БҚО., Теректі ауданы, Подстепный ауылы мкқК «Бәйтерек» бөбекжайы Ойындар мен жаттығулар жинағы



Дата25.12.2016
өлшемі133,21 Kb.
#5270
БҚО., Теректі ауданы, Подстепный ауылы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайы

Ойындар мен жаттығулар жинағы

Құрастырған: Куспанова Ризвангуль Хасангалиевна

Ойындар мен жаттығулар жинағының міндеттері
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интелектуалдық және ерік пен сезімге, тағы басқа психологиялық үрдістердің қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу.

Айналадағы өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету.

Баланың өмір тіршілігіне және мектепте оқуын жалғастыруына қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Ойындар мен жаттығулар жинағының мақсаты

Бағдарлама межесіне сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру.

Ойындардың мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының интелектуалдық және барлық психологиялық үрдістерге қатысты сапаларын дамыта түсу. Мектепке оқуға меңгерген білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.


Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар


  1. «Ине мен жіп»

Жүргізуші:

  • Мен ине боламын, ал сендер жіпсіндер. Сендер менің артымнан бір-бірлерінің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе, сол ойынан шығады.




  1. «Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты сүреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді:

  • айлардың аттарын ата

  • жыл мезгілін түстерге сәйкес ата

  • әр мезгілде неше ай бар?

  • бір айда неше апта бар?

  • әр жыл мезгілдің ерекшелігін сипаттап берші

  • қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?






  1. «Кім қалай дыбыстайды?»

Ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі бір уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.


  1. «Не үлкен?»

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізішуге атаған заттардықайтадан айтуға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.


  1. «Сиқырлы қапшық»

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізіші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық түр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машына, т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар


  1. «Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: - Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылды. (Қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлемдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).


  1. «Заттарды қабылдау»

Тәрбиешінің алдында биік-аласа мұнаралар, жуан-жіңішке қарандаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрнісі (ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрнеді), т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

  • Мұнаралар қандай? (биік немесе біреуі аласа)

  • Қарындаштар қандай (жуан - жіңішке)

  • Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? (сол, оң)

  • Мына суретте ағаш қалай орналасқан? (кішкене ағаш алыстан, үлкені жақыннан)

  • Сен менің қай жағымда тұрсын? (алдымда)




  1. «Ұқсас суретті тап!»

Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі теледидар, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат, т.б. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.



  1. «Әр түсті заттар»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: сары – балапан, қызыл – алма.


  1. «Уақытты қабылдау жаттығуы»

  1. Тәуліктің уақытын ата

А) Тәңертең деген қай уақыт? (тәңертең не істейтіндерін сипаттайды)

ә) Түс деген қай уақыт? (түсте тамақ ішеміз, демаламыз)

б) Кеш деген қай уақыт? (үйге қайтамыз, үйдегі іс-әрекетті айту)

в) Түнде не істейміз? (ұйықтаймыз)

2. Аптада неше күн бар?

3. Қандай күндер?

4. Жұмыс күндері қандай?

Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.


Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар


  1. «Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.


  1. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған бір баладан сұрайды: «Айнұрдың сол жағында кім отыр, ал оң жағында». Немесе шеңбердегі тек бір бала ғана көзін жұмады, сол кезде жүргізуші бір екі немесе үш баланың жаймен орындарын ауыстыруға ұсынады. Көзін жұмған балаға көзін ашуға рұхсат берілген кезде өзгерістерді табуға тырысады.


  1. «Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр баланың өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан жағына тарап кетеді. Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайда шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.


  1. «Ойыншықты сипатта»

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрә қарай жалғастырады.


  1. «Сөзді есте сақта»

Тәрбиеші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығуы керек.

  • көктем – жаңбыр

  • жаз – күн шықты

  • күз – туман түсті

  • аспан – бұлт

  • су – балық

  • жер – шөп


Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар


  1. «Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны қатысушылардың санынан, 1 санға кем болу керек. Ойын тоқталып кеткенде балалар орын табуға тырысады, орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Ең сонында қалған бала орындықтың үстіне шығып – «Мен жеңімпазбын» деп айту керек.


  1. «Құлақ - мұрын»

Балалар шеңбер тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп қолымен мұрынды ұстайды, ал мұрын дегенде құлағын ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын – дегенде мұрындарын көрсетуге керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.


  1. «Өз орныңды тап»

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті.Ойын бір неше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.


  1. «Дайын бол»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді қимылмен көрсетеді.Мысалы: «қоян» - секіреді, «ат» - шабады, «құс» - ұшады, т.б.


  1. «Зейінді бол»

Балалар шеңбермен тұрады. Тәрбиеші ойынның ережесін түсіндіреді: -- Мен сендерге әр түрлі қимыл-қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиістіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жіңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар


  1. «Шапалақ»

Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші үш деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиіс.


  1. «Балалар сендердің көңіл-күйлерін қалай?»

Сендер көңіл-күйіміз жақсы – дедіңдер, енді осы жақсы көңіл-күйлерінді көрсетіңіздерші.

  1. Көңілді болғанда не істейміз?

  2. Ренжігенде – бүртияды, қабақ түседі.

  3. Қорыққанда – көздерін жұмады

  4. Қуанғанда – күледі

  5. Таң қалғанда – көздері шарасынан шығады.




  1. «Шапалақты тыңда»

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар ләйлік (аист) сияқты бір аяғын көтеріп, қолдарын екі жаққа созып тұрады, екі рет соққанда бақа сияқты отырып секіреді, үш рет соққанда жүруін жалғастырады.


  1. «Қанша дыбыс естідіңдер»

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетіп немесе ауызша айтады.


  1. «Айна»

Балалар екі-екіден бөлнеді: біреуі – жүргізуші, екіншісі бала. Жүргізуші белгілі бір қимыл қозғалыстарды көрсетіп және бет әлпет қозғалыстарын тура көргендей қайталап беруге тиісті. Содан соң екеуі орындарымен аусады.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар

  1. «Матадағы менің орным»

Жерде жатқан мата үстіне, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.


  1. «Ойлан да аяқта»

  • Лимон қышқыл, ал қант... (тәтті)

  • Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық ... (үстелден аласа)

  • Екі, бірден көп, ал бір екіден ... (аз)

  • Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсын... (қолмен)

  • Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал айман ... (кейін)

  • Өзен арықтан терең, ал арық ... (саяз)

  • Бала кішкентай, ал папа ... (үлкен)

  • Пышақ та, әйнек те ... (өткір).




  1. «Ойлан да аяқта!»

  • ат шабады, ал құс ... (ұшады)

  • ит үреді, ал мысық...

  • жылан жорғалайды, ал балық...

  • қасқыр ұлиды, ал қой...



  1. «Қарама-қарсы сөзді ата»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тырысады. Мысалы: ақ – қара, күн – түн, т.б. Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.
Қиялды дамытуға арналған ойындар


  1. «Менің көңіл-күйім қандай»

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тайып айтады (көңілді-көңілсіз, қорқынышты, ренжулі,...т.б.). сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.


  1. «Жаңа еретегі»

Балалар шеңбер отырады. Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы. Кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа еретегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.


  1. «Теңіз жағасындағы түс»

Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады. (аудиожазба). Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.


  1. «Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек, т.б.)

  • Менің қиялым бойынша осы сызықтардың алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береде екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысты бірге талдайды.


Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар


  1. «Матадағы менің орным»

Жерде жатқан мата үстіне, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.


  1. «Ойлан да аяқта»

  • Лимон қышқыл, ал қант... (тәтті)

  • Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық ... (үстелден аласа)

  • Екі, бірден көп, ал бір екіден ... (аз)

  • Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсын... (қолмен)

  • Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал айман ... (кейін)

  • Өзен арықтан терең, ал арық ... (саяз)

  • Бала кішкентай, ал папа ... (үлкен)

  • Пышақ та, әйнек те ... (өткір).




  1. «Ойлан да аяқта!»

  • ат шабады, ал құс ... (ұшады)

  • ит үреді, ал мысық...

  • жылан жорғалайды, ал балық...

  • қасқыр ұлиды, ал қой...



  1. «Қарама-қарсы сөзді ата»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тырысады. Мысалы: ақ – қара, күн – түн, т.б. Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.
Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар


  1. «Логикалық есеп»

Балалар ауызша есепке жауап береді.

  1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

  2. Үстел үстінде төрт алма түр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  4. Бөлмеде екі орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?



  1. «Болған жағдайды бағалау»

Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.


  1. «Көңілді сөз»

Балалар шеңбермен отырады. Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.

Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек.




  1. «Өз іс-әрекеттерін бақылау»

  • Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз тұрап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.)

  • Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.

  • «Бірлік болса – тірлік болады» деген мақал бекер айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.

Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сүрет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер Адам және әйел Адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп айтып бересіңдер.

Қиялды дамытуға арналған жаттығулар


  1. «Менің көңіл-күйім»

Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.


  1. «Сиқырлы түс»

Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен демалады. Осылай демалып жатып, түс көреді. Кім түс көреді сол тұрған соң, баяндап айтып береді. (әңгіме жануарлар жайында болады)


  1. «Не істер едің»

Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Баурсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің?


  1. «Мен және менің болашағым»

Жүргізуші балаларға өздерінің болашағы туралы өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көздерін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады: «Мен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың», «Әкеңмен көлге шомылуға бардың».

  • Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, сурет салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет