Біздің кітапхана Сіз №21 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп кітапханасының сайтына Қош келдіңіздер


Сіз №21 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп кітапханасының сайтына



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі433,92 Kb.
#466
1   2

Сіз №21 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп кітапханасының сайтына

Қош келдіңіздер

Бұл жерде сіздер кітапханамыз туралы деректер ала аласыздар. Жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-мектеп кітапханасы. Кітапхана-бұл абонемент пен оқу залы.

Кітапханада компьютер бар -«Интернет» желісіне қосылған.Кітапхана қоры сан алуан. Кітапхана қорында оқулықтар,көркем әдебиет,мұғалімдерге әдістемелік кітаптар және ҰБТ-ға дайындалуға арналған оқулықтар бар.Оқулықтар 4 жылда бір рет қорландыру циклы бойынша жаңартылады. Кітапханашылар оқушылармен тәрбие жұмыстарын өткізіп отырады. Кітапхана кеңесі,кітапхана белсенділері жұмыс істейді.Кітапхана «Жас Ұлан» ,сынып жетекшілерімен мектеп психологтарымен бірігіп жұмыстар атқарады.

Кітапхананың негізгі қызметі

Білімділік Ақпараттық Мәдениеттілік

Тақырыбы:

«Кітап-білім бұлағы»

Мақсаты:

Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын дамыта отырып,олардың бойындағы рухани байлығын арттыру.

Оқушыларға қоғамдағы көркем әдебиеттің алар орнын,мәнін түсіндіру.

Міндеттері :

Оқушылардың көркем әдебиет арқылы мәдениеттілікке баулу

Оқушыларға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз ету.

Білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алу.

Кітапханамен бала арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру

М.Жұмабаев атындағы №21 мектеп кітапханасының 2012-2013 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары

I.Мектеп кітапханасының 2012-2013 оқу жылында алдына қойған мақсаты мен міндеті

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес,халықты салауатты да,сауатты өмірге бағыттауымыз керек»деген сөздері бүгінгі ұрпақ,ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті.Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы-кітапхананың алар орны ерекше.

Кітап мұхитында бағыт табуға,әлемдік әдебиет сайтында бағдар іздеуге кім үйретіп,кім қол ұшын береді.

Сөз жоқ кітапхана!Өйткені тек кітапхана-әрбір қоғамның мәдениетінің көрсеткіші,мінездемесі мен өмірінің бір көрінісі.

Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ,сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады.

«Кітап-білім бұлағы»демекші,мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен.



Мектеп кітапханасы педагогикалық ұжыммен және мектептің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып,оқушылар арасында тәрбиелі жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың жеке бастарының білімін тереңдету,қоғамға пайдалы азамат болып өсулеріне жағдай жасау үшін ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жоспарлап отыр.

Негізгі бақылау көрсеткіштері:

р/с

2011-2012 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы


1

Оқырман саны - 935

945

2

Келу саны - 8329

8400

3

Кітап беру саны - 18010

18250



III. Кітапхананың барлық кітап қорын

құрастыру,ұйымдастыру,пайдалану және оны сақтау.

р/с

Өткізілетін іс-шара

мерзімі

Орындаушы


1

Жаңа оқулықтарды қабылдау

қыркүйек

кітапханашы

2

Оқырмандар жоғалтқан әдебиетке акт жасау

қазан

кітпаханашы

3

Қарыз оқырмандармен жұмыс

қыркүйек

кітапханашы

4

Оқушыларға жаңа оқулықтарды тарату

қыркүйек

кітапханашы

IV.Оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

р/с

Өткізілетін іс-шара

мерзімі

Орындаушы


1

0-4 сынып оқушыларына кітапханаға экскурсия ұйымдастыру

қараша

кітапханашы

2

Жазғы мектеп жанындағы лагерде оқушыларға дауыстап оқуды ұйымдастыру

маусым

кітапханашы

3

Кітапханалық жіктеу таблица бойынша кітаптарды кітапхана қорына орналастыру

тоқсан сайын

кітапханашы

4

Кітап маған тақтан қымбат –мәнерлеп оқу

сәуір

кітапханашы

5

Балалармен бірге оқылық-дауыстап өқу

сәуір

кітапханашы

V.Әдебиеттерді насихаттау жұмысы.

Әлеуметтік –саяси әдебиеттерді насихаттау.

р/с

Өткізіле

тін іс-шара



Мақсаты

Жұ

мыс түрі


Мерзі

мі


Орындау

шы


Өтетін орын

1

«Қазақ-стан: даму страте

гия


сы

Оқушыларды отансүйгіштік- ке,адамгершілік ке, халқының тарихын білуге тәрбиелеу


кітап көр ме

сі


тамыз

кітапхана-шы

кітапхана да

2

«Заң және біз»

Балалар құқығы туралы әдебиеттерді насихаттау

тақы рып

тық сөре


қыр-күйек

кітапхана-шы

кітапха нада

3

«Жол

дау -бәрімізге ортақ іс»



Патриоттық тәрбиеге баулу

тақы рып тық сөре

қыр-күйек

кітапхана-шы

кітап-ханада

4

«Білім және мәдени

ет мәселе

лері


Білімдегі және мәдениеттегі жаңалықтарды насихаттау

тақы рып-тық сөре

қыркүй-ек

кітапхана-шы

кітап-ханада

5

«Менің елім-Қазақ-стан»

Оқушыларды өз Отаны Қазақстан туралы білімдерін кеңейту,ел тарихында болған оқиғалардың маңыздылы-

ғын ажырата білуге баулу



тәр-бие саға ты

жел -тоқсан

кітапхана-шы

кітап-ханада

6

«Желтоқ-сан алауы»

Оқушыларды өз Отанын сүюге,ұлы оқиғаларды дәріптеу,елін,же рін қорғауға,бауыр малдыққа тәрбиелеу.

кеш

жел тоқсан

кітапхана-шы,

Тайтлеу ова М.



кітап-ханада

7

«Халық қаһарма ны»

Оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың,бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып,оқушылар-ды отанды қорғауға,ерлік істеріне тағзым етуге,батыл да,батыр ержүрек болуға үйрету.

кітап көр

ме

сі



желтоқ

сан


кітапха

на

шы.



кітапха

на-


да,



8


«Рәміз-дер –тәуелсіз-дік белгісі»

ҚР мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын,мемле кеттік атрибуттурдың мәні мен рөлін зерделету,автор ларын таныстыру, қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту,ҚР рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу

көр

ме


ақпан

кітапхана шы

инф. кабинеті


9

«Наурыз-жыл басы»

Оқушыларды наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, ұлағат тты салт дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

әңгі

ме


нау рыз

кітапхана шы

кітапханада

Ғылыми-табиғи әдебиетті насихаттау

р/с

Өткізілетін іс-шара

Мақсаты

Жұмысты ң түрі

Мерзі мі

Орындау-шы

Өте тін орын

1

«Салауатты өмір салты үшін»

Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

тақы рыптық сөре

қыр-күйек

кітапханашы

кітапха нада

2


«Жан- сезім саулығы

Оқушылардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтудағы көзқарасын қалыптастыруға баулу,денсаулықтың адам өмірі үшін аса қажеттілігі,оны сақтай білудің маңыздылығы,олардың зиянды әрекеттерден сақтандыру,денсау лықтың өмір сүру үшін бағалы байлық екенін түсіндіру

тәрбие сағаты

қазан

кітапханашы

кітапха нада


3

«Адам және табиғат»

Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,қоршаған ортаны қорғауға,аялауға тәрбиелеу

кітап көрмесі

қыркүйек

кітапханашы

кітап хана да

4

«Табиғат-қорғау уақыт талабы»

Қоршаған ортаны қорғауға,аялауға тәрбиелеу.

тақырып тық сөре

қыркүйек

кітапхана шы

кітап хана да

5

«Здоро вый образ жизни»

Салауаттылыққа тәрбиелеу

әдеби ауызша журнал

қараша

кітапханашы

кітап хана да

Техникалық өнер және ауыл шаруашылығы жөніндегі әдебиетті насихаттау.

р/с

Өткізілетін іс-шара

Мақсаты

Жұмыс-тың түрі

Мерзі мі

Орындау-шы

Өтетін орны

1

«Жол тәртібін білейік,есен-аман жүрейік»

Балаларға жолда жүру ережесін үйрету

кітап көрмесі

қыркүй-ек

кітапхана-шы

кітапхана-да

2

«Абайла-ңыз балалар»

Балаларға жолда жүру ережесін үйрету

акция

01.09-2012-31.10.

2012


кітапхана-шы

кітапхана-да

3

«Қазақтың тұңғыш ғарышкері»

Қазақтың

ғарышкерле-рі туралы мағлұмат беру



кітап көрмесі

сәуір

кітапхана-шы

кітапхана-да

4

«Ауылым-алтын бесігім»

Туған жерін,елін сүюге тәрбиелеу

кітап көрмесі

қараша

кітапхана-шы

кітапхана-да

Әдебиетті және тілімізді жетілдіру.

р/с

Өткізілетін іс-шара

Мақсаты

Жұмыс тың түрі

Мерзі мі

Орындаушы

Өтетін орын

1

«Жырсыз өмір-өмір емес»

Ақиық ақын -ның өлеңдерін насихаттау

Поэ

зия кеші


ақпан

кітапхана-шы

акт залы

2

«Есімі елге қастерлі»

Жазушы Ш.Мұртазаның 80жылдық мерей тойына байланысты оқушыларды адамгершілік-ке тәрбиелеу

Тәр

бие саға


ты

қыр-күйек

кітапхана-шы,қазақ тілі бірлестігі

акт залы

3

«Азамат. Жазушы. Қайрат-кер»

Жазушы Ш.Мұртазаның 80жылдық мерей тойына байланысты оқушыларды адамгершілік-ке тәрбиелеу

кітап көрмесі

қыр-күйек

кітапхана-шы

акт залы

4

«Д.Сне-гин -100 жаста»

Оқушылырға қазақстанның халық жазушысының шығармашылы ғын насихаттау

кітап көрмесі

қараша

кітапхана-шы

кітапханашы

5

«Қазақ жыры-ның жарық-жұлдызы»

Қазақ халқының ұлтжанды ақыны М.Жұмабаев тың шығармашылы ғын насихаттау, адамгершілік,ізгілік қасиеттерін қалыптастыру

әдеби кеш

наурыз

кітапхана-шы

акт залы

6

«Әзілхан Нұршайықов-90жаста»

Оқушыларға жазушының шығармаларын насихаттау

кітап көрмесі

желтоқсан

кітапхана-шы

кітапханашы

Тіл туралы заңды насихаттау.Өлкетану.

р/с

Өткізіле-тін іс-шара

Мақсаты

Жұмыс тың түрі

Мерзі мі

Орындау шы

Өтетін орын

1

«Ана тілім-асыл қазынам»

Ана тілін құрметтеп, сүюге тәрбиелеу

кітап көрмесі

қыр күйек

кітапхана шы

кітапхана да

2

«Қазақша сөйлеп үйренейік»

Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйретуге тәрбиелеу

тақырып-тық сөре

қыр

күйек


кітапхана шы

кітапхана да

3

«Ана тілі-жүрек үні»

Оқушыларға ана тілінің және мемлекет-тік тілдің маңызы туралы түсінік беру.

тәрбие сағаты

ақпан

кітапхана шы

кітапхана да

4

«Туған жерді сақтайық»

Оқушылар ды туған жердің тарихын білуге,сүю ге тәрбиелеу

кітап көрмесі

қыр күйек

кітапхана шы

кітапханада


5

«Тіл ұлттың анасы»




тақырып-тық папка

үнемі толық тырып отыру

кітапхана шы

кітапханада

VI. Мектеп оқу бағдарламасына көмек.

1.Білім процесін оқулықтар мен әдістемелік және дидактикалық

материалдармен қамтамасыз ету.

2.Ақпаратты өзіндік іздену және оны дұрыс пайдалануды үйрету.

3.Оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту.

VII. Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру.

Кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

р/с

Өткізілетін іс-шара

Мақсаты

Жұмыс түрі

Орындаушы

1.

Кітапханаға саяхат

кітапқа деген қызығушылығын арттыруды, оқулықты күтіп ұстауға тәрбиелеу

саяхат сабағы

кітапханашы

2.

«Кітап-білім бұлағы»

кітапты құрметтей білуге,білімге деген құштарлығын арттыру.

ертеңгілік

кітапханашы бастауыш сынып жетекшісі

3.

«Мен кітаппен доспын»

шығармашылыққа баулу

дауыстап оқу

кітапханашы

4.

«Білім көзі кітапта»

шығармашылыққа баулу

библиографиялық шолу

кітапханашы

VIII.Кітапханашының кәсіби шеберлігін арттыру.

1.Қалалық,республикалық,облыстық білім жетілдіру курстардан өту.

2.Қала кітапханашылардың өткізілетін семинарларға қатысып,тәжірибе жинақтау.

3.Басқа кітапханашылармен тығыз байланыста болу.



IX.Материалдық-техникалық базаны нығайту.

1.Кітап қорын толықтыру

2.Кітапханада жөндеу жұмыстарын жүргізу

3.Мектеп әкімшілігінен кітапханаға қажетті заттарға сұраныс беру



Кітапхананың жұмыс жасау кестесі

Дүйсенбі-жұма күндері - 9-17-ге дейін

Сенбі күні - 9-15-ке дейін

Айдың соңғы күні - тазалық күні

Үзіліс - 13-14-ке дейін

Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы кітапхана жұмысының сараптамасы.

Кітапхана-сапалы білімнің сенімді кепілі.Кітап-біздің рухани құндылығымыз,теңдесі жоқ байлығымыз.

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар жұмысы үлкен.

Кітапханаға оқушылар жиі келіп қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады.Бұл орын оқушылардың ой-өрістерін дамытып,шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп ықпал тигізеді.

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі - білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие мен білім егіз ұғым десек,жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі-мектеп кітапханасы.

Кітапхана көлемі-124 кв.м,екі бөлмеде орналасқан:біріншісі-қызмет көрсететін бөлме,онда оқушылар дайындалатын -15орын бар,екіншісі-кітап сақтау бөлмесі.

Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры - 23732, оқулықтар саны - 13981, оның ішінде электрондық оқулықтар-144, көркем әдебиеттер саны-9751,оның ішінде әдістемелік кітаптар-732дана. Қорландыру циклы бойынша 2010-2011 жылында 0,3,5,10 сыныптарға -3573 дана оқулықтар алынса,2011-2012 жылында 0,4,6,11сыныптарға- 4306дана оқулықтар, әдістемелік кітаптар-214, дәптерлер -905, көркем әдебиеттер-175, электрондық оқулықтар-32 дана алынды. Оқырмандар саны-935,келу саны-8800,кітап беру саны-19200. Орта есеппен оқырманның күнделікті кітапханаға келуі -35, кітап берілуі-85. Мектеп бойынша оқушылар оқулықпен - 95% қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының 19 ақпандағы 2003 жылғы №173 қаулысы бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиенушілерін оқулықтарымен қамтамасыз ету ережесіне сәйкес - 245 оқушы 100% оқулықтармен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 18.06.2003ж № 508 және Тараз қаласы әкімдігінің білім,дене шынықтыру және спорт бөлімінің 10 қазан 2011жылғы №1004 бұйрықтарын негізге алып білім беру мекемелерінің кітапханаларының қорындағы оқулықтарды есептен шығару туралы ережеге сәйкес қорландыру циклы бойынша кітапхана қорынан -1891дана, 509690 теңгеге оқулықтар шығарылды. Көркем әдебиеті кітапханалық жіктеу таблица арқылы,оқулықтар сыныптарға бөлініп жинақталған. Жыл бойы оқулықтарды күтіп ұстау туралы рейд жүргізіледі. Педагогикалық ұжыммен және мектептің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, оқушылар арасында тәрбиелік жұмысты жан-жақты жандандыру арқылы ақпараттық-библиографиялық жұмысын ұйымдастырылды. Жеке, топтық және көпшілік нысандарының (викториналар,библиографиялықшолулар, әңгімелер, оқырман конференциялар, кітап көрмелер) көмегімен әдебиеттерді насихаттау жұмыстары жүргізілді.



Әдебиетті насихаттау жұмысы.

Әлеуметтік-саяси әдебиеттерді насихаттау.

Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу-кітапхананың төл ісі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақстанның даму стратегиясы»,«Бейбітшілік пен достықтың 20 жылы» атты кітап көрмелері,«Желтоқсан-ерлік тарихы»-тәрбие сағаты, «Мой Независимый Казахстан»-әдеби кеш, «Ар-намысым,қасіретім,мақтанышым-Желтоқсан»-тәрбие сағаттары өткізілді.

Өткізілген іс-шаралардың мақсаты:Оқушыларды Егеменді еліміздің ұлттық белгілерімен таныстыру,Отанды сүюге,қорғауға,болашақта отанымыз Казақстанды өркендетуге білімді адамдар тәрбиелеу,халқымыздың салт-дәстүрін сақтап,ары қарай жалғастыру міндеттері екенін түсіндіру. Аса көрнекті мемлекет,қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 100жылдығына «Қонаев-мақтан тұтар алып тұлға»атты дөңгелек үстел өткізілді.Оқушыларға ой қозғау мақсатында: «Мен Қонаевты кім деп білемін.?»диаграммасы бойынша Д.Қонаевтың қоғам қайраткері,халық құрметтісі, асыл біртуар елінің перзенті болғандығы жайында түсіндірілді.Өткізілген іс-шара «Білім шуағы» газетінің 2012жылғы №2санында жарияланды.

Ата заңымызды насихаттау мақсатында «Заң және біз»атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Көрмеге:1.-Қазақстан Республикасының Конституциясы,

2-Балалар құқықтары туралы конвенция ,3-О правах ребенка в Республике Казахстан,4-Қазақстан Республикасының еңбек кодексі атты кітаптар қойылып насихатталды.

1мамыр -халықтар достығы күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жыл басы наурыз күніне «Армысың,әз Наурыз» атты кеш өткізілді.Бұл іс-шараның мақсаты :оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыра отырып,ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге,құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы,халықтың Отансүйгіштік қасиетін,қаһарман ерлігі мен еңбегін оқушыларға ұғындыру мақсатында 9 мамыр-Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Өткізілген іс-шаралар суретке түсірілді.

Ғылыми-табиғи әдебиетті насихаттау

Денсаулықтың адамға табиғат берген ең ұлы құндылық екенін оқушыларға түсіндіріп,өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеуді, тәрбие сағаты арқылы олардың ой-өрісін кеңейтуді мақсат етіп «Салауаттылық-нұрлы болашақ»- тәрбие сағаты , «Салауатты өмір салты үшін»- кітап көрмесі жасалды.

Табиғатты қорғау,сақтау қажеттігі туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру,экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында: «Адам және табиғат»-кітап көрмесі,«Табиғатты қорғау-уақыт талабы»-тақырыптық сөре жасалды.Көрмедегі кітаптардан оқушылар өздеріне мұғалімнің берген тапсырмаларына жауаптарын тауып алып отырды..

Техникалық өнер және ауыл шаруашылығы жөніндегі әдебиетті насихаттау.

Техникалық әдебиетті насихаттау мақсатында қыркүйек айында «Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік» атты кітап көрмесі, «Жолда жүру ережесі» тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Мақсаты:балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау,оқушылардың көшеде жүру ережелерін жетік білуінің маңызы зор екенін түсіндірілді.12сәуір адамзаттың ғарышқа көтерілуіне байланысты «Қазақ ғарышкері» атты библиографиялық шолу өткізілді.Шолуда қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаевтың ерліктері туралы айтылды.Туған елін,жерін насихаттау мақсатында «Ауылым-алтын бесігім»атты тақырыптық сөре жасалды.



Өнер және спорт жайлы әдебиеттерді насихаттау.

Спорттың денсаулыққа пайдасының зор екеннін ұғындыру мақсатында

«Спорт-денсаулық кепілі» атты кітап көрмесі, «Олимпиада жеңімпаздары» атты тақырыптық папка үнемі толықтырылып жинақталады.

Эстетикалық тәрбиені насихаттау мақсатында: қазақстанның халық әншісі Р.Бағланованың 90 жасқа толуына арналған библиографиялық шолу өткізілді,қазақтың бұлбұл қызы Күляш Байсеитованың 100 жасқа толуына арналған «Қазақтың бұлбұл қызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.



Әдебиетті және тілімізді жетілдіру.

Әдебиетті насихаттау.

Әдебиетті және тілімізді насихаттау мақсатында«Мағжан мұрасы-мәңгілік» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқырмандарға насихаттай отырып, оқушылар бойына адамгершілік, инабаттылық қасиеттерді сіңіру,отансүйгіштікке, батылдыққа баулу мақсатында өтті. Көрнекілігі:М.Жұмабаевтың кітаптары және ол туралы деректер,журналдар,қанатты сөздер.

Өту барысы: Сахнада абақты бейнеленеді.Темір тор.Май шам.Темір тордың ар жағынан күңіренген үн естіледі.Мағжанның «Сағындым» өлеңін темір тордың артынан 9 «Б»сынып оқушысы Утаров Шарапат оқиды (Мағжан ролінде ) күй ойнап тұрады.Ана бейнесін 9сынып оқушысы Әшетаева Айтолқын сомдады. Кешке белсенді қатысқан оқушыларға «Мадақтама» қағазы тапсырылды..

Қаңтар айында қазақтың ұлы ақыны Абай жайлы түсінік беру мақсатында «Кемеңгер ақын –Абай» атты ауызша журнал өткізілді.

Ауызша журнал 3 беттен тұрады :1бет.-Абайдың өмірбаяны.

2бет.-Абайдың шығармашылығы.

3бет.-Абайдың қарасөздері.

Қасым Аманжоловтың 100 жасқа толуына «Дауылпаз ақын»атты кітап көрмесі жасалды.Мақсаты:Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау болды.

«М.Әуезов:ұлттық болмыстың ұлы жыршысы» атты библиографиялық шолу өткізілді.Мақсаты:жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстыру

Қазақстан Республикасының тілдерді дамытудағы іс-шаралар.Өлкетану.

Әр халықтың аса бай рухани қазынасы-туған ана тілі.Туған тіл домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі-шырқап салар әндей.

Оқу танымдық тәрбие беру,ой-өрісін,іздемпаздығын дамыту мақсатында «Тіл анасы-сөз» ойын-жарыс өткізілді. Көрнекілігі:мақал-мәтелдер,ұлағатты сөздер,өлең жолдары жазылған плакаттар. Ойынның бөлімдері: 1 -Бәйге. 2-Тіл өнері.3 -Тапқырлық.4 -«Жеті жұрттың тілін біл».5 -Жорға. Қорытынды: оқушылардың ұпай санын есептеп,жеңімпазды анықтап,марапатталды.

Қыркүйек айында «Ана тілім-асыл қазынам», «Қазақша сөйлеп үйренейік» атты кітап көрмесі жасалды. Мақсаты:жас оқырмандардың ана тіліне деген ынтасын жандандырып,тілді құрметтеу,тіл-біздің ертеңіміз,тіршілігіміз екенін түсіндіру,тәрбиелеу болды. Жыл бойы «Тіл-ұлттың анасы»атты папка толықтырылып жасалды.

Қыркүйек айында «Туған жерді сақтайық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Оқушыларды туған жердің тарихын білуге,сүюге тәрбиелеу болды.Бұл көрмедегі кітаптардан оқушылар өздеріне керекті Ежелгі Тараздың тарихынан мағлұмат алып отырды.

Мектеп оқу бағдарламасына көмек

Қыркүйек айында «Мұғалімдерге әдістемелік көмек»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге мұғалімдерге арналған әдістемелік және дидактикалық материалдар қойылды.Интернет арқылы жыл бойы оқырмандардың сұраныстары орындалды..Ұстаздар өз білімін жетілдіру мақсатында тәрбие сағаттарын өткізуіне қосымша көмек ретінде мерзімдік басылымдарға жазылып,кітапхана арқылы алып тұрады. Кітапханада «Мерзімдік басылымдар»атты сөре ұйымдастырылған.Мектеп бітірушілерге «ҰБТ-ға дайындық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.



Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру.

Кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

Жыл бойы кітапханаға келген әр оқырманмен жеке жұмыстар өткізіліп тұрды.0-11 сыныптарға библиографиялық сабақтар өткізілді.

2012жылы ақпан айында «Кітап-білім бұлағы» атты акцияға көптеген іс-шаралар өткізілді: «Мағжан мұрасы-мәңгілік»-әдеби кеш, «Білім көзі-кітапта»-әдеби кеш, «Путешествие в Книгоград» - игра путешествие, «Кітап-рухани қазына»-кітап көрмесі. Бұл іс-шаралар оқушылар бойына адамгершілік,инабаттылық қасиеттерді сіңіру,отансүйгіштікке, батылдыққа, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатымен өткізілді.

2012жылы Жамбыл облыстық педагог кадрларынын білімін жетілдіру және қайта даярлау институты ұйымдастырған семинарға «Путешествие в Книгоград» атты жұмысы көрмеге қатысты..Наурыздың 17-19 аралығында «Гүлдене бер,Таразым» атты акцияға «Көне шаһар тарихы» атты кітап көрмесі жасалды. 2012жыы 29 наурызда өткізілген қалалық семинарға «Даярлық тобына арналған кітаптар»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Даярлық тобымен бірлесіп «Ертегілер еліне -саяхат» атты сахналық көріністер көрсетіліп отырады.

Кітапханашының кәсіби шеберлігін арттыру.

Жыл бойы мектепте өткізілген іс-шараларға қатыстық.Калалық семинарларға қатысып тәжірибе алмастық.Кітапханашыларға арналған «Мектептегі кітапхана» атты ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналға жазылып,басылып шыққан әдістемелік тақырыптар жұмысымызға үлкен көмек болды.



2012жылы сәуір айында кітапхана меңгерушісі «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханасының инновациялық даму тенденциялары» атты жетілдіру курсын бітірді.
Каталог: document
document -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
document -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
document -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
document -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығарма
document -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
document -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
document -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет