«биология» кафедрасы



бет2/5
Дата21.06.2017
өлшемі1,9 Mb.
#19457
1   2   3   4   5

8 - лекция .


Тақырып : Жер шаруашылығы, топырақты тиімді пайдалану

және оның құнарлылығын арттыру.
Жоспар :

    1. Топырақ құрайтын табиғи процесстердің дамуы

    2. Топырақ құнарлылығын реттеу

    3. Танаттың топырақ қабатындағы өсімдіктер мен жәндіктерге сипаттама


Лекция мақсаты: Танаптың топырақ қабатындағы өсімдіктер мен жәндіктерге сипаттамасын анықтау.

Лекцияның мәтіні :

1. Егіншілік жүйесі бір аймаққа тікелей байланысты қалыптастырылады. Ғалымға негізделген егіншіліктің интенсивті жүйесін жүргізуге топырақтың пайда болуы мен топырақ құнарлылығының құралу заңдылығын игеріп, оны одан әрі пайдалану шешуші шарттардың бірі. Әрине, егіншіліктің жалпы заңдылықтарынан туындайтын агротехникалық әдістерді нақтылы аймаққа қарай қолданған жөн. Өйткені біздің кең байтақ республикамыздың егістік алқаптары әртүрлі аймақтарға – орманды, далалық, шөл, шөлейт, таулы, суамалы жерлерде орналасқан, соған орай егіншілікті жүргізудің әдістері әрқилы.

Топырақ құрайтын табиғи процесстің дамуымен топырақтың құнарлылығының басқа да көрсеткіштері – физикалық, суға және ауаға байланысты қасиеттері жақсарады. Мұның бәрі топырақтағы өркендей беретінін көрсетеді.

Климаты, температурасы мен су тәртіптері қолайлы аймақтарда өсімдіктердің, жер қыртысының үстіңгі қабатында микрофлоралар мен жан – жануарлар дүниесінің өркендеуіне қолайлы жағдай жасалынатыны белгілі. Бұл әрине топырақ құралуын жеделдетеді, топырақтың құнарлылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай аймақтарда топырақтың өнімділігі мен биологиялық қуаты арта түседі.

Топырақ құралу процессін биологиялық процесстер айқындайды. Биологиялық процесстер неғұрлым жедел жүрсе, топырақ құнарлығының да соғұрлым қырқынды артатыны зерттеулерден белгілі. Сондықтан да егіншілік саласында топырақ қабатында тиімді биологиялық процесстердің белсенділігін көтеруге болады. Мелиорациялық шаралардың ғылыми жүйесіне сүйене отырып, топырақты кез – келген климат жағдайында мәдени дақылдарды өсіруге қажетті су және ауа режимімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Сондықтан табиғаттың өз күш қорын, оның даму жолдарының заңдарын меңгеріп ақылмен пайдаланса, топырақтың құнарлылығы кемімей, қайта керісінше оның құнарлылығы да, құрылымы да жақсара түседі.

2.Топырақ құнарлылығын реттеу.

Өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін топырақ құнарлылығын міндетті түрде бағдарлау жолымен реттеу керек. Интенсивті егіншіліктің негізгі мақсаты топырақ құнарлылығын ұлғаймалы ұдайы өндіріс арқылы арттыру. Сонымен қатар топырақ құнарлылығын төмендетуге бағытталған қолайсыз жағдайларды, яғни эрозияны,қуаңшылықты, гумус пен қоректік заттар қорының кемуін жою, топырақты мелиорациялауды енгізу, қолайлы физика – химиялық ортаны жасау, құнарлылықты және ауыл шаруашылық дақылдар өнімдерін арттыруға қолда бар барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керек.

Топырақтың агрофизикалық және физика – химиялық қасиеттері. Топырақ көп фазалы жүйе. Топырақ қатты, сұйық, газ бөліктерінен тұрады. Бұлардың ара қатынасы әртүрлі топырақта ғана емес, тіпті бір топырақ қабатының өзінде де әртүрлі болады. Топырақтың жоғарғы қабатынан бастап төменгі қабатына қарай бірте – бірте органикалық заттар мен тірі организмдер азая береді де, оның қатты бөлігінде минералдық заттар басым келеді.

Топырақтың қатты бөлігінің құрамы – органикалық заттарда, оның негізгі бөлігі күрделі құрылымды қарашірік. Органикалық затта клетчатка, лигнин, белок, қант, шайыр, май т.б өсімдіктер мен жануарлар, микробтектес қалдықтар қосындылары және солардың ыдырау процесінде пайда болған аралық заттары болады.

Топырақтағы органикалық заттар ыдыраған кезінде олардағы азот өсімдікке сіңімді түрге айналады.

3.Танаптың топырақ қабатында өсімдіктер мен басқа тірі жәндіктердің қалдықтарын бактериялар мен қарашірікті құрайтын топырақ түйірлерінің органикалық бөлігін түзеді. Топырақтың құнарлылығы ондағы қарашіріктің аз көптігіне қарай бағаланады. Топырақтың тірі бөлігі топырақ микроорганизмдерінен ( бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар ), омыртқасыздардың көптеген тобынан ( қарапайымдар, жәндіктерден, құрттардан, насекомдардан мен олардың личингкаларынан ), топырақ арасында тіршілік ететін омыртқалылар тобына жататындардан тұрады. Бұлардың қалдықтарының бір бөлігі толық минералданатын болса, екінші бөлігі қайтадан топырақтың органикалық жаңа түріне - қарашірікке айналады.

Өсімдіктер өсіп- өну кезеңінде топырақта сумен бірге қоректік заттарды алады да, ал олардың негізгі қоры осы қарашірік болып табылады. Қарашірріктің негізгі қоры осы қарашірік болып табылады. Қарашіріктің негізгі қасиеті – оның өз бойына суды жақсы сіңіргіштігі. Сондықтан топырақтың физикалық қасиетін де жақсартады, яғни ол топырақ құрамындағы түрлі минералды заттарды біріктіріп ұстап тұрады , қатты жаңбырдан кейін топырақ бетінде қалың қабыршақ пайда болуы – топырақтың құнарсыздығынан, ондағы қарашіріктің аздығынан болады. Топырақ қабатының жылу тәртібі органикалық қалдықтардың шіруі мен жылудың бөлінуіне байланысты. Топырақ қабатында пайда болған қарашірік оның өте ұсақ майда бөлшектерін өзара біріктіреді, жабыстырады.


Бақылау сұрақтары:

  1. жер шаруашылығы?

  2. Топырақ қабаты?

  3. Топырақтың физикалық жағдайы?



9 - лекция

Тақырып : Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсу жағдайлары және оларды реттеу

Жоспары :



  1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы

  2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы

  3. Өсімдіктердің өсу мен даму заңдылықтары


Лекция мақсаты: Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңын оқып үйрену?

Лекцияның мәтіні :

1. Егіншілік – біріншіден халыққа тағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы; екіншіден, ауыл шаруашылығының өнімдерін өсіру, күту, өнімін арттыру, жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зеттейтін ғылым саласы. Ғылым мен озық – тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншілікьің мынадай заңдылықтарын атап айтуға болады.



  1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлылығының қалыптасуы және оның біртіңдеп арта беретіні, ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды жетекшілігінен топырақтың құралуы осы заңға жүгінеді.

  2. қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңынын талабы бойынша – ысырап болу, егімен бірге кету немесе басқа себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе – теңдігі бұзылған жағдайда, тиістьті тыңайтқыштар енгізу жолымен, яғни агротехникалық әдістермен сол тепе- теңдікті қалпына келтіру керек. Соның өзінде топырақ – жанды іспекті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің сан алуан қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн. Заттарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың құнарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

  3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінжайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 га 10 ц мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30ц, одан да көп түсім алуға жетеін болса, бәрібір өнім 10ц маңайында ғана алынады., өйткені, өнімнің мөлшерін ондағы минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірақ су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді. Фактордың – ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да жетіспей кем болуына өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.

Өсімдіктің тіршілігіне минималды – қолайсыз және оптималды – ең

қолайлы жағдайларымен қатар максималды жағдай да болады. Мұндайда

көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны. Егер барлық тіршілік

факторлары қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда

өсімдіктің өнімі мол болады.


  1. Өсімдіктердің өз ортасына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойынша дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп - өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай – ақ тұтас алғанда бүкіл өсімдік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады.

Өсімдік қаумын құрайтын өсімдіктердің түр – түрі тек оқшау топ құрып немесе одан бетер жеке- жеке көршілес ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір – бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден, өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл кешеніне бейімдеуін көздейді. Бір түрге жатаын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын және күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әртүрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды.Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әртүрлі қабаттарында өсімдіктер кездесетіні жайдан – жай емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларыныңы тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.



  1. Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір – бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, себебі бұл факторлар кешенінің ықпалында болады.

3.Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практикалық шапраларын одан әрі талдау қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңымен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыда негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ құрамы?

2. Ауылшаруашылығы танаптары?

3. Оптимум заңы?


10 - лекция

Тақырып : Ауыл шаруашылығының дақылдарына ылғалыдың қажеттілігі
Жоспары :


  1. Мелиорацияның жердің өнімділігін көтерудегі маңызы

  2. Гидромелиорация

  3. Жер құрғату


Лекция мақсаты: Мелиорацияның жердің өнімділігін көтерудегі маңызын оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

  1. Мелиорация дегеніміз ауыл шаруашылығына арналған алқаптардағы топырақтың ылғалдылығын, қышқылдлығын, танптағы жылу мөлшерін өзгерту арқылы жер сапасын көтеруге арналған әртүрлі шаралар жүйесі. Мелиорация шараларына ылғал жетіспейтін жерлерді суару, ылғалы өте көп саздау жерлерді құрғату, химиялық мелиорациялау ( қышқылы мол топырақтарды әктеу, тұзы көп топырақтарды гипстеу ) шабындық жерлер мен жайылымдардың өнімін көбейтуге арналған тәсілдер, алқапты қорғайтын ағаштар отырғызу, топырақты эрозиядан қорғау сияқты жұмыстар жатады.

Мелиорациялау шараларының әсерінен топырақтың құнарлылығы көтеріледі, одан алынатын өнімнің мөлшері артады. Суару әр гектар жерденөндірілетін астықтың түсімін орта есеппен 15-20 центнерге көтереді.

Ылғалы өте мол жерлерде құрғату шараларын жүргізгенде одан алатын өнім 1.5 –2 есе артады тәлімі жерден суармалы мәдени жайылым жасалса, ондай жердің шөбі шүйгін болады, түсім 4-5 рет молаяды.



  1. Жер суару еліміздің құрғақшылық аудандарында егінді суару арқылы ғана дақылдан мол өнім алуға болады. Топырақта су жеткіліксіз болса, қолданылған тыңайтқыштар да, гербицидтерде, басқа шаралар да өнімді айтарлықтай көтере алмайды. Қазақстанның Қызылорда, Атырау сияқты облыстарында, Алматы, жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған облыстарының кейбір аудандарында суарылмайтын жерлерге егілген дақылдан ешқандай өнім алу мүмкін емес.

Қазақстанның көп жерлерінде ( солтүстікте, шығыста, солтүстік – батыста орналасқан облыстарында, оңтүстікте орналасқан облыстардың тауға жақын аудандарында ) бірсыпыра дақылдардан суармай- ақ тәуір өнім алуға болады. Бірақ бұл аймақтарда да суармалы дақылдар өнімі 2-4 есе артатынын тәжірибе көрсетіп жүр. Орташа есептегенде Қазақстанда суармалы жер өнімді орташа тәлімі жерге қарағанда 4 есе көп береді.

Егісті суаратын әртүрлі жүйе салудан бұрын су апасын тексеріп алу керек. Өзен, тоспа суларының сапасы көбіне жақсы болып келеді, ал көл суы мен жер асты суы кей жағдайда егіске пайдалануға жарамайды. Су көзі суарылатын танаптардан жоғары тұрса, онда танаптарды судың табиғи ағысын пайдаланып, суаруға болады. Су көзі танаптардан төмен жатса, бұл ретте суды әртүрлі насостармен көтеруге тура келеді.Бұл тәсіл механикалық суару тәсіліне жатады.

Суды жер бетімен ағызыпсуару, арнаулы құбырлармен суды жердің астымен алып келіпсуару, жаңбырлатқыш құралдармен суару және көктемгі тасқынды пайдаланып суару болып бірнеше түрге бөлінеді.

Суды жер бетімен ағызып суару ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан әлі күнге дейін көп тараған тәсіл. Оның үстіне бұл тәсіл өте қарапайым, сенімді, көп қаражатты, күрделі құралдарды қажет етпейді.Бұл тәсілмен суғарғанда ылғал топыраққа жақсы сіңеді.

3.ТМД – да көптеген егістік жер жауын – шашын өте көп болатын, топырақтағы ылғал буланып үлгермейтін, егілген дақылдар ылғалдың аздығынан гөрі, оның көптігінен зардап шегетін аймақтарға орналасқан.

Қазақстанда мұндай жерлер жоқтың қасы деуге болады. Мұндай жерлерде жауын – шашын көп болғандықтан, ылғал буланып үлгермейді де топыраққа сіңеді, жер астындағы суларға қосылып, ойпаң тұстардан бұлақ болып шығады. Ал ойпаң жерлерден су ешқандай ағып кете алмайды, содан барып бұл ара батпаққа айналады. Сазды жерге егін егу мүмкін емес. Оны құрғату үшін әртүрлі инженерлік шаралар қолданылады, сөйтіп артық суды басқа жаққа аударып, жер өңдейтін техникалар жүретіндей жағдайға келтіреді.

Құрғату кезінде ойпат жерлерде тұрып қалған сулардың ағысын реттеу және жеделдету қажет, бұл араға артық судың келмеуі қадағаланады, жер астындағы су деңгейі төмендетіледі, топырақтың су және ауа өткізгіштік қасиеті жақсартылады.

Құрғату жүйелері артық суды танаптардан алып келетін ашық терең ор – арықтардан және жабық құрғатқыш – дренаждардан тұрады. Барлық жүйе еңіске көлденен орналасқан ашық құрғатқыш каналдармен еңіс бағытымен жүретін су жинағыш каналдардан, суды танаптан аударатын магистралды каналдардан тұрады.

Топырақ бетіне жақын орналасқан суларды кетіру үшін жасалынатын арықтардың тереңдігі әдетте 50-60 см, бетінің кеңдігі 100-120 см табанының кеңдігі 20-30см болады. Бұлар еңіске көлденең тартылады және бір – бірінен

50-200 метр болады. Бұл арықтардың жиілігі ауа- райына тікелей байланысты болады, жаңбыр өте көп жауатын және ол жаңбыр сулары буланып үлгермейтіндей , ауа- райы салқын болатын аймақтарда бұлар жиірек орналасады.Құрғатылатын жер мал жайылымына арналған болса, не орман- тоғай ағаштары өсірілетін танаптар болса, онда құрғататын арықтар арнасыкөбіне ашық болады. Егер құрғататын танапқа астық егілетін болса, бұл арықтарджы әртүрлі суды өткізіп, тұратын заттармен толықөтырып, дақылдарды себу,күту, жинау кезінде тракторлар мен әртүрлі тіркелмелі құралдармен жүріп тұруына жағдай жасалады.


Бақылау сұрақтары:

1. Мелиорация және топырақ?

2. Ауыспалы егіс?

3. Жер өңдеу маңызы?

11 - лекция

Тақырып :Топырақ өңдеу жүйелері
Жоспары :
1. Топырақ өңдеу жүйелері

2. Отамалы және көп жылдық өмідікттерден кейін топырақты сүдігерлік өңдеу

3. Пар өңдеу жүйесі
Лекция мақсаты: Отамалы және көп жылдық өмідікттерден кейін топырақты сүдігерлік өңдеу тәсілдерін үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Жерді сүдігерге сапалы түрде жырту ауылшаруашылық дақылдарының өнімін және сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Тұқым себу науқанын сапалы өткізу, оның біркелкі көктеп шығуы және дақылдың кейінгі кезде қарқынды өсіп- дамуы күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне байланысты. Сүдігер қаншалықты сапалы өңделсе, соғұрлым кейінгі кезде барлық агротехникалық шаралар тиімді жүргізіледі. Сондықтан да топырақты сүдігерге өңдеуді “ негізгі өңдеу ” деп атайды. Топырақты сүдігерге өңдеу мына жұмыстардан тұрады: егістік жерді тегістеу, топырақты өңдеудің алдында суару, сыдыра өңдеу, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды сіңіру және сүдігерге жырту.Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде дәнді- парлы ауыспалы егістің барлық танаптарында жерді қайырмалы плугпен жыртқаннан гөрі жазықтілгішпен өңдегенде, жаздық бидай шығымдылығы әлдеқайда жоғары екенін көрсетті. Бірақ бұл жағдайда арам – шөптер басымырақ болады.Оларды жою үшін гербециттер қолданады.

Топырақ өңдеу жүйесінде оның тәсілінен басқа өңдеу тереңдігі де үлкен роль атқарады. Тайыз өңдеуге қарағанда, терең қопсыту атпатамырлы арам шөптерді жақсы жояды.

Топырақты үнемі бір тереңдікке ғана жырту оның астыңғы қабатын нығыздап тастайды.

Өсімдікке керекті қарашірікті және басқа да органикалық заттарды көбейту, оларды толық пайдалануға қолайлы жағдай жасау суармалы егіншілікке ең басты міндет болып табылады.

Суармалы егіншіліктер жоңышқа тыңын және жасыл тыңайтқыштарды бірінші жылы 40-45 см тереңдікте жырту, ал келесі 2-3 жыл бойы 20-25 см-ге өңдеу, және 20-30 см тереңдікте қопсыту тиімді.

2. Егіншілік жүйесінде кең қатарлы немесе шаршы- ұялы әдіспен егілетін өсімдіктерді отамалы дақылдар дейміз.

Отамалы дақылдардың өсіп- өнуі кезеңінде қатар аралықтары 2-4 рет қопсытылады, осының арқасында арам шөп оталады. Бұл топырақтағы ылғалды сақтайды, тамыр маңында ауа алмасуын, топырақ қабатындағы микробиологиялық жағдайды жақсартады, қоректік зттар жинауын күшейтеді.

Отамалы дақылдардан кейін күздік бидай егілетін жердің топырағын екі рет дискілі сыдырғыштармен 3-10 см тереңдікте өңдегенде, астықтың өнімі гектар басына 1,5 – 2,5 ц артады.

Кеш жиналатын алғы дақылдардан кейін күздік бидайдың себу мерзімін өткізіп алмау үшін топырақтың беткі қабатын сапалы өңдеу керек. Тайыз өңделген топыраққа енгізілетін минералды тыңайтқыштардың әсері басым болады, оның себебі топырақтың 9-10 см тереңдікте өңдегенде, үстіңгі қабатқа жиналатын нитраттар терең өңделген танаппен салыстырғанда мол болады. Оның себебі, топырақтың үстіңгі қабатында микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасалуынан органикалық қалдықтар тез ыдырайды, ал терең жыртылған топырақта тамыр қалдықтары топырақтың төменгі қабатына түсіп кетеді, ол топырақтағы микроорганизмдердің белсенділігі төмендейді де, органикалық қалдықтар нашар ыдырайды.

Танапты бедеден кейін өңдегенде мына шарттарды орындаған жөн: топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеу жүйесінен кейін беденің өсуіне жол бермеу, беденің тамыр жүйесін және басқа да органикалық қалдықтардың ұзақ минералдануына және оны үнемді жұмсауына жағдай туғызу. Мәселен, қант қызылшасы көп жылдық шөптен кейін орналастыратын болса, онда шөпті төрт – бес жылдық орып, пішенді жинап алғаннан кейін, жоңышқаның тамыр мойнын қырқып, аңызды 10-12 см тереңдікте сыдыра жыртады, мұнан кейін 15-16 күн қалдырып, оның жықсы кебуіне мүмкіндік береді. Жоңышқа тамыры әбден кепкеннен кейін танапты суырып, оған тыңайтқыш енгізеді де, топырақты 30-32 см тереңдікте жыртады.

3. Пар дегеніміз – күздік және жаздық дақылдар үшін дайындалатын ауыспалы егістің бір танабы. Пардың міндеттері:



  • Танаптың ылғал қорын жинап, оны сақтау;

  • Топырақ қабатындағы микрорганизмдердің белсенділігін арттырумен қатар химиялық процестерді тездету;

  • Топырақтағы қоректік заттар қорын көбейту;

  • Танапты арам шөптерден, өсімдік зиянкестері мен ауру қоздырғыштардан тазарту;

Пардың бірнеше түрі бар:

  1. Таза пар -деп ауыл шаруашылық дақылдарынан бос, ылғал, қоректік заттар жинау және армшөптерді жою үшін арналған танапты айтады.

  2. Қара пар - Таза пардың бір түріне жатады. Өңдеу ( жырту ) күзде басталады. Содан кейін көктемде және жаз бойы өңдеу арқылы дайындалады.

  3. Ерте пар - таза пардың бір түрі, оның айырмашылығы қара пардай күзде өңделіп дайындалады. Ерте пар – жаздық бидайдың алғы егісі.

  4. Ықтырмалы пар - ттаза пардың ерекше бір түрі, қысы қатты, ылғалы тапшы аймақтарда қарды егістік алқаптан жел айдап әкететін жазық далалық аймақтарда қолданылады. Ол үшін танабына биік сабақты өсімдіктер ( жүгері, қонақ жүгері, күнбағыс, мақсары ) егіледі.

  5. Екпе пар пардың бұл түрі ауыспалы егістің бір танабына жатады. Екпе парға арналған жерде жаздың бірінші жартысында ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі. Ондай дақыл ерт жиналып алынады да, топырақ өңделіп, пар күтіп – бапталады. Ол танапқа күзге қарай күздік бидай себіледі.

Екпе пардың өзі жаппай және отамалы екпе пар болып екі түрге бөлінеді.

Жаппай екпе парға көп жылдық және бір жылдық шөптер, мысалы, жоңышқа, сиыр жоңышқа, малға беретін бөрі – бұршақ, талшықты зығыр, қыша, т.б егіледі. Жаппай екпе парда өскен дақылдар ерте жиналады да, өзінен кейінгі өсімдіктерге жақсы алғы дақыл болады, топыраққа органикалық заттар қоры жиналады, сөйтіп күздік дақылдардың өнімін едәуір арттырады.

Отамалы екпе пар. Отамалы екпе парға көбіне бұршақтың, картоптың ерте пісетін сорттары, сүрлемдік жүгері, т.б егіледі.

Отамалы дақылдар себілген екпе пардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда екпе пардағы отамалы дақылдың қатараралықтары қосымша өңделгендіктен, оның құны таза парға жақын болады. Отамалы екпе пардың бір кемістігі оған себуге жарайтын отамалы дақылдар саны өте аз, мәселе мынада: екпе парға егілетін отамалы дақылдардың өсіп - өну мерзімі ұзақ, оны жинап алу күзге дейін созылады да, пар танабын баптап өңдеуге уақыт жетпейді.

Жасыл пар екпе пардың бір түрі. Жасыл пар емесе сидерат деп көп жылдық не бір жылдық шөптерді өсіп тұрған кезінде жыртып, топырақпен араластырып, тыңайтқышқа айналдыруды айтады. Мұнда жаздық бірінші жартысында бұршақ тұқымдас өсімдіктер егеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Пар деген не?

  2. екпе пар дайындау?

  3. таза пар дайындау?

  4. Ықтырмалы пар ?

  5. Жаппай екпе парға?

12- лекция
Тақырып :Ғылыми және өндірістегі топырақ өңдеу негіздері.
Топырақ өңдеу әдістері

Жоспары :



  1. Топырақты өңдеу мақсаты.

  2. Топырақ өңдеудің міндеттері

  3. Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық процесстер.


Лекция мақсаты: Топырақты өңдеу мақсатын зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1.Егілетін дақылға қолайлы жағдай жасау үшін машиналар мен құрал- саймандардың жұмыс органдары арқылы топыраққа тікелей механикалық әсер етуді топырақты өңдеу дейміз.

Егінжайда сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп- дамуына қажетті жағдайдың бәрі жасалады. Топырақты өңдеу арқылы жарамды құнарлылықты тиімді құнарлылыққа айналдырады.

Топырақты өңдегенде құрылымы жұтаң тартқан үстіңгі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай , қоректік заттар қоры анағұрлым мол төменгі қабат ауысып түседі. мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның құнарлы қабатына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.


2. Топырақты өңдеудің алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады:

1.ауыл шаруашылық дақылдарын қолайлы факторлармен ( су, ауа, жылу, қоректік заттар ) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатында оптимальды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.

2. Арам шөптерді жою немесе басып тастау

3.Егінжай топырағына өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтарын, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.

4. Жауын – шашын аз түсетін аймақтарда ылғалды жинап, оны сақтау, ал ылғалды мол аймақтарда керісінше жағдайда егінжай топырағынан артық ылғалды құрғату.

5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық жұмыстарға қарқынды әсер ету арқылы қоректік заттарды жинау, сақтау және сіңуін жақсартту.

6. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарын жою немесе басып тастау.

7. Қолайлы тереңдікке мәдени дақылдардың тұқымдарын себу үшін жағдай жасау.

8. Топырақтың беткі қабатының су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру үшін қолайлы шара қолдану.

9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған егінжайдағы, болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тамыр жүйесінің тіршілігін жою.

3. Топырақ өңдеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсыту немесе майдалау, жыртылған топырақ қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларын қырқу және топырақ бетіне шығару, егін аңызын сақтау.


  1. Топырақты қопсыту.

Топырақ көптеген себептердің әсерінен шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылған қабатының құрылымы жақсы болса, жай шөгеді және аз нығыздалады. Қопсыту арқылы топырақтың өңдейтін қабаты түйірпекті жұмсақтық жағдайға келтіреді.

Топырақ қабаты қопсытылып, әрі үгітілгенде оның құрылымы майда жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына ауаның, ылғалдың және қоректік заттардың еніп, олардың жиналуына сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады.

Егінжай топырағын жыртып қопсыту үшін дискілер мен фрезалар қолданылады.


  1. Топырақты аудару

Оның жыртылған қабатының бетін төменгі жағына, астыңғы қабатын бітіне шығару болып табылады. Бұл технологиялық процесте органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, гипс, өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтары, сондай – ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерде болатын зиянкестермен өсімдік ауруларын қоздырғыштар топыраққа енгізіліп тұншықтырылады.

Аудару арқылы топырақтың құнарлы қабаты қалыңдатылады, өйткені оның төменгі құнарсыз деңгейі үстіне шығарылып, құнарлы қабатпен араласады. Топырақтың төменгі жақсы құрылымын үстіне шығару арқылы су мен ауаның топырақтың төменгі қабатына сіңуіне қолайлы жағдай жасалады.

Топырақты аударуға плугтер мен сыдыра жыртқыштар қолданылады.


  1. Араластыру.

өңделетін топырақ қабаттарын араластыру – оның бөлшектерін өзара алмастырып, өңделетін қабатты біркелкі түрге келтіреді. Ол топырақты фрезермен, дискілі құралмен және кесілген дискілі ауыр тырмамен өңдегенде іске асырылады.

  1. Тегістеу.

Топырақ бетін тегістеу – дақылдар тұқымдарын біркелкі тереңдікке енгізудің негізгі шарты. Тегістелмеген топырақта тұқым әртүрлі тереңдікке түседі де бір мезгілде өнбейді. Топырақ бетін тегістеу, кесектерді жою, топырақ қабатындағы ылғалдың жиналуына мүмкіндік туғызады.

Егістік тнап топырағын тігістеу тырмалармен ( тісті, шанышпалы ), культиватормен, тегістегіш сүйретпемен және катокпен жүргізеді.



  1. Топырақты нығыздау технологиясы

Топырақтың тоң кесегі мен борпыстығын жою үшін қажет.

Нығыздау себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, яғни себілген тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасайды. Нығыздау топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын азайтады, топырақтың төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасайды. Сонымен бірге топрақты нығыздау оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөккенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.

Топырақты катокпен нығыздап тегістеген соң топырақ бетін жеңіл тісті тырмалармен аздап қопсыту керек.


  1. Арамшөптердің тамырын қырқу.

Бұл операция топырақты аудару, араластыру және қопсыту әрекеттерімен жалғастырыла жүргізіледі.

  1. Пішіндеу.

Бұл қажеттілігіне қарай топырақтың жоғарғы бетін белгілі бір қалыпқа түрге, пішінге келтіру қажет болағн жағдайда жүргізіледі. Бұл әсіресе жүйек, жол, ойық, ұялар, шағын көлтабан дайындауда өте қажет.Егінжай бетіне белгілі бір пішін беруден ылғал бөгеледі немесе бұрып жіберу реттеледі, топырақтың эрозияға төзімділігі артады, себілген немесе өңделген топырақтың қабаттарының жылуды, ауаны қабылдау қасиеттері жақсарады. Топырақ бетіне берілетін бір пішін, осы мақсат үшін қайта жабдықталған, борозда жасағышпен, бөгет жасағышпен қамтамасыз етілген арнайы плугпен өңделгенде ғана пайда болады.

  1. Егін аңызын сақтау.

Мұндай технологиялық операцияның қажеттілігі далалы аймақтарда эрозия құбылысының пайда болуымен байланысты болып отыр. Бұндай жағдайда егіншілікті ойдағыдай жүргізу, тек қана өңдеудің топырақ бетінде егіс аңызын және басқа өсімдік қалдықтарын сақтау ғана мүмкін болатын тәсілін пайдаланғанда іске асады.

Егінжай топырағының бетіне аңыз сабақтарын сақтауды, жазық тілгіш тәрізді құралдармен ( культиваторлы – жазықтілгіш, терең қопсытқыш жазықтілгіш, шанышпалы тырмамен, аңыздық сеялка – культиватормен ) өңдеуге болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ өңдеу тәсілдері?

  2. Топырақ қопсыту түрлері?

  3. Топырақ тегістеу және араластыру?



13 - лекция

Тақырып :Тұқымдық материалға биологиялық және агротехникалық талаптар және шаруашылық дақылдарын себу. Егілетін материалға биологиялық және

агротехникалық талаптар
Жоспары :

    1. Егу жұмыстарының сапасын бақылау

    2. Егіс күту

    3. Егіннің жатып қалуына қарсы күрес


Лекция мақсаты: Егу жұмыстарының сапасын бақылау және егіс күту жолдарын үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Егу жұмысы сапалы жүргізіолсе ғана келешектее мол өнім күтуге болады. Ең бастысы барлық себетін аппараттар мұқият әзірленуге тиіс, тұқым түсіп тұратын тітіктері таза, тұқымды жерге сіңіріп тұрған шүмектер бірдей тереңдікке себуі тиіс. Ол үшін күні бұрын сеялкалар жақсылап бапталады. Барлақ шүмектерден себілген тұқым бір ізбен біркелкі тереңдікке сіңірілген жағдайда ғана сеялка жақсы бапталған деп есептеледі.

Сеяка егіске шығар алдында егу мөлшеріне ққойылғанына қарамай әр гектарға дәл берілген мөлшермен егіп жатқанын ылғи тексеріп отырған жөн. Ол үшін әр танап себіліп біте салысымен, ол танапқа қанша тұқым келетінін анықтап, оны сол танаптың ауданына бөліп егу мөлшерін анықтап отырады. Егер белгіленген мөлшерден сәл ауытқу болса ( үш проценттен аса ) себу аппаратына қайтадан түзету енгізіледі.

Себілмей шала қалған жерлердің болуы, немесе бір жерге екі рет тұқым себіліп кетуі маркердің дұрыс қойылмауынан болады. Сондықтан маркердің дұрыс болуын ерекше қадағалаған жөн.Егу жұмысының сапасы егін көктеп шыққаннан кейін ғана толық анықталады. Тексергенде қатардағы, не ұядағы көктеп шыққан егіннің қалыңдығы, біртегістігі, түзілугі ( кең қатар арақлықты тәсілмен сепкенде ) шаршысының дәлдігі ( шаршы ұялап еккенде ) тұқым себілмей шала қалған, екі рет нгіліп кеткен жерлер анықталады.

2.Жақсы өнім алу үшін егісті себе салысымен күтуге кірісу керек. Барлық дақылдарға ортақ тәсілдерді төмендегідей топтарға бөлуге болады.


  1. Тұқымға ылғалды тезірек жеткізу үшін еге салып топырақта катоктермен нығыздап өту керек. Тұқым жерге сіңіріле сала катокпен нығыздалса ылғалды топырақ пен тұқымның жанасатын аумағы көбейіп, тұқым жылдам бөртіп тез, бір уақытта өніп шығуына жағдай жасалады.

  2. Тұқым жерге сіңірілгеннен кейін 3-4 күн өтісімен танапты жеңіл не орташа тырмалармен тұқым себілген бағытта немесе көлденең тырмалап өту керек.

  3. Мәдени өсімдіктер тырмадан онша зақымданбайды. Оларды көбінің дәндері арам шөптердің дәндерінен 10-15 есе ауыр ( астық дақылдары, жүгері, бұршақ ), өркендері де мықты болады. Сондықтан дақылдардың өркені жер бетіне шығып болғаннан кейін де тырманы себу бағытына көлденең жүргізеді

  4. Мәдени өсімдіктер өте жиі себілген кезінде, өркендер арасында қоректік заттар, су және күн сәулесі үшін күшті талас туады. Бұл заттар бәріне бірдей жетпейді, осыдан дақыл өркендерінің дамуы нашарлап, кейін өнім күрт төмендеп кетеді. Дақылдардың мөлшерден тыс жиі себілуі зиян.

3.Жауын- шашын мол болған жылдары астық биітеп өсіп кей кездерде жатып қалатын кездері болады. Астықтың биіктеп өсіп, жатуына мөлшерден көбірек берілген азот тыңайтқыштары да себеп болады.

Ал жатып қалған астықты жингау үшін өте қиын. Бұл жағдай комбайн, т.б агрегаттардың еңбек өнімділігін күрт төмендетеді. Ең бастысы бітік шыққан егін жөнді жиналмай, ысырап болып, танаптарда шашылып қалады.

Осыны болдырмас үшін Тур деген химиялық зат қолдану керек. Бұл препарат егіннің бойлап өсуін тежейді. Астықтың сабағы қысқа, мықты болады, егін жатып қалмайды. Дақылдың өнім мөлшері едәуір көбейеді.

Турды өсімдік түптеніп, түтіктену фазасына жеткенде шашады. Әр гектарға 2-4 кг ғана препарат кетеді.

Бұл препараттың әсерінен өсімдіктің күші сабағына емес, дәнге жұмсалады да әр гектардан алатын өнім мөлшері орта есеппен 50 ц дейін жоғарлайды. Тур препаратын егіске гербицидпен, не мочевинамен бүріккен жөн.
Бақылау сұрақтары:


  1. мәдени өсімдіктердің түрлері?

  2. Танап күту жолдары?

  3. Жер өңдеу технологияларын табу?


14 - лекция

Тақырып : Сорт оның маңызы және сорттың қасиеттері.
Жоспары :

  1. Сорт оның маңызы және сорттың қасиеттері

  2. Сорттық тұқымдарды алу

  3. Тұқымды егуге дайындау


Лекция мақсаты: Сорт оның маңызы және сорттың қасиеттерін зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1. Сортты тұқымдардың маңызы ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін текаудандастырылған жергілікті ауа райына бейімделген сорттарды егу керек екенін ғылым да тәжірибе де көрсетіп отыр. Аудандастырылған сорт өнімді басқа сорттарға қарағанда әр гектердан 2-3 ц артық беретіні, кей жағдайдарда өнім бұдан да көп болатыны мәлім. бұл ретте қосымша шығынсыз өнім мөлшері артады. Мысалы атақты селекционер, социалистік еңбек ері

П. П. Лукьяненконың көпке мәлім “ Безостая – 1 ” деген күздік бидай сорты бұрын себіліп жүрген сорттардан түсімді әр гектардан 4-10 центнер артық берді. Соңғы кезде біздің республикамыздың ғылымдары да жақсы өнімді беретін, жергілікті ауа райына жақсы бейімделген, дәнінің сапасы жоғары, құрамында белогі, клейковинасы мол сорттар шығарып жүр. Көп жағдайларда ол сорттар бұрын аудандастырылған әйгілі “ Безостая - ” және “ Мироновская –808 ” сорттарынан да басым түсіп отыр.

Қазіргі кезде жаңа сорттарды шығару және сорттарды жақсарту жалғыз селикционердің міндеті болудан қалды. Бұл жұмыстарға көптеген мамандар қатысады. Олар сорттардың сапасын, түрлі ауруларға, зиянкес жәндіктерге төзімділігін тыңайтқыштардың, басқа да ауыл шаруашылығында қолданылатын улы- химиялық заттардың әсерінен бұлардың түсімінің қалай өзгеретінін зерттейді. Сорт жан- жақты тексерілгеннен кейін ғана, егер барлық жағынан жақсы баға алса ғанасорттарды сынайтын мемлкеттік станцияларға беріледі. Бұл станцияларда жаңа сорт бірнеше жыл тағы сыналады. Сол сында басқа бұрын аудандастырылған сорттардан озып шықса ғана ол аудандастырылуы мүмкін. Қазақстанда күні бүгінге дейін ауыл шаруашылық дақылдарының 9300 – ден астам сорты, оның ішінде республика селикционерлері шығарған 830- дан астам сорт санаудан өткізілді. Тек соңғы 12 жыл ішінде 37 дақылдың 127 сорты аудандастырылды. Яғни сынауға түскен 60-70 сорттың біреуі ғана аудандастырылады екен.

2.Қазақстан ғалымдары суармалы жерлерде жақсы өнім беретін сорттар шығарды. “ Прогресс ” сорты 1984 жылдан бастап Украинада, Алматы облысында аудандастырылды. “ Алма- Атинская полукарликовая ”, “ Қарлығаш ” сорттары Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының суармалы жерлерінде аудандастырылды. Осы сорттар 1987 жылы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік – шығысындағы 30 мың гектардай жерге себілді. Бұлардың өнімі әр гектардан Алматы облысында 56 центнерден, Жамбыл облысында –54 центнерден, Талдықорған облысында –55 центнерден, Оңтүстік Қазақстан облысында – 55 центнерден, Қызылорда облысында – 50 центнер болды. Ал сол облыстардың суармалы жерлерінде себілген “ Безостая -1”,” Мироновская –808 ” сорттарының өнімі 35-39 центнерден аспады.Яғни Қазақ ғылыми – зерттеу егіншілік институты мамандары шығарған сорттардан орта есеппен әр гектардан 16-21 центнер өнім артық алынды.

Сапалы тұқым егілгенде ғана дақылдан жақсы өнім күтуге болады. Тұқым сапасына мынадай талаптар қойылады: ол таза, басқа дақылдардың, арам шөптердің тұқымдары болауы, өнгіштігі жақсы болуы, дәннің толықтығы, үлкендігі ойдағыдай, көлемі жағынан біркелкі болуы керек. Тұқымның ішінде әртүрлі зиянкестр мен аурулар болмауы тиіс.

Тұқымның сапасын аудан орталығындағы арнаулы инспекция тексеріп отырады. Тексеріп, куәлік алу үшін арнаулы методика бойынша тұқымның әр партиясынан орташа үлгілер алынады. Тұқым сапасы жақсы болса инспекция тексерілген тұқым партиясына арнаулы куәлік береді. Ондай куәліксіз тұқымды себуге болмайды.

Тұқымның тазалығын анықтау үшін ретінде дән ірі бұршақ, жүгері сияқты дақылдардан 200 грамм, бидай, арпа тәрізше астық дақылдарынан 50 г, пияз жоңышқа сияқты тұқымы ұсақ дақылдардың тұқымынан 4-5 грамнан алады.

Тексеруді жеделдету үшін алынған үлгіні арнаулы бөлшектермен, не бір парақ қағаз сияқты тегіс затың үстіне жайып, содан оны айқыштап тең төртке бөліп, соның бір не екі бөлігін алуға болады.Бөлінген алынған тұқымды іріктеу тақтасына немесе бір парақ ақ қағаз үстіне төгеді де, алдымен тұқымның бүтінін, толығын бөліп алады. Ал қалдықты үшке бөледі: а) негізгі дақылдың сынған, басқадай зақмдалған дәндері; б) тірі қоспалар – оған арам шөптердің , басқа дақылдардың дәндері, қара күйеден зақмданған тұқымдар, насекомдардың тірі личинкалары; в) өлі қоспалар – құм, топырақ, сабан түйірлері, өлі насекомдар т.б жатады.

3. Тұқымға арналған танаптағы егінді ерекше күтімге алады. Ол танапқа жақсы тазаланған жоғары репродукциясы бар тұқым егіледі. Егін өсу кезінде ерекше күтімге алынады, үстемелеп тыңайтқыштармен қоректендіріледі, арам шөптері гербецидтермен өлтіріледі, сөйтіп ол танаптардан жоғары өнім алу үшін барлық мүмкіндіктер жасалады.

Себілетін тұқымдардың көлемі, салмағы жағынан біркелкі болғаны дұрыс. Сонда олар бір уақытта өніп шығып, бірдей өсіп, тең жетіледі. Әсіресе жүгері, күнбағыс, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдардың тұқымдарының біркелкі болуы шарт, сондағана тұқымды арнаулы сеякалармен дәл сеуіп , күту кезінде қол күшін аз жұмсауға мүмкіндік туады. Сондықтан тұқымға арналған астықты мұқият тазалау керек. Бір рет тазалау мен іріктеу аздық көрсетсе тазалауды 2-3 рет жүргізу керек. Жүгері, мақта,қант қызылшасының тұқымдары арнаулы заводтарда тазаланып, іріктеліп, дәріленеді.
Бақылау сұрақтары:

1. сорт деген не?

2. Сорт шығару жолдары?

Таза парға сорт дайындау тәсілдері мен әдістері?

15- лекция

Тақырып :Себу тереңдігі. Себу мерзімімен мөлшерінің биологиялық

негіздері.
Жоспары :


  1. Себу мерзімі

  2. Себу әдістері, оларды қолдану жағдайлары.

  3. Себу тереңдігі


Лекция мақсаты: Себу әдістері, оларды қолдану жағдайлары мен танысу жолдары.

Лекцияның мәтіні :

1.Егінді дәл кезінде егу – мол өнімнің негізгі бір шарты. Егу мерзімі себілетін дақылға, аймақтың ауа- райына байланысты өзгеріп отырады. Тіпті бір жердің өзінде де жыл сайын егу мерзімі әртүрлі күнге келуі мүмкін. Дақылдардың ерте егілетіндері бар, кеш егілетіндері бар. Мысалы, сұлы, арпа, бидай, люпин, нут,қыша, мақта, асқабақ, қауын, қарбыз, күріш кеш егілетін дақылдарға жатады.

Ерте егілетін дақылдарды көктем шыға салып топырақ жыли басталысымен еге бастайды. Ерте себудің пайдасыкөп ерте себілген егін ерте көктеп шығады, топырақтағы ылғал мүмкіндігінше толық пайдаланылады, дақыл жазғы ыстық, аңызаққа ұрынбай, ерте піседі.

Егу мерзімі климат ерекшеліктеріне де байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, Қазақыстанның оңтүстік облыстарында жаңбыр негізінен көктем кезінде ғана жауады, жазда жаңбыр жоқтың қасы. Сондықтан бұл жақта егінді мүмкіндігінше ерте еккен дұрыс. Ал республикамыздың солтүстігінде орналасқан Қостанай, Көкшетау, Ақмола т.б облыстарында көктемде жаңбыр сирек болады, ал шілдеде тамыз айларында жауын көбірек жауа бастайды. Осыған байланысты егін ерте егілсе, дақылдар көп жаңбырға дейін ылғалдан тапшылық көріп, түсімін төмендетіп жібереді.Ал сәл кештеу егілсе, дақылдың ылғалды ең көп қажет ететін сабақ өсіп, гүлдейтін жаңбыр мол жауатын кезеңде тура келеді де өнім мөлшері едәуір мол болады.

Қазақстанның оңтүстік облыстарының суармалы жерлерінен жылына екі рет өнім алу үшін кейбір дақылдарды жаз ортасында егуге болады. Масақты дақылдар Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында шілде айында, Оңтүстік Қазақстан облысында маусым айында пісіп, орақа ілінеді. Маусым – шілде айынан суық түскенше әлі де 3-4 ай бар. Осы уақыттың ішінде тағы бір өнім алуға болатынын ғылым да тәжірибеде көрсетіп отыр. Ол үшін бірінші дақылды жылдам орып ала салып, екінші дақылды егудің қамына едел кірісі керек. Оңтүстік облыстардың суармалы жерлеріне масақты дақылдардың ішінде ең көп егілетіні күздік бидай.

2. Дақылдардың биологиялық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі егу тәсілдері қолданылады. Егу тәсілдеріне байланысты дақылдардың күн сәулесін пайдалану, қоректену тәртібі де өзгеріп отырады. Егу тәсіліне байланысты дақылдарды күтіп- баптау жұмысын механикаландыруға мүмкіндік туады.

Егінді күтуге жұмсалатын еңбектің, әр гектарға сіңірілетін тұқымның мөлшері де сол егу тәсіліне байланысты әртүрлі болады.

Егу тәсілі агрономия ғылымының дамуына қарай өзгеріп отырады.



Тұқымды шашып себу ертеден келе жатқан тәсіл, қазір өте сирек қолданылады, көбіне трактор жүре алмайтын қия жерлерді, қала парктарындағы жасыл алаңды осы тәсілмен себеді.

Кәдімгі қатарлап егу жиі қолданылатын тәсілдің бірі. Барлық масақты, бұршақ тұқымдас дақылдар осылай егіледі. Осы тәсілмен еккенде дақылдардың тұқымы ылғалы бар тереңдікке түседі. Бұл тәсілмен сепкенде қатар аралығы 15-23 см болады, қатардағы өсімдіктердің аралығы 1,2-1,5 см болады. Қатар ішіндегі өсімдіктер бір- біріне тым жақын орналасқандықтан кейде қоректік зат жетіспей олардың өсуі біраз қиындайды.

Жиі аралықпен сепкенде өсімдіктердің қоректенуі жағдайы едәуір жақсарады, себебі бұл әдіспен сепкенде қатар аралық 7,5 см, ал қатардағы өсімдіктердің арасы екі есе алшақтап 2,4-3,0 см болады. өсімдіктердің қоректенуінің жақсаруы әр гектардан алатын өнімді едәуір көбейтеді.

Тоғыспалы тәсілмен егу деп кәдімгі қатарлы сеялкамен екі бағытта тігінен және көлденеңінен жүріп тұқым мөлшерін екі есе азайтып себуді айтады. Тоғыспалы егуде өсімдіктерді арақашықтығын сиректеп орналастырып, олардың қоректену жағдайын жақсарту үшін қолданылады. Соның нәтижесінде қатардағы тұқым бір- бірінен 3 см жуық қашықтыққа түседі. Сөйтіп, өсімдіктің ылғалдылық, қоректік заттардың тапшылығынан көп зардап шекпеуіне мүмкіндік жасалады. Егісті тоғыспалы тәсілмен егу кезінде танаптың тігінен және көлденең бір уақытта екі сеялка жүргізеді.

Кең аралықты тәсілмен еккенде дақылдардың қатараралығы 45,60,70,90,110 см, тіпті одан да көп болады. Бұлайша егу кезінде дақыл қатараралықтары культиватормен өңделеді. Бұл тәсілмен Қазақстанда қант қызылшасы, жүгері, мақта,соя, күнбағыс, көкөніс пен бақша дақылдары отырғызылады.

Жолақтап ( ленталап ) егу деп бірнеше қатар жанастыра егіліп содан кең қатараралық тастап, тағы да бірнеше қатар жанастыра егіліп отыратын тәсілді айтады. Бұл тәсіл дақылдардың арасындағы арам шөптерді культиватормен өлтіруге мүмкіндік туады, сонымен қатар дақылдардың қоректену және күн сәулесін қабылдау режимдері жақсарады. Бұл тәсілмен тары, қара құмық, тамыр жемістілер, кейбір көкөністер егіледі.

Пунктирлі егу деп қатардағы түұқымды жалғыз – жалғыздан арасын бірдей етіп орналастыру тәсілін айтады. Мұдай тәсілмен көлемі бірдей етіліп іріктелген тұқымдар арнаулы сеякалармен егіледі. Бұл әдіспен көбіне қант қызылшасы, жүгері, мақта егіледі. Бұлай етудегі мақсат өсімдіктерді сиретуге кететін қол еңбегін жойып, күтіп- баптау жұмыстарын комплексті механикаландыруға мүмкіндік жасау.

Ұялап егу деп тұқымды бір жерге топтап тастайтын арнаулы сеялкамен егу тәсілін айтады. Бұл тәсілмен бойы биік болып өсетін, қатараралықтары кең болып культиватормен өңделетін дақылдар егіледі. Бір ұяға бірнеше тұқым түскеде, олар жер бетіне тез шығып, жарысып, жылдам өседі.

Шаршы- ұялап егу шаршының төрт бұрышына тұқымды ұялап орналастыруды шаршы ұялап егу дейді. Бұл тәсілдің артықшылығы егісті екі бағытта – бойлай және көлденең культиватормен өңдеуге мүмкіндік туады, яғни ешқандай гербецидті қолданбай-ақ егісті арамшөптерден таза ұстауға мүмкіндік болады. Бұл тәсіл жүгері, күнбағыс, мақта, т.б дақылдарды егуге қолданылады.

Себу мөлшері. Егу мөлшері деп 1га жерге кететін тұқымның санын, немесе салмағын айтады. Егу мөлшері дақылдың түріне, егу тәсіліне, егістік жердің құнарлылығына, ылғал мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.


3. Тұқым себу тереңдігі. Тұқымы өте ірі жүгеріні 7-8 см тіпті 10-12 см тереңдікке ексе де болады, бидай, арпа, сұлы, бұршақ тұқымдары әдетте 6-8 см тереңдікке себіледі.

Кейбір дақылдар өнгеен кезде тұқым жарықшағын жер бетіне ала шығады ( қант қызылшасы, соя, пияз, ас бұршақ ). Ондай дақылдардың тұқымдарын тереңге егуге болмайды. өйткені түскен тұқым жарықшағын жер бетіне шығара алмай өліп қалуы мүкін. Егу тереңдігі топырақтың түріне қарай да өзгеріп отырады. Құмдақ болып келген жеңіл топырақта тұқым тереңірек себіледі. Себебі ондай топырақтың үстіңгі қабаты тез кеуіп кетеді. Ауыр балшықты топыраққа керісінше тұқым саязға себіледі.

Астық егілген сайын тұқым себу тереңдігі аздау болуы керек. Себебі топырақ көктемде үстіңгі қабатынан бастап жылиды, сондықтан ерте көктемде егу тереңдігі аздау болса тұқым жақсы өніп- шығады. Бір дақылдың өзін- ақ себу мерзіміне қарай әртүрлі тереңдікке еккен дұрыс. Егін кеш егілген сайын егу тереңдігі арта түсуі тиіс. Тұқым ылғалы мол тереңдікке сіңірілген жағдайда ғана біртегіс өсіп шығады. Күздік дақылдарды еккенде көбіне керісінше жасау керек. Дақыл ертерек себілген сайын егу тереңдігі көбірек болуы керек. Күздік бидай көбіне парға қалдырылған танапқа егіледі. Ал республикамыздың оңтүстік – шығысында орналасқан облыстарында күз айлары құрғақ келеді де, топырақтың беткі қабаты кебу болады. Сондықтан парға егілетін күздік бидайды 8-10 см тереңдікке егу керек. Сонда ғана тұқым біртегіс өніп шығады.


Егу мерзімі кешіккен сайын тұқымды аз тереңдікке сіңіру керек. Себебі ауа салқындаған сайын дәннің төменнен өніп шығуы қиындай береді. Оның үстіне суық күзде жаңбыр көбірек болады да топырақтың үстіңгі қабатында ылғал жеткілікті болады. Аз тереңдікке 3-4 см сіңірілген тұқым ерте көгеріп шығып, суық түскенше біраз күш жинап, жақсы қыстап шығуына мүмкіндік туады.

Бақылау сұрақтары:

1. себу құралдары?

2. себу түрлері?

3. Жолақтап ( ленталап ) егу?




16 – лекция

Тақырып :Мектеп жанындағы бөлімшелерде ауыспалы егіс жасау.

Ауыспалы егіс
Жоспары :

  1. Ауыспалы егіс туралы түсінік

  2. Ауыл шаруашылық дақылдарын табиғи негізде ауыстырып егу себептері

  3. Алғы дақылдарды орналастыруда биологиялық және агротехникалық принциптер


Лекция мақсаты: Ауыспалы егіс туралы түсініктерді дамыту.

Лекцияның мәтіні :

1. Ауыспалы егіс дегеніміз танаптардағы ауыл шаруашылық дақылдары мен парды ғылыми ұсыныстарға сүйене отырып ауыстырп отыру. Дақылды жылда бір жерге себе берсе, оның өнімі бірте- бірте төмендейді екен. Көп жағдайда танапқа тыңайтқыштар берілсе де бұл төмендеу тоқтамайды. Өнімді төмендетпеудің бірден- бір жолы ғылыми деректерге сүйене отырып, дақылдардың орнын ауыстырып тұру керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Ауыспалы егістің көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру, дақылдардың өнімін көтеру, өнімін көтеру, өнімнің сапасын жақсарту, танаптардағы арам шөптердің санын азайту, өсімдіктерді аурудан, зиякестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.

Ауыспалы егістің экономикалық негізі – ғылыми ұсыныстарға сүйеніп анықталған егілетін дақылдардың алатын жер көлемі. Әр дақылдың алаттын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар есептеледі.



  • Шаруашылық орналасқан жердің ауа –райы, топырағы

  • Шаруашылықтың келешекте өркендеу бағыты

  • Ауыл шаруашылық өнімдерін сату жоспары

  • Мал шаруашылығына қажет жем – шөппен толық қамтамасыз етілуі

Егер дақыл көп жылдар бойы бір жерге егіле берсе, оны ауыспайтын дақыл

( бессменные посевы ), шаруашылық тек бір дақылды егілетін болса оны дарадақыл ( монокультура ), дақыл бір жерге сегіз жылдан кем егілетін болса оны қайталап егу ( повторные посевы ) деп атайды. Ауыспалы егістің алмасуынан уақытша шығарылған танапты шықпа танап ( выводное поле ) дейді. Әдетте шықпа танап ретінде көп жылдық шөп егілетін танап қалдырылады. Мысалы, жоңышқа егілген танап 4-5 жыл ауспалы егістен шығарылып тасталады.

Ауыспалы егістегі дақылдар мен пардың белгілі тәртіппен танаптарда ауысып тұруын ауыспалы егістің ротациясы дейді, ал дақылдар мен пардың жыл сайын танаптарда ауысып тұру жоспарын ауыспалы егістің ротациялық кестесі деп атайды.

2. Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кемуіне мынадай жағдайлардың себеп болатынын ғылыми дәлелдеп отыр:



Бірінші себеп химиялық тұрғыдан - өсімдіктердің қоректенуіне қатысты себептер. Әртүрлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әртүрлі мөлшерде сіңіреді бидай, арпа сияқты масақты дақылдар азот пен фосфорды көбірек, калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс, картопсияқты дақылдар керісінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда танапқа ылғи астық дақылдарын ге берсе азот ппен фосфордың мөлшері жылдан жылға азая береді де , калий топырақта көбірек сақталады. Сөйтіп қоректік заттардың бастапқы арақатнасы бұзылады.

Ауыспалы егісті дұрыс қолданғанда, танапқа әртүрлі дақылдарды егіп, ауыспалы егіс қолданған уақытта өсімдіктердің қоректенуі жақсарады, өнім мөлшері көбейеді.Екінші физикалық тұрғыдағы себеп - топырақтың физикалық қасиетіне байланысты себептер. Танапқа масақтық, әсіресе топыраақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картеоп сияқты отамалы дақылдарды жылма – жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен. Яғни топырақ түйіршіктері ұлпаға айналады да, мұндай топырақтар суды тереңдікке жөнді сіңірмейді. Су тисе болды топырақ беті былжырап ериді де, кепкен уақытта қабыршақтанып қатып қалады. Мұндай қабыршақтарды өркендер бұзып, жер бетіне шыға алмайды. Сондай- ақ өсімдік – тамырына оттегінің баруы қиындайды, оның өніп- өсуі нашарлайды, дақылдар әртүрлі ауруларға ұшырайды.



Үшінші биологиялық себептер. Дақылдарды қоршаған әртүрлі тірі организмдерге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауруға шалдығуы жиілейді және аорам – шөптер де жылдан – жылға көбейе түседі.

Ауыл шаруашылық зиянкестерінің кейбіреулері дақылдардың бір түрімен н/е оған жақын түрмен не бір семьяға жататын өсімдіктерменғана қоректенеді. Танапқа бір дақылды үздіксіз егу кезінде сол зиянкестерг жақсы жағдай туады да, олардың саны жылдан жылға көбейе түседі, соған орай бұлардан келетін зиян да атра береді.

Дақылдар ауруы да сол сияқты. Бір жерге дақылды жыл сайын еге берсек, оның ауруға шалдығуы күшейеді. Себебі ауру тудыратын микроорганизмдердің споралары сол танаптағы өсімдік қалдықтарында топырақта сақталады да, келесі жылы тағы да әлгі дақылды ауруға шалдықтырады. Арам шөптер де ауыспалы егіссіз жылдам көбейіп кетеді.

3. Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парлы айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды- көпті өзгеріп отырады. Осы себепті дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл күшті әсер етеді.

Қазақстанда кеңінен қолданылатын алғы дақылдар:

Таза пар дегеніміз арам шөптердіқұрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молайту үшін қалдырылған ешқандай дақыл себілмеген, жаз бойы әртүрлі құралдармен өңделіп тұратын бос танап. Таза пар қара ерте пар болып екіге бөлінеді.

Парға қалдырылған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, ондай пар қара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс облыстарында қолданылады. Қара парға көбіне күздік бидай егіледі.

Парға қалдырылған жер көктемнен бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Ерте пар солтүстік облыстарда жиі қолданылады. Оған көбіне жаздық бидай егіледі. Парға егілген астықтардың өнімі 1,5-2 еседей артық болады. Пардан кейін ол танапқа 3-4 жыл астық егуге болады.

Отамалы дақылдар. Оларға қант қызылдшасы, жүгері, картоп, көкөніс, мақта және басқалар егілген танаптарда жаз бойы арам шөптермен күрес жүргізіледі. Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі. Сол себепті отамалы дақылдар астық тәріздес өсімдіктер үшін алғы дақыл болып есептеледі.

Көп жылдық шөптер.



Көп жылдық шөптер топырақтағы органикалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Көп жылдық шөптер барлық дақылдарға өте жақсы алғы дақыл болып есптеледі.

Дәнді масақты дақылдар Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай, жаздық бидай мен арпа үшін, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі ол арам шөптермен жақсы күреседі, танапты ерте босатады.
Бақылау сұрақтары:

1. ауыспалы егісті қолдану түрлері?

2. Ауыспалы егістің маңызы?

3. Ауыспалы егісті дақылдарға қолдану?


17 - лекция



Тақырып : Арамшөптер және олармен күресу шаралары.
Жоспары :

  1. Арамшөптердің ауыл шаруашылық өндірісіне келтіретін зияны

  2. Арамшөптердің жалпы биологиялық ерекшеліктері

  3. Арамшөптерді жіктеу


Лекция мақсаты: Арамшөптердің ауыл шаруашылық өндірісіне келтіретін зиянын анықтау.

Лекцияның мәтіні :

1.Жыртылған егістік жерлерде өсіп, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін өсімдіктерді арамщөптер деп атайды.

Арамшөптер ттек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда да кездеседі. Бұл жерлерде арам шөптерге улы, мал жеуге жарамайтын өсімдіктер жатады.

Мәдени егіншіліктің басты көрсеткіші – алқаптың арамшөптерден тазалығы, бұлай болмаған жағдайда ауыл шаруашылық өндірісін орасан зор зиян келтірілді. Арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды әлдеқайда көп жұмсайды. Академик А. И мальцевтің деректері бойынша ТМД –да жылдық жауын- шашан мөлшерінің 20 проценттен астамы арамшөптердің өсуіне жұмсалады. Сондықтан арамшөптермен күрес – ылғал үшін күрес.Арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда жылма- жыл топырақтан қоректік заттарды әлдеқайда көп пайдаланады. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендейді.

Арамшөптер топырақтағы қоректік заттарды пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге сіңірілген минералдық тыңайтқыштардың көпшіліні пайдаланады. Г. А Чесалиннің мәліметтері бойынша арамшөптер басым алқапта минералдық тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті таза пармен салыстырғанда 30-35 процент кемиді. Мәдени өсімдіктер мен рамшөптердің арасында үнемі жарық үшін күрес жүреді. Арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны болып табылады.

Кейбір арамшөптердің жемістері, дәндері, тұқымдары улы болады, олар адамды, малды уландырады ( қара меңдуана ), ал қайсы бірі арамшөптерден қолайсыз иіс шығады да, бұлар шабылған шөптермен араласып кетсе мал шаруашылығынан алатын өнімдерді бүлдіреді.

Кейбір арамшөптер ( қара сұлы, ошаған т.б ) өздерінің тікенекттері, қылқандары арқылы малға жабысып, зақым келтіреді.

2. Ауыл шаруашылық дақылдармен салыстырғанда арамшөпттердің бірсыпыра биологиялық ерекшеліктері бар. Олардың ішінен мыналарды көрсетуге болады:

1. Арамшөптер өте сезімтал келеді. М/ы, кәдімгі гүл тәжі арам шөбінің бір өсімдігі 500000 түйір тұқым береді

2. Арамшөптердің тұқымы әртүрлі жолдармен кеңістікке тез таралады. М/ы, арамшөптердің тұқымы өздерінің тікенектері, қылқандарының көмегімен жел, су, мал, көлік, адамдар, құстар, көң арқылы т.б жолдармен таралады.

3. Арамшөп тұқымдарының өсу кезеңі әртүрлі болады, соның арқасында олардың бәрі бір мезгілде шығып көктемейді, былайша айтқанда егін себер алдында бірден жойып жіберуге мүмкіндік жоқ.

4. Арамшөптердің тұқымы топырақта ұзақ жатса да өзінің өсіп- өну қабілетін сақтайды.

5.Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына

( құрғақшылыққа, ыстық, суыққа ) өте сезімтал келеді.

6. Көптеген арамшөптер өзінің вегетативтік мүшелері арқылы өсіп- өнеді.

7. Арамшөптердің тұқымдары топырақтың беткі қабатында – ақ немесе болмашы тереңдікте жаттып та жақсы өніп- өседі.

3. Біздің республикады 300- ге жуық арамшөп түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде 120 түрі паразиттік арамшөпті, оның ішінде 36 түрлі арам сояуды, 80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады. Мұнымен қатар 220 түрлі жартылай паразиттік арамшөптеер өседі. Арамшөптер осындай көп түрлі болғандықтан, оларды жіктеу қажет:

Жіктеу негізіне мына белгілер алынған:



  1. Өсімдікттердің қоректену әдісі

  2. Өмір сүру ұзақтығы

  3. Көбею тәсілі

Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптр үш топқа бөлінеді.

  1. Паразиттік арамшөптер

  2. Жартылай паразиттік армшөптер

  3. Паразиттік емес немесе жасыл арамшөптер

Паразиттік арамшөпттер дегеніміз – басқа мәдени өсімдіктер арқылы қоректеніп, өмір сүретін өсімдіктер.Мәдени өсімдіктің органдарымен байланыс жасауларына қарай паразиттік арамшөптер екіге бөлінеді.

Егер қоретік заттарды мәдени өсімдіктердің сабағынан алатын болса, онда бұларды сабақтық паразиттік арамшөптер дейміз. Бұған арам сояудың барлық түрі жатады.

Егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдіктің тамырынан алатын болса, онда оларды тамырлық арамшөптер дейміз.. Бұған сұңғылынын барлық түрі жатады.

Ең көп тараған парзиттік емес арамшөптер Олар органикалық заттарды өздері дайындайды және су мен онда ерілген минералдық заттарды жақсы жетілген тамырлары арқылы топырақтан алып бойына сіңіреді.

Паразиттік емес арамшөптер вегетациясының ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:



  1. Аз жылдық арамшөптер

  2. Көп жылдық арамшөптер

Аз жылдық арамшөптер дегеніміз- екі жылдан артық өмір сүрмейтін, соның ішінде бір – ақ рет тұқым беретін өсімдіктер. Олар тұқым арқылы көбейеді.

Көп жылдық арамшөптер дегеніміз – бірнеше жыл өсіп, соның ішінді бірнеше рет дән түйіп, ұрпақ беретін өсімдіктер. Олар тұқымынан да, вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. арам шөптермен күрес жолдары?

  2. арам шөптертерді қырқу технологиясы?

  3. арам шөптердің ьигізер зияны?



Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы
Bio -> Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет