Blended learning: аралас оқытуға өтуге бес қадам т.ғ. м. Тлеккабылова Д. Ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ



Дата22.08.2017
өлшемі62,7 Kb.
#24573
УДК 37:002
Blended learning: аралас оқытуға өтуге бес қадам
т.ғ.м. Тлеккабылова Д.Ж.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Аңдатпа

Бұл мақалада Blended Learning немесе аралас оқыту – бұл студенттің өз бетінше онлайн және оқытушымен тікелей білім беру концепиясы болып табыладындығы туралы жазылған. Мұндай тәсіл материалды игерудің жолын, қарқынын, орнын, уақытын бақылауға мүмкіндік беретіндігі, аралас оқытуда дәстүрлі әдістерді өзекті технологияларымен қатар қолдануға болатындығы айтылған. Blended Learning-бағдарламасын жасаудың бес қадамы ашып жазылған.


Кілттік сөздер: Вlended Learning, аралас оқыту, білім, Computer-Mediated Activities, Brick and Mortar, B&M, Hybrid Learning, Technology-Mediated Instruction, Web-Enhanced Instruction, Mixed-ModeI Instruction, Distance Learning, қашықтан оқыту, Face-To-Face Learning, Online Learning

Білімді зерттеушілер, оқытушылар және әдіскерлер білімді беру процесін, білімді алуды және игеруді беленді зерттеп келеді. eLearning моделі әзірге толығымен жетілмеген, ал дәстүрлі білім беру өзекті емес, мүмкін ақиқат Blended Learning шығар.

Blended Learning немесе аралас оқыту – бұл студенттің өз бетінше онлайн және оқытушымен тікелей білім беру концепиясы болып табылады. Мұндай тәсіл материалды игерудің жолын, қарқынын, орнын, уақытын бақылауға мүмкіндік береді. Аралас оқытуда дәстүрлі әдістерді өзекті технологияларымен қатар қолдануға болады.

Бұл модель B&M білім беруден бас тартуды көздемейді, себебі күндізгі оқу маңызды сөйлеу және әлеуметтік мәдени дағдысын қалыптастырады. Сондықтан, аралас оқыту оқу орнында «осы жерде және қазір» қолдануға болатын әдіске айналып келе жатыр. Мұнда Brick and Mortar («кірпіш және ертінді»), B&M – ағылшын тілді идиома, тұрақталған және дәстүрлі деген мағынаны, Brick and Mortar Education дәстүрлі күндізгі оқу моделін білдіреді.

Blended Learning, блендер сияқты Brick and Mortar Education және eLearning араластырады, яғни дәстүрлі мен электрондық оқытуды аралас оқыту.

Студент аудиториялық сабаққа қатысады, бірақ Computer-Mediated Activities деп аталатын белсенді білім медиаторы ретінде компьютер, онлайн-режим, мобильді құрылғы және арнайы оқыту бағдарламалары/платформалары/ресурстары кеңінен қолданылады.

Blended Learning білім парадигмасы әр түрлі аудиторияларға қолданылады: ол оқушыларды, студенттерді оқыту; тренингтер; қызметкерлерді корпоративті оқыту, т.б.

Blended Learning-нің Hybrid Learning (гибридтік оқыту), Technology-Mediated Instruction (технологиялар арқылы бағыт беру), Web-Enhanced Instruction (веб-кеңейтілген оқыту) және Mixed-ModeI Instruction (аралас режимде оқыту) синонимдері де қолданылады.

Blended Learning-нің үш негізі: қашықтан оқыту (Distance Learning), аудиториялық немесе сыныпта оқыту (Face-To-Face Learning) және Интернет арқылы оқыту (Online Learning).

Оқытушының негізгі мақсаты – курсты құру және оқу материалын сауатты бөлу. Аудиториялық сабақта нені оқыту, меңгеру керек, үйде өз бетінше қандай тапсырма орындау қажет, қандай тапсырмалар жеке орындауға, қандай тапсырмалар топтық орындауға болатынын шешу қажет.

Blended Learning артықшылығы мәліметтер жинауға және білім мен бағаны кастомизациялау мүмкіндігі болып табылады. Тағы бір артықшылығы бір оқытушы бір мезгілде көп адамды оқыта алуы.

Blended Learning жұмысты өз бетінше ұйымдастыруға және жоспарлауға, білімді тәуелсіз алуға және талдауға, ақпаратты іздеуге және іріктеуге, жобаларды презентациялау дағдыларын қалыптастыруға, өз бетінше білім алуға үйретеді.

Blended Learning-бағдарламасын жасаудың бес қадамын қарастырайық.


  1. Мақсатты анықтау.

Аралас оқыту – бұл оқытушы мен оқушының арасындағы «баптаулары» анықталған технологиялар, шығындар. Бұл білім процесіне масштабтық ендіру және ол нақты мақсатты шешуге арналған болу керек. Олар білім деңгейін немесе технологиялық сауаттылығын, жалпы үлгерімін арттыру; бағалауды автоматтандыру; өз бетінше оқуға көзқарасын қалыптастыру болуы мүмкін.

  1. Бағдарламалық қамтамаға ресурстар, материалдар табу, оқу бағдарламаларын жасау.

Нұсқалары: оқу орнындағы шығындар құрылымын қайта қарау, дотациялар, гранттар. Мысалы, қымбат кітаптар сатып алудың орнына арзан сапалы Digital-контент алу, лабораториялық сабақтарда виртуалдық лабораторияларды қолдану және т.б. Ең бастысы аралас оқытуды жүзеге асыруда техникалық ақаулар кесірі тимеу керек, мысалы, аудиторияда Wi-Fi желісінің болмауы. Сонымен қатар, Blended Learning-ке конференц-байланыс режимінде жұмыс жасау және вебинарлар өткізу немесе дайын вебинарларды қарауды жатқызуға болады. Арнайы тегін контенттерді қолданып, шығындарды азайтуға болады.

  1. Blended Learning моделін таңдау.

Blended Learning-нің әр түрлі акценттерімен, талаптарымен және шығын көлеміне байланысты 6 моделі бар. Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін соның ең тиімдісін таңдауға болады.

Face-to-Face Driver («Драйвер – күндізгі оқу»). Оқытушы оқу жоспарының негізгі көлемін өзі береді, ал онлайн оқытуды кірістіре отырып, оны қосымша пайдаланады. Бұл модельге көбіне компьютерде орындалатын аудиториялық және лабораториялық жұмысты жатқызуға болады.

Rotation Model («Ротациялық модель»). Аудиторияда күндізгі оқу кестесіне сәйкес және жеке уақытында онлайн өз бетінше оқу жұмыстары ауыспалы түрде жүргізіледі (мысалы, оқытушы алдын-ала жасаған жоспар бойынша Интернет сілтемесінен; университтетің blended-бағдарламасынан; арнайы сайттан оқу).

Flex Model («Икемді модель»). Көбіне онлайн платформа қолданылады, оқытушы студенттерге қажет жағдайда көмектеседі, мезгіл-мезгіл шағын топтармен немесе бір студентпен жұмыс жасайды.

Online Lab («Онлайн лаборатория»). Онлайн платформа аудиторияда болатын барлық курсты беру үшін қолданылады. Мұндай оқыту оқытушының бақылауымен жүргізіледі. Мұндай программа күнделікті классикалық сабақ кестесімен үйлесімді болуы мүмкін.

Self-Blend Model («"Өзің араластыр" моделі»). Студент Brick and Mortar-курстарын қосымша қашықтан қандай онлайн сабақтарды оқу керектігін өзі шешеді.

Online Driver Model («Драйвер – онлайн оқыту»). Бұл модель негізінен онлайн оқытуды білдіреді – платформа арқылы және оқытушымен қашықтан байланыс жасау. Бірақ опциональді немесе талап бойынша тексерілетін күндізгі аудиториялық оқулар және оқытушымен немесе ментормен кездесу қосылуы мүмкін.


  1. Бағдарлама құру.

Алдын ала талдау жұмыстарын жүргізіп, бағдарлама құру қажет. Курс материалдарын немесе оқу жылын күндізгі, қашықтан/онлайн оқытуға бөлу керек. Заманауи технологиялар мен бағдарламалар көмегімен нені жетілдіру керектігін түсіну керек. Мысалы, астрономияны оқыту үшін керемет интерактивті 3D-симуляторлар бар.

Әрбір тақырыпқа уақыт қою және жұмыс қарқынын анықтау керек. Көптеген негізгі материалдарды цифрлық форматқа ауыстыру немесе жасау талаптары туындайды: сабақтарды «буып-түю», лабораториялық сабақтар жасау, тексеру тестілерін қалыптастыру, Интернетке үлестірме тапсырмаларды жүктеу, медиатека құру, роликтер жазу, презентациялар дайындау және т.б. оқытуда қолданылатын онлайн ресурстар мен көмекші программаларды таңдау керек.



  1. Онлайн сабақ беруге үйрету. Ережелер қою.

Ереже болмаса, ұйымдастырылған процессте болмайды. Ережелер мына түрде болуы мүмкін, мысалы: «оқытушы студенттердің жазған хатына 24/48 сағат аралығында жауап беруге тиісті». Оқытушалр аралас оқытуда оқу процесінен жауапкершілікпен қарау керектігін және олар білімнің «операторлары» емес екенін түсіну керек. Олар кілттік ынталандырушы фигура болып қала береді. Blended Learning арқылы сабақ беруде оқытушы eLearning бағдарлама/платформасымен еркін жұмыстана білу керек, Интернетті белсенді қолдану керек, интерактивті технологиялармен жұмыс жасай білу керек және интернетте блог жүргізу керек.

Ал оқыту теңгерімді болуы үшін студенттерге қатысты ережеге айқын регламент керек. Мысалы: «күндізгі сабақтарға қатысу мен онлайн тест тапсыру міндетті».

Blended learning-тің оңтайлы жақтары оқу процесінің икемділігі, оқытудың қолжетімділігі, жеке тәсілдеме, өз бетінше жұмыстануға үйрету, ынтасын арттыру болып табылады. Қорытындылай келе, аралас оқыту тиімді болғанымен сыныпта оқытуға басымдылық беріледі, цифрлық технологиялар сабақты тиімді өткізуде қосымша болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Костина Е.В. Модель смешанного обучения (Blended Learning) и ее использование в преподавании иностранных языков//Известия высших учебных заведений. Серия: Гуманитарные науки. 2010. Т. 1. № 2. С. 141-144.

2.Bonk C.J. & Graham C.R. Handbook of blended learning: Global perspectives, local designs. San Francisco, CA: Pfeiffer Publishing, 2006.

3.Dudeney G., Hockly N. How to Teach English with Technology. Pearson Longman. 2008, 192 p.

4.Oxford R.L. Teaching and Researching: Language Learning Strategies. Pearson Longman. 2011, 360 p.

5.Watson J. Blended learning: The convergence of online and face-to-face education. North American Council for Online Learning. 2008, 16 p.



6. Information and Communication Technology in Education. A Curriculum for Schools and Programme for Teacher Development. – UNESCO, 2002. – 148 p. [Электронный ресурс]. – Режимдоступа: http://unesdoc.unesco.org/images/0012/001295/129538e.pdf
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет