дата27.12.2016
өлшемі33,43 Kb.
#5647
Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: Күзгі табиғат

Мақсаты: 1. Балаларды жылдың күз мезгілімен, табиғаттағы күзгі ерекшеліктермен таныстыру.

2. Көргендерін суреттеп беруге дағдыландыру арқылы сөйлем құрап айта білуге бейімдеу.

3. Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ержелерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: бақылау, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, еңбек іс-әрекеті.

Көрнекіліктер: күз мезгілінің суреті, үлестірмелі материалдар.


Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру-шылық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен қол ұстасып:

  • «Сәлем», - дейміз, - алтын Күн,

  • «Сәлем», - дейміз, - Жер-ана.

  • «Сәлем», - дейміз баршаңа, - деп,

бір-біріне тілектерін айтады.

Балалар әуеннің ырғағымен тербеледі.

Балалар қайталайды.




Ұйымдастыру-шылық

-ізденістік

  1. Балалар ақындардың күз мезгілі туралы өлең оқылады.

  2. Әңгіме жүргізу.

Балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Сұрақтар:



  • Балалар, өлеңде қандай сөздерді кездестірдіңдер?

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?

  • Күзде жаз мезгіліндей күн ыстық болмайды, күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұша бастайды. Адамдар жылы киінеді.

  1. Суретпен жұмыс.

Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.

  • Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

  • Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер қандай күйде болады?

  • Құстар қай жаққа ұшып барады?



  1. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік боп өседі.


  1. Ойын: «Көкөніс пен жемістер».

Шарты: балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.

  1. Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Күзгі ағаш жапырақтарын ретімен қалай жапсыру керектігін түсіндіреді.

Балалар қайталап айтады.

Балалар педагогтің көмегімен жауап береді.



Алтын күз, күз мезгілі және т.б сөздерді айтуы мүмкін.

Балалар тақтадағы күз мезгілінің суретіне қарап, педагогтің көмегімен әңгімелейді.

Балалар бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Балалар сұрақтарға педагогтің көмегімен жауап беруге тырысады.


  • Жапырақтар сарғайады.

  • Гүлдер солады.

  • Адамдар жерге түскен жапырақтарды жинайды.

Өлең жолдарын қайталап, мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар ұжым болып бірігіп ойнайды.

Балалар тапсырманы педагогтің көмегімен орындайды.




Рефлекциялық- түзетушілік

Сабақ соңында серуенге шыққанда күз мезгіліндегі ағаштарды бақылатып, күзгі еңбек туралы әңгімелейді.

Балалар қайталап айтады.



Күтілетін нәтиже:

Күз мезгілінің ерекшелігін – күннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсетінін біледі;



балалар күн суытқанда жылы киіну қажет екендігін саналарына сіңіреді және күзгі табиғат құбылыстары туралы білімді игереді;

табиғат аясында жүргізетін бақылау жұмыстары мен еңбек іс-әрекеті арқылы табиғатқа деген қамқорлық дағдыларын меңгереді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет