Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды



Pdf көрінісі
бет5/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva
Основные понятия ОС Linux, 35 тақырып, ~$ қазақша, 33.Metod Web 44.03.01 2017 (1), ФИНУЧЕТ (каз), 1 аралық бақылау тапсырмалары Банк қызметінің автоматтандырылған жүйелері, Қаржы нарықтары және делдалдары Тлегенова Айнагуль, схемы, Статья2021, Нугманова Г.Н., СРСП-новый, Бағалы қағаздардың есебі, 1515570698, тарих тест, ПТП ЭН 19
 
1.2 
Сатып алу нысаны арқылы кәсіпорындардың бірігуі 
         
Кәсіпорындардың барлық  бірігуінде бірлесуші бір кәсіпорын 
басқа  бірлесуші  кәсіпорындарға  бақылау  жасау  мүмкіндігіне  ие 
болады.  Бұл  сатып  алушыны  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бақылау 
жасау  мүмкіндігіне  ие  болу  –  бірігуші  кәсіпорындардың  бірі  басқа 
кәсіпорынның  дауыс  беру  құқығы    бар  акцияларының  жартысынан 
көбін  сатып  алуы  болып  табылады.  Бірігуші  кәсіпорындардың  бірі  
басқа  кәсіпорынның  дауыс  беру  құқығы  бар  акцияларының 
жартысынан көбін  сатып алмаған кездің өзінде де сатып алушыны 
анықтау мүмкіндігі төмендегі жағдайларда сақталады: 
А)  егер  бірігуші  кәсіпорындардың  бірі  бірігу  нәтижесінде  құқығы 
бар  акцияларының  жартысынан  көбін  иелену  құқығын  басқа 
инвесторлармен келісу жолымен сатып алса; 
Ә)  егер  бірлесуші  кәсіпорындардың  бірі  бірігу  нәтижесінде 
жарғының  немесе  келісімнің  негізінде  басқа  кәсіпорынның 
қаржылық  және  операциялық  саясатын  анықтау  құқұығын  сатып 
алса; 
Б)  егер  бірлесуші  кәсіпорындардың  бірі  бірігу  нәтижесінде  басқа 
кәсіпорынның  директорлар  кеңесінің    немесе  сол  сияқты  басқару 
органдарының көптеген мүшелерінің белгілеу құқығын сатып алса; 
В)  егер  бірлесуші  кәсіпорындардың  бәрі  бірігу  нәтижесінде  басқа 
кәсіпорынның  директорлар  кеңесінің  жиналысында  көбірек 
дауысты беру құқығын сатып алса; 
 
Бизнестің бірігуін есепке алу – сатып алу әдісі. 
   
Кәсіпорындардың  сатып  алу  нысанында  бірігуі  сатып  алу 
әдісі  бойынша    есепке  алынуға  тиісті.  Сатып  алу  әдісін  пайдалану 
кезінде  кәсіпорынды  сатып  алу  бухгалтерлік  есепте    басқадай 
активтерді  сатып  алу  сияқты  көрсетіледі.  Бұл  дұрыс,  себебі  сатып 
алу-  басқа  кәсіпорынның  таза  активтеріне  және  операцияларына 
бақылау жасауға  айырбас ретінде жасау үшін акциялар шығаратын 
операция  болып  табылады.  Сатып  алған  мерзімнен  бастап  сатып 
алушы: 
А)  табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі  қорытынды  есебіне  сатып 
алынған кәсіпорын қызметінің нәтижесін енгізуге тиісті; 
Ә) 
өзінің 
балансында 
сатып 
алынған 
кәсіпорынның 
сәйкестендірілген  активтері  мен  міндеттемелерін  және  сатып  алу 

 


кезінде  туындаған  кез  келген  оң  немесе  теріс  іскерлік 
репутациясын есепке алуға тиісті. 
   
Сатылып  алынған  кәсіпорынның  таза  активтеріне  және 
қызметіне  бақылау  жасау  сатып  алушыға  нақты  берілген  мерзім 
және  сатып  алу  әдісін  қолдану  басталған  мерзім  сатып  алу  мерзімі 
болып табылады. Сатылып алынған кәсіпорын қызметінің нәтижесі 
сатып  алу  мерзімінен  бастап  сатып  алушының  қаржылық 
қорытынды есебіне енгізіледі. 
   
Сатып  алу  төленген  ақша  қаражаттарының  немесе  ақша 
қаражаттары  эквиваленттерінің  сомасына  тең  оның  бастапқы  құны 
бойынша  немесе  айырбастау  мерзіміндегі  әділетті  құны  бойынша 
есепке алынуға тиісті. 
   
Сатып  алу  әдісі  арқылы  сатып  алуды  бағалау  және  оны 
бухгалтерлік  есепке  алу  негізі  ретінде  өзіндік  құн  анықталады. 
Әдетте,  ақшаға  сатылып  алынған  активтердің  жалпы  құнын 
анықтау  кезінде  қиындықтар  туындамайды.  Себебі  бұл  құн  сатып 
алуға  жұмсалған  ақша  қаражаттарының  жалпы  сомасына  тең. 
Бірақ,  жекелеген  активтердің  құнын  анықтауда  туындайтын 
қиындықтар бар. 
   
Егер активтер міндеттемелердің туындауымен бірге сатылып 
алынса,  олардың  жалпы  құны  келешекте  олар  үшін  төленуге  тиісті 
соманың  ағымдағы  құнына  тең.  Қарыздық  міндеттемелердің 
ағымдағы  құны  осы  пассивтің  нақты  (шын  мәнінде)  құнына  тең 
болады.  Егер  қарыздық  міндеттемелердің  нарықтағы  сол  сияқты 
бағалы  қағаздар  бойынша  тиімді  нарықтық  ставкалардан  әлде 
қайда  жоғары  немесе  одан  төмен  болатын  пайыздық  ставкасы 
болса,  онда  қорытынды  есепте  тиісті  сыйақыны  немесе  дисконтты 
есепке алу керек. 
   
Егер  активтер  акцияларға  айырбасталу  арқылы  сатылып- 
алынса,  онда  олардың  жалпы  құнын  анықтау  сол  акциялардың 
нақты (шын мәніндегі) құны арқылы  немесе сол активтердің нақты 
(шын мәніндегі) құны арқылы жүзеге асырылады. 
   
Қор  биржасында  айналымда  бар  бағалы  қағаздардың  нақты 
құнын  анықтау  әдетте,  сатып  алушы  компанияның  нақты  құнын 
анықтаудан  гөрі  оңайырақ  болады.  Мұндай  жағдайда  бағдар 
ретінде компания акцияларының нарықтық құны анықталады. 
   
Сатып  алынған  активтерді  және  міндеттемелерді  бағалаудың 
төмендегі ережелері белгіленген: 
1)
 
өтімділігі  жоғары  бағалы  қағаздар  олардың  ағымдағы  нарықтық 
құны бойынша бағаланады; 
2)
 
өтімділігі  төмен  бағалы  қағаздар-  бір  акцияға  шаққанда 
кәсіпорын  акцияларының  нарықтық  бағасы  оның  жыл  сайынғы 
таза  табысына  қатынасы  ретінде  сипатталып  есепке  алынатын 
белгіленген құны бойынша бағаланады; 

 


3)
 
дебиторлық  борыштарды  алынуға  тиісті  сомалардың  таза  құны 
бойынша  есепке  алу  керек.  Бұл  құн  тиісті  ағымдағы  проценттік 
ставкалардан  күмәнді  борыштар  бойынша  резервтерді  және 
инкассалау  шығындарын  алып  тастау  (шегеру)  арқылы 
анықталады; 
4)
 
 
тауарлы материалдық босалқылар: 
-
 
дайын  өнім  және  тауарлар  –  сатып  өткізу  бойынша 
шығындар  сомасын  алып  тастағаннан  кейінгі  сатып-  өткізу 
бағасы бойынша бағаланады; 
-
 
аяқталмаған  өндіріс  -  өндірісті  аяқтауға  шығарылған 
шығындарды,  сатып  -  өткізуге  байланысты  шығындарды 
алып  тастағандағы  дайын  өнімнің  сатып  өткізу  құны 
бойынша көрсетілуге тиісті; 
-
 
шикізаттар  мен  материалдар  –  ағымдағы  жаңғырту  құны 
бойынша бағаланады; 
5)
 
жер және ғимараттар: 
-
 
пайдалану  мақсатындағы  –  активтің  нарықтық  бағасы 
бойынша; 
-
 
сатып  өткізу  мақсатындағы  кейінірек  сатып  өткізу  үшін 
сақтау мақсатындағы -  сатып өткізудің таза құны бойынша 
бағаланады; 
6)
 
машиналар мен жабдықтар: 
-
 
пайдалану  мақсатындағы  –  бағалау  жолымен  белгіленген 
олардың  нарықтық  құны  бойынша  немесе  есептелген 
амортизация  сомасын  алып  тастағаннан  кейінгі  олардың 
бастапқы құнымен бағаланады; 
-
 
уақытша  пайдалану  мақсатындағы  –  бір  типті  өндірістік 
қуаттылық  бойынша  есептелген  амортизация  сомасын  алып 
тастағандағы  бастапқы  құнның  ең  төменгі  шамасы 
бойынша  немесе  сатып  өткізудің  таза  құны  бойынша 
бағаланады; 
-
 
сатып  өткізу  мақсатындағы  кейінірек  сатып  өткізу  үшін 
сақтау  мақсатындағы  оларды  сатып  өткізудің  таза  құны 
бойынша бағаланады; 
7)
 
патенттер,  лицензиялар  сияқты  материалдық  емес  активтер  – 
белгіленген құны бойынша бағаланады; 
8)
 
төленуге  тиісті  шоттар  мен  вексельдер,  ұзақ  мерзімді  қарыздар, 
міндеттемелер,  есептеулер  мен  басқадай    төлем  талаптары  – 
тиісті  ағымдағы  пайыздық  ставкалар  бойынша  анықталған 
міндеттемелерді  жою  кезінде  төленетін  сомалардың  ағымдағы 
құны бойынша бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет