Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі



Дата22.06.2017
өлшемі27,77 Kb.
#19686

Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі

  • www.themegallery.com
  • Ағылшын тілі пәні бойынша қалыптастырушы бағалау
  • үрдісінің жүзеге асырылуы

Оқушыны критериалды бағалаудың негізгі қалыптастырушы бағалау

  • Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).

Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері.

  • Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері.
  •  
  • Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің, жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады. Тапсырма нәтижесі тек жиынтық балл түрінде болған кезде, оқушылар мұғалімнің мұндай балды қойғанына немесе келесі жолы өз балын жақсарту үшін не істеу керектігіне қатысты сенімсіздік білдіреді. Жетістіктерді анықтайтын айқын өлшемдердің болуы жеке тұлғаның, жұмыстың алдыңғы нәтижесі немесе тіпті жазу мәнері сияқты факторлардың мұғалімге әсер етпеуін қамтамасыз етіп, баға қою сенімділігін жақсартады.
  • Критериалды бағалау бір оқушыны екінші оқушымен салыстырудан біршама ерекшеленеді. Оқушының жұмысты орындауы алдын-ала белгіленген және талқыланған өлшемдерге қатысты бағаланады.Төменде көрсетілген өлшемдерге тоқталып өтейін.

  • Балл
  • Коммуникация
  • Оқушы мынаны жасай алады...
  • Ауқымы
  • Дұрыстығы
  • 5
  • Тапсырма туралы толық мәлімет бере алады.
  • Бірқатар идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен және шамалы ауытқумен немесе ауытқусыз білдіре және түсіндіре алады.
  • Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады.
  • Өте сенімді және айқын табиғилықпен сөйлей алады.
  • Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.
  • Лексика мен құрылымы сәйкес, оның ішінде кейбір кешенді лексикалық бірліктердің ауқымы кең.
  • Түрлі грамматикалық шақтарды үнемі дұрыс пайдалану.
  • Тек қана күрделі сөйлемдерде кездесетін қатесі бар, ең дұрыс сөйлеу тілі.
  • Жақсы дыбыстап айту мен дауыс мәнері.
  • 4
  • Тапсырма туралы толық мәлімет хабарлай алады
  • Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады, негізінен, аздаған кідіріспен және қажет болса, біреудің көмегімен немесе көмегінсіз, сирек сенімді сөйлей алады.
  • Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.
  • Идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен түсіндіріп, жеткізе алады.
  • Сәйкес лексика мен құрылымның әр алуандығы.
  • Етістіктің түрлі шақтарын бір мәнде пайдалану.
  • Кейбір қателер болмаса, негізінен сөйлеуі дұрыс, хабарламалары түсінікті.
  • дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы жақсы.
  • 3
  • Кейбір жерін қалдырып, тапсырма туралы тиісті ақпаратты хабарлай алады.
  • Пікірді ашып айтпай, жеткізе алады.
  • Аздаған үзіліспен әңгімелесе алады.
  • Лексика мен құрылымдар жеткілікті деңгейде, бірақ ауқымы болжамды.
  • Жіберген қателер саны жеткілікті, соның ішінде базалық қателер, жалпы тілдік қарым-қатынасы дұрыс.
  • Негізінен дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы дұрыс.
  • 2
  • Тапсырмаға қатысты шектеулі тәсілмен ғана әңгімелесе алады.
  • Қарапайым ақпарат пен пікірді айта алады, алайда жауаптары өте шектеулі.
  • Көмек сөзге үлкен үміт артып, ұзақ кідіріспен әңгімелесе алады.
  • Лексика мен құрылымдардың ауқымы шектеулі және/немесе қайталана береді.
  • Сөйлемдері қысқа әрі қарапайым.
  • Базалық қателері көп, бірақ негізгі мағынаны жеткізеді.
  • Бұрын зерделенген ақпараттың жекеленген бөліктері.
  • Әдеттегідей, дыбыстап айтуы дұрыс
  • 1
  • Тапсырмаға қатысты аз сөйлесе алады.
  • Тек өте қысқа, қарапайым жауаптарды ұсына алады және көмек сөзге үміттенеді.
  • Негізгі құрылымның ауқымы өте шектеулі.
  • Мақсатты емес тілді көп пайдаланады.
  • Аяқталған сөйлемді сирек береді.
  • Сөйлеу тілі дұрыс емес (тек жекелген мысалдардың дұрыс пайдалануы)
  • Дауыстап айтуы көбінесе негізгі әңгімелесуге кедергі келтіреді.

Ағылшын тілі сабағымда оқушылар Өзін-өзі бағалайды және өзара бағалайды.

  • Мақсат қоя білу
  • Әдістерді дұрыс пайдалану
  • қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану

1. Жұптарда өзара бағалау

  • 1. Жұптарда өзара бағалау
  • Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.
  • Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау
  • Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.
  • Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.
  • Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.
  • Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
  • Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.
  • Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді.

2. Топтардағы өзара бағалау

  • 2. Топтардағы өзара бағалау
  • Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.
  • Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).
  • Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
  • Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?
  • «Үздік жауаптың» топтық идеясы.
  • Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?
  • Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.

3. Өзін-өзі бағалау

  • 3. Өзін-өзі бағалау
  • Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау
  • Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:
  • Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?
  • Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?
  • Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады
  • Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.
  •  

Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:

  • Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:
  • Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.
  • Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.
  • Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер Pr Simle мен Past Simple шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.
  • Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).
  • Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.
  •  
  •  
  •  
  • Күнделікті алған білімінің
  • меңгеру деңгейін анықтайды.
  • Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.
  • Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
  • Қалыптастырушы бағалау:
  • Ағылшын тілі,
  • Критерийлер Сипаттамалары
  • Тыңдалым . Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес әр түрлі тыңдалым стратегиясының пайдалана отырып,
  • әр түрлі тыңдалым тұпнұсқасының және түрінің мазмұнын түсіну Төменгі сыныптарда сөздерді және негізгі фразаларды танып оған тиісті іс әрекеттерді жасаудағы алдын ала дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқылым . Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес оқылымның әр түрлі стратегиясын пайдалана отырып, оқу үшін әр түрлі мәтіндер түрінің мазмұнын түсіну. Төменгі сыныптарда сөздер орнына әріптердің пішінін, үлгісін салыстыруға байланысты алдын ала дағдыларын дамытуға бағытталған.
  • Жазылым .Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес бөлшектеріне және оқиғаларына көңіл бөліп әр түрлі жазбаша мәтіндерді жасау. Төменгі сыныптарда моториканы дамытудағы алдын ала дағдыларына бағытталған, мысалы, әріптің пішінін жасау. Айтылым Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес ресми, әңгімелеу және сөздің естілу стилін тиімді және сауатты қолдану. Төменгі сыныптарда алдын ала дағдылар сөз бен негізгі фразаларды айтуын дамытуға бағытталған.
  • Ортақ тақырыптар
  • Сөйлеу әрекеттерінің түрлері
  • Дағдылар Оқу мақсаттары
  • 1-тоқсан
  • 1. Өзім туралы
  • 2. Менің мектебім
  • Тыңдалым
  • 1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану
  • 1.1.1.1 сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
  • 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
  • 1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
  • 1.3 Тыңдаған сөзді ағылшын тілінде түсіну,мұғалімнің көмегіменсұрақтарға жауап беру , сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау
  • Айтылым
  • 2.1 Сөздік қорды толықтыру
  • 1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану
  • қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау
  • 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі
  • 2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша пайымдама жасау
  • 1.2.6.1 тыңдаған материал туралы өзінің қарапайым пайымдама (келісемін/ келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) жасау
  • БАҒДАРЛАМАСЫ
  • 2-тоқсан
  • 3. Менің отбасым және достарым
  • 4. Бізді қоршаған әлем
  • Тыңдалым
  • 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
  • 1.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
  • 1.4 Мәтіндегі негізгі , қосалқы ақпараттарды түсіну
  • мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсінуТыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
  • 1.1.5.1 қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру
  • Айтылым
  • 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
  • 1.2.2.1 сурет бойынша ана тілінде 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру және ондағы бірнеше сөздің ағылшын тілінде айтылымын білу.
  • 2.3 Қарым-қатынасқа түсу (диалог).
  • 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру
  • 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
  • 1.2.5.1 қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу
  • 2.6 Оқылған/тыңдаған материал бойынша пайымдама жасау
  • 1.2.6.1 тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пайымдама (келісемін/ келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) жасау
  • Негізделге қандай бағдарлӘдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
  • 42
  • ама ұсынылды және қандай жұмыс жасалды
  • Ағылшын тілі пәні оқушыда өз халқының мәдениеттері мен рухани құндылықтарының диалогы, ұлттық біртектілік, азаматтық, мораль және тілдік мінез-құлық нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Шет тілін оқытудағы бастауыш білім деңгейі қарапайым деңгейді меңгеруге бағдарланған және тілді меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне сәйкес А1 қатысты болады
  • Табиғи тілдік орта болмаған жағдайда ағылшын тілін меңгеруді табиғи жағдайларға жақындату мақсатында келесі дидактикалық қағидаларды басшылыққа алу маңызды: оқу материалдарымен қамту, коммуникативтік және функционалдық, кешендік, тәрбиелеп оқыту, белсенділік, көрнекілік, материалды жағдаятты-тақырыптық ұйымдастыру, жүйелілік және бірізділік, меңгерудегі орнықтылық, қолжетімділік (шамаға лайықтылық, дараландыру және сараландыру.
  • Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
  • www.themegallery.com
  • Thank You !

Каталог: uploads -> doc -> 0caa
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0caa -> Тақырыбы «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгімесі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет