Білім беру саласы



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі426,89 Kb.
#6125
  1   2
Бекітемін

МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері А.Е. Баянова

«Мамандықтың бәрі жақсы»

(ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)


Филолог: Құлшықова Жанна

Таушық, 25 қараша 2015 жыл

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.

Мақсаты: Мамандық түрлері туралы жалпы түсінік. Сурет бойынша «Мен кім боламын?» деген тақырыпқа әңгіме құрастыру. Өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, баланың қызығушылығын арттыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, сөздік, ойын.

Көрнекілігі: Оқу іс-әрекетінің презентациясы. Мамандық иелеріне керекті құралдар.

Сөздік жұмыс: Тәрбиеші, дәрігер, аспазшы, құрылысшы, жол сақшысы т.б.

Ұйымдастыру бөлімі:

Тәрбиеші балалардан жыл мезгілі мен ерекшеліктері туралы сұрайды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, жыл мезгіліне сай көрнекілік суреттерді әңгімелейді. Жыл мезгілі туралы тақпақтар айтады. Суреттегі балаларға есімдер қойып, олардың іс-әрекетін айтады.
Тәрбиеші балаларға мамандық туралы өлең оқиды.

Әкем менің дәрігер,

Шешем менің аспазшы.

Ағам менің етікші,

Жеңгем менің суретші.

Атам менің ол-ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.
Сұрақ-жауап, әңгімелесу:

  • Өлеңде қандай мамандық атауларын естідіңіздер?

  • Дәрігер, аспазшы, етікші, ұста, суретші.


Дидактикалық ойын: «Мамандық иесін тап».

Аяқ киімді ................ жөндейді (етікші)

Ұшақты ....................жүргізеді (ұшқыш)

Өлеңді ......................жазады (ақын)

Тамақты ................. пісіреді (аспазшы)

Науқасты ..............емдейді (дәрігер)

Өртті ................. сөндіреді (өрт сөндіруші)

Балаларды ...............оқытады (мұғалім)

Ауланы.............. сыпырады (аулашы)

Ғимаратты..................салады (құрылысшы) т.б.
Жұмбақтар шешу:



Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)




Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалаңдайтын (шаштараз).

Оның тіккен бұйымы,

Аяғыңда қартайды.

Шыға қалса жұлымы,

Әдемілеп баптайды (етікші)


Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам (полицей)


Каталог: aigulskom -> files -> is-shara
is-shara -> «Дәрілік өсімдіктер» Ересектер,
files -> Сабақтың жүрісі: Кәне, балалар біз сабақта қалай отырамыз? Өте жақсы
is-shara -> Менің ойыншықтарым» Ересектер,
files -> Баянова Алмагуль Ерболатовна Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна
files -> Баянова Алмагуль Ерболатовна Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна
files -> Сабақтың тақырыбы: «4- ке дейінгі сандарды тура және кері санау»
is-shara -> Сонбергенова а наурыз 2016 жыл, Таушық
is-shara -> «Сізге деген сүйіспеншілікпен»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет