Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз



Дата14.04.2020
өлшемі20,6 Kb.
#62464
Байланысты:
00051020-379fd6d6

Form:

Date:


Theme of the lesson: Type of questions

The aim of the lesson: 1) Educational: Presentation of the lesson about, what have you got to train new words and discuission an English language

2) Developing: to develop pupil’s skills and abilitiesin their speaking, reading, listening and writing, develop their memory.

3) Bringing-up: to bring up love and interest to the subject, to respect each other , to create an English atmosphere in the classroom.

The procedure of the lesson

Organation moment: T.: Good afternoon, children!


Who is on duty today?
Who is absent?
What season is it now?
What date is it today?

Checking up the hometask

Explaning moment

Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз.

Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:


  1. Yes/no questions (closed questions) немесе General questions 

  2. WH questions немесе Special questions

  3. Tag questions немесе Disjunctive questions

  4. Alternative questions……………………………………………………………………………………..

Yes/no questions (иә/жоқ) — сұралған сұраққа берілетін жауап жабық болады (closed question), яғни, «иә» немесе «жоқ» деген жауаптардың біреуі қайтарылады, жауаптарға қарап сұрақтың қандай сұрақ екендігін ажырата алмайсыз. Мысалы:

Are you from Russia? — No. (No, I am not)

Do you know about new neighbour? — Yes. (Yes, I do)

Есте сақтаңызЖақшаның ішіндегі жауаптар аз ғана созылыңқы (толығырақ) түрде берілген жауаптар болып табылады. Екеуінің (жақшадағы және жақшаның алдындағы) де мағыналары бірдей.

Жабық сұраулы сөйлемдердің жоғарыда келтірілгендерден де басқа түрлері бар. Мысалы, жасыңыз бен тұратын қалаңыз, т.б. жайлы сұрақтар болса, онда сіз ондай сұрақтарға бірауыз сөзбен, қысқаша түрде жауап бересіз. Ол жауаптар жабық жауаптардың қатарына жатады. Дегенмен, грамматикалық тұрғыда жабық сұрақ жайлы айтылғанда, көбінесе, «yes» немесе «no» жауаптары бар сұраулы сөйлемдер негізгі анықтаманы береді.

……………………………………………………………………………………………………

WH questions — what, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер. Бірақ, жалғыз ғана how сұраулы сөзі жазылуы бойынша басқаларынан өзгеше.

Мысалы:


What is your name? — My name is Assan.

Where do you live? — I live in Taraz.

How long do you sleep? — I sleep about 8 hours a day.

……………………………………………………………………………………………………



Tag questions (ілмекті сұрақтар) — сұраулы сөйлемнің алдыңғы бөлігінде айтылған сөздерге қосымша ілмек-тіркес жалғанып жасалатын сұраулы сөйлемнің бір формасы. Соңынан жалғанатын ілмек-тіркес алдыңғы бөліктегі сөйлемге тікелей байланысты және үтір арқылы жазылады. Мысалы, алғашқы бөлікте to be етістігі болымды түрде қолданылса, ілмек-тіркесте to be етістігінің болымсыз түрі қолданылады. Алдыңғы бөлікте to beетістігін, ал кейінгі бөлігінде басқа түрдегі етістіктерді қолдана алмайсыз. Мысалы:

You are smart, aren’t you? — Сен ақылдысың, солай емес пе?

She comes tomorrow, doesn’t she? — Ол ертең келеді, солай емес пе?

Жоғарыда келтірілген мысалдар болымды түрде болса, төмендегі мысалдар болымсыз түрде. Дұрыстап қарап, барынша дұрыс түсінуге тырысыңыздар.



They aren’t students, are they? — Олар студент емес, солай емес пе (солай ғой)?

Yes, they aren’t — Иә, солай (олар студент емес).

We don’t play today, do we? — Біз бүгін ойнамаймыз, солай емес пе?

No. We play — Жоқ, олай емес.Ойнаймыз.

Есте сақтаңыз!

I am a teacher, am I not? деген сұрақ дұрыс емес. Дұрысы: I am a teacher, aren’t I? болады. Егер ақылға салып, салыстырмалы түрде қарасаңыз, алғашқысы дұрыс болуы керек. Алайда, ағылшын тілі грамматикасының ережесіне сай келетіні тек екіншісі. Егер алғашқы нұсқасының қолданылуын кездестірсеңіз, таңа қалмаңыз. Ауызекі тілде ондай жағдайлар қалыптасып қалған. Ол жерде ол нұсқаны қате дей алмайсыз.

…………………………………………………………………………………………………….

Alternative questions (Баламалы сұрақтар) кемінде екі немесе одан да көп жауаптарды ұсынады, яғни, көп жауаптың ішінен біреуін ғана таңдайсыз немесе біреуі ғана дұрыс болады. Бірақ бұл қатып қалған ережесі емес. Бірнеше баламалы жауаптар ерекше интонациямен айтылады.

Мысалы:


Would you like tea, coffee or milk? — Шай, кофе немесе сүт қалайсыз ба?

Coffee — КофеҚысқаша жауап, бірақ нақты.

Will you come today or tomorrow? — Сіз бүгін келесіз бе, ертең келесіз бе?

I will come tomorrow — Мен ертең келемін. Толығырақ жауап, нақты жауап.
A деңгей

  • birthday / is / when / your?

  • do / What / like / you / presents?

  • at the party / you / did / what / do?

  • like / you / parties / do / Why?

  • summer / are / this / where / you / going?

  • you / stay / going / to / are / Where?

B деңгей


1.The children will ski in winter.

Who


When

Where


2.The forest is green in spring.

What


When

How


3.Rabbits wear white fur in winter.

Who


When

What


4.He will come back home and change his coat.

What


Where

c) Who


5. I’ll fly to Britain next month.

Who


When

Where


6.Yesterday we went to the park.

Who


What

When
C деңгей

1…. is this woman? — Mrs. Clark.

a) Who b) Whose c) What

2…. hat is it? — It’s Mary’s hat.

a) Where b) Whose c) What

3… do they like? — They like chocolate,

a) Who b) Where c) What

4… is she going? — To the shop.

a)Who b)When c) Where

5…. are the children? — At the zoo.

a) Who b) Where c) Whose

6…. is your birthday? — In April.

a) When b) Where c) Whose


bilimland.kz сайтынан тапсырмалар
Homework: make 2 sentence for questions
Giving marks

Conclusion



Our lesson is over. Good bye.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет