Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет4/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,7 Mb.
#9609
1   2   3   4   5   6   7   8
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      74. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады.
      Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
      1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
      2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
      3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
      4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
      5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
      75. ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
      76. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
      1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
      2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
      3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
      77. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
      1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
      2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;
      3) Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;
      4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
      5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
      6) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
      7) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
      8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
      9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
      10) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
      78. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
      1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
      2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
      79. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
      1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
      2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
      3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
      80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
      81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
      82. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
      83. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді.
      Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      84. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
      85. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.
      86. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
      Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға


міндетті стандартына 1-қосымша    

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 4 жыл)





Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Теориялық оқыту (1:3)

129

105

5805

1935

3870

55,3

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)

8

60

240

240

-

4,0

3

Қорытынды аттестаттау (1:6) оның ішінде:

3

6

315

45

270

52,5

1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін)
2) диплом жұмысын жазу және қорғау

1

2


2

4


105

210


15

30


90

180


52,5

52,5




БАРЛЫҒЫ

140

111

6360

2220

4140

-

4

Практика (кәсіптік), оның ішінде:

6

5-11

150-330

90

60-240

30,0

1) оқу (1:0)

2

1

30

30

-

30,0

2) педагогикалық (1:1)

4

4

120

60

60

30,0

3) өндірістік (1:4)

4

10

300

60

240

30,0

5

Демалыс

-

63-57

-

-

-

-

6

Емтихан сессиясы (7х3 апта)

-

21

-

-

-

-



БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200)

146

200

6510-6690

2370

4140-4320



      ЕСКЕРТПЕ:
      1. Бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
      2. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
      3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
      4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
      5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
      6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
      7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
      8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға


міндетті стандартына 2-қосымша    

Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 5 жыл)





Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

6

БӨЖ

1

2

3

4

5

2415

7

8

1

Теориялық оқыту (1:2)

161

135

7245

240

4830

53,7

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)

8

60

240

45

-

4,0

3

Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде:

3

6

315

15
30

270

52,5

1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін)

1

2

105

2700

90

52,5

2) диплом жұмысын жазу және қорғау

2

4

210



180

52,5



БАРЛЫҒЫ

172

141

7800

90

5100

30,0

4

Практика (кәсіптік), оның ішінде:

6

11

330

30

240

30,0

1) оқу (1:2)

2

1

30

60

-

30,0

2) клиникалық, өндірістік және т.б. түрлері (1:4)

4

10

300



240

30,0

5

Демалыстар



73









6

Емтихан сессиясы (9х3 апта)



27



2790







Барлығы (52 апта х 5 жыл - 8 апта =252)

178

252

8130







      ЕСКЕРТПЕ:
      1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
      2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
      3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте жоғары арнаулы білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
      4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің орташа апталық жүктемесіне енбейді.
      5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
      6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
      7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
      8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен   
бекітілген      

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-бөлім. Магистратура

1 Жалпы ережелер



      1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде әзірленді және магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін және академиялық дәрежені бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
      Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып:
      ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканының кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;
      бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      2) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
      3) магистрлік диссертация – тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының өзекті проблемаларының бірін магистранттың өз бетінше ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы.
      2. Магистратура бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистрлер даярлауды:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
      2) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
      3) оқу жұмыс жоспарларына;
      4) академиялық күнтізбеге;
      5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
      7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау екі бағытта:
      1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;
      2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге асырылады.
      Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуіне және пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.
      5. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
      Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      6. Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылым саласы үшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми және педагогикалық мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
      7. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
      8. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.
      9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
      1) магистранттардың даярлық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiне міндетті талаптар қою есебінен бiлiм сапасына кепiлділікті қамтамасыз ету;
      2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
      3) магистранттардың даярлығын және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
      4) магистранттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
      5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      6) «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
      10. Магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу мерзімдеріне және магистранттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы тиіс.
      11. Жоғары оқу орнының магистратура мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
      12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шегіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
      Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттердің алған білімінің деңгейі мен көлемін, біліктілігі, дағдысы мен құзыреттерін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.


Каталог: images -> docs
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
docs -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
docs -> Бекітемін: «хабар» агенттігі ақ-ның
docs -> «Алматы қаласының дамыту орталығы» АҚ Басқармасының 2016 жылғы «08» тамыз №15 шешемімен бекітілді ереже
docs -> «Алматы қаласының дамыту орталығы» АҚ Басқармасының 2016 жылғы «01» тамыз №14 шешемімен бекітілді трамвай депосының аумағында қоғамдық кеңістікті дамытудың үздік тұжырымдамасына конкурсының сараптама комиссиясының мүшелерінің тізімі
docs -> «ел арна» телеарнасының бағдарламасы 11. 06. 2018 17. 06. 2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет