Биология пәні 8-сынып Құрастырған: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №29 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Карасаева Г. А



Дата19.05.2017
өлшемі77,13 Kb.
түріСабақ
Биология пәні 8-сынып

Құрастырған: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №29 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Карасаева Г.А.
«Бүйрек ауруларын алдын-алу» тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар





Биология

8-сынып

Сабақ тақырыбы:

Зәрдің жасалуы және шығарылуы

Жалпы мақсат:

Оқушыларға зәрдің жасалу және оның шығарылу механизмінің кезеңдерін, зәр шығару мүшелерінің ауруларының пайда болу себептерін, еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалауды, бүйрек ауруларын алдын-алу жолдарын үйрету

Сілтеме:

8-сынып биология, биологияны оқыту әдістемесі, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, -23-25 б., интернет көздерінен алған бейнематериал

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Оқушылар зәрдің жасалу және оның шығарылу кезеңдерін талдауға машықтанады. Зәр шығару мүшелерінің ауруларының себептерін мысалдар арқылы түсінеді. Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалайды.

Негізгі идеялар:

Зәрдің құрамы. Бірінші және екінші реттік зәр түзілу. Бүйрек аурулары. Бүйрек гигиенасы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Power Point cлайдтары, бейнематериал зәрдің түзілуі (1 мин 30 сек), бүйрек аурулары (2 мин 30 сек), интербелсенді тақта, стикер, постер, стикер, маркер, үлестірмелі материал

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, даналық ағашы, мәтін бөліктері, рөлдік ойын, эссе жазу, галереяда ой шарлау

Дерек көздері:

Ғаламтордан алынған бейнематериал, «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Жартынова Ж.А. т.б.

Тапсырмалар:

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 мин

Сыныпты жануар класстары бойынша топқа бөлу.

Оқушылар жануар класстары бойынша (балықтар, қосмекенділер, құстар, сүтқоректілер) топқа бөлінеді.

Мадақтау

І Білу

7 мин

«Даналық ағашы» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Сұрақтарын жүргізушінің қолындағы сандықшаға салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.

Оқушылар сұрақ пен жауапты бағалайды.


ІІ Түсіну

8 мин



Қызығушылықты ояту үшін бейнематериал көрсету.

Жоғары дәрежелі сұрақтар қою:

1. Бүйрек ауруларын болдырмаудың қандай алдын-алу шараларын сақтау керек деп ойлайсың?

2. Зәрдің түзілуіне және шығарылуына тек қана зәр шығару мүшелері жауапты ма? Неліктен?



Бірігіп ой қорытып, шешім қабылдайды. Өзара пікірлеседі.


Ауызша мадақтау


ІІІ Қолдану

10 мин


«Мәтін бөліктері» әдісі арқылы мәтінді игеру.

«Кіріспе» - Зәрдің құрамы, зәрдің түзілуі

«Негізгі ой» - Бірінші және екінші реттік түзілу, бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері.

«Қорытынды» - Бүйрек аурулары, бүйрек гигиенасы

«Толықтыру» - толықтырады. Постер құру және қорғау.

Сергіту сәті «Шырша» биі

(48 сек)


1 топ – тақырып кіріспесін, 2 топ - тақырыптағы негізгі ойды, 3 топ – қорытынды жасайды, 4 топ – барлық топтың айтылымдарын толықтырады.

Галереяда ой шарлау әдісі бойынша ұнаған топтың постеріне тілегі немесе ұсынысын білдіреді.

IV Талдау

8 мин


Зертханалық жұмыс №15 орындайды.

«Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау»



Оқушылар еріген қар суы мен дистелденген суды салыстыра отырып, еріген қар суының мөлдірлігін анықтайды. Атмосфераның ластану дәрежесін бағалайды.

Критериалды бағалау

V Жинақтау

3 мин

«Рөлдік ойын» әдісі. Әр топ басшысы «Сенім», «Өкіл», «Таңдау», «Бәрі» рөлдері сөздері жазылған карточканы таңдайды.

Дәрігер ретінде берілген несептің жалпы сараптамасы бойынша тексерілушіге диагноз қойып, ұсыныс айту арқылы тапсырманы орындайды.

Сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіреді.


«Сенім» рөлі түссе, мұғалім бұл топқа сенім білдіреді, дайындаған тапсырмасын сұрамайды. «Өкіл» рөлі түссе, онда топ мүшелері ортадан өздерінің көзқарастарын білдіретін өкіл сайлайды. Ол өз тобының көзқарасын білдіріп, сұраққа жауап береді. «Таңдау» рөлі түссе, мұғалім топ ішінен кімге сұрақ қоятынын өзі таңдайды. Ал «Бәрі» рөлі түссе, топ оқушыларының бәрі жауап береді.

«ТАҢДАУ» тобының сұрағы

Несептің жалпы сараптамасы:

Калий – 0,15

Глюкоза – 0

Несепнәр – 0,03

Қанның талдауында

несепнәр мөлшері 20 есе көп.

Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады?


«БӘРІ» тобының сұрақтары:

1.Несептің жалпы сараптамасы:

Калий – 0,15

Натрий – 0,35

Глюкоза – 0,05

Амин қышқылы – 0,06

Күніне 0,5-0,6 л зәр шығарады.

Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады?

2.Несептің жалпы сараптамасы:

Калий – 0,15

Натрий – 0,35

Несепнәр – 2,0

Күніне 2,5-3,5 л зәр шығарады.

Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады?

3. Несептің жалпы сараптамасы:

Калий – 0,15

Натрий – 0,35

Несепнәр – 2,0

Зәр қышқылы – 0,05

Күніне 1,5-1,6 л зәр шығарады.

Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады?

4. Несептің жалпы сараптамасы:

Калий – 0,15

Натрий – 0,35

Несепнәр – 2,0

Күніне 3,5-3,6 л зәр шығарады.

Жұлынның сегізкөз бөлімінің

қызметі бұзылған.

Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады?

5. Несептің жалпы сараптамасы:

Кальций фосфаты – 0,7

Калий – 0,3

Натрий – 0,2

Зәр қышқылы – 0,2

Күніне 1-1,2 л зәр шығарады.

Тексерілушіге қандай диагноз қоюға болады?



Егерде «өкіл» мен «таңдау» бойынша алынған оқушылар қандай баға алса, топ мүшелері де сондай баға алады. «Бәрі» рөлі түссе, топ оқушылары жеке бағаланады.

VІ Бағалау

5 мин

«Табиғаттың ластану себебі неде?» тақырыбында эссе жазу.

Сын тұрғысынан ойланады. Метатанымы артады.

Мадақтау

Үйге тапсырма

«Зәрдің жасалуы және шығарылуы» тақырыбын пысықтау.






Оқушыларды бағалау

Критериалды бағалау







VІІ Рефлексия

2 мин

«Қосу-алу қызықты»

Кестені толтыру арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізіледі.




Оқушылар сабақтан алған әсерін кесте толтыру арқылы білдіреді.

+

-

Қызықты

не білдің? қандай ақпарат алдың?


не түсініксіз? қандай ақпарат алу қиын болды?


бүгін саған ұнады? қандай ақпарат қызық болды? не білгіңіз келеді?



Мадақтау

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет