Бөлімі: Көркем әдебиет Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы. 14 – бет



Дата11.01.2017
өлшемі25,02 Kb.
#7053
6 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы. 14 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру.

Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңлі суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Қостілділік компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, әке – отец, ана – мать.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік!



Шаттық

шеңберін


жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру


2. Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады. - Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар. Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.
3. Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, готбасу туралы жақсы сөздер айтады.

- Менің отбасым ... (тату).

- Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді.
4. Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.
5. Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).


«Отбасым – бақыт мекені» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.


Тыныштық сәтін жасайды.

Ойынды ойнайды.


Әңгіме құрап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорыту.

- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?



- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.





Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қандай түсініктерді игерді: отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру.
Каталог: uploads -> doc -> 10bb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10bb -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ
10bb -> "Тапқыр достар" зияткерлік ойыны Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет