Бизнес-жоспар Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай


Негізгі және әлеуетті бәсекелестер



бет8/12
Дата13.08.2017
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер


Жаңа жылыжай шаруашылығына осы салада белгілі клиенттері бар жылыжай шаруашылығы барлар, көршілес облыстар мен оңтүстік республикалардан әкелетіндер, сондай-ақ жаңа жылыжай шаруашылықтары бәсекелес бола алады.

2010 жылы елде 21 га, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қаражаты есебінен жабық топырақты алқап пайдалануға берілді:

- Алматы, Жамбыл, Қызылорда, ОҚО - 50 шағын жылыжай;

- 6 өнеркәсіптік жылыжай:

- ОҚО (Сарыағаш, Бәйдібек аудандары, Шымкент қаласы);

- Атырау қаласы;

- Өскемен қаласы;

- Қарағанды қаласы.

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы алаңы 3,5 га бір ғана жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

Астананың жылыжай шаруашылықтары

1. «Астана орманы» МКК-да жалпы алаңы 1 550 м2 төрт жылыжай бар.

2. Жақын уақытта Астанада тағы бір жылыжай шаруашылығы ашылады деп күтілуде. Израилдық технология бойынша томат пен қияр өсірумен «Астана Эко Стандарт» ЖШС айналысматын болады.

2011 жылғы қарашада израилдық өндірістің себелеп суаратын жүйесімен жабдықталған жылыжай паййдалануға берілетін болады. 10 қарашада Израилден әкелінген тұқымнан өсірілген алғашқы көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Жылыжай 3 га алаңға орналасқан. 1,5 га алқапқа қызанақ, 1,5 га - қияр отырғызылады. Жылыжайдың өнімділігі

жылына 1 000 тонна көкөніс болады деп күтілуде.

Өнімді отырғызу мен жинау технологиясы бірнеше айды қамтиды. Бірінші жылы қызанақ пен қиярдың бір түрлі сорты отырғызылады, одан әрі сұранысқа байланысты оның түр-түрі кеңейеді. Кәсіпорынға мемлекеттен сомасы 1,700 млрд. теңге көлемінде қомақты көмек көрсетілді. Бұдан басқа, «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде оған сыртқы желілерді салу үшін қаражат бөлінді.

Кәсіпорын 60 маманға жұмыс орнын береді, соның ішінде Израилден келген 1 шетелдік азамат жұмысқа орналастырылады



4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер


Тұтастай алғанда Қазақстан өзін көкөніспен қамтамасыз етеді. Бір ғана проблема ерте пісетін көкөніс болып табылады. Жабық топырақта, яғни жылыжайда өсірілетін көкөніс жетіспейді.

Сондықтан да мемлекет қазіргі кезде жылыжайлар ұйымдастыруға ынталандырып отыр. Тек қана соңғы екі жылдың ішінде жылыжайлар саны бізде екі есеге ұлғайды. Ішкі базарларды ерте піскен көкөніспен қамтамасыз етудің қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін ерте пісетін көкөніс өндірісін қосымша 80% ұлғайту қажет.

Бұл үшін мемлекеттік ынталандырулар бар, ең алдымен бұл субсидиялау. Қазіргі уақытта Азық-түлік қауіпсіздігі туралы Заңның жобасы Сенаттың қарауында жатыр, онда жабық топырақта өсетін көкөністі субсидиялау қарастырылған. Заң қабыданғаннан кейін осы норма «жылыжай шаруашылығын дамытуға ынталандыратын» болады. Қазақстанның жылыжай саласы жаңа дамып келеді және бұл саланы құру үшін жер жеткілікті. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шағын жылыжай шаруашылықтарын кредиттеуге кірісті.

Холдинг мамандарының бағалауы бойынша бұл бағдарламаны іске асыру елде 10 гектар жабық топырақты пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

Бір шаршы метріне 12 килограммнан келеді деп болжанып отырған жылыжай өнімділігі осы бағдарламаны іске асыру есебінен қосымша өндіріс туралы болжам жасауға, көкөніс жемісінің өнімдері үшін маусым аралығында жылына 1-1,5 тонна көлемінде өнім өндіруге, сондай-ақ ауылда қосымша 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
4-кесте - Ішкі базарларды тұтынуды қамтамасыз ету болжамы,(в %)





2012 год

2013 год

2014 год




майлы тұқымдарда

100

100

100




қант қызылшасында

15

16

17




картопта

100

100

100




ерте піскен көкөністе

73

86

100




жемісте, жидекте, жүзімде

87

90

93


Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (Қазақстанда 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы
Кестеден көріп отырғанымыздай болжамдары бойынша 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде ішкі базарлардың ерте піскен өнімге деген қажеттілікті қамтамасыз ету 73-тен ( 2012 ж.) 100 % -ге ( 2014 ж.) дейінгіні құрайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының пікірі бойынша көкөніс өндіру көлемінің өсуі 2012 жылғы 2 185,0 мың тоннаға қарағанда 2014 жылы 2 237,0 мың тоннаға жетеді.


5-кесте - 2012-2014 жж. арналған өндіріс көлемінің болжамы




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Өндіріс көлемінің өсуі, мың тонна:










астық

18 600,0

19 000,0

19 200,0

майлы тұқым

1 120,0

1 155,0

1 190,0

қант қызылшасы

700,0

775,0

875,0

күріш

303,6

308,1

314,0

шикі қант

220,0

210,0

200,0

көкөніс

2 185,0

2 215,0

2 237,0

соның ішінде ерте піскен

62,8

74,3

86,3

картоп

2 772,0

2 867,0

2 971,0

жеміс, жидек, жүзім

326,0

356,0

387,0



4.4 Маркетинг стратегиясы


Маркетингтің мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады.

Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:

- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;

- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;

- Заманауи жабдықтар;

- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру


5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс


Екі дақылды бірнеше айналымға жүргізу көшеттердің өсу процесінің негізгі дақылдардан тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін оқшауланған көшет отырғызу бөлімін талап етеді. Сондықтан жылыжай жобасына көшеттерді суарудың келуі-тартылуымен стеллажды гидропонды қондырғылары бар көшет отырғызу бөлімдері қосылған.

Көшет отырғызу бөлімі микро климатты тәуелсіз қолдай отырып және суландырудың тәуелсіз жүйесімен дербес технологиялық бірлік ретінде әртүрлі дақылдар айналымындағы көшеттерді конвейерлі өсіруді қалпына келтіруге, сондай-ақ қажет болған жағдайда көшеттердің отырғызу кезеңі емес уақытта ас көк өсіруге мүмкіндік береді.

Агро техникада томат пен қияр өсірудің негізіне тамшылатып суаруды қолдана отырып минерал мақталы субстраттағы аз көлемді технология алдынды. Қазіргі уақытта минералды мақта субстрат мақтасының химиялық инерттілігі мен ерекше ылғалды ұстаушы ерекшелігінің арқасында шағын көлемділер үшін мінсіз субстрат болып табылады. Минералды мақта стандартты мөлшерлі матқа тығыздалған және жарық түспейтін пленкамен – ішінен қара және ақ, сыртынан жарық көрсететіндей оралған. Матар полимерлі жабындысы бар тат басудан қорғалған бірдей темір аспалы науашықтардан жасалады. Науашықтар науашықтардың остері арасындағы 1,6 метр қашықтықпен 5-тен 8 метр аралықта орналасады. Науашықтардың еңісі жылыжайдың сыртындағы жолдан дренаждің дренажды коллекторға өтуін қамтамасыз етеді.

Томатты қорғалған топырақта өсіру технологиясы

Томатты өсіру үшін топырақ белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс: жоғары бос топырқа (65-75%), ылғал сыйымдылығы барынша аз 45-50%, ауа сыйымдылығы 20-25%, тығыздығы - 0,4-0,6 г/см2. Сондықтан топырақтың құрамында барынша бос және су өткізгішке ие құрамдауыштар енеді.

Әдетте, жылыжай топырақтарында құрамдауыштардың мынадай қатынастарын қолданады:

- жеңіл құмды немесе суқұмды топырақтар - 20...30 % көлемді

- торф - 50...60 % көлемді

- көң компост - 20...30 % көлемі.

Өсіруді бастамас бұрын қорғаныс іс-шараларын – жылыжайлар мен себу материалдарын залалсыздандыруды жүргізіледі. Бактериялар мен саңырауқұлақтарды залалсыздандыру үшін тұқымдарды биологиялық препарат фитолавинмен (тұқымды себуден бұрын 0,2%-ға 2 сағат суландыру) өңдейді.

Томатты отырғызу бірінші нақты бет фазасында жүргізеді (екіншіден кейінгі үшінші тұқым үлесі). Түбірін отырғызу кезінде үштен біріне қысқартады, ол тармақталу жүйесінің қалыптасуын белсендіреді.

Отырғызу кезінде көшеттер горшоктарға немесе торфяные кубиктерге отырғызылады.

Отырғызылғаннан 18-20 күн өткен соң көшеттерді таратып отырғызу жүргізіледі. Егер көшет тығыз тұрса және күн тек төбесінен ғана түссе, онда үстінен ғана өсу байқалады, көшет ұзара береді де әлсіз болады. Өсімдікті тек үстінен ғана емес жанына да жарақтандырған кезде тіндерде сабақ пен көшеттің ұзаруын туындататын гормондар бөлінеді, биік емес және мықты болады. Сондықтан ара қашықтық қажет. 1 м2 20-28 өсімдік орналастырылады.

Көшетті тұрақты орынға көлденең, сабағын баспай отырғызылады.

Қиярды қорғалған топырақта өсіру технологиясы

1 га жылыжайға 15-16 мың дана көшет талап етіледі (ұзын тұқымды сорттары үшін) 18-20 мыңға дейін (қысқа тұқымды сорттар үшін). Тұқым тиісінше 600-ден 850 г дейін талап етіледі.

Себу тереңдігі 2-3 см. Қиярдың көшеті жерге егілмей, 8х8 см горшоктарда өсіріледі.

Өскін пайда болған кезде электр жарық жүйесін қосады:

- өскіндер - 240 Вт/м2, 2-3 күн тәулігіне - 24 сағат, одан кейін 10-12 күн тәулігіне - 16 сағат,

- көшеттерді таратып орналастырғаннан кейін - 120 Вт/м2, 10-12 күн тәулігіне - 14 сағат, одан кейін 10-12 күн тәулігіне - 12 сағат.

Температура режим:

- өскін болғанға дейін +27 °С,

- Өскін пайда болған +21…23 °С күн түсіп тұрған күні, +19…20 °С бұлтты күні және түнде +18…19 °С.

Ауаның ылғалдығы 70-75% құрауы тиіс.

Көшетті жылы сумен (+25…28 °С), горшоктардың ылғалдылығын 75-80 %НВ дейін жеткізе отырып жаудыру жүйесі арқылы суарады.

Өскін пайда болғаннан кейін 12-14 күн өткен соң, өсімдіктер қатары бір-біріне жанасқанға дейін көшеттер бөлек отырғызылады ( бір –бірінен 20...28 өскіннен).

Көшеттерді 30 күннен кейін тұрақты орындарына отырғызады, осыдан кейін өскін тез өседі және сапасы төмендейді. Өскінді отырғызар кезде оның 5-6 жапырағы, дамыған тамыр жүйесі, 25-30 см биіктігі, жер үстіндегі салмағы 35-40 г болуы тиіс.


Каталог: content -> files
files -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
files -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
files -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
files -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
files -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
files -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет