Биология сабақтарында электрондық ОҚулықтарды қолданудың тиімділігі әуелбекова М.Ә



Дата10.06.2017
өлшемі75,11 Kb.
#18651

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Әуелбекова М.Ә.


«Сырдария» университеті, биология мамандығының 4 - курс студенті

Ғылыми жетекшісі, ғылым магистрі Абдукадирова Г.А.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде  алға қойған мақсаттарды іске асыруда ең басты жетекші рөлді мұғалім атқарады. Мұғалім мектептің жүрегі, сондықтан да мұғалім білімді өзі меңгеріп қана қоймай жас жеткіншектерге де  өз  білімін тиянақты етіп жеткізуге міндетті. Заман талабына сай әр мұғалім  өзінше ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Жаңашыл мұғалім әр уақытта  үнемі жаңалыққа ұмтылуы керек. Жаңа технологиялардың қарқынды даму  кезеңінде,  әрбір ұстаз өзінің кәсіби  шеберлігін жаңа әдіс – тәсілдер арқылы жетілдіріліп отырады.

Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесінде білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [1, 58-б.].

Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі –  есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен  сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды.

Қазіргі кезде оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан оқу орынныңда техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындар сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды [2, 112-б.].

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде.



Солардың ішінде оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:

  • оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

  • абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

  • оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

  • мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Сонымен қатар электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

  • Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

  • Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі тексеруге;

  • Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

  • Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

  • Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

  • Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электрондық – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның  дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің  жұмысын жеңілдете түседі [3, 37-б.].

Мен өзімнің педагогикалық іс-тәжірибемде биология сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдаланып өттім. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары (есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор болды. Атап айтқанда, биология пәнінен 6 «ә» сыныпқа өткізілген «Жапырақ» деген тақырыпты өткен кезде  оқушыларға сабақтың жүру барысында жаңа сабақтың мақсатын, сабақ жоспарын, тірек – сызбаларды, суреттерді, берілетін тапсырмаларды слайдтар топтамасына жазып көрсеттім, сонымен бірге жапырақ туралы видео роликтер, электронды оқулықтар  көрсету арқылы көз жеткіздім. Үй тапсырмасын сұрау барысында мультипроектор  арқылы оқушылардың  қызығушылықтарын оятты мақсатында: Өсімдіктердің (вегетативті) өсімді  мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?» Өсімдікте «Жасыл асхана» деп аталатын мүшесі қайсысы? деген сұрақтарды мультипроектор арқылы   көрсете отырып, «мұғалім-оқушы» арасындағы байланыс арқылы сұрақтарға жауаптар алынды.

Сонымен бірге сабақ түсіндіру барысында 6 сыныпқа арналған электронды оқулықты пайдаландым. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша топтарға жеке-жеке тапсырмалар бердім. 1-топ: Топтастыру тапсырмасын; 2-топ: Семантикалық карта; 3-топ:Сәйкестендіру тесттісін оқушылар интерактивті тақтаға орындады. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мультипроектор арқылы: Жапырақ қызметі; Жапырақтың сыртқы құрылысы; Жапырақтың сабақ бойында орналасуы; Жапырақтың жүйкеленуі; Жүйкелердің қызметін тірек – сызбалар арқылы көрсетіп түсінік бердім. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғысы.  Сонымен бірге оқушылар алдарында тұрған компьютер арқылы тапсырмалардың  жауаптарын белгілеп отырды. Ғаламтор материалдарынан  жапырақтың тіршіліктегі қыр сырлары» деген тақырыпта материалдар алып, шығармашылық жұмыстар орындап келді. Оқушылар сабақ соңында «Сабақтан алған әсерім»  аты өз ойларымен эссе жазды және оқушылар өз ойларын ортаға салды. Биология пәнінен өткізген келесі тақырыбым: «Сабақтың түрлері мен қызметі» деген тақырыпты өткізу барысында: слайдтар топтамасында: «Көпір» тапсырмалары бойынша  үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылды,  сол сұрақтарға жауаптар алдынды. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Бүршік қайда бекінеді деп ойлайсыңдар?»деген  бағытта сұрақ бере отырып, оқушыларға «Ой ашу» мақсатында сұрақ арқылы негізгі тақырыбымды аштым. Слайд топтамасында, сонымен бірге, тірек – схемасы арқылы сабақ түсіндірдім.

Электронды оқулық арқылы зертханалық жұмыстар тапсырмасын орындау кезінде мультипроектор арқылы  экранға берілген тапсырманы нақты түсіріп, оқушылар  берілген тапсырмаларды компьютерге орындады. Келесі тапсырмада  интерактивті тақтаға  сабақтың түрлерінің қасына керекті өсімдіктерді оқушы активстудио қаламы арқылы тапсырманы қызығушылықпен тез әрі жүйелі орындады. 2 тапсырмада сабақтың ішкі құрылысының суреті сан арқылы берілді, сол берілген сандардың орнына керекті қабаттарды орналастырды.  «Жинақтау» жүйесі бойынша оқушыларға тест тапсырмалары берілді және жауаптары тексерілді. Биология пәні бойынша өткізген келесі тақырыбым: «Өркен мен бүршік». Тақырыпты өту барысында «Көпір» тапсырмалары бойынша слайд топтамасы арқылы «Хан талапай» ойынында үй тапсырмасын тексеру бағытында сұрақтар мультипроектор арқылы нақты көрсетіліп, оқушылар жүйелі жауап берді.  Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, жоспарын, өркен мен бүршіктің тіршілігі жайлы видеоролик, тірек – сызба, суреттер  көрсетілді.  Оқушылар сабақ барысында сарамандық жұмыстар орындады. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары слайд арқылы көрсетілді.

Сабақ барысында танымдық тапсырмалар: семантикалық карта, «Сөйлемдер сыры» биологиялық диктант, дискуссиялық өрнек тапсырмалары активстудио қаламы арқылы интерактивті тақтада орындады. Сонымен бірге оқушылар алдарында тұрған компьютер арқылы тапсырмаларды жеке орындады. Келесі тапсырма «Кім жылдам?»  тапсырмасы бойынша сұрақтар топтамасы слайдта көрсетілді. «Жапырақтың ішкі құрылысы» деген тақырыпты өткізу барысында үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқулықтағы А-В-С тапсырмаларын; жаңа тақырыптың мақсатын, сабақ жоспарын, суреттерді, видео арқылы жапырақтың ішкі құрылысын, «Біліміңді тексер» тапсырмасы бойынша жеке тапсырмалар мен  зертханалық жұмыс, тест тапсырмаларының берілу нұсқаларын  слайд топтамасы арқылы көрсеттім. Жаңа сабақты пысықтау бағытында «Біліміңді тексер» тапсырмасын оқушыға активстудио арқылы интерактивті тақтаға тапсырмалар орындаттым.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалім қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Медетбекова Р.Ә. Компьютерлік түр-түстің психологиялық-педагогикалық әсері. Алматы, 2010. –Б.285-287.

2.Медетбекова Р.Ә. Ақпараттану. Шымкент, 2011. –Б. 658-659.



3.Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар, 2005
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет