Битология сабақтарында модульдік оқыту технологиясының ТҰЛҒА Қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалы



Дата23.08.2017
өлшемі313,05 Kb.
УДК 378.147:004

БИТОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰЛҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ

Айтбаева А.Е., Сазанбек М.А., Өскенбек Ә.Б.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан



Резюме

Рассматренные проблемы активизации учебно- позновательной деятельности школьников, как одного из приоритетных направления развития современного образования обуславливает научно теоритические и практические исследования в области его формирования и развития



Summary

Considered problems of activization educational cognitive activity of schoolboys, as one of priority a direction of development of modern education, consider scientifically theoretical and practical researches in the field of its formation and development.


Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогын атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші, хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс - әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқау- лар беру. Яғни бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқы- туды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер еңгізе ала- ды. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді

Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тия-нақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нә- тижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жол-дары көрсетіледі.



Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қа- жет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыс- тарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушы -лардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақы- лаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қай- талау жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жа- салады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.



Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалы
Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер байланыстырылады. Оқытушының бұл кезеңдегі басты мақсаты-оқушыларға жаңа білімді қабалдауға және игеруге белсенділендіру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «не білемін?», «не білгім келеді?», «жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

8 сыныптың биология курсында «Ағзаның ішкі ортасы» «Жүрек және қантамырлар және лимфа жүйесі» «Тынысалу жүйесі», «Асқорыту жүйесі», тақырыптарын модульді технологиямен оқыту арқылы әр түрлі инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін пайдалануға болады. Яғни біз, өзіміздің инновациялық технологиямызды жетілдіріп, түрлендіріп, зерттеушілік жұмыстарымызды жүргіздік. 8 сыныпта биология сабағы бойынша оқушы білімінің бастапқы деңгейін анықтадық.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі. Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Модульдік технологиялармен қатар жаңа технологиялардың бірнеше түрін сабақ жүйесінде қолдануға болады.

Модульді технологияның тиімділігі:

1) қарастырылып отырған тақырыпты оқушы әр қырынан қарастырып, өз бетімен зерттейді.

2) теориялық білімді толық меңгеруге мүмкіншілік беріледі.

3) ақпараттармен жұмыс жасап үйренеді.

4) қиындатылған есептерді, тапсырмаларды орындайды.

5) әр оқушыға мүмкіндігіне қарай еңбек етуге және еңбегіне қарай баға алуға мүмкіндік беріледі.

6) оқушыларда зерттеушілік, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.

7) қолдануға тиімді және қарапайым технология.

8) тестпен сынақ бағасы бойынша қорытынды баға шығарылады.

9) Жаңа технологиялардың элементтерін, интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.

Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін тәжиребие жүзінде көз жеткіздім.

Бұл технологияның негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Қорыта келе бұл технологияны қолдану нәтижесінде:



  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  • Танымдық процестерді жетілдіру;

  • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

  • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Модульді технологияның педагогикалық технологиялармен сабақтастығы, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы жүйелілігі, технологияларды тиімді пайдалану арқылы өздігінен білім алу, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтарды қалыптастыруға болады деген болжамымыздың туралығына көз жеткіздік.


Әдебиеттер тізімі:

  1. К.М.Беркімбаев, Л.К.Керимов, Ж.Н.Садуова Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу-әдістемелік құрал.- Алматы, 2008. - 76б

  2. Қисимова А. Жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы алатын орны мен маңызы // Ұлт тағылымы.- Алматы, 2007.- №4

  3. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістердіжоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. - Алматы: 2009.-328 бет

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет