«Біз мәңгілік ел боламыз!» 1 – жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2 – жүргізуші



Дата14.02.2018
өлшемі86,47 Kb.
#37651
«Біз мәңгілік ел боламыз!»

1 – жүргізуші:
- Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 – жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1 – жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 – жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 – жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 – жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:Сәлеметсіз, мектебіміздің басшысы

Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы.

Тамаша жаңалықтың бастауы боп,

Мол болсын жаңалықтар, таға, тағы.



2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Балалардың жақсы апасы

Қамқоршысы, жүрегіміздің панасы

Біздер үшін ән менен күй,

Біздер үшін бүгінгі сән менен сый, - дей отырып, ортаға мектеп директорын қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық.



1-жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды. Дей келе міне жаңа жыл мерекесі де келіп жетті

Осы кезде мыстан келеді.

Мыстан: Қайдағы жаңа жыл. (Балаларды нұсқап). Мыналар неғып тұр. Әй балалар тараңдар? Ешқандай жаңа жыл мерекесі болмайды. Қазір қар жауады, боран соғады. Үйлеріне барыңдар. Жаурап қаласыңдар!

2-жүргізуші: Мыстан әже, сәл сабыр етіңіз. Сіз бірдеңені шатастырып тұрған секілдісіз. Бізде жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр. Қазір ертегі елінен құрметті қонақтар келуі керек.

Мыстан: Ешкім де келмейді. (шыршаны айналып, шашын жұлып, бірнеше бөлшекке бөліп тастайды).

1-жүргізуші: Енді қайттік? Е, бәсе, міне біреу келе жатыр.

Қолында домбырасы бар Тазша келеді.



Тазша: Иіліп, армысыздар халайық.

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.



Мыстан: Тақылдаған сен кімсің ей? Мен неғып сені білмеймін.

Тазша: Е, мен елге Тазша атанған, халқыма қылығымен жаққан тазша баламын әже.

Ау, тойды бастамай неғып тұрсыңдар?



2-жүргізуші: Мына мыстан жаңа жыл мерекесіне келе жатқан «Ертегілер елінің» елшілерін сиқырлап, ұйықтатып тастапты. Не істерімізді білмей тұрмыз, Тазшам.

Тазша: Айтпақшы, Мыстан әже, мына тойда өзіңізге арнап бір өлең айтып бергім келіп тұрғаны.

Мыстан: Керегі жоқ өлеңнің. Білем мен сендерді! Бәрің жек көресіңдер. Ана ақ басты кемпір-шалдардан бастап, мына тұрған балаларға дейін мені иттің етінен жек көреді. Білем мен сендерді...

Тазша: Сәл сабыр етіңіз, әжетай! Әуелі тыңдап көрмейсіз бе?

Оу, халайық, қараса,

Әжем қандай тамаша!

Ақ тістері маржандай,

Тізіліп тұр жараса!

Келбетіне қарасам,

Жаңа жылдың аппақ қарыңдай.

Оймақ ауыз, бұраң бел,

Кім жек көрер осыңдай

Өзі сұлу, ақылды,

Менің мыстам әжемді-ай!

Мыстан: Ой, айналып кетейін, Тазшам! Қой, болмас! Мен барып әлгі құрметті қонақтарды сиқырдан арылтып осында жіберейін. Олар да тойласың.

Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,

Шайтанды да алдадым.

Алдау деген түк емес,

Сиқыршыны да алдаймын, - деп 2 рет қайтара әңдетіп, сахнада жүреді. (Сол кезде сахнаға сиқыршы шығады. )



Сиқыршы: О, Алдеке көңілдісің ғой өзің?!

Алдар: Неге көңілді болмасқа бүгін бізде жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?

Сиқыршы: Мен бүгін өз сиқырымды бүлдіршіндерге көрсетіп көңілдерін көтеруге келдім.

Алдар: Қандай сиқыр көрсетесің? Не арқылы?

Сиқыршы: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі. Айнаға қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе соны көруге болады.

Алдар: Өзің білесің, Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Сол ұлттар достығының белгісі ретінде әр ұлт өнерін көрсете аласың ба?

Сиқыршы: Қай елді көргін келеді?

Алдар: (ойланып тұрып) Үнділерді көрсете аласың ба?

Сиқыршы: Сол да сөз болып па? Қазір. (айнаға қарап):

Айнам, менің айнам,

Жан-жағынды жайнат.

Үнділердің өнерін,

Осында әкеп сайрат.

Сүф-сүф-сүф!



Музыка қосылып, үнді биі биленеді.

Алдар: Тамаша, тамаша. Сенің айнан шыңында да сиқырлы екен. Енді менің ән тыңдағым келіп тұр. Бір ән айтқызып бере аласың ба?

Сиқыршы:

Түріктің әнің қазақша шырқатып берейін.

Айнам, менің айнам,

Жан-жағынды жайнат.

Түрік халқының әнін

Қазақ тілінде сайрат.

Сүф-сүф-сүф!



«Ханшайым» әні

Алдар: Ой, ғажап екен. Енді қай халықтың өнерін көрсем болады?

Тау халқының өнерін көрсетші.



Сиқыршы: Айнам, менің айнам,

Жан-жағынды жайнат.

Грузиндердің өнерін

Осында әкеп сайрат.

Сүф-сүф-сүф!

Грузин биі биленеді.

Алдар: Ой, ризамын саған, рахмет. Осы сиқырлы айнаңды маған сыйлап кетші.

Сиқыршы: Жарайды, сыйладым саған айнаны. Сенің елін Қазақстандағы ұлттар достығы нығая берсін. Мені басқа елдің балалары шырша маңында тосып отыр. Соларға барайын.

Алдар: Рахмет саған, сиқыршым. Алыс жолға аттанып барасың, сені шығарып салайық . (Сахнадан кетіп қалады).

1-жүргізуші: Ал, балалар сиқыршы мен Алдардың өнеріне ризасындар ма?

Залдан: Ризамыз, ризамыз, рахмет!

2-жүргізуші: Балалар, жаңа жыл мерекесінің көркі аяз ата емес пе? Аяз ата мен Қарша қызсыз жаңа жыл бола ма?

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың? Олай болса балалармен қосылып Аяз ата мен Қарша қызды ортаға шақырайық

Барлығы: Аяз ата, Қарша қыз (3 рет)

Музыка әуенімен залға кіреді

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым?!

Қандай жарқын жүздерін

Аталарын сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, қарша қыз!?

Аяз ата: Ал, балаларым, біз Қарша қыз екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Ән айтып, би билеп, өнерлеріңді көрсетіңдер. Біз бір дем алайық.

Қарша қыз: Ән айтып, би билеген балаларға Аяз атаның сылығы бар. Қанекей, босқа тұрмай, көрсетейік өнерімізді.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 7 сынып оқушысы Кабыкенов Өміржанның орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті
Би: «Ламбада» 5 сынып оқушылары

2 жүргізуші: -  Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !



Ән: «Қош келдің Жаңа жыл»

Орындайтын: Мусабекова Айзада

Әрі қарай залдағы балалар, ән айтып, би билейді, өз өнерлерін көрсетеді.



Осы жерде ойындар ойналады.

  1. ойын: «Сыйлық ал»

Шарты: Балалар дөңгеленіп ортаға тұрып, музыка әуенімен допты бір біріне жүгіртеді.

Доп кім де қалса сол бала ойыннан шығып өнер көрсетіп, сыйлық алады.



Ең соңғы қалған оқушы жеңімпаз.

  1. ойын: «Қар тасу»

Шарты: 2 шелекке салынған қарды 2 топқа бөлінген бала қасықпен, екі шелекке тасиды. Жеңген топ сыйлық алады.

  1. ойын: «Аяз ата қолғабы»

Шарты: 10 бала дөңгеленіп тұрады да , Аяз ата жүгіріп жүріп, балалардың қолдарына қолғабын тигізіп өтеді. Аяз атаның қолғабы тиген балалар ойыннан шығып, өнер көрсетеді. Қалғандары сыйлық алады.

  1. ойын. «Қораз»

Ақ бормен ортадан шеңбер сызылады. Оның ішіне екі оқушы кіріп алып, қарама - қарсы тұрады. Содан соң бір аяқтарын көтеріп алып, екінші аяқтарымен ғана жер басып жүреді де, бірін – бірі иықтарымен итеріп, бірін – бірі шеңберден шығаруға тырысады. Ойын 2, 3 рет қайталанады. Жеңген оқушы силық алады. Жеңілген оқушы өнер көрсетіп, сыйлық алады.

Ән: «Жаңа жыл»

1-жүргізуші: Ал,балалар, өздеріне арналған жасыл шырша мерекесі тамаша болды емес пе?!

Ризасыңдар ғой?



Барлығы: Ризамыз! Ризамыз!

Аяз ата: Ал, балалар, біз Қарша қыз екеуіміз тамаша демалдық. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Біздің баратын жеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер тағатсыздана тосып отыр. Біз Қарша қыз екеуіміз аттанайық. Сау болыңдар, балалар!

Қарша қыз: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенще.

Барлығы: Сау болыңыздар Аяз ата мпен Қарша қыз.

1-жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

 

2-жүргізуші: :-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар .



1-жүргізуші: Демеңіздер біз өнердіі аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды



Қош болып, тұрыңыздар көріскенше

Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет