«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет2/7
Дата30.11.2016
өлшемі1,36 Mb.
#2861
1   2   3   4   5   6   7

Қазақ тілі- көне тіл

Қазақ тілі- қыпшақ тілдер тобындағы ең бай, көркем тіл. Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жататын көне тілдердің бірі. Қазақ тілі түркі тілінің “Қыпшақ- ноғайлы тілдері”деп аталатын тобына жатады.

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихы бюойында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси- шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланыста болып келгені сияқты, оның тілі де сол халықтардың тілімен өте жақын қарым- қатынаста болды.

Бұл жағдайлар көне заманнан басталатын жазу түрлерінің, жазба нұсқалардың түркі халықтарының юбарлығына да ортақтығын, оларды қалыптастыруға, дамытуға біздің бабаларымыздың да үлестерін қосқандығын байқатады.Қазаққ хөалқының жазу тарихының, жазба нұсқалары тарихының бір кезеңі көне заман белгісі ретінде танылады.

Осыған орай қазақ тілі туыстық сипаты жағыгнан, ұқсаастық белгілері жағынан түркі иілдері тобына жатады.Типололгиялық белгілері жағынан басқа тұркі тілдері сияқыт қазақ тілі де жалғамалы (аглютинативті) тіл деп есептеледі.

Түркі тілдер тобына енетін тілдер:

1.Қазақ 7.Чуваш 13. Хакас

2.Әзірбайжан 8. Қарақалпақ 14. Алтай

3.Қырғыз 9. Түрік 15. Құмық

4.Өзбек 10. Башқұрт 16. Қарашай- балкар

5.Татар 11. Якут (Саха) 17. Гагауз

6.Түрікмен 12. Тува18. Ұйғыр.

Осы тілдердің ішінде бір-біріне жақын көне қыпшақ- ноғайлы тілдері тобындағылар:

1. Қазақ. 2. Ноғай. 3. Қарақалпақ. 4. Қарашай-балкар. 5. Қырғыз. 6. Татар. 7. Башқұрт.

8. Құмық.Түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағынасынан, дыбыстық жүйесінін, грамматикалық құрылысынан нақты байқалады.Сонымен қатар түркі тілдерінің әрқайсысына тән фонетикалық, лексиаклық, грамматикалық өзгешеліктер де болады.Оларды қазақ тілін басқа туыстас тілдермен салыстыра байқауға болады.

1. Басқа түркі тілдерінде б, ғ, г дыбыстары келетін орындарда қазақ тілінде у, к, қ дыбыстары қолданылады. Мысалы: аба- ауа, тағ- тау, гелді- келді, гырмызы- қырмызы.

2. Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін сөздерде қазақ тілінде с дыбысы қолданылады. Мысалы: баш- бас, таш- тас т.б.

3. Басқа түркі тілдерінде сөз басында и дыбысы келетін сһөздерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады. Мысалы: иаш- жас, иол- жол, иаз- жаз, иыл- жыл.

4.Кейбір түркі тілдерінде –лар қосымшасы дыбыс ұүндестігіне сай өзгермесе, қазақ тілінде өзгереді.Мысалы: маллар- малдар, атлар- аттар т.б.

5.Басқа тілдерде сұрау есімдігінде н дыбысы қолданылса, қазақ тілінде й қолданылады.

Мысалы:қандай? қайда ?

6. Кейбір түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың созыңқы түрі болдса, қазақ тілінде ол жоқ.




Тілдер

Сөздер

Қазақ

Көл, жұлдыз, төрт, мен, тас, қолдар

Ноғай

Көл, юлдыз, дөрт, мен, тас, коллар

Қарақалпақ

Көл, жулдыз, төрт, мен, тас, қоллар

Қырғыз

Көл, жылдыз, төрт, мен, таш, колдар

Татар

Кул, йолдыз, дүрт, мин, таш, куллар

Башқұрт

Кул, йондуз, дурт, мин, таш, құлдар

Өзбек

Көл, юлдыз, турт, мен, таш, қуллар

Ұйғыр

Көл, юлдыз, төрт, мән, таш, қалдар

Әзірбайжан

Көл, улдуз, дөрт, мән, даш, галлар.

 

Көне түркі жазбалары.

Қазақ тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады:

1. Көне түркі және Орхон- Енисей- Талас кезеңі. Бұл кезеңнің әдеби тілін көрсететін материалдар – УІ-УІІІ ғасырлар арасында жазылған руникалық жазба ескерткіштер.Оларға Күлтегін, Тоныкөк,Біл Қаған, Мойыншорға арналып қойылған ескерткіштердегі жазбалар жатады.

2. Араб басқыншылығынан кейінгі кездегі Қараханид кезеңі.

Бұл кезеңнің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын материалдарға Жүсіп Баласағұнның “Құдатғу білік” (“Құтты білік”) атты поэмасы, Махмүд Қашқаридың “Диуани лұғат-ат түрік”(“Түркі сөздерінің жинағы”) атты лингвистикалық еңбегі, Қожа Ахмет Йасауидің “Диуани хикматы”(Даналық кітабы”) шығармасы, Ахмет Йүгінекидің “Һибат- уль- хаканк” (“Ақиқат сыйы”) атты еңбектері жатады.

3. Монғол шапқыншылығынан кейінгі орта ғасырлық кезең.

Бұл кезеңдегі тілдік ерекшгеліктерді көрсететін м атериалдарға Хорезмидің “Мұхаббатнама”, Құтбаның “Хұсрау- Шырын”,Сайф- Сараидың “Гүлистан – бит- түрки” (“Түркі тіліндегі Гүлістан”), Рабғузидың “Қисса – сүл- әнбия” еңбектері, қыпшық жазбаларының бірі – “Кодек куманикус” сөздігі жатады. Бұл кезең уақыты жағынан ХІІІ-ХУ ғасырларды қамтиды.

( С.Исаев Қазақ әдеби тілінің тарихи” кітабынан.)



Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.

Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” Заңында : “ Тіл- ұлттың ұлы аса игілігі, оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы- тілдің дамуына, оның қоғамдық қызқметінің кеңеюіне тығыз байланысты” делінген.

Тілдің көмегімен өнер- білімді, ғылымды игереміз, өткен- кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз, сондықтан адам баласының байлығының біріә- сөз өнері.”Өнер алды – қызыл тіл”деген аталы сөздің астында қаншама сыр бар?

Әрбір елдің қатты күші, байлық- бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен біңге мәдени, рухани өресімен айқындалады.Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл- ойының көрінісі- тілге тікелей тәуелді. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін- келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз- ана тіліміз, қазақ тілі.

Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол- өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық саяси өмірдің барлық слшасын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен, срналанған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл.

Ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,- деп таңырқап, тағзым еткен тіл.

Сөз мәдениетінің орны.

Өмір, тіршілік адамдардың бір- бірімен қарым- қатынас жасауын қажет етеді.Олардың түсінісудегі негізгі құралы- тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз боййныда қалыптастыра білуі тиіс.

Қарым- қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортысымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы.

Қарым- қатынасата адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді.

Әдеп- сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі.

Мәдениет- адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы.

Мәдениеттің туы- тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады.

Сөз мәдениеті- сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу.



Мәдениет мәйегі.

Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой- сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң- сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту -рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі.

Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі.

Тіл табыса білу- өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті.

Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.

Ауызекі сөйлеу мәдениеті

Сөз мәдениеті

Жазба тіл мәдениеті

Ауызекі сөйлеу мәдениетінің де, жазба тілдің де бастау негізі- белгілі бір ұлттың ұлттық дағды- дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтық тіл.

Ауызекі сөйлеу тілі – бетпре- бет көріп отырған екі не одан да көп дамдардың өзара пікір алуысуы, түсінісуі.Сөйлесу кезінде жеке адам өзінің мінез- құлқын, бүкіл адамдық болмысын көрсетеді, сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттілік белгісі.

Пікір алысу, түсінісу сөз арқылы ғана жүзеге аспайды, бет- ауыз, қас- қабақ, қол қимылдары да қатысып отырады.Сөйлеуші айтайын деген ойына өз көзқарасын білдіру үшін, тыңдаушының назарын аудару мақсатында дауыс ырғағын құбылта сөйлейді.сөздердің айтылу заңдылықтары сақталуы тиіс, бірақ адам жергілікті тіл ерекшелігіне сай халықтық нұсқаны қолдана сөйлейді.

Бұл айтқандардан ауызекі сөйлеу тілінің мынадай стильдік ерекшеліктері бар екендігі анықталды:

Қолдану аясы таныс кісілермен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

Сөйлеу мақсаты- қарым- қатынас жасау.

Өзіндік стильдік ерекшелігі:еркін, даярлықсыз өткізілуі, сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдануы, айтушының көзқарасы қолданған сөздерінен анық көрінуі.

Тідік құралдары: қарапайым сөздер, көңіл күйін білдіретін сөздар, сұраулы, лепті сөйлемдер, диалог, қыстырма, қаратпа сөздер.

Әңгімелескенде, сөйлескенде, пікір айтқанда сөздің де, мінездің де сыпайы болғаны дұрыс,сөйлеушінің сөзін бұзып, қарсылық білдіру ыңғайсыздыққа соқтырады.

Ең негізгі нәрсе- сөздің айтылу заңдылықтарын, сөзді орынды қолдануды сақтау, сөздік қордың мол болып, сөзді іріктей қолдана білу.

Адам тыңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ойын жүйелі жеткізе алады. Ауызекі сөйлесуде тыңдау, сөйлеу мәдениеті басты орын алады, бұларды қалыптастыру – мәдениеттілік белгісі.

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назқарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс.

Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады.

Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек.Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек.

Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек.

Тыңдау екі түрлі болады :

1.Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2.Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау.

Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.



Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1.Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2.Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3.Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау- әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4.Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.



Сөз атасы – құлақ.

Сөзге құлақ қойып, тыңдай білуге де дағды керек.Абай ақылды сөзді кімнің қалай ұғатыны туралы былай деген: “Қарны тоқ аса маңғаз ұқпас сөзді, сөзді ұғар көкірегі болса көзді”. Кісіні тыңдай білу де – мәдениеттілік. Адамның аузы біреу, құлағы екеу болғандықтан, көп тыңдай білу керек. Сөйлей білу қаншалықты қажет болса, тыңдай білу де сонша керек.

Айтылған сөз атылған оқпен тең. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Бал тамиған тілден у тамар. Көп сөз- күміс, аз сөз - алтын. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың. Таза сөйлеу- биік мәдениеттілік. Көңілсіз құлақ- ойға олақ.

Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.

Жазба тіл мәдениетінде тілдік норма сақталуы тиіс. Тілдік норма- халық, ұлт толық қабылдаған, жүйеленіп қалыптасқан ережелер жиынтығы.

Лингвистикада дыбысты тіл екіге бөлініп қаралады. Бірінші саласы- тілдің материалдық жағы, екіншісі- мағыналық, функциялық жағы.

Тілдің материалдық жағына ондағы дыбыстар, сөздер, грамматикалық формалар, үлгілер жиынтығы жатады.

Ал тілдің функциялық жағына адамдар арасындағы қатынас құралдық қызметі жатады.

Жазба әдеби тіл- жазу арқылы белгілі бір жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған, жазу дәстүрі мен жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалы, стильдік- жанрлық тармақтары бар, халыққа ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпыхалықтық тілдің екшелген, сұрыпталған түрі, ең жоғары сапалы тіл.

Жазба тіл өзіндік тілдік ерекшелігіне қарай бірнеше стильдік тармақтарға бөлінеді :

1.Ресми тіл( іс қағаздары стилі).

2.Ғылыми стиль.

3.Көркем әдеби стиль.

4.Публистикалық стиль.
Жазба тіл мәдениетін игеруде есте ұстайтьын қағидалар:

1.Сөзді орынды қолданып, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қою.

2.Дұрыс жазу үшін баяндайтын оқиғаны жақсы меңгеру.

3.Сөзді дұрыс тіркестіріп, грамматика заңдылықтарын меңгеру.

4.Орфография, пунктуацияны білу.

Қарым- қатынас түрлері.

Әлеуметтік- тұрмыстық қатынастағы тілдесудің мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы тілдік қатынасты, сөз қолданысын екі түрге бөлуге болады:

1.Әлеуметтік тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер.

2.Іскерлік қарым- қатынасқа байланысты қолданылатын сөздер.

Отбасы ортасындағы, дос-жар, құрбы- құрдас, құда- жекжат ортасында және күнделікті тіршіліктегі тілдесулер, пікірлесудегі сөздер тұрмыстық- әлеуметтік қатынастағы сөздерге жатады.Оларды төмендегіше жіктеуге болады:

1.Отбасы аясында қолданылатын сөздер.

2.Дос, құрбы- құрдастардың арасында қолданылатын сөздер.

3.Құда- жекжат, ағайын- туыс арасында қолданылатын сөздер.

4.Күнделікте өмірде, көлікте, көпшілік т.б. орындарда қолданылатын сөздер.



Сәлемдесу- сөз басы.

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу-тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оған мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдағы.

Кішінің үлкенге сәлем беруі- үлкенге көрсетілген құрмет, кішінің ізет көрсетуі. Сәлемдесу- ағайын мен туысты, дос- жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата жалғастыру, алысты жақындату.Адамның кейіп- кескініні тану, болмысын байқау, көңіл күйін білу әрі өз ниетіңді ұқтыру.

Сәлемдесу әдебі.

Әр адам сәлемдесу әдебін, қас- қабақ, бет- жүз, дауыс құбылысын байқап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.Қойылатын талаптар:

1.Сәлемдесудің ең басты шарты- жылы лебіз.

2.Қабақ түю, түнеру, тыржию, естілер- естілмес сәлем беру- әдепсіздік, кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылық.

3.Сәлемді селқос қабылдау, кекірею, жақтырмау- инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық, көргенсіздіктің белгісі.

Қазақ халқының салт- дәстүрі бойынша адамның үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.Үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады.Туыстық, жақындық ақтынасқа байланыстыағайын, туыс, жекжат, жұрағат, құландалы деген сөздер қолданылады. Қазақтар бірін- бірі бөтен санамайды, “Қарға тамырлы қазақпыз” деп отырады.

Ата- әкенің әкесі, төрден орын беріп, құрметтеу керек.Жолын кесіп өтуге болмайды.

“Аулыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең”дегендей, ата- ел ұйтқысы, батагөйі, ақылшысы, қамқоры. Атаның айтқаны- кейінгіге заң. Дәстүр бойынша ең алдымен сәлем атаға беріледі.

Іскерлік қарым- қатынас, ондағы тілдік ерекшеліктер, сөз орамдары.

Біздің заманымыз- іскер, белсенді, өздігінен жол таба алатын адамдар заманы. Белсенділік, қиыннан жол таба бьілетін іскерлік адамды көздеген мақсатына жеткізеді. Бұл адамның ортаман іскерлік қарым-қатынас жасай білуіне, сөйлеу этикасын меңгеруіне байланысты. “Сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма”,- деп ұлы Абай айтқандай, адам сөзі арқылы танылады.

Іскерлік қарым- ақтынастың негізгі түйіні- тілдік ерекшелікті білу, сауаттылық, сөйлеу мәдениетін меңгеру.

·Іскерлік қарым- қатынас- мекеме, кәсіпорын, өндіріс, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің қызмет бабында пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажет құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.

·Іскелік қарым- қатынас әдебі сөйлеушінің өз өзіне жауапкершілікпен қарауынан, өзін ұстауынан, мінезінен, батылдығынан, тартымды, жағымды сөйлеуінен көрінеді.

·Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау, сәлемдесу, ұлттық дәстүрді сақтау- қалыптасқан нормалар.

·Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, білікті қолдану, тапқырлықпен, нақты, жүйелі сөйлей білу іскерлік әдебін танытады.

·Іскерлік қатынаста тіл табысуға зиянын тигізетін нәрселер:тақырыпты жетік меңгермеу, мағынасын түсінбеу, ойды дамытып әкете алмау, көпсөзділік, айтқанынан қайтпау, жігерсіздік, ұялшақтық.

·

Іскерлік әңгіме.

Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе- бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, көзқарасын дәлелді қорғай білу, сөзін нақтылы жеткізе білу жолдарын меңгенгенде болады. Көздеген мақсатқа жету үшін әңгіменің не жөнінде болдатыны, жүйесін жосрпарлап, тосын сұрақтарға әзір болу керек. Дайындықтың бірінші кезеңі кімге, қайда баратындықты анықтауда.Сөйлесетін адамның жалпы болмысы,онымен тіл табысу жолдарын зеттеуден басталады.

Екінші мәселе- сөз бастау, ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болатындығын жоспарлау. Ол үшін мыналарды ескеру керек:

1.Фактінің, деректің мол болуы.

2.Себептер мен тұжырымдардың сәйкес келуі.

3.Басты мәселенің шешілуіне деген сенім.

4.Мәселенің екі жаққа да пайдалы екендігінің дәлелі.

5.Мәсенені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну

Жеке адам өміріне байланысты іс қағаздардың түрлері :

1.Өмірбаян.

2.Түсініктеме.

3.Баяндау хат.

4.Өтініш.

5.Анықтама.

6.Хаттама.

7.Хат т.б.



Шешендік өнер және сөз мәдениеті.

Шешендік өнер мақсаты- шендіктің сипаты, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, сөз мәдениеті талаптарын меңгерту.Патшаның тағынан шешеннің бағын жоғары бағалап, сөз өнерін бүкіл өнердің бастауы санаған халық даналығына көз жеткізу.



Сөз мәдениеті.

Сөз мәдениеті екі сатыдан тұрады:

1.Сөзді дұрыс қолдану, тіл нормасын сақтау.

2.Сөзді бедерлі жұмсау шеберлігі, тілдік амал- тәсілдерді меңгеріп, дәл, әдемі, ұтымды сөйлей білу.

Сөз мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің жоғары болуын көздейді. Ана тілін ардақтау, құрмет тұту, оны талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйрену, тілдік амал- тәсілдерді орынды қолдана білу- сөз мәдениетіне қойылатын алғы шарттар.Осы шарттарға толық жауап беретін сөз шешендікке ұласады.

Шешендік сөз.

Шешендік сөз, риторика- Ежелгі Греция, Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени- рухани өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Шешендік өнер мен шешендік сөз бір- бірімен тығыз байланыса келгенімен, екеуі екі түрлі түсінік. Шешендік өнер- өзінің нысанасы, теориясы, категориялары, тарихы бар жеке сала болып саналады.

Шешендік сөз- ол шешендердің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзі.

Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1.Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында айтылатын сөз.

2.Дәлелді, тыңдаушыларғы әуелі түсіндіріп, сосын ойландырып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыру керек.

3.Тыңдаушылардың құлақ құрышын қандыратын, баурап алатын эстетикалық қасиеті болуы тиіс.

Шешендік сөздің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы кеңіген сайын арта түсуде. Шешендік өнердің қолданылатын өрісі кеңіді. Ол қоғамның саяси- әлеуметтік өмірінің барлық саласында, идеологиялық- тәрбиелік іс- әрекеттердің, оқу- ағарту, заң мен ғылым, ел басқару істерінің пәрменді құралына айналды. Жиналыс, мәжіліс, құрылтай, пікірсайыс, жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік сөз өте қажет. Бұрынғы би- шешендердің сөздері мен қазіргі ешендердің сөздерін жақындастыратын факторлар бар:

-сөздің көркем, әсерлі болуы;

-көркемдеу тәсілдерінің ортақтығы;

-әлеуметтік мүддені қорғауы;

-тыңдаушыға психологиялық әсер етуі.

Шешендік дегеніміз- белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлық, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.

Шешендік сөзде әңгіменің де, жырдың да белгісі бар.

Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата- бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл- ойдың дариясы, ғұмырлы өсиеті, онда ана тілінің астарлы сыры бар.

Шешендік өнер тарихы.

Египет пен Ассирияда, Вавильон мен Үндістанда шешендік өнер ежелден-ақ жоғары бағаланғанымен, Эллада шешендіктің отаны ретінде саналады. Ежелгі Грецияда ол жүйелі дамып,теориясы тұңғыш рет қалыптасқан.

Ежелгі Грецияда қоғамдық өмірде саясаткер халыққа, әскербасы әскерлеріне, жеке адам- сотта, басқа да толып жатқан жиындарда , кездесулерде топ алдында сөйлеу қажет болды. Көркем тілдің жүйесін, заңдылықтарын ақылы түрде үйрететін софистер пайда болды. Олар шешендік сөздің қай түрін де қатар меңгерген, логиканың заңдарын, айтысу өнерін, тыңдарманға әсер ету тәсілдерін білетін адамдар. Олар сөздің қасиетін жоғары бағалап, сөзді тіршіліктің тұтқасы деп білген. Олар шешендік өнердің негізін қалады, шешендіктің ғылыми теориясынр жасады. Софистердің мақсаты – шындықты ашу емес, тыңдаушыны өз сөзіне сендіру.Олар софизмді- ойластырылған жалған тұжырымды негіз етіп ұстады.

Сократ пен Платон - шынайы сөздің теориясын жасаушылар. Сөздің шындықпен арақатынасы жөнінде софистерге қарсы бағыт ұстаған да ежелгі грек философы Сократ болды ( б.э.д. 470- 399). Ол софистердің сөздің күшімен жаулап алу саясатына қарсы шықты. Ол софистердің сөзді үйретудегі ақылы қызметін де сынады.

Сократтың ойларын оның шәкірті Платон ( б.э.д. 4257- 347) жалғастырды. Ол шындыққа негізделген шыайы сөзді ұстанды.

Аристотель- ( б.ээ.д. 384- 322) Платонның ойларын жан- жақты дамытқан шәкірті.Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды. “Риторика” атты еңбегі бар.

Цицерон- ( б.э.д. 106- 43) Римде шешендік өнер басында тұрды. Терең білімді, мағынаны бағалады. “Шешендік өнердің үш трактаты” атты еңбегі бар.

Квинтилиан Марк Фабий ( б.э.д. 35- 100) “Шешендік тәлім”атты екі кітаптан тұратын еңбек жазған.

Ежелгі Грецияда шешендіктегі басты нәрсе сөзді мойындату деп есептелсе, ежелгі Римде ең бастысы жақсы сөйлеу болып саналған. Орта ғасырларда шешендік тек ауызша тілге ғана емес, жазбаша тілге қатысты да айтылған.

Қазақтың ұлттық шешендік өнері.

Бізге жеткен деректерге сүйене отырып, қазақтың шешендік өнерінің атасы- Жиренше деп айтуғ,а болады. (ХІУ-ХУ ғ.)Әз Жәнібек хан мен Асан қайғыныің тұстасы ретінде айтылады.Майқы би, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ.)

Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би- халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.Би- табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен.

Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат,Шөже,Шернияз, Шал,Қазтуған сынды ақын- жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.

Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:

1.ХІ-ХІІІ ғ.-Майқы, Аяз би.

2.ХІУ-ХУІ ғ.- Асан қайғы, Жиренше.

3.ХУІІІ ғ.- Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.

Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқандар – Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар. Шешендік сөздің табиғаты турыл еңбек жазғандар- А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,

М. Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Мәметова, Х.Досмағамбетовтер.

Ал соңғы кезде шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқандар- Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, С.Негімовтер.


Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет