Білім және ғылым министрлігі



бет1/21
Дата01.04.2017
өлшемі7,73 Mb.
#13053
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-18.21.07/03-2014



ПОӘК

«Тәжірибе алқаптарының әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.

басылым


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


СЕМЕЙ –2014
МАЗМҰНЫ



  1. Глоссарий

  2. Дәрістер




  1. Тәжірибелік сабақтар




  1. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.


Кіріспе І- ІІ – ІІІ дәріс

Өсімдік ауруларын қоздыратын микроорганизмдердің табиғатта таралуы және ерекшеліктері және өсімдік ауруларын зерттейтін фитопатология пәні

Дәріс жоспары:

  1. Микроорганизмдер және қоршаған орта

  2. Сәулелі саңырауқұлақтар (Актиномицеттер)

  3. Вирустар мен микоплазмалар

Біздің планетамыздың дамуының алғашқы сатысында литосферада бос оттегінің болмағаны белгілі. Біртіндеп химиялық және бтологиялық эволюцияның нәтижесінде осыдан 3 миллиардтай жыл бұрын бір клеткалы бактериялар мен көк-жасыл балдырлар пайда болып,олар гидросфераға бос оттегін бөліп шығара бастаған.

Микроорганизмдер қоршаған ортаға тез бейімделіп кететіндіктен, табиғатта өте кең таралған.Оларды басқа организмдер тіршілік ете алмайтын ортада да кездестіруге болады. Экватордан бастап Антарктидаға дейін, органикалық заттарға бай қара топырықпен қатар шағыл құмдар мен гранит тастарда да микробтар тіршілік етеді. Ауаның сферада да микроорганизмдер кездеседі.Температурасы +60-70 жететін Гейзер қайнарлар мен тұзды суда да микробтар тіршілік етеді.Су мен топырақтың терең қабаттарында оттегісіз ортада тіршілік ететін анаэробты микробтар да белгілі.

Өсімдіктер- микроорганизмдердің тіршілігі үшін қолайлы орта. Жасыл өсімдіктер микрофлораға өте бай келетінін бірінші рет ағылшын ғалымы Бурри байқады.Ол 1 грамм картоп жапырағында 25,6 миллион , қиярда -15,4 миллион, алмада- 1,38 миллион бактерия клеткалары кездесетінін анықтады.

Микроорганизмдердің қоршаған ортаға тез бейімделуінің негізгі себебі – олар өте жылдам көбейетініндігінде .Бактерия клеткасы 25- 30 минуттың ішінде жаңа өнім бере алады.Егер бір клетка 30 минут сайын 1000 есе көбейіп отырады. Өсуіне кедергі болмаса 48 сағаттың ішінде 1 бактериядан 270 миллион клетка түзілген болар еді.

Өсімдіктер күннің энергиясын пайдалана отырып арнайы пигмент хлорофиллмен және тамыр арқылы алынатын сумен , басқада минералдық заттарды ауадағы көмір қышқылы газымен байланыстырып, күрделі органикалық зат түзеді. Бұл афтотрофты қоректену болып саналады.

Микроорганизмдердің көпшілігі дайын органикалық затпен қоректенетіндіктен гетеротрофты организмдерге жатады. Сонымен қатар олардың арасында афтотрофты организмдер де көп кездеседі. Соңғыларының қоректенуі үшін жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты күн сәулесі мен көмірқышқыл газы қажет.

Біраз микроорганизмдер сутек, азот,күкірт , темір сияқты минералдық заттарды тотықтандыру арқылы қоректеніп, өздерін энергиямен қамтамасыз етеді.Бұларды хемеотрофты организмдер деп атайды.

Микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарларға тән және ерекше қасиеттерін ғалымдар жан жақты зерттеп, оларды микроорганизмдерге актинс мицеттер, бактериялар , вирустар , микроплазмалар жатады.

Микроорганизмдер клеткасында ядро немесе ядроға тән заттар бар екені соңғы жылдары ғана белгілі болды.Клеткада ядросы айқын көрінетін микроорганизмдерді эукароиттар немесе ядролы организмдер деп атайды. Бұл топқа саңырауқұлақтар жатады.

Микроорганизмдердің көпшілігі бір немесе бірнеше клеткадан тұрады.Олардың клеткасында тірі организмге қажет барлық информациялар жинақталған.Жалғыз клеткалы микроорганизмдер қоректену ,тыныс алу, көбею, тұқым қуалау сияқты күрделі процестерден өтеді.

Микроорганизмдер қоректік затты бүкіл денесімен сору арқылы қабылдайды.Егер қоректік заттар ірі молекулалардан құралып , клетка қабықша арқылы өте алмайтын болса, микроорганизмдер өздерінің ферменттері арқылы оларды ыдыратып , жеңіл қорытылатын қосынды ларға айнадырады.

Микроорганизмдердің өсіп-өну жылдамдығы температураға байланысты болатындықтан , олар бірнеше топқа бөлінеді. Психрофилдер- немесе төменгі температуралық оптимумы +25-25, иаксимумы +30-35 .Мезофильдер- немесе орташа температурада өсуге бейімделген микроорганизмдердің температуралық минимумы - +45 жетеді. Алтермофильдер тобы өте жлғары температурада өсуге бейімделген.Олар -20 -30 жағдайда өсіп жетіледі.Термофильдердің температуралық оптимумы - +50-55 , максимумы - +80.

Микроорганизмдер төменгі температурада өнбейді, тыныштық қалпын сақтайды.Бірнеше тәулік бойы – 90 ұсталған микробтар тіршілік қабілетін жоймай, қолайлы ортаға тап болғанда өсіп-өніп , көбейе береді. Көптеген Микроорганизмдер +60-70 температурада 15-20 минут қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса, ал кейбіреулері үшін 100 температурада керек. Кейбір микрооранизмдерді жою үшін оларды +100-120 температурада бір-екі сағат автоклавта ұстау қажет.

Сәулелі саңырауқұлақтар.(Актиномициттер)

Актиномициттер бір клеткалы микроорганизм. Актиномициттер коптеген ортақ қасиеттеріне орай бактерияларға өте ұқсас келеді, ал кейбір ерекшеліктері оны саңырауқұлақтарға жақындата түседіү Олар зең саңырауқұлақтары секілді тарамдалған жіпше пішіндес мицелийден құралады. Мицелицлердің ұзындығы 600 микронға дейін жетеді. Нағыз актиномитциттердің мицелийдері өте жақсы жетілген, бірақ оларды жеке клеткаларға бөлетін перде болмайды. Сол себептен бір клеткада бірнеше ядро болуы мүмкін.

Актиномициттері көбінесе жыныссыз жолмен, споралар арқылы көбейеді. Олар пішіні әртүрлі арнайы бұташаларда түзіледі. Спорангий деп аталатын жеміс органдарында споралар түзетін актиномицеттер кездеседі. Олардың спораларының полярлы талшықтары болады. Қолайлы жағыдайда споралар өсіп бірнеше өскін береді. Ол өскіндер тарамдалған мицелиге айналады.

Бактерияға ұқсас келетін актиномицеттер әуелде тарамдалған жіпше түрінде болады да, кейін олар таяқша немесе шар пішіндес жеке клеткаға бөлшектенеді. Микробактерия туысына жататын актиномицеттер бөлшектену мен бірге бүрлену арқылы да көбейеді.

Актиномицеттер жасанды қоректік субстраттарда жақсы өседі. Олардың колониясының реңінен күн сәулесі спекторының барлық бояуларын кездестіруге болады. Нағыз актиномицеттердің колониясының консистенциясы тығыз келеді, ал микробактерияларікі – иленген қамыр таріздес болады.

Актиномицетер топырақта, іріменен өсімдік қалдықтарында кездеседі. Ферменттік қасиеттері өте күшті болғандықтан, олар басқа микроорганизмдер пайдалана алмайтын клетчаткада мол у заттармен қоректеніп, оларды қарапайы қосылыстарға дейн ыдыратады.

Актиномицеттерден медитцина, мал дәргерлігі салаларында кең қолданылатын стрептомицин, биомицин, тетрациклин басқсда антибиотиктер алынады. Соңғы жылдары олардан өсімдік ауыруларына қарсы қолданылатын полимиксин,касугами, актидион, фитобактериомицин тәрізді антибиотикрер шығарылуда. Кейбір актиномициттер адам мен жануарлардың және өсімдіктердің ауыруларын қоздырыалы.

Вирустар мен микоплазмалар

Вирустарды электронды микраскоппен 20 – 100 мың есе үлкейту арқылы ғана көруге болады. 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский темекінің мозаика ауыруын тудыратын бактерия сүзгіштерінен өтіп кететін, жаратылысы жұқпалы ауыру қоздыратын микроптарға ұқсас организмдер екенін анықтады. Бұл организмге вирус немесе сүзгіден өтетін у деген ат береді.

Ағылшын ғалымы У.Стенли мозайка ауыруына шалдыққан темекі шырынын химиялық жолмен тазалау арқылы вираустың таза препаратын алды. Оны қышқылдандырып тұнбаға түсетін кристалды белокқа айландырды. Осы кристалдың ертіндісі жапырағына жағылған сау темекі екі үш күннен кейін мозаика ауыруына шалдықты.

Электронды микроскоп арқылы вирустардың марфологиялық қасиеттері толық зерттелді. Өсімдік ауыруларын қоздыратын вирустар, жіпше немесе шар пішіндес. Таяқша вирустың ұзындығ 55 ммк 1250 ммк дейін жетсе, ал шар пішіндестерінің диаметрі 30ммк аспайды (1 миллимикрон миллиметрдуің миллионнан бір бөлігі).

Вирстардың химмиялық табиғатты әр түрлі. Темекі мозаикасының вирусы жалаң протеидтен тұрса, ал көпшілік вирустарының құрамында нукелеин қышқылдары мен (ДНҚ РНҚ) қатарар белоктар да болады.

Бактериялар мен актиномицеттер клеткалардың бөлінуі арқылы көбейсе, ал вирустар басқаша жолмен өседі.Өсімдік ,жануарлар мен адам организмінде вирус бөлшектері бірден белок пен нуклеин қышқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып ,оданда жана вирустың бөлшектері пайда болады. Клеткадағы қоректік зат біткен кезде вирустардың көбеюі тоқталып олар тыныштық қалпына көшеді.

Вирустардың табиғаты туралы ғалымдар белгілі бір тұжырымға алі келген жоқ. Зерттеушілердің көбі вирустарды тірі организм деп есептемесе, ал кейбіреулері оны өлі табиғат өкіліне қосады.. Мұндай екі ұшты пікірлер вирустардың кейбір физикалық қасиеттеріне орай туып отыр. Себебі клеткадан тыс вирустарда еш.андай тіршілік белгісі байқалмайды,көп уақыт тіршілік белгісі байқалмайды.

Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қабілеті барлық вирустарда бір деңгейде бола бермейді. Кейбір вирустар +80-90 та 10 мин қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса,ал бағзы біреулерінің өлі дүниеге айналуына,+37-50температура жеткілікті.

Микроорганизмдердің денесінде вирустардың паразитті тіршілік етуге бейімделген түрлері де болады. Бактерияларда тіршілік ететін вирустарды –бактериофак, ал актиномицеттерде кездесетіндер актинофак деп аталады.

Фактардың өзіне тән құрылысы болады.Олардың сыртқы тұрқы шөміш пішіндес.Басы-көп қырлы, домалақтау немесе сопақша, кейде таяқша пішіндес, жұқа пластинка тәрізді 5-6 өсінділермен бітеді. Оның сыртқы белоктан құрылған қабықшалармен көмкерілген, ішінде 1-2 ДНҚ немесе РНҚ жіпшелері болады. Фагтың құйрығындағыпластинкалары спираль тәріздес белоктардан тұрады.

Фаг ұзын талшық пластинкалар арқылы микроорганизмнің клеткасына жабысады. Арнайы ферменттермен клетка қабығын ерітіп, оған өзінің ДНҚ немесе РНҚ жібереді. Фагтың нуклеин қышқылдары микроорганизм клеткасының зат алмасуын өз қажетіне орай өзгертеді. Осы жолмен микроорганизмнің бір клеткасында жүздеген немесе мыңдаған фагтар пайда болады. Зақымданған клетка қабықшасы еріп, фагтар босап шығады да, басқа сау клеткаларға жұғады.

Сонымен қатар микроорганизмдердің табиғатына бейімделген фагтар болады. Кейде бір бактерияларда олардың бірнеше түрлері кездесуі мүмкін. Топырақта тіршілік ететін көптеген микроорганизмдер де фагтармен зақымдалады. Антибиотиктермен басқа да препараттар шығару кезінде, олар микроорганизмнің культурасын зақымдап, кейде бағалы штаммаларды жойып жібереді. Осы себептерден жаңа штаммалардың фагқа беріктілігі тексеріледі.

Микоплазмалар эволюциялық сатыда бактерия мен вирустардың арасында тұрған организмдер. Олар дөңгелектеу, жұлдыз немесе жіпше пішінді. Вирустардан бір ерекшелігі бұл организмдерді қолдан жасалған орталарда өсіруге болады. Микоплазма бөлшектерінің молшері 20-2000мкм дейін жетеді.

Микоплазмалар өсімдіктердің флоема клеткаларын зақымдап, оларды сары ауруға шалдықтырады.

Вирустармен микоплазмалар адам мен жануарлардың да көптеген жұқпалы ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі.

Саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтар дүниесі өте бай.Олар сырт пішіні әр түрлі жүздеген мың түрге жататын хлорофильсіз гетеротрофты организмдерді біріктіреді.Бұл топқа тек микроскоп арқылы көрінетін,мөлшері бірнеше микроннан аспайтын микромицеттермен қатар орманда,ылғалды жерлерде жиі кездесетін қалпақты саңырауқұлақтар сияқты макромицеттер де жатады.Әр алуан систематикалық кластарға ажыратылатын саңырауқұлақтарды бір топқа біріктіретін жалпы қасиет-олардың денелері тарамдалған жіпшелерден- мицелийден тұратындығы.Мицелийдің көлденеңі бір микроннан ондаған микронға дейін,ал ұзындығы бірнеше микроннан ондаған сантиметрге дейін жетуі мүмкін.Саңырауқұлақтардың клеткасының құрылысы бактерия мен актиномицеттердікінен күрделірек келеді.Клетка қабықшаларды целлюлоза мен пектин заттарынан және кей жағдайда насекомдардың хитиніне ұқсас смола мен азот заттарынан тұрады.Оның ішінде жұқа қабықшамен көмкерілген ядро болады.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар үлкен бір клеткадан тұрып,көлденең перделермен бөлінбейді.Сол себептерден олардың клеткасында бірнеше ядро кездеседі.Жоғары сатыдағы сағырауқұлақтардың мицелийлері көлденең перделер мен бірнеше клеткаларға бөлінеді.Олардың клеткасында бір немесе бірнеше ядро болады.Қоректі затты саңырауқұлақтар бүкіл денесі арқылы сорады.Олардың ферменттік аппараты жақсы жетілген.

Цитоплазмада клетчатка мен пектин заттарын ыдырататын,крахмалды гидролиздейтін,белок пен майларды жай қосылыстарға айналдыратын ферменттер бар.Саңырауқұлақ клеткасының протоплазмасында хлоропласт немесе басқа пластидтер болмайды.Клетка шырыны ерітілген көміртегінен,пигменттермен қатар ферменттерден тұрады.Қоректік заттардан онда гликоген мен валютин болады,кейде май тамшылары кездеседі.Саңырауқұлақтар споралар арқылы жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Көбею жолдарына және ерекшеліктеріне байланысты төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар деген екі үлкен топқа бөлінеді.Сонымен қатар,олар нағыз саңырауқұлақтар және миксомицеттер деп те екіге бөлінеді.Нағыз саңырауқұлақтар 4 классқа бөлінеді.

IV- V дәріс

Микроорганизмдер және өсімдік ауруларын зерттейтін ғылым – фитопатология , және оның даму тарихы

Дәріс жоспары:


  1. Өсімдіктер ауруларын зерттеген ғалымдар

  2. Өсімдік ауруларының себептері.

  3. Өсімдік ауруларының белгілері

Өсімдіктердің әр түрлі ауруларға шалдығатыны ерте заманнан белгілі болған.Біздің заманымызға дейінгі 460 жылдары Демократ егінді қаракүйе ауруынан қорғау үшін астық дақылдарының тұқымын қоян капустасының шырынымен улау керек екенін жазған.Бірақ талай ғасырлар бойы өсімдік ауруларының пайда болуының негізгі себебі белгісіз болып келді. 18-19 ғасырларға дейін өсімдік ауруы оның шырынының бұзылуынан немесе әртүрлі бөртпелерінің әсерінен пайда болады деген болжам бел алып келді.Бұл жаңсақ пікір көпке дейін өсімдік аурулары туралы ғылымның еркін дамуына тұсау болды. Ағайынды Тюландардың басқа да ғалымдардың жүргізген тәжірбиелері өсімдік аурулары мен саңырауқұлақтар дамуының арасында байланыс бар екенін көрсетті.Антон де Бари тәжірибе жүргізудің жаңа әдістерін қолданды.

Өсімдік ауруларын зерттеуде А.де Баридің шәкірті орыс ғалымы Ворониннің(1838-1903) еңбегі үлкен.Ол капуста қиласының даму циклын зерттеу арқылы ауруды саңырауқұлақ қоздыратынын анықтады.Күнбағардың тат ауруын жан-жақты зерттеп,өсімдіктің осы кеселімен күресудің тиімді жолы ауруға төзімді жаңа сорттар шығару керектігі туралы тұңғыш рет ғылыми дұрыс тұжырым жасады.М.С Воронин шай бұтасы мен ит бүлдіргеннің экзобазидиоз ауруын сол кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген экзобазидиум туыстығына жататын саңырауқұлақтар қоздыратынын анықтап,олардың тіршілік циклдарын жете зерттеді.Антон де Бари мен Ворониннің ашқан жаңалықтары өсімдіктер аурулары туралы ғылымның қалыптасуына негіз болды.Бұл ғылым саласы фитопатологиядеп аталды.Ағылшын ғалымы Берилл 1882-83 жылдары алмұрттың күйік ауруын бактериялар қоздыратынын анықтады.Өсімдіктер бактериоздарын жан-жақты зерттеу арқылы ғылымның осы саласының қалыптасып,дамуына ағылшын ғалымы Эрвин Смит те (1854-1927) үлкен үлес қосты.1892жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский (1864-1920) өсімдік ауруларының сол уақытқа дейін белгісіз болып келген жаңа қоздырғышын ашты.Бұл бактерия сүзгісінен өтіп кететін өте ұсақ организм,анығырақ айтқанда вирустар еді.Кейіннен вирустар адам мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын қоздыратыны анықталды.

Россияда фитопотологияның дамуы А.А Ячевскийдің (1863-1932) есімімен тығыз байланысты.Бұл ғалым Россияның патшалық дәуірінде фитопотология лабораториясын ашып,ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман және жабайы өсімдіктер ауруларын анықтап,оларды қоздыратын саңырауқұлақ түрлерін зерттеу ісінің ғылыми жүйесін жасады. «Өсімдік аурулары туралы мәліметтер»атты ғылыми еңбектер жинағын жыл сайын шығарып тұрды. Фитопотология ғылымы Совет заманының алғашқы кезеңінен бастап күрт дамып,ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосты. А.А Ячевскиймен қатар, А.А. Потебия (1870-1919), В.А.Траншель (1868-1941), Н.А Наумов(1885-1959), А.С. Бондарцев (1877-1968), Т.Д. Страхов (1890-1960) т.б ғалымдар фитопатологияның ғылым ретінде қалыптасуына көп еңбек сіңірді.Бұл ғалымдар ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларын жан-жақты зерттеп, олармен күресу шараларының ғылыми жүйесін анықтады, фитопотология мамандығы бойынша көптеген кадрлар дайындап шығарды.Н.А.Наумов фитопотологияда биологиялық бағыттың дамуына үлкен үлес қосты.Ол жазған «Микология мен фитопотологияның зерттеу әдістері», «Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары» басқа да монографиялар осы күнге дейін өзінің құнын жоймай,мамандар үшін аса қажет анықтама кітап болып отыр.

А.И.Боргардт 1932 жылы астық дақылдарының күйе ауруларымен күресудің толық жүйесін ұсынды. Осы жүйені ауыл шаруашылық өндірісіне толық ендірудің нәтижесінде астық шаруашылығына қаракүйеден келетін шығын күрт төмендеді.Егер 1930-1940 жылдарға дейін астық дақылдарының түсімділігі қаракүйе ауруының кесірінен 20-30 процентке дейін кемісе,қазір бұл өсімдік кеселі республикамыздың көптеген облыстарында мүлде кездеспейді.Отанымыз А.И. Боргардтың еңбегін жоғары бағалап,оған СССР Мемлекеттік сыйлығын берді.Өсімдік бактериоздарын зерттеу В.П. Израилский, М.В.Горленко,К.И. Бельтюковалардың атымен де тығыз байланысты.Вирусология ғылымының дамуына Д.И.Ивановскиймен қатар К.С Сухов,М.С.Дунин,В.Л.Рыжков,А.Е.Проценко,Ю.И. Власов т.б ғалымдар көп үлес қосты.М.С.Воронин,А.А. Ячевский,А.А. Потебия,Н.А Наумов басқа да микологтар негізін қалаған Паталогия ғылымы қазір барлық одақтас республикаларда қарыштап дамуда .

Республикамыздағы өсімдік аурулары туралы алғашқы мәліметтерді Н.Г.Запрометовпен П.Г.Естифеевтің еңбектерінен кездестиремиз.Соңғы автордың 1925 жылы Алматыда басылып шыққан «Жетісу облысында өсірілетін мәдени және жабай өсімдіктердің аурулары » деген кітабында былай деп жазылған: « тарының қара күйесі барлық жерде таралған.Ол өнімнің 10-100 процентіне дейін жойып, тек тарымен ғана қоректенетін қырғыздарды (қазақтарды-М.Қ.) ашаршылыққа душар етеді».

1930-40 жылдары Қазақстанда микологиялық зерттеулер жүргізген Г.С.Неводовский мен Л.С.Гутнер өсімдіктердің ауруларын қоздыратын көптеген саңырауқұлақ түрлерін анықтап,есепке алды.Ол СССР тереториясындағы қаракүйе саңырауқұлақтарының 304 түрінің 51 Қазақстанда өсетін өсімдіктерде таралғаның анықтады.Республикамызда саңырауқұлақтар флорасын жіті зерттеу ісіне С.Р.Шварцман,Б.Қ.Қалымбетов т.б ғалымдар көп еңбек енгізді.Олар «споралық өсімдіктердің флорасы» деген атпен ғылыми еңбектерің бірнеше томдық монографиясын басып шығарды.Бұл еңбекте өсімдік ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтардың ,биологиялық ,морфологиялық ерекшеліктері , ареалдары басқада толып жатқан өзіндік қасиеттері жан-жақты тұжырымдалған.

Қазақстанда тың жер иелену кезеңі фитопотология ғылымының күрт дамуына ықпал етті.Бұл салада қазақ өсімдік қорғау,ғылыми -зерттеу институтының ұйымдастырушысы,бір кездегі директоры,ауыл шаруашылық ғылымының докторы Ж.Т.Женбаевтың еңбегі ерекше. Ол Қазақстанның солтүстік облыстарында егілетін бидайды кездесетін ауруларды толық зерттеп , олармен күресу шараларының ғылыми жүйесін өндіріске енгізді.Сонымен қатар салқын ауалы солтүстік облыстарда еккен жүгері тұқымының зеңдену ауруына шалдығу себептерін анықтады,бұл кеселмен күресу шараларын белгіледі.
Өсімдік ауруларының себептері.

Т.Д.Страховтың анықтамасы бойынша: ауру -өсімдіктерде потогенді организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан пайда болып,өзгеріп отыратын,олардың қалыпты физиологиясы мен құрылысына , түсіміне ерекше әсер ететін құбылыс.


Өсімдіктердегі қалыпты физиологиялық процестерді әр түрлі физиологилық процестердің әр түрлі аурудың әсерінен бұзылу ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады.

Фотосинтездің төмендеуі ауру қоздырғыштарының әсерінен хлорофиль зақымдалып фотосинтездің екпінділігі төмендейді.Хлорофиль дәндерінің зақымдалуынан жапырақтар мен сабақтарда алуан түрлі дақтар пайда болып олардың фотосинтезге қатысатын түрлері азаяды.Осы себептен клеткаларда жүретін синтез процесінің жылдамдығы азаяды өсімдіктердің өсуі баяулап түсімділігі азаяды.

Өсімдіктің тыныс алуының өзгеруі ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс алу екпінділігі артып,қорға жиналатын органикалық заттар ысырапқа өшырайды. Кейде аурудың әсерінен зәрлі заттар бөліп шығып клеткалар өсімдік органдары клеткалар уланады.тыныс алу кезінде бөлініп шығатын энергия өсімдік органдарымен ткандерін қыздырады.Өсімдіктің тыныс лу жылдамдығы төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттардың синтезделу күрт азайып өнімнің түсімділігі кемиді,сапасы нашарлайды.

Өсімдік органдарының су және қоректік заттармен қамтамыз етілуінің бұзылуы.Фотосинтездердің нәтижесінде жапырақта түзілетін органикалық заттар төменгі ағыс жолыме н тамыр,жеміс пен түйнекке,масаққа т.б жинақталады.Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе ксилемамен су жүрмейтіндіктен өсімдіктер солып біртіндеп қурайды.Флоэма жолдары ауруға шалдыққанда фотосинтез нәтижесінде түзілетін органикалық заттардың мөлшері жапырақта көбейіп, қор жинақталатын органдарға ақпайды.Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар өнімнің сапасыда нашарлайды.Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруына шалдыққанда байқалады.Солу органдарын бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздырып су жүретін түтікшеледі бітеп тастайдықтан оларды трахеобактериоз жән трахеомитоз деп атайды.

Клетка мембранасының еріп кетуі.Ауру қоздыратын әсіресе микроорганизмдердің бактериялардың әсерінен өсімдік клеткаларының мембранасы еріп кетеді.Осының салдарынан қоректік заттармен суға бай органдар тез
шіріп бұзылады.Бұл ауру картоп,сәбіз,қызылша сияқтыларда жиі байқалады.

Өсу заттарының синтезделуінің бұзылуы. Өсу заттары аз синтезделсе әрі жеткіліксіз болса өсімдіктердің өсуі нашарлайды.Олар шектен тыс түзілсе өсімдіктердің кейбір органдары қаулап өседі немесе клеткалар мөлшерден артық бөлініп әр түрлі ісіктер немесе буылтықтарм паайда болады.



Өсімдік ауруларының белгілері
Ауру қоздырғыштарының әсерінен өсімдік органдарында потологиялық аурулар пайда болады.Инфекцияға өсімдіктің белгілі бір органдары шалдықса ол жергілікті немесе локальді ауру деп аталады.Кесел өсімдіктің барлық органдарын шарпыса оны диффузиялы немесе жүйелі ауру дейді.Аурудың әсерінен байқалатын потологиялық өзгерістерді төмендегі өзгерістерге бөлуге болады.

Шіру.Өсімдіктердің сумен қоректік заттарқға бай жемістері,тамыржемістері,түйнектері шырыны мол сабақтарымен жапырақтары шіріге бейім келеді.Бактерия мен саңырауқұлақтардың тіршілік ету әсерінен клетка арасындағы қабықша еріп тканьдер ботқа тәріздес қоймалжын затқа немесе жөкеге ұқсас талшықтарға, құрғақ талшықтарға ұқсайды.

Солу.Тамыр жүйесінде саңырауқұлақтар мен бактериялардың тіршілік етуінен су мен қоректік заттар жылжитын түтікшелер бітеліп өсімдіктердің өсуі баяулайды,кейде мүлде солып қалады.

Құрғақшылық жылдары ауаның температурасыаса жоғары болып , аңызақ жел соққан кезде өсімдіктер солу ауруына шалдығады.Мұндай ауруға қызбаған топыраққа ерте егілген өсімдіктер де ұшырайды.

Дақтар мен некроздар.Өсімдіктердің жапырақпен сабағының жемісі мен дәніні (бұршақтардың,бұтақабықшаларының) жеке учаскелерінің өлуінен оларда алуан түрлі дақтар немесе некроздар пайд болады


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет