Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесі



Дата22.08.2017
өлшемі147,18 Kb.
#24244
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІ

Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесі

Қазіргі кезде дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған уақыт керек. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай  атамыз айтқандай «білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» . (Н.Назарбаев Жолдауынан).Жалпы білім беретін биология пәнінің негізі бастауыш білім беру сатысында дүниетану пәні негізінде құрылады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, эстетика, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми стандарттық ұғымдар беріледі.  Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.Бүгінгі күнгі ұрпақ шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр.Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын,ұтымды шешім қабылдай алатын,сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.Мектептегі білім беру міндеттерінің  негізгілерінің бірі‒оқушының шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету,қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі мәселені шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.Қазіргі мектепті философтар„Адамзаттың өзіне-өзі қойған қақпаны‟ деп айтып жүр.Мектеп бітірушілердің  3 пайызы ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білім өнімін құруға қабілетті болса,бастауыш мектеп оқушысының жағдайы қандай болғаны бәрімізге белгілі.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр.Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп,білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім  жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр.



Биологияны  оқыту әдістемесі мен оқу нәтижесі:

-биологияны  оқыту әдістемесі,атынан көрініп тұрғандай, әдістемелік,демек  жаратылымдық емес,қоғамдық пән болып табылады.Білім салаларының ішінде оған теориялары мен дидактиканы оқыту,тәрбиелеу  және қызығушылығын арттыру жатады. Демек,психологиямен педагогикада бар табыстар,сонымен қатар жоғарыда келтірілген ой-тұжырымдар биология мұғалімінің біліктілігіне тікелей қатысы бар.

Осы тұжырымдарға сүйене отырып,тарихты оқыту нәтижесінде қалыптасуға тиіс білік-дағдыларды атайық.

Биология сабағындағы пәнаралық байланыс.


Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік – саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс – тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.
Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс – тәсілдерді ізденіп қолданады.
Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім – тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой – өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт – бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру үшін ойын – сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В. А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни, мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі.
Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат – оларды мектептегі оқуға, ұйымшыл-дыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.
Әр сабақтарда «Жәрмеңке сабақ», пресс – конференция, «Сот сабағы», «Ертегі сабағы», «Сахналау сабағы», «Биологиялық КВН сабағы», т. б. ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы білімге ынта – ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.
Биологиялық білім нәтижесінде – ойлай алу,сөйлей алу дағдылары,-эмоционалдық ерік-жігер,-шығармашыл әрекет ету дағдылары қалыптасады,дами түседі. Осылайша білім алу нәтижесінде оқушы талдауға (анализдеуге),жинақтауға(синтездеуге),білімді жүйелеуге, бақылауға, қоры-тынды жасауға, нәтижені тексеруге үйренеді және(немесе)осы білік-дағдыларын шыңдайды.Практикада осындай салаларды қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік. Бұның айғақ ретінде келесідей жағымды өзгерістер динамикасын атай аламыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0b4b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b4b -> Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Топпен танысу(саяхат). Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет