Біз оқушы атандық



Дата27.05.2018
өлшемі132,74 Kb.
#40919
Тақырыбы: Біз оқушы атандық

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым .

Аяулы ата-аналар, қонақтар. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел

болған шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той

қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер, бүгін

бойларында жауапкершілік пайда болып, 1 сынып оқушысы атанды.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін таратын баршаға

Шын пейлмен құрметімізді көрсетіп

1 «А» », 1 «Б» , 1 «В»сынып Бүлдіршіндерін шақырайық ортаға

І.Кіру сәті - музыкамен 1 «А», 1 «Б» , 1 «В» оқушылары кіреді

Үш тілде амандасады
ІІ. «Біз оқушы атандық» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директорының бастауыш жөніндегі орынбасары Қали Раушан Досымқызына беріледі

ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:

1 Жүргізуші: Талаптың мініп алып пырағына,

Білімнің май тамызып шырағына.

Алдымнан ақыл сарай есік ашып

Жету мақсат - іздеген мұратыма



2-Жүргізуші:

Жарқырап атқан «бақытты күн» таңында

Дара туған, дана туған қазағымның бағына.

Қош келіпсіз, Тілашар тойымызға

Тәуелсіз елімнің 25 жыл толу қарсаңында.

1-2 жүргізуші қосылып бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Ән: « Мектебім» Көпжасарова Еркеназ


1-оқушы: Мансұр (1а)

Армысыз, алғашқы ұстазым

Қуанышты бүгін күн

Биыл мектепке мен бардым

Алғашқы сыныпта

Тұңғыш білім аламын



2-оқушы Нұрайым (1а)

Алты жасқа біздей толған баланы,

Мектеп ана құшағына алады.

Ата-ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

3-оқушы Адина (1а)

Сәлем, саған мектебім,


Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

4-оқушы:Диас (1в)

Армысың, мектеп ар - бесік,

Айқара ашқан есігін.

Тәрбие, білім бар нәсіп,

Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,

Мен сені солай сүйемін,

Сен берген бағыт бағдармен

Рухы бай елге иемін.



5-оқушы: Нұржігіт (1а)

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай «балақай»

Осыдын да көлемді

Оқи алам өлеңді

6-оқушы: Түгел (1 б)


7 –оқушы:Ердиас(1 б)
Ән : «Әсем ән» орындайтын Саматұлы Бейбарыс және бір топ бишілер

Ойын: Оқушымен.
Балалар «Кім мектепке тез жиналады» ойынын ойнап жіберейік.
Ойын шарты: Ортаға екі стол қойылады, үстіне оқу құралдарымен араластырып заттар қойылады. Екі бала шығады. Портфельге заттардың арасынан іріктеп оқу құралдарын жинап салу керек. Бірінші біткен бала жеңімпаз атанады.

8-оқушы Азамат (1б)

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына,

Енді қайық саламыз.

9-оқушы Ілияс (1 в)


10-оқушы Алдияр (1б)

Біз бақытты баламыз

Қағаз, қалам аламыз.

Ұстазымыз үйреткен,

Әріптерді жазамыз

11-оқушы: Бекнұр (1б)


12-оқушы Аягөз (1б)

Жеті жасқа жеткенім,

Еркеліктен кеткенім,

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме беттедім.
13-оқушы: Бексұлтан (1 в)

Талаптың мініп алып пырағына,

Білімнің май тамызып шырағына.

Алдымнан ақыл сарай есік ашып

Жету мақсат - іздеген мұратыма

14- оқушы: Али (1 а)

Мектеп - білім ордасы,

Мектеп - қамқор анашым.

Оқып білім алып,

Мен оқушы атандым
1.Ойын ата – анамен: «Балаңыздың сабақ кестесін айтыңыз»

2.«Менің отбасым» жобалау әдістемесі

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша тартыңыз?
15-оқушы Асылхан (1а)

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені

17-оқушы Аида (1а)

Мектеп - үлкен бағдаршам. 42

Ұстаз шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,

Бағыт жолын нұсқаушы.

18-оқушы Жақсыбек (1 в)

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.
19-оқушы: Ерасыл (1 б)
20-оқушы Диас (1а)

Мен тілеймін ұстазыма Өмір - думан,

Бақ әкелсін мереке.

Азамат боп шығамын мен,

Сенетіндей ел ертең.

21-оқушы Шәкір (1а)

Мектепке енді барамыз,


Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
22-оқушы Бекжан (1а)

Биыл мен де мектепке


Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

23-оқушы Диас (1а)

Ұрпағың болашақты жалғай білсін,


Мен бүгін қадам бастым мектебіме
Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: .

Автор-

Оқушы- Айша

Қалам-Бекзат

Карандаш-Бағдаулет

Оқулық- Жанерке

Дәптер- Аянат

Өшіргіш- Айшабибі

 Автор- :  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:



Қалам-Бекзат:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-Айша : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-Бекзат: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы-Айша:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-Бекзат:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор- :  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-Айша: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-Бекзат:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-Бағдаулет: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Сауат ашу-Жанерке:     Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-Айшабибі:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-Бекзат: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-Айша: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор- :     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

Жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып ешқашан да мойымайтын

Болашақ спортшылар келеді ортаға

Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым



Ән: «Спорт» Орындайтын Кенжебекқызы Бақытнұр және біртоп бишілер

Хор: Алтын ұя мектебім

«Мен оқушы атандым»тойының иелеріне бата беру үшін сөз атаға беріледі.

ҮІІІ.Ризашылық әнімен аяқталады

Ризамыз бүгінге, Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге, Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын,қазірге!


Тақырыбы: Біз оқушы атандық



Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым .

І.Кіру сәті - музыкамен 1 «А», 1 «Б» , 1 «В» оқушылары кіреді
Үш тілде амандасады
ІІ. «Біз оқушы атандық» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп директорының бастауыш жөніндегі орынбасары Қали Раушан Досымқызына беріледі
ІІІ. Оқушыларға кезек беріледі:

1 Жүргізуші:

2-Жүргізуші:
1-2 жүргізуші қосылып бірге: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

1-оқушы: Мансұр (1а)

2-оқушы Нұрайым (1а)

3-оқушы Адина (1а)

4-оқушы:Диас (1в)

5-оқушы: Нұржігіт (1а)

6-оқушы: Түгел (1 б)

7 –оқушы:Ердиас(1 б)
Ән : «Әсем ән» орындайтын Саматұлы Бейбарыс және бір топ бишілер

Ойын: Оқушымен

Ойын.
Балалар «Кім мектепке тез жиналады» ойынын ойнап жіберейік.


Ойын шарты: Ортаға екі стол қойылады, үстіне оқу құралдарымен араластырып заттар қойылады. Екі бала шығады. Портфельге заттардың арасынан іріктеп оқу құралдарын жинап салу керек. Бірінші біткен бала жеңімпаз атанады.
8-оқушы Азамат (1б)

9-оқушы Ілияс (1 в)

10-оқушы Алдияр (1б)

11-оқушы: Бекнұр (1б)

12-оқушы Аягөз (1б)

13-оқушы: Бексұлтан (1 в)

14- оқушы: Али (1 а)
1.Ойын ата – анамен: «Балаңыздың сабақ кестесін айтыңыз»

2.«Менің отбасым» жобалау әдістемесі

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша тартыңыз?
15-оқушы Асылхан (1а)

17-оқушы Аида (1а)

18-оқушы Жақсыбек (1 в)

19-оқушы: Ерасыл (1 б)

20-оқушы Диас (1а)

21-оқушы Шәкір (1а)
22-оқушы Бекжан (1а)

23-оқушы Диас (1а)
Ұрпағың болашақты жалғай білсін,

Мен бүгін қадам бастым мектебіме
Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: .

Автор-

Оқушы- Айша

Қалам-Бекзат

Карандаш-Бағдаулет

Оқулық- Жанерке

Дәптер- Аянат

Өшіргіш- Айшабибі

 

Жүргізуші:



Ән: «Спорт» Орындайтын Кенжебекқызы Бақытнұр және біртоп бишілер

Хор: Алтын ұя мектебім

«Мен оқушы атандым»тойының иелеріне бата беру үшін сөз атаға беріледі.

ҮІІІ.Ризашылық әнімен аяқталады

Ризамыз бүгінге, Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге, Ризамыз қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын,қазірге!


Армысың сен, алтын ұям мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

2- жүргізуші:

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.

Келесі кезекте шырқалар «Сәлем саған мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.

Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл- суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын анам!
Болайын мен де аман!

Солнечный круг, небо вокруг,


Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке,
И подписал в уголке.
Припев:
Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!

«Өтінемін» ойыны
Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады. Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
— секіріңдер
— оң аяқтарын көтеріңдер
— өтінемін, қолдарыңызды шапалақтаңдар
— өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар
— оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
— өтінемін, отырыңдар
— сол қолдарыңды көтеріңдер
— өтінемін, аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар

Оқушы ережесі


1. Қуаныш: Ай күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.
2. Жарбол. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «Ассалаумағалейкум»деп қос қолды беріп сәлемдесу. Қыздар сәл еңкейіп, «Сәлеметсіз бе?»- деу)
3. Мағжан:. Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату. Әкеңді, шешеңді - деп балағаттау дөрекілік екенін есте сақтау
4. Нұрбану: Қыздар шашты өсіру кеспеу. Қыз ернін, бетін, көзін боямау
5. Рауан: Үлкеннің жолын кеспеу.
6. Ақниет: Үлкеннің атын атамау.
7. Нұрбек: Үлкенге үнемі «сіз»- деп сөйлеу.
8. Ерболсын: 8 - сыныпқа дейін ер балалар үнемі шашты қырғызып алғызу.
9. Рүстем: Өзіне көрсетілген қызметке ілтипатпен, рақмет айтуды ұмытпау.
10. Ақерке: Ажырасар, қоштасар сәтте «сау болыңыз, кездесер күн жақын болсын»- деп, адал тілек, ақ ниет білдіру.
11. Әсел: Қыздар үшін ұл балаларды «ит - шошқа, иттің баласы»деп балағаттамау.
12. Айдай: Ұрлық жасама, өсек, өтірік айтпай, ондайлар ұлттық намысы қорлаған болып шығады.

Оқушының сабақтағы міндеттері


1. Қуаныш: Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс.
2. Жарбол: Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады.
3. Мағжан: Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді.
4. Рауан: Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек.
5. Ақниет: Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек.
6. Нұрбек: Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады.
7. Ерболсын: Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады.
8. Ақерке: Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды.
9. Рүстем: Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді.
10. Нұрбану: Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады.
11. Әсел: Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек.
12. Айдай: Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.

Оқушы анты


Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.
Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын..
Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, деп - ант етемін.

2. «Ойлан да аяқта» жаттығуы

-Лимон қышқыл, ал қант... (тәтті)

-Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)

-Екі бірден көп, ал бір... (екіден аз)

-Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың?... (қолмен)

-Самал үйден Айманнан бұрын шықты, ал Айман... (кейін шықты)

Жаттығу «Біз бірге күштіміз»

Нұсқау: Мен сіздерге жеке сөздер оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің бас әрпін, яғни естілген дыбысын айтасыңдар.



Бұлт, із, зерек,

Бірлік, ірімшік, раушан, гүл, емен,

Күрек,үштік, шындық, тас, ілім, мысық, іні,зергер,

-Қандай сөйлем шықты?



Б І З    Б І Р Г Е    К Ү Ш Т І М І З

(Қолдарын ұстасып «Біз бірге күштіміз». деп қайталайды)
Каталог: uploads -> doc -> 0687
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0687 -> Ii сәбилер тобына арналған оқу-тәрбие жоспары 27 сағат
0687 -> ОҚо шардара ауданы Шардара қаласы №1. М. Әуезов атындағы жом
0687 -> Сабақтың барысы : Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
0687 -> Сабақ сандары I тоқсан 27 сағат II тоқсан 21 сағат III тоқсан 30 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет