Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Торғай мен мысық» (өлең) Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі22,54 Kb.
#4664
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Торғай мен мысық» (өлең)

Мақсаты: өлеңді есте сақтауға, педагогтен кейін қайталануға үйрету.

Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия.

Сөздік жұмыс: торғай, мысық.



Тәрбиеші:Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне күлімдей қарап әңгімелеседі:

-Мен әдемімін.

-Мен ақылдымын.

-Мен бақыттымын.

-Мен әдепті баламын.

Балалар:Шеңбер құрып тұрады.

Кіріспе әңгіме.

Ақын Ертай Ашықбаевтың «Торғай мен Мысық» өлеңін оқып беру, әңгімелеу.

Жем шоқыған торғайға

Көзі бірден түсіп.

«Бұл әдемі ас болмай ма?» -

Қадам басты мысық.Бір, екі, үш,

Торғай, торғай, ұш!

Сұрақ-жауап:

-Торғай нені шоқыды?



Балалар: Жемді.

-Мысық не істемек болды?



Балалар: Торғайды жегісі келді.

Сергіту сәті:

« Торғай мен Мысық».

Тәрбиеші: Шеңбер құрып тұрады.Санамақ арқылы бір бала мысық болып сайланады. Қалған балалар торғайлар рөліне енеді.

«Мысық ұйықтайды!» - дегенде, торғайлар жем шоқуға шығады.

«Мысық оянды!» - дегенде, торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады

Балалар: Шеңбер бойына тұрып, ойын ойнайды.

Кортындылау.

- Мысық қандай әрекет жасады?

Балалар: Торғайды ұстап алмақ болды.

- Торғайлар не істеді?

Балалар: Жем шоқыды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: педагогтен кейін қайталауды.

Игереді: құстарға қамқорлық жасау қасиетін.



Меңгереді: өлең мазмұнын түсініп, жаттай білуді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет