Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: «Алаша» Мақсаты



бет1/4
Дата22.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#7591
  1   2   3   4


____________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Алаша»

Мақсаты: балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру; балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру; жұмысты ұқыпты таза жасауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізетін жұмыс: тұрмыстық заттар туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, желім, желім жаққыш.

Сөздік жұмыс: алаша

Билингвальды компонент: алаша-алаша(палас), жолақ-полоска.



Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық


Ғажайып сәт:

-Балалар, бүгін біздің топқа қонақ келді. Қонақты қарсы алып амандасып, танысайық.

-Мяу, мяу, мяу,

Мен кішкентай мысық-марғау.

Балалар, мен бүгінгі күнімді сендермен өткізгім келеді. Сендер мені қабылдайсыңдар ма?

Балалар марғаумен амандасып, танысады.


-Әрине қабылдаймыз.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, тыңдаңдаршы, бір шуылдаған дыбыс естіледі. Бұл кім болды екен?

-Балалар, бұл сиқырлы алашасы бар сиқыршы ағай екен. Ол сендерден көмек сұрап келіпті.

-Көмектесесіңдер ме?

Онда сиқыршы ағайдың сұрақтарына жауап берейік. Бәріміз суретке қараймыз.



Балалар дыбысты мұқият тыңдайды.
-Иә.

Балалар суретке қарап, сұрақтарына жауап береді



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сиқыршы ағай:

- Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, алашаның суреті берілген.

-Алаша қандай фигураға ұқсас?

-Қандай түсті жолақтардан жасалған?

-Сендерді өнерпаз балалар деп айтады.Сондықтан сендедрден көмек сұрап келдім.

-Балалар, менің ертегілер әлеміндегі ханзадаларым қиындыққа тап болды. Оларға ұшатын алашалар керек.

Сөздік жұмыс: алаша.

-Балалар, көмектесеміз бе?

Бүгін біз сендермен берге ертегілер әлеміндегі ханзадаларға арналған алашаны жасаймыз.

Билингвальды компонент: алаша-алаша(палас), жолақ-полоска.

Біз алдын ала үлгіден қиып алып дайындаған көк және қызыл түсті жолақтарды кезектестіре отырып, тігінен солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз.



Сергіту сәті.

Алладиннің алашасы қолымда,

Жерге жайып жібердім мен тұрдым да,

Томпаңдадым, томпылдадым үстінде,

Бұл менің өңім бе, әлде түсім бе?

У. Оспанова

Сиқыршы ағай, марғау және педагог түсінбеген, қолының икемі келмейтін балаларға нұсқау беріп көмектемеді.

Сиқыршы ағай:

-Балалар, мен сендерге ризамын.

Жұмысты ұқыпты және мұқият істейді екенсіңдер. Менің ханзадаларым риза болатын болды. Көмектерің үшін сендерге көп рақмет.


-Алашаны.


-Тіктөртбұрышқа ұқсас.-Қызыл және көк.

Сиқыршы ағайды тыңдап, көмектесуге тілек білдіреді.


Қайталайды: алаша.

-Иә, көмектесеміз.


Қайталайды: алаша-алаша(палас), жолақ – полоска.

Балалр педагогтің айтқаның мұқият тыңдап, оның жұмысты көрсеткеніндей орындайды

Өлең мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар өздерін мақтағанға қуанып, жасаған жұмыстарын тақтаға іледі.







Рефлексиялық-

түзетушілік


Рефлексия

-Алашаның түсі қандай?

-Алаша қандай фигураға ұқсайды?

-Сендерге жасаған алашаларың ұнайды ма?

-Жарайсыңдар, балалар, бүгін өте әдемі алаша жасадыңдар!

Сиқыршы ағйа және марғау балалармен қоштасады.



-Көк және қызыл жолықты.

-Тіктөртбұрышқа.

-Иә, ұнайды.


Балалар көтеріңкі көңіл куйде сиқыршы ағаймен және марғаймен қоштасады.



Күтілетін нәтижелер:

Жасайды:заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;

Түсінеді: ұқыпты және нұсқаумен жапсыруды;

Қолданады: түстер мен пішіндерді ажырата білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Ыдыстағы жеміс-жидектер»

Мақсаты: жеміс-жидектер туралы түсініктерін нақтылау; ыдысқа жеміс-жидектерді дұрыс орналастыра білуді үйрету; ұқыпты жұмыс істеуге, жұмысты мұқият орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда жеміс ағаштарын бақылау, жеміс-жидектер туралы, олардың қай уақытта пісетіні жайлы әңгімелеп беру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: жеміс-жидертер.

Билингвальды компонент: жемістер-фрукты, жидек-ягода.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің басқару іс-әрекеті


Балалардың іс әрекеті


Мотивациялық-қозғалаушылық


Шаттық шеңбері.

Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, күздің бізге берер сыйы қандай?

Сөздік жұмыс: жеміс-жидектер
Билингвальды компонент: жемістер-фрукты, жидек-ягода.

-Күз мезгілі екенін біз қайдан білеміз?


-Қандай жеміс-жидектерді білесіңдер?


-Алманың түсі қандай болады?

-Пішіні қандай?

-Құлпынайдың көлемі қандай?
-Бүгін аналарыңа жеміс-жидек сыйлағыларың келе ме?

-Сендердің алдарыңда жеміс-жидек салуға арналған тәрелкелер және жаңа ғана бақтан әкелінген жеміс-жидектер тұр.

-Ендеше, балалар, біз сол жеміс-жидектерді тірелкеге орналастырайық.

Мұқият қарап алыңдар, тәрелкеге жеміс-жидектерді бірінен кейін бірін әдемілеп жапсырамыз.



Сергіту сәті.

Қолыма алдым бір алма,

Салдым оны аузыма.

Тағы алып құлпынай,

Жеп қоямын тосылмай.

А.Дамас


Баяу әуен ойнап тұрады.

Педагог іс-әрекет барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.

Балалардың жасаған жұмыстарын тақтаға орналастырады.


-Күз айы бізге өте мол сыйлық береді.

Қайталайды: жеміс-жидектер

Қайталайды: жемістер-фрукты, жидек-ягода.

-Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жаңбыр жауады.
-Алма, алмұрт, банан, құлпынай, өрік, таңқурай.

-Қызыл,сары, жасыл болады.


-Дөңгелек.

-Құлпынайдың көлемі кішкентай.


-Иә, сыйлағымыз келеді.

Балалар тәрелкеге, жеміс-жидектерге қарайды.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.

Тапсырманы педагогтің айтқаны бойынша орындайды.

Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар ырғақты әуенмен тәрелкелерді жеміс-жидектерге толтырады.







Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, оқу іс-әрекеті барысында ненің жапсырдық?

-Тәрелкелеріңде қандай жеміс-жидектер бар?

-Бүгінгі жасаған жұмысымыз сендерге ұнады ма? Осы жасаған жемістеріңді аналарыңа сыйласаңдар болады.

Педагог балаларды мадақтайды.

-Жеміс-жидектерді жапсырдық

-Алма, құлпынай, алмұрт, банан, өрік.

-Иә. Жеміс-жидектерді жапсыру ұнады.

Балалар қуанады



Күтілген нәтижелер:

Жасайды: жеміс-жидектерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;

Түсінеді: күз мезгілінің ерекшелітерін, жеміс атауларын; жеміс-жидектердің бір-бірінен айырмашылығын;

Қолданады: жапсыру іс-әрекеті арқылы жеміс-жидектерді жапсыруды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»

Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнектілер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат, себет.

Сөздік жұмыс: алаңқай.

Билингвильді компонент: саңырауқұлақтар-грибы, күз-осень.

Оқу-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің басқару іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-

қазғаушылық

Ғажайып сәт.

Топқа қолында себеті бар қуыршақ

Қарақат кіріп келеді.

Әдеп сақтап әманда

Әрбір адал адамға

Жасайық бір жақсылық,

Ынтымаққа қосыл да.

Ар-мақсаттың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

Балалар Қарақат қуыршақты құшақтап, амандасады.





Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, мені таныдыңдар ма?

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.
Менің себетімде саңырауқұлақтар бар. Бірақ бұл саңырауқұлақтар маған аздық етіп тұр, енді мен орманға себетімді саңырауқұлақпен толтыру үшін кетіп бара жатырмын.

-Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?

Балалар Қарақат қуыршақпен бірге алдын ала безендірілген топта әуен ырғағымен жүреді.

-Балалар, біз орманға келдік.

Саңырауқұлақтарты іздемес бұрын суретке қарап, онымен танысып алайық.

-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?


Сөздік жұмыс: алаңқай.

-Балалар, ормандағы саңырауқұлақтармен себетімді толтырдым, ал Ақтөс атты итіміздің көңіл-күйі жоқ. Оған да алаңқайдағы саңырауқұлақтарды керек сияқты. Ақтөстің көңілін көтеру үшін үлкен жыне кішкентай саңырауқұлақтар жасап берейік. Келісесіңдер ме?

-Балалар, саңырауқұлақтың екі түрі болады: біреу жеуге жарамды, екішісі жеуге жарамсыз – улы болып келеді. Саңырауқұлақтың қалпағын мен сабағы болады.

Билингвильді компонент: саңырауқұлақтар-грибы, күз-осень.



Сергіту сәті.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуін қайың астынан,


-Иә, таныдық. Сен-Қарақат қуыршақсын.

-Куз мезгілі.

Балалар қуыршақтың әңгімесін мұқият тыңдайды.
-Иә, барамыз.
Балалар саппен қуыршақтың соңынан жүріп «орманға» барады.

-Екі бөліктен тұрады.


Қайталайды: алаңқай Балалар суретке қарап, Ақтөске көмектесуге дайын екендерін білдіреді.

Балалар қуана келіседі.

Балалар қайталайды: саңырауқұлақтар-грибы, күз-осень.
Балалр сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.
.





Біреуін терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепете,

Тоқылған салса себетке?

Фонда күннің, бұлттың, көгалдағы иттің суреті беріледі. Балалар көгалаға саңырауқұлақтарды орналыстыру қажет. Қатырғы қағазды кішкентай саңырауқұлақты Ақтөстің сол жағына, үлкен саңырауқұлақты Ақтөстің оң жағына орналастырамыз.

Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.

Балалар педагогтің түсіндіруін мұқият тыңдайды.

Балалар қатырғықағаздан саңырауқұлақтарды алып көгалға жапсырады.Балалар өздігінен жұмыс атқарады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, бүгін қайда бардық?

-Орманнан не жинадық?

-Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?

-Кімдерге көмектестік?

Ақтөстің қазіргі көңіл-күйі қандай?




-Қарақат қуыршақпен орманға бардық.

-Саңырауқұлақтарды жинадық.

-Екі бөліктен тұрады.

-Қарақат пен Ақтөске көмектестік.
Балалар өз ойын айтады.



Күтілген нәтижелер:

Жасайды: саңырауқұлақты реттілік бойынша кеңістікте орналастыруды;

Түсінеді: саңырауқұлақтың жауыннан кейін өсетінін; күз мезгілінде болатын құбылыстарды;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бқйымды ұқыпты жапсыра білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Жапырақтар жауғанда»

Мақсаты: күз туралы түсініктерін нақтылау; күз құбылыстарын атай білуді үйрету; кеңістікте бағдарлай білу дағдыларна тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шығып күз мезгілінің құбылыстары жайлы, басқа жыл мезгілінен қандай айырмашылықтары барын әңгімелеп беру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнектілер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсыру үлгілері, сүрткіш, қызыл, сары және жасыл көбелектер мен жапырақтар.

Сөздік жұмыс: жапырақтар.

Билингвальді компонент: күз-осень, жапырақтар-листья.



Оқу іс-арекетінің кезеңдері


Педагогтің басқару іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қазғаушылық


Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.

-Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.

-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!


Балалар шаттық шеңберін құрады.

-Үлкен.

-Шеңберге



Балалар үрлейді.

Бір-бірін емдеген болады.






-Қайырлы таң, құлақтарыс, сендер ояныңдар!


-Қайырлы күн, сен де ояндың ба?

Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты.



Көздерін уқалайды.

Құлақтарын уқалайды.
Шапалақтайды.

Жымиып күледі.





Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, терезеге қараңдаршы, ауа райы қандай?

-Қазір далдың қай мезгілі?

-Иә дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.

Сөздік жұмыс: жапырақтар.

-Ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болады?

-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, жапырақтардың түсі қандай болады?

-Балалар, жапырақтар күздігүні қалай түседі?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, күздігүні жапырақтар сарғайып жер бетіне жоғарыдан төмен қарай, яғни жерге түседі.

-Балалар, кәне бәріміз жапырақтардың күзде қалай түсетінін көрсетейікші.

Осы көрініс басқаларға да түсінікті болу үшін қағаз бетінде жапырақтардың қалай жерге түсетінін жапсырып көрсетейік.
Билингвальді компонент: күз-осень, жапырақтар-листья. Алдымыздағы қағаздарға түрлі түсті жапырақтарды орналастырамыз.


Жауап береді.
-Күз мезгілі.

Қайталайды: жапырақтар.

-Сары, қызыл, қоңыр.


-Сары, қызыл.

-Жапырақтар сарғайып, қурап жерге түседі.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.Балалар әуен ырғағымен күзде жапырақтардың түсуін қимылмен көрсетеді.


Қайталайды: күз-осень, жапырақтар-листья. Балалар педагогтің айтқанын орындайды.







Сергіту сәті.

Желменен бірге шайқалып,

Тербеліп тұр ағаштар.

Кілем болып жайқалып,

Жерге түсті жапырақтар.

А.Дамас

Жұмысты орындауда қиналған балалармен және жапырақтарды кеңістікте орналастыра алмай отырған балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жапсырған жұмыстарын бірігіп талдау.



Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады және қимылмен көрсетеді.

Балалар педагогтің нұсқауымен түрлі түсті қағаз бетіне орналастырады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Бүгін оқу іс-әрекетінде жылдың қай мезгілінде болатын құбылыспен таныстық?


-Жапырақтар күздігүні қалай «жауады» екен?

-Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Әдемі гүлдер» ойыны. Балалар, сендердеің қолдарында қызыл, сары және жасыл көбелектер бар. Қазір мен түрлі гүлдерді шашамын, ал сендер қолдарыңдағы көбелектің түсіне сай оны гүлге орналастырыңдар.

Педагог балаларды мадақтайды.


-Жылдың күз мезгілінде болатын құбылыспен таныстық.


-Жапырақтар сарғайып, жоғарыдан төменге қарай түседі екен.

Балалар әуен ырғағымен педагогтің нұсқауын орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет