Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»



бет1/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,7 Mb.
#9609
  1   2   3   4   5   6   7   8
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы


      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      2) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      3) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      4) орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      5) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен  
бекітілген     

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді, техникалық және кәсіптік білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.


      Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары және білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
      2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі;
      2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі;
      3) құзырет – білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
      4) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
      5) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
      6) модульдік оқыту – нақты кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекелеген өзара байланысты блоктар түріндегі материалдарды оқытуды құрылымдап, болжайтын оқыту жүйесі;
      7) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
      8) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпы параметрлерін айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі);
      9) білім беру бағдарламасы – пәндер тізімі, оқу жұмысының түрлері арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір сатысының білім беру мазмұнын және мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын құжат;
      10) кәсіптік құзіреттілік – білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
      11) кәсіптік практика – кәсіптік білім берудің оқу процесінің ажырамайтын бөлігі және білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыскерлерін еңбек қызметіне кәсіптік даярлаудың тиімді нысаны;
      12) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен шеберлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін, үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
      13) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
      14) үлгілік оқу жоспары – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіп пен мамандыққа оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
      15) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты бір пән бойынша меңгерілуге тиіс білім, шеберлік пен дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
      16) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы.
      3. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ:
      1) оқу-бағдарламалық құжаттамаға – оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына, жеке оқу жоспарларына;
      2) білім беру бағдарламаларына;
      3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органдары бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



      4. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны:
      1) жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді;
      2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
      3) жоғары оқу орындарының 1-2 курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.
      5. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
      1) кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;
      2) оқыту процесінің әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдауға құқылы.
      6. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар, білім беру ұйымы айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
      Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
      7. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, оқытылатын пән бейініне сәйкес және педагогикалық және әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.
      8. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру:
      1) кәсіптік дағдыларды игеру бойынша оқу-өндірістік жұмысты (оқу практикасы мен өндірістік оқыту);
      2) кәсіптік дағдыларды (жұмысшы мамандығын алуға, өндірісте оқытуға арналған) игеру және бекіту бойынша оқу-өндірістік жұмысты;
      3) кәсіптік практиканы (технологиялық, дипломалды) қамтиды.
      Практиканың әрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты маманның біліктілік сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
      Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен жүзеге асырылады.
      Кәсіптік практиканың мерзімі және мазмұны оқу жұмыс бағдарламаларымен және оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.
      Практикадан өту кезінде білім алушыға разряд, санат беріле отырып, жұмысшы біліктілігінің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарды меңгеру көзделеді.
      Кәсіптік даярлық (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау, өндірістік оқыту, кәсіптік практика).
      Кәсіптік практика міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс.
      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілермен берілетін жұмыс орындарында өткізіледі және оқыту процесінде алынған білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кәсіптік құзыреттерді меңгеруге бағытталған.
      9. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдар және пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.
      10. Оқыту процесін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      11. Білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриоттық пен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
      12. Оқыту процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беруді әзірлеушілер осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



      13. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерімен қоса, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
      14. Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай:
      1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
      2) жалпы орта білім базасында жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін;
      3) негізгі орта білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
      4) техникалық және кәсіптік білім базасында - 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
      5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзімін құрайды.
      15. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
      Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны құрайды, оның ішінде кысқы мерзімде – кемінде 2 апта.
      1) Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.
      2) Оқытудың күндізгі бөлімінде білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
      Консультациялар емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттаулар көзделген пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру және өткізу рәсімдеріне арналып жоспарланады.
      3) Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
      аралық аттестаттау;
      білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау;
      кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікті беру көрсетіледі.
      Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, шеберлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға байланысты айқындалады.
      Бақылау жұмыстары пәнді зерделеуге бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі.
      Семестрдегі курстық жобалардың саны біреуден аспауы тиіс.
      Бір оқу жылы бойындағы емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. Емтихандық сессияның бір аптада тапсырылатын емтихандардың саны екеуден аспауы тиіс.
      Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделеді, оның негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылады.
      Бақылау жұмыстары мен сынақтар осы пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен жүргізіледі; емтихандар - аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде өткізіледі.
      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша физика, химия) бойынша емтихан өткізуді көздейді.
      Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
      білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;
      кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.
      Білім беру ұйымдарында білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
      Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: арнайы пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жоба орындау және қорғау немесе арнайы пәндердің бірі бойынша қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысын орындау, қорғау.
      Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысаны мен оны өткізуге бөлінген оқу уақытының көлемі 2 аптадан артық айқындалмайды.
      Кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандығы бойынша біліктілікті беру (бұдан әрі - КДДБББ) екі кезеңнен:
      арнайы пәндер бойынша теориялық тестілеуден;
      біліктілік деңгейлері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан тұрады.
      Даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді ұйымдастыру мен өткізуге арналған оқу уақытының көлемі бір білім алушыға кемінде 12 сағат айқындалады.
      КДДБББ қорытындысы бойынша біліктілік комиссияның шешімі негізінде біліктіліктің тиісті деңгейлері және белгіленген нысандағы сертификат беріледі.
      Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен жабдықталған өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі.
      4) Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігі мен маманның біліктілік деңгейіне байланысты 6 аптаға дейін жоспарланады.
      16. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
      Арнайы пәндердің тізбесін анықтау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді зерделеу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және келешектегі кәсіптік қызметтерінің негізгі түрлері бойынша немесе нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес болуы интеграциялау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғандығын басшылыққа алу қажет.
      «Дене тәрбиесі» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан артық емес (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін. «Дене тәрбиесі» курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.
      Алғашқы әскери даярлық пәніне 140 сағат бөлінеді, оның ішінде 30 сағат оқытуды аяқтау кезеңіндегі оқу-дала (лагерьлік) жиындарын өткізу кезеңіне беріледі. Қыздармен өткізілетін алғашқы әскери даярлық бойынша сабақтар жекелеген сабақтарды (тактикалық, от және шептік даярлық) қоспағанда, ұл балалармен бірге жүргізіледі. Сабақтарды бөлек өткізу кезінде қыздармен сабақ өткізу медициналық білім негіздері бойынша тақырыптарға сәйкес жүргізіледі. Ұл балалармен өткізілетін 3-күндік оқу-дала (лагерьлік) жиындары кезінде қыздар медициналық мекемелерде практикадан өтеді. Практикадан өту орнын білім беру органдарының және төтенше жағдайлар басқармаларының келісімі бойынша қалалық және облыстық денсаулық сақтау органдары анықтайды.
      17. Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттарының көлемі тиісінше 70%-ды және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30%-ын құрайды.

4. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

      18. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
      1) білім алушылар тиісті білім беру бағдарламаларын оқуды аяқтағаннан кейін және аралық, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін нақты мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген және/немесе жоғары деңгейін (разряд, санат) беруі;
      2) білім алушылар оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманы біліктілігінің деңгейін беруі;
      3) білім алушылар жоғары техникалық мектепте оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін кіші инженер біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.
      19. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін әмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттер ретінде мазмұндалады.
      20. Кәсіптік құзыретке қойылатын талаптар маманның кәсіптік қызметін жеке орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білім, шеберлік, дағдының белгілі бір көлемін меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.

Техникалық және кәсіптік білім  


берудің мемлекеттік жалпыға   
  міндетті стандартына     
1-қосымша           

     ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МОДЕЛІ


(жоғары біліктілік деңгейі үшін)
(орта буын мамандарының деңгейі үшін)

Академиялық сағат есебімен



Р/с №

Циклдердің, пәндер мен оқыту жұмыстарының атауы

Оқыту курсы

Оқыту мерзімі

Негізгі орта білім базасында жалпы орта білімсіз

Негізгі орта білім базасында

Жалпы орта білім базасында

Орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында

Техникалық және кәсіптік білім базасында*

1ж. 10 ай

1ж. 10 ай

2ж. 6 ай

2ж. 10 ай

3ж. 6 ай

3ж. 10 ай

10 ай

1ж. 6 ай

1ж. 10 ай

2ж. 6 ай

2ж. 10 ай

1ж. 10 ай

1ж. 6 ай

10 ай

1ж. 10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

1

Жалпы білім беру пәндері

1-2

524

1448

1448

1448

1448

1448

-

-

-

-

-

-

-

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер

2-3

-

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

2-3

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



Кәсіптік шет тілі

2-3

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



………………………

































3

Әлеуметтік-экономикалық пәндер (философия, экономика, құқық негіздері және мәдениеттану)

2-3

-

-

180

180

180

180

-

180

180

180

180

-

180

180

180

4

Жалпы кәсіптік пәндер

2-4

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



………………………

































5

Арнайы пәндер

2-4

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



………………………

































6

Білім беру ұйымы анықтаған пәндер

1-4

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

7

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

1-4

Міндетті оқытудың жалпы оқу уақытының көлемі 40%-дан кем болмауы керек**

8

Аралық аттестаттау

1-4

Бір семестрде 4 емтиханнан артық болмауы керек

9

Қорытынды аттестаттау





9.1

Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау

4

2 аптадан артық болмауы керек

9.2

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру

4

12 сағаттан кем болмауы керек

10

Міндетті оқытуға барлығы

-

2880

2880

3744

4320

5184

5760

1440

2304

2880

3744

4320

1440

2304

1440

2880

11

Консультация



Оқу жылына 100 сағаттан артық болмауы керек

12

Факультативтік сабақтар



Теориялық оқыту кезінде аптасына 4 сағаттан артық болмауы керек



Барлығы



3312

3312

4320

4960

5800

6588

1656

2680

3312

4320

4960

1656

2680

1656

3312

      Ескертпе
      * оқу мерзімі білім деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді
      ** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен  
бекітілген     


Каталог: images -> docs
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
docs -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
docs -> Бекітемін: «хабар» агенттігі ақ-ның
docs -> «Алматы қаласының дамыту орталығы» АҚ Басқармасының 2016 жылғы «08» тамыз №15 шешемімен бекітілді ереже
docs -> «Алматы қаласының дамыту орталығы» АҚ Басқармасының 2016 жылғы «01» тамыз №14 шешемімен бекітілді трамвай депосының аумағында қоғамдық кеңістікті дамытудың үздік тұжырымдамасына конкурсының сараптама комиссиясының мүшелерінің тізімі
docs -> «ел арна» телеарнасының бағдарламасы 11. 06. 2018 17. 06. 2018


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет